- •3.1. Электр станцияларының түрлер1
- •3.2. Электр энергиясын өндіру
- •3.3.Мемлекеттік ауданаралық электр станциялары
- •3.8 Сурет - Реактивті күштің пайда болуын керсететін тәжірибе
- •3.4. Жылу электр орталығы
- •3.5. Газ турбиналы электр станциялары
- •3.7. Су электр станциялары
- •3.9. Atom электр станциялары
3.4. Жылу электр орталығы
Жылу электр орталықтарында (ЖЭО) турбинада жұмыс жасап, электр энергиясын өндіруге қатынасқан буды өндіріс орындары, тұрғын және мекеме үйлерінің жылу мұқтаждықтарын камтамасыз етуге кажетті ыстық су алу үшін немесе тікелей өнеркәсіп мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады, яғни жылу электр орталықтары халык шаруашылығындағы екі маңызды мәселені — электрмен және жылумен қамтамасыз етуді — кешенді түрде шешу мүмкіндігін туғызады. Осы себепті жылу электр орталықтарының пайдалