Сабақ жоспары:
I кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру(10 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)
IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)
V кезең – бағалау кезеңі(5мин)
VI кезең – үй тапсырмасы(3мин)
Сабақ барысы:
Кезең |
Мұғалім әрекеті |
Оқушылар әрекеті |
І |
Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа келтіреді. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. |
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де дайын отырады. |
ІІ |
Мұғалім үй жұмысын сұрақтар қою арқылы тексереді:
Кейін бір-екі оқушы тақырыптың мазмұнын айтады. |
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Бір-екі оқушы тақырыптың мазмұнын айтады |
ІІІ |
Жаңа сабақты меңгеру жоспары:
Үйсіндердің тұрмысында мал шаруашылығының маңызы зор болды. Жетісудің табиғаты оларға көп мал ұстауға мүмкіндік берді. Қытай жазьаларында үйсіндер «егіншілікпен де, бау-бақша өсірумен де айналыспайды, тек оты мол, суы мол жерлерге мал жанымен бірге көшеді де жүреді» делінді. Археологиялық қазба кезінде табылған дерек-терге қарағанда, үйсіндерде егіншілік те дамыған. Үйсіндер егіс алқабын өзен бойына салған. Егісті суаруға арық суларын да қолданған. Тау бөктерінде үйсіндер тұрақты үйлерде тұрған. Олардың қысқы үйлері шикі кірпіштен және тақтатастан балшық лай құйылып қаланды. |
Оқушылар мұғалімді зер салып тыңдайды. Кейін оқулықта берілген тақырыпшаларды оқиды, және мазмұнын айтуға кіріседі. |
IV |
Жаңа тақырыпты төменде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы бекітеміз.
|
Оқушылар тақырыпты бекіту үшін берілген кестені дәптерлеріне сыза бастайды. |
V |
Сабаққа қорытынды жасалады. Сабақ кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Оқушыларға баға қойылып, неге солай бағаланғанын айтады. |
Мұғалімді тыңдап, бағаланады. |
VI |
§ 17 оқу, өткен тақырыптар бойынша сөз жұмбақ құрау. |
Оқушылар үй тапсырмасын күнділіктеріне жазады. |
Сынып: 6
Күні:
Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы.
Мақсат-міндеттері:
Білімділік мақсаты – қаңлылар туралы ежелгі жылнамалармен таныстыру, қаңлылар, олардың археологиялық ескерткіштері мен обалары туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты – оқушылардың тақырыптың басты ойы мен идеясын өз беттерімен ашу, нақты сұрақ қою, анализ жасау және белгілі бір қорытындыға, түйінге дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты – әлемдік тарих пен мәдениетке қаңлы мәдениетінің салған маңызын ашу. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, патриотизмге және ата-бабаларымызды сыйлауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: оқулық, оқылатын карта, әр түрлі суреттер, тірек-сызбалар мен кестелер.
Сабақ түрі: аралас.
