Сабақ жоспары:
I кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру(10 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)
IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)
V кезең – бағалау кезеңі(5мин)
VI кезең – үй тапсырмасы(3мин)
Сабақ барысы:
Кезең |
Мұғалім әрекеті |
Оқушылар әрекеті |
І |
Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа келтіреді. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. |
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де дайын отырады. |
ІІ |
Мұғалім үй жұмысын сұрақтар қою арқылы тексереді:
Бір-екі оқушы тақырыптың мазмұнын айтады.
|
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Бір-екі оқушы тақырыптың мазмұнын айтады |
ІІІ |
Жаңа сабақты меңгеру жоспары:
Сақтардың көпшілігі көшпелі мал шаруашылығы-мен айналысқан. Сақтар екі, төрт, алты доңғалақты арбаларға екі, үш жұп өгіз немесе ат, түйе жегіп, көшіп қонған. Ер азаматтар ат үстінде. Әйелдер мен балалар және қарт адамдар киізбен жабылған арбада отырған. Сақтар аңшылық пен соғысқа арнап күймелер де жасаған. Сақтардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылы-ғы болып, жылқы, сиыр, қой, түйе өсірген. Сақтар өмірінде жылқы мен қой өсіру маңызды орынға ие болды. Шөлді жерлерде тұратын сақтар малшыла-ры өркешті түйе өсірген. |
Оқушылар мұғалімді зер салып тыңдайды. Кейін оқулықта берілген тақырыпшаларды оқиды, және мазмұнын айтуға кіріседі. |
IV |
Жаңа тақырыпты төменде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы бекітеміз.
|
Оқушылар тақырыпты бекіту үшін берілген кестені дәптерлеріне сыза бастайды. |
V |
Сабаққа қорытынды жасалады. Сабақ кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Оқушыларға баға қойылып, неге солай бағаланғанын айтады. |
Мұғалімді тыңдап, бағаланады. |
VI |
§ 13 оқу, өткен тақырыптар бойынша сөз жұмбақ құрау. |
Оқушылар үй тапсырмасын күнділіктеріне жазады. |
