Сабақ жоспары:
I кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру(10 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)
IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)
V кезең – бағалау кезеңі(5мин)
VI кезең – үй тапсырмасы(3мин)
Сабақ барысы:
Кезең |
Мұғалім әрекеті |
Оқушылар әрекеті |
І |
Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа келтіреді. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. |
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де дайын отырады. |
ІІ |
Мұғалім үй жұмысын сұрақтар қою арқылы тексереді:
Кейін бір-екі оқушы тақырыптың мазмұнын айтады. |
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Бір-екі оқушы тақырыптың мазмұнын айтады |
ІІІ |
Жаңа сабақты меңгеру жоспары:
Мұғалім оқушыларды ғұндармен қысқаша таныстырып өтеді. Б.з.б. 1 мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігінен Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның кең байтақ кеңістігін әр түрлі тайпалар мекендеген. Қытай деректерінде, «ғұн» атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. «Ғұн» сөзі «гун руң, хун ю» т.б. атаулармен берілген. Қытайлар ғұндардың басшысын «шаньюй» деп атаған. Сұрақ: Ғұндар әлем тарихында қандай рөл атқарған? |
Оқушылар мұғалімді зер салып тыңдайды. Кейін оқулықта берілген тақырыпшаларды оқиды, және мазмұнын айтуға кіріседі. |
IV |
Жаңа тақырыпты төменде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы бекітеміз.
|
Оқушылар тақырыпты бекіту үшін берілген кестені дәптерлеріне сыза бастайды. |
V |
Сабаққа қорытынды жасалады. Сабақ кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Оқушыларға баға қойылып, неге солай бағаланғанын айтады. |
Мұғалімді тыңдап, бағаланады. |
VI |
§ 20 оқу, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар тақырыбында сөзжұмбақ жасау. |
Оқушылар үй тапсырмасын күнділіктеріне жазады. |
ІІ-жартыжылдық бақылау жұмысы.
6-сынып. Қазақстан тарихы.
Қазақстан аумағында алғашқы адамдар қашан пайда болды?
А) темір дәурінде
Ә) қола дәурінде
Б) жаңа тас ғасырында
В) ортанғы тас ғасырында
Г) ерте тас ғасырында
2. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдардың тұрақтары қайдан табылды?
А) Сырдария бойынан
Ә) Ертіс өзені жағалауынан
Б) Орталық Қазақстаннан
В) Қаратаудан
3. Қола дәурінде Қазақстанды мекендеген тайпалардың шаруашылық өмірінде қандай өзгерістер орын алды?
А) қолөнер кәсібі өркендеді
Ә) егіншілік дамыды
Б) бау-бақша егу гүлденді
В) көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты
Г) қалалар пайда болды
4. Қола дәуірі соңғы кезеңінің мәдениеті қалай аталады?
А) Тасмола
Ә) Беғазы-Дәндібай
Б) Нұра
В) Келтеминар
Г) Федоров
5. Андрондықтарда шаруашылықтың қай түрі басым дамыды?
А) егіншілік
Ә) бау-бақша
Б) аңшылық
В) мал шаруашылығымен егіншілік
Г) балық аулау
6. Қазақстан аумағындағы алғашқы тайпалық одақтар қалай аталды?
А) түріктер
Ә) ғұндар
Б) сақтар
В) үйсіндер
Г) қаңлылар
7. Б.з.б. ҮІ ғасырда сақ жеріне кімдер жорық жасады?
А) ғұндар
Ә) монғолдар
Б) парсылар
В) аландар
Г) грек-македондықтар
8. Өз еңбегінде сақтар туралы кім айтып кетті?
А) Герадот
Ә) Мұхаммед Хайдар Дулати
Б) Мұхаммед Қашқари
В) Ибн-Фадлан
9. Сақ өнері стилі қалай аталады?
А) құс стилі
Ә) «аң стилі»
Б) соғды стилі
В) жануарлар стилі
10. Үйсіндер қай аумақта қоныстанды?
А) Сырдария бойында
Ә) Орталық Қазақстанда
Б) Солтүстік Қазақстанда
В) Маңғыстауда
Г) Жетісуда
11. Қаңлылар мекендеген аймақ:
А) Жетісу
Ә) Оңтүстік Қазақстан
Б) Маңғыстау
В) Орталық Қазақстан
Г) Шығыс Қазақстан
12. Үйсін билеушісі қалай аталды?
А) хан
Ә) патша
Б) шаньюй
В) гуньмо
Г) шах
13. Қай парсы патшасы сақтардан жеңіліске ұшырады?
А) Кир
Ә) Ксеркс
Б) І Дарий
В) ІІ Дарий
Г) Камбиз
14. Александр Македонский сақтарға қашан жорық жасады?
А) б.з.б. ІҮ ғ.
Ә) б.з.б. ҮІІ ғ.
Б) б.з.б. Ү ғ.
В) б.з.б. ІІ ғ.
Г) б.з.б. ҮІ ғ.
15. Қаңлылар астанасын ата:
А) Битьянь
Ә) Суяб
Б) Жаңақала
В) Чигу
Г) Арқайым
16. Сақтардың атақты патшасы:
А) Мөде
Ә) Еділ
Б) Томирис
В) Кир
Г) Ксеркс
17. Есік қорғаны қай ғасырға жатады?
А) б.з.б. ҮІІ ғ.
Ә) б.з.б. ІІ ғ.
Б) б.з.б. ІІІ ғ.
В) б.з.б. Ү-ІҮ ғ.ғ.
Г) б.з.б. І ғ.
18. Қазақстан аумағынан табылған ерте тас ғасырының археологиялық ескерткіші:
А) тұрақ қалдығы
Ә) адам сүйегі
Б) тас балталар
В) жебе ұштары
Г) қырғыштар
19. «Зерлеу» әдісі дегеніміз не?
А) алтын түйіршіктерді дәнекерлеу
Ә) түрлі түсті тастардан көз қондыру
Б) қалыпқа құю
В) сымды шиыршықтап орау
20. Тас дәуіріндегі алғашқы адамдар неге тобыр болып өмір сүрді?
А) жаңа жерлерді игеру үшін
Ә) көршілеріне шабуыл жасау үшін
Б) бірлесіп тамақ табу, жабайы жануарлардан қорғану үшін
В) еңбек құралдарын жасау үшін
21. Патриархат (аталық ру) қашан қалыптасты?
А) ерте тас ғасырында
Ә) кейінгі тас ғасырында
Б) неолитте
В) мезолитте
Г) қола дәуірінде
22. Неолит кезеңінің тас өңдеу тәсілі:
А) микролиттер жасау
Ә) құрамалы құралдар жасау
Б) өзек тастарды өңдеу
В) жылтырату әдісі
23. Тастағы суреттер негізінен қай тақырыпта салынған?
А) аңдарды бейнелеу
Ә) ғұрыптық билер
Б) аң аулау көріністері
В) діни ұғымдар
Г) табиғат тақырыбы
