Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-сын. .т. САБА ЖОСП-ЛАРЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.97 Кб
Скачать

Тест.

  1. «Тотемизм» дегеніміз не?

А) табиғаттың тылсым күші

Ә) ата-баба аруағына табыну

Б)шыға тегін жануарлармен байланыстыру

В) үлкендерді құрмет тұту

2. Ағаш не тастан ойып жасалған табыну мүсіні?

А) ескерткіш

Ә) пұт

Б) тотем

В) тұл

3. Ботайлықтар қай малды қолға үйреткен?

А) ит

Ә) қой

Б) жылқы

В) сиыр

4. Еңбек бөлінісі қашан пайда болды?

А) ерте тас ғасыры

Ә) мезолитте

Б) неолитте

В) энеолитте

5. Неолит мекенжайлары неліктен уақытша болған?

А) климаттың өзгеруінен

Ә) табиғи аппаттар салдарынан

Б) аңшылар соңынан жылжып көшіп отырған

В) көшпелі бақташылық

6. Неолит кезеңін ... деп те атайды.

А) «егіншіліктің қалыптасқан кезеңі»

Ә) «өндіруші шаруашылыққа көшу кезеңі»

Б) «қыш құмыра (керамика) жасау кезеңі»

В) «мал шаруашылығы кезеңі»

7. Садақ пен жебе қай кезеңде жасалынды?

А) ерте тас ғасырында

Ә) мезолитте

Б) неолитте

В) энеолитте

8. Ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар қалай аталды?

А) қырғыш

Ә) микролит

Б) дәнүккіш

В) жебе ұшы

9. Малды қолға үйрету мен егіншілік қай кезеңде қалыптаса бастады?

А) ерте тас ғасырында

Ә) мезолитте

Б) неолитте

В) энеолитте

10. Егіншілік қашан пайда болды?

А) 100 мың жыл бұрын

Ә) 13 мың жыл бұрын

Б) 40 мың жыл бұрын

В) 10 мың жыл бұрын

11. Тас өңдеу әдісі қай кезеңде жетіле түсті?

А) ежелгі тас ғасырында

Ә) мезолитте

Б) неолитте

В) энеолитте

12. Екі жағынан өңделген қарапайым тас құрал қалай аталады?

А) қырғыш

Ә) бифас

Б) тескіш

В) жебе ұшы

13. Адамдар дәнүккішті қай кезеңде ойлап тапты?

А) ерте тас ғасырында

Ә) мезолитте

Б) неолитте

В) қола дәуірінде

14. Мұздық қашан ери бастады?

А) 100 мың жыл бұрын

Ә) 13 мың жыл бұрын

Б) 40 мың жыл бұрын

В) 35 мың жыл бұрын

15. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?

А) сүйектен

Ә) тастан

Б) қоладан

В) темірден

16. «Саналы адам» қашан қалыптасты?

А) 1 млн жыл бұрын

Ә) 500-200 мың жыл бұрын

Б) 70 мың жыл бұрын

В) 40-35 мың жыл бұрын

17. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар кімдердің замандастары еді?

А) неандартальдықтардың

Ә) синантроптың

Б) питекантроптың

В) австрололпитектің

18. Питекантроп адамы қай жерден табылды?

А) Қытай жерінен

Ә) Ява аралынан

Б) Германиядан

В) Франциядан

19. Аталық ру үстемдігі қай кезеңде қалыптасты?

А) ежелгі тас ғасырында

Ә) мезолитте

Б) неолитте

В) энеолитте

20. Кроманьондық адам қай жерден табылды?

А) Қытай жерінен

Ә) Ява аралынан

Б) Германиядан

В) Франциядан

Сынып: 6

Күні:

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Дәуірдің негізгі сипаты. Қола дәуірі тұрғындарының негізгі шаруашылығы.

Мақсат-міндеттері:

Білімділік мақсаты – Қазақстан территориясындағы қола дәуірінің еркшеліктері және осы дәуірге тән археологиялық мәдениет туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – оқушылардың картамен жұмыс жасай алу, оқу материалымен өздігінен жұмыс жасау және шығармашылық ойларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты – техникалық прогерсті түсінуге және өз елінің тарихи мұраларын сақтауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: оқулық, оқылатын карта, әр түрлі суреттер, тірек-сызбалар мен кестелер.

Сабақ түрі: аралас.

Сабақ жоспары:

I кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру(10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)

IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)

V кезең – бағалау кезеңі(5мин)

VI кезең – үй тапсырмасы(3мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа келтіреді. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де дайын отырады.

ІІ

Мұғалім үй жұмысын сұрақтар қою арқылы тексереді:

  1. Тас дәуірі қандай кезеңдерге бөлінеді?

