Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-сын. Д.т. 2011-2012ж. САБА ЖОСП-ЛАРЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39.74 Кб
Скачать

I кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (10мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)

IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)

V кезең – бағалау кезеңі(5мин)

- үй тапсырмасы(3мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа келтіреді. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де дайын отырады.

ІІ

Үй тапсырмасын тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Егіншілер еңбегін сипаттаңдар.

  2. Шаруалар патша қазынасына қандай салық төлеп отырғанын айтыңдар.

  3. Ежелгі египеттіктер егіннен мол өнім алу үшін қандай жұмыстар атқарған?

  4. Қолөнершілердің жағдайы қандай болды?

  5. Мұғалім оқушылардың үйге берілген кестені қалай толтырғанын аралап көріп, екі-үш оқушыны орнынан тұрғызып, оқытады.

Оқушылар өткен сабақ бойынша мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап бере бастайды.

ІІІ

Мұғалім тақтаға жаңа сабақтың тақырыбын жазып қояды, оқушыларды сабақтың мақсаттарымен таныстырып өтеді.

Жаңа сабақты меңгеру жоспары.

  1. Перғауындар.

  2. Шонжарлар.

  3. Көрші елдерге тонаушылық және басқыншылық жорықтары.

Перғауындар басқарып отырған мемлекеттік аппарат әр түрлі қызмет басындағы шонжар-лардан тұрды. Мұғалім «шонжар» ұғымы туралы баса айтып кетеді. Шонжарлар тобына сарай қызметкерлері, қазылар, әкімдер, жаз-ғыштар, сақшылар мен шабармандар жатты. Жалдамалы әскердің негізгі міндеті – жорыққа қатысу, соғыс тактикасын үйрену, сондықтан ол шаруаларға қарағанда сапасы жағынан мықты, соғыс өнерін меңгерген, жауды жеңіп, бекіністерді алуға бар күшін салды. Ал егер Египетті жау шапса, қайсысы елін ерлікпен қорғай алады? Неге? Мұғалім осы сұрақ арқыл-ы жалдамалы әскердің пайдасыз жақтарын ашып көрсетеді.

Оқушылар мұғалімді зер сала тыңдар, оқулық мәтінін өз беттерінше талдауға кіріседі.

IV

Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары:

  • Соғыста қолға түскен тұтқындар неге бағалы болды?

  • Соғыста жан аямай күрескен шаруа да үйіне оралды. Шайқастан оралған шаруаның үйі, шаруашылығы қандай жағдайда болды?

  • Үнемі жүргізген соғыстар Египет патшалығын неге әлсіретті? Өз ойларыңды білдіріңдер.

Оқушылар сабақты бекіту сұрақтарына жауап бере бастайды.

V

Сабаққа қорытынды жасалады. Сабақ кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Оқушыларға баға қойылып, неге солай бағаланғанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

§ 6 оқу, параграф бойынша сұрақтар дайындап келу.

Оқушылар үй тапсырмасын күнділіктеріне жазады.

Сынып: 6

Күні:

Пән: Дүние тарихы.

Тақырыбы: Ежелгі Ассирия.

Мақсат-міндеттері:

Білімділік мақсаты – оқушыларды Ассирияның табиғат жағдайларымен, мемлекеттің құрылуы, әскери және саяси жағдайымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты – ойландыратын сұрақтар беру арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың талдау және белгілі бір қорытындыға келу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларға Ассирияның саяси және әлеуметтік жағдайы туралы айта отырып, оқушыларды патриотизмге, елін, жерін, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: оқулық, Дүние жүзінің саяси картасы, әр түрлі суреттер, тірек-сызбалар мен кестелер.

Сабақ түрі: аралас.

Сабақ жоспары: