Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-сын. Д.т. 2011-2012ж. САБА ЖОСП-ЛАРЫ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40 Кб
Скачать
☆

I кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (10мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)

IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)

V кезең – бағалау кезеңі(5мин)

VІ - үй тапсырмасы(3мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа келтіреді. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де дайын отырады.

ІІ

Үй тапсырмасын тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Вавилонның өрлеуіне әсер еткен жағдайлар.

  2. Хаммурапи заң шығарғанда қандай мақсаттарды көздеді?

  3. Хаммурапи заңдарында шаруашылық туралы не делінген?

  4. Заңның патшалық билік пен мемлекеттің күшеюіне әсері қандай болды деп ойлайсыңдар?

  5. Вавилон қаласы алыстан қараған адамға қалай әсер ететін еді?

Оқушылар өткен сабақ бойынша мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап бере бастайды.

ІІІ

Жаңа сабақты меңгеру жоспары.

  1. Гильгамеш туралы дастан.

  2. Сына жазуы. Өнері.

  3. Аспалы бақ.

  4. Діни түсініктер.

Оқушыларға аңызды өз беттерінше оқып шығуға тапсырма беріледі. Кейін бұл туралы ойларын талқылайды. Кейін оқушылар берілген тақырыпты топтарға бөліп алып, оқиды.

Оқушылар мұғалімді зер сала тыңдар, оқулық мәтінін өз беттерінше талдауға кіріседі.

IV

Пысықтау барысында оқушы білімінің айқын да тиянақты болуына қол жеткізу, оқушыны ойлау әрекетін дамытуға ынталандыру.

Оқушылар сабақты бекіту сұрақтарына жауап бере бастайды.

V

Сабаққа қорытынды жасалады. Сабақ кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Оқушыларға баға қойылып, неге солай бағаланғанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VІ

§ 3оқу, параграф бойынша сұрақтар дайындап келу.

Оқушылар үй тапсырмасын күнділіктеріне жазады.

Сынып: 6

Күні:

Пән: Ежелгі дүние тарихы

Тақырыбы:Египетте мемлекеттің пайда болуы.

Мақсат-міндеттері:

Білімділік мақсаты – ежелгі Египетте қанаушылар мен қаналушылардың пайда болуына байланысты құлиеленушілік құрылыс қалыптасып, шағын мемлекеттер пайда болғанын баяндап жеткізу.

Дамытушылық мақсаты – мемлекеттің пайда болуы жайлы 5-сыныпта алған түсініктерін одан әрі дамыту.

Тәрбиелік мақсаты – бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуы нәтижесінде ғылыми білімдер, сәулет және құрылыс өнері жайлы әңгімелеп, балаларды өсімдік әлемін, адамзат баласының қолымен жасалған ғажайып өнерді сүйе білуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: оқулық, оқылатын карта.

Сабақ түрі: саяхат сабақ

Сабақ жоспары:

I кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (10мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)

IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)