  2. Тастан жасалған негіз құралдарды ата.

  3. Алғашқы қауым адамдарының ұжымы дегеніміз не?

  4. Дін қалай пайда болды?

  5. Неолит кезеңінің жаңалықтарын атаңдар.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

ІІІ

Жаңа сабақты меңгеру жоспары:

  1. Өндіріске металл құрал-саймандардың енуі.

  2. Қоладан жасалған еңбек құралдарына көшу.

  3. Андрон мәдениеті туралы мәлімет.

  4. Андрондықтардың шаруашылығы мен кәсібі.

  5. Андрондықтардың баспаналары.

  1. Қола табиғатта таза күйінде кездеспейді ол негізінен мыс пен қалайының қорытпасынан алынады. Металл кеніштері қазіргі Зыряновск, Жезқазған маңайында, Қарқаралы, Ақшатау тауларында болған.

  2. Адам табиғи мысты пайдаланудан біртіндеп оны қорытуға көшті. Қоладан жасалған құралдар тастан және мыстан жасалған құралдарды біртіндеп ығыстырды. Бұл кезең тарихта қола дәуірі деп аталды.

  3. Еуразия даласындағы қола дәуірінің негізгі жетістектеріАндрон мәдениеті деп аталады. Андроново деген селоның маңынан табылғанына байланысты.

  4. Андрондықтардың басты кәсібі мал бағу, кетпенді-теселі егіншілік пен балық аулау болған. Есіл, Тобыл, Ертіс, Бұқтырма өзендерін бойлай қоныстанған.

  5. Зерттеушілер андрондықтардың баспаналарын қайта қалпына келтірді. Олар жартылай жертөле сияқты салынып, сырты балшықпен сыланған.

Кейін оқушыларға оқулықта берілген тақырыпты оқу тапсырылады.

Оқушылар мұғалімді зер салып тыңдайды. Кейін оқулықта берілген тақырыпшаларды оқиды, және мазмұнын айтуға кіріседі.

IV

Жаңа тақырыпты төменде берілген кестені толтыру арқылы бекітеміз.

1 тапсырма. Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің еркшеліктері. Кестені дәптерге сызып алу.

Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің еркшеліктері

Андрон мәдениеті

Металл өңдеу Мал бағудың көш- Жер өңдеудің

игерілді. пелі түріне көшу қарапайым

Кен өндіру қалыптаса бастады. түрі, теселі

мен металл егіншілік.

өңдеу ісі дамыды

өркендеді.

Оқушылар тақырыпты бекіту үшін берілген кестені дәптерлеріне сыза бастайды.

V

Сабаққа қорытынды жасалады. Сабақ кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Оқушыларға баға қойылып, неге солай бағаланғанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VI

§ 8 оқу, параграф соңында берілген сұрақтарға жауап беру.

Оқушылар үй тапсырмасын күнділіктеріне жазады.

Сынып: 6

Күні:

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Қола дәуірі тұрғындарының қоғамдық және мәдени өмірі.

Мақсат-міндеттері:

Білімділік мақсаты – Андрон мәдениеті, қоғамдық өмірдегі өзгерістер мен еңбек бөлінісі туралы түсініктерін кеңейтуге жағдай жасау.

Дамытушылық мақсаты – оқушылардың оқу материалымен өз беттерінше жұмыс жасауға, класификация және салыстыру жасау қабілеттерін, және шығармашылық ойларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты – техникалық прогерсті түсінуге және өз елінің тарихи мұраларын сақтауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: оқулық, оқылатын карта, әр түрлі суреттер, тірек-сызбалар мен кестелер.

Сабақ түрі: аралас.

Сабақ жоспары:

I кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру(10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)

IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)

V кезең – бағалау кезеңі(5мин)

VI кезең – үй тапсырмасы(3мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа келтіреді. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де дайын отырады.

ІІ

Мұғалім үй жұмысын сұрақтар қою арқылы тексереді:

  1. Мыс өңдеу мен қоланың пайда болуы еңбек өнімділігіне қалай әсер етті?

  2. Андрон мәдениеті қай жерде пайда болған?

  3. Андрондықтардың баспанасына сипаттама бер.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

ІІІ

Жаңа сабақты меңгеру жоспары:

  1. Климаттың өзгеруі.

  2. Беғазы – Дәндібай мәдениеті.

  3. Шаруашылығы.

  4. Қоғамдық құрылысы.

  5. Зергерлік өнері.

  1. Бұдан 3 мың жыл бұрын еліміздің табиғаты құрғақ, қысы қатал әрі ұзақ, жазы қысқа әрі ыстық болған.мұндай жағдйда егіншілікпен айналысуға қиын болды. Мал басы көбейді. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы пайда болды.

  2. Бұл атау Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған.

