Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-сын. .т. САБА ЖОСП-ЛАРЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.97 Кб
Скачать

Сабақ жоспары:

I кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру(10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)

IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)

V кезең – бағалау кезеңі(5мин)

VI кезең – үй тапсырмасы(3мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа келтіреді. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де дайын отырады.

ІІ

Мұғалім үй жұмысын сұрақтар қою арқылы тексереді:

  1. Неге Жетісуда негізінен мад шаруашылығы жақсы дамыды?

  2. Үйсіндер малдардың қай түрлерін өсірді?

  3. Үйсіндер қандай дәнді дақылдар өсірді?

  4. Жер өңдеу негізінен қай жерлерде дамыды?

  5. Үйсіндердің зергер-шеберлері қандай әшекей бұйымдарын жасады?

  6. Үйсіндердің үй» жайлары туралы айтып беріңдер.

Кейін бір-екі оқушы тақырыптың мазмұнын айтады.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Бір-екі оқушы тақырыптың мазмұнын айтады

ІІІ

Жаңа сабақты меңгеру жоспары:

  1. Қаңлылар туралы деректер.

  2. Қаңлылардың орналасуы.

  3. Қоғамдық құрылысы.

  4. Археологиялық ескерткіштер.

Қаңлылар – Қазақстан территориясында ертеден өмір сүріп келе жатқан ежелгі түрік тайпаларының бірі қазақ халқының қалыптасуында осы тайпаның өзінің де ерекше орны бар. Қаңлылар тарихы үздіксіз өзгеріп отырды, өйткені олар өздерінің үлкен территориясын қорғап қалу үшін көптеген соғыстар жүргізді. Екі мың жыл бұрын қаңлылар үлкен мемлекет құрған болатын. Мұғалім картадан қаңлылардың орналасқан жерлерін көрсетеді. Қаңлылар туралы деректер қытай ғалымдарының жазбаларынан кездестіруге болады. Олар: Сыма Цянь, Бань Гу, Бань Чжауо.бірақ қаңлылар туралы деректер әлі аз. Мүмкін көбін жақын болашақта біле жатармыз.бірақ осы айтылғанның өзінде қаңлылар туралы біршама дерек ала аламыз.

Оқушылар мұғалімді зер салып тыңдайды. Кейін оқулықта берілген тақырыпшаларды оқиды, және мазмұнын айтуға кіріседі.

IV

Жаңа тақырыпты төменде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы бекітеміз.

  1. Қаңлылар туралы қандай деректер бар?

  2. Қаңлылар мекендеген жерлердің табиғи климаттық жағдайы туралы айтып беріңдер.

  3. Көк-Мардан қаласы ғалымдарға қандай мәлімет берді?

  4. Қаңлылардың қоғамдық жағдайы туралы әңгімеле.

Оқушылар тақырыпты бекіту үшін берілген кестені дәптерлеріне сыза бастайды.

V

Сабаққа қорытынды жасалады. Сабақ кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Оқушыларға баға қойылып, неге солай бағаланғанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VI

§ 18 оқу, өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.

Оқушылар үй тапсырмасын күнділіктеріне жазады.

Сынып: 6

Күні:

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Ғұндар тарихы. Ғұндар мемлекетінің қалыптасуы.

Мақсат-міндеттері:

Білімділік мақсаты – ғұндардың ерте феодалдық мемлекетінің дамуы экономикалық және саяси дамудағы тарихқа әсерін ашу. Ғұндар тарихы мен мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын ашу.

Дамытушылық мақсаты – оқушылардың тақырыптың басты ойы мен идеясын өз беттерімен ашу, нақты сұрақ қою, анализ жасау және белгілі бір қорытындыға, түйінге дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты – әлемдік тарих пен мәдениетке қаңлы мәдениетінің салған маңызын ашу. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, патриотизмге және ата-бабаларымызды сыйлауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: оқулық, оқылатын карта, әр түрлі суреттер, тірек-сызбалар мен кестелер.

Сабақ түрі: аралас.