І жартыжылдық бақылау жұмысы.
6-сынып. Қазақстан тарихы.
І. 10 сұрақ тест.
1. Сақ қоғамында кімдер ақ түсті киім киген?
А) патшалар
Ә) жауынгерлер
Б) малшылар
В) абыздар
2. Аталық ру үстемдігі қай кезеңде қалыптасты?
А) ежелгі тас ғасырында
Ә) мезолитте
Б) неолитте
В) энеолитте
3. Парсылар Жетісуды мекендеген сақтарды қалай атады?
А) сақ-тиграхауда
Ә) массагеттер
Б) сақ-парадарайа
В) сақ-хаумаварга
4. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар кімдердің замандастары еді?
А) неандартальдықтың
Ә) синантроптың
Б) питекантроптың
В) австролопитектің
5. Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атады?
А) сақтар
Ә) массагеттер
Б) азиялық скифтер
В) дайлар
6. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?
А) сүйектен
Ә) тастан
Б) қоладан
В) темірден
7. Көктемгі жайылым қалай аталды?
А) жайлау
Ә) көктеу
Б) күзеу
В) қыстау
8. Неолит кезеңін ... деп те атайды.
А) «егіншіліктің қалыптасқан кезеңі»
Ә) «өндіруші шаруашылыққа көшу кезеңі»
Б) «қыш құмыра (керамика) жасау кезеңі»
В) «мал шаруашылығы кезеңі»
9. Киіз үйдің негізі?
А) уық
Ә) кереге
Б) шаңырақ
В) киіз
10. «Саналы адам» қашан қалыптасты?
А) 1 млн жыл бұрын
Ә) 500-200 мың жыл бұрын
Б) 70 мың жыл бұрын
В) 40-35 мың жыл бұрын
ІІ. Сұрақтарға жауап беріңдер:
Тиграхауда сақтары қай жерлерді мекендеген?
Көшпелі мал шаруашылығыныңы пайда болу себебі неде?
Көшпелі мал шаруашылығының түрлерін атаңдар.
Тас дәуірі қандай кезеңдерге бөлінеді?
ІІІ. Сөзжұмбақты шешіңдер:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
|||||||
|
|
|
|
|
|
|||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||
|
|
|
|
|
||||||||
Шошақ бөрік киген сақтар.
Бағалы металл.
Есік қорғанынан табылған адамның киімі жасалған металл.
Ерекше сусын дайындаған сақтар.
Тас дәуірі мен қола дәуірі арасындағы өтпелі кезең.
Андрондықтар қолданған металл.
Сынып: 6
Күні:
Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы.
Мақсат-міндеттері:
Білімділік мақсаты – оқушыларға үйсіндердің шаруашылығы мен шаруашылық ерекшеліктері, олардың тұрмысы туралы түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты – үйсіндердің шаруашылық жағдайларын және олардың қолөнермен айналысуын анықтау дағдыларын дамыту. Қола дәуірінің тайпаларымен салыстыра отырып, үйсін тайпаларының өмірінің тұрмыс ерекшеліктерін ашу. Оқушылардың ойлау, қорытынды жасау және картамен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты – әлемдік тарих пен мәдениетке үйсін мәдениетінің салған маңызын ашу. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, патриотизмге және ата-бабаларымызды сыйлауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: оқулық, оқылатын карта, әр түрлі суреттер, тірек-сызбалар мен кестелер.
Сабақ түрі: аралас.