  3. Негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Көшіп-қонып отырды. Қоныстары негізінен өзен жағасында, көл жағалауларында орналасты. 5-10, кейде 20 шақты үйден тұрды.

  4. Алғашқы қауым ыдырап жеке меншік пайда болды. Еңбек бөлінісі болды. Патриархат орнады.

  5. Негізінен қоладан жасалған әр түрлі әшекей бұйымдар: сақина, білезіктер, салпыншақ әшекейлер, сырғалар, моншақтар және т.б.

Оқушылар мұғалімді зер салып тыңдайды. Кейін оқулықта берілген тақырыпшаларды оқиды, және мазмұнын айтуға кіріседі.

IV

Жаңа тақырыпты төменде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы бекітеміз.

  1. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?

  2. Беғазы дәндәбай мәдениетін Андрон мәдениетімен салыстыр.

  3. Қола дәуірі кезіндегі қоғамдық құрылысты сипатта.

Оқушылар тақырыпты бекіту үшін берілген кестені дәптерлеріне сыза бастайды.

V

Сабаққа қорытынды жасалады. Сабақ кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Оқушыларға баға қойылып, неге солай бағаланғанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VI

§ 9 оқу, өткен тақырыптар бойынша сөз жұмбақ құрау.

Оқушылар үй тапсырмасын күнділіктеріне жазады.

Сынып: 6

Күні:

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы.

Мақсат-міндеттері:

Білімділік мақсаты – сақ тайпаларының қоныстануы, олардың мәдениеті, тұрмысы мен тіршілігі туралы мәліметтермен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты – сақтардың шаруашылық жағдайларын және олардың қолөнермен айналысуын анықтау дағдыларын дамыту. Қол дәуірінің тайпаларымен салыстыра отырып, сақ тайпаларының өмірінің тұрмыс ерекшеліктерін ашу. Оқушылардың ойлау, қорытынды жасау және картамен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты – әлемдік тарих пен мәдениетке сақ мәдениетінің салған маңызын ашу. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, патриотизмге және ата-бабаларымызды сыйлауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: оқулық, оқылатын карта, әр түрлі суреттер, тірек-сызбалар мен кестелер.

Сабақ түрі: аралас.

Сабақ жоспары:

I кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру(10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)

IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)

V кезең – бағалау кезеңі(5мин)

VI кезең – үй тапсырмасы(3мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа келтіреді. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де дайын отырады.

ІІ

Мұғалім үй жұмысын сұрақтар қою арқылы тексереді:

  1. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болу себебі неде?

  2. Көшпелі мал шаруашылығы қашан қалыптасты?

  3. Көшпелі өмір салтының отырықшы тіршіліктен қандай айырмашылығы бар?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

ІІІ

Жаңа сабақты меңгеру жоспары:

  1. Сақ туралы алғашқы мәліметтер.

  2. Сақ тайпаларының қоныстануы.

  3. Сақ қоғамы.

Қай деректерде?

Қалай атады?

Иран тілділерде

Сақтар

Еуропалық

Скифтер

Ежелгі грек деректерінде

Дайлар, массагеттер, исседондар

Парсы деректерінде

Хаомаварга, тиграхауда, парадарайа

Сақтар туралы мәліметтер сақталған:

  • Ежелгі грек тарихшысы Герадоттың еңбектерінде;

  • Ежелгі грек саяхатшысы аристейдің кітабында;

  • Парсының Бехистун тасқа қашалған жазуларында;

  • Накши Рустем жазуларында:

  • Персеполь жазуларында;

  • Ежелгі грек авторы фикудидтің зерттеулерінде.

Кейін оқушыларға оқулықта берілген тақырыпша-ларды оқу тапсырылады.

Оқушылар мұғалімді зер салып тыңдайды. Кейін оқулықта берілген тақырыпшаларды оқиды, және мазмұнын айтуға кіріседі.

IV

Жаңа тақырыпты төменде берілген кестені дәптер-леріне көшіріп жазу арқылы бекітеміз.

Сақ топтарының аты

Мекендері

Теңіздің арғы жағындағы сақтар(парадарайа)

Қара теңіздің солт., Арал тең-ң маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында

Шошақ бөрік киетін сақтар (тиграхауда)

Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шагь, Жетісу

Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаумаварга)

Мургаб аңғарында өмір сүрді

Оқушылар тақырыпты бекіту үшін берілген кестені дәптерлеріне сыза бастайды.

V

Сабаққа қорытынды жасалады. Сабақ кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Оқушыларға баға қойылып, неге солай бағаланғанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VI

§ 12 оқу, өткен тақырыптар бойынша сөз жұмбақ құрау.

Оқушылар үй тапсырмасын күнділіктеріне жазады.

Сынып: 6

Күні:

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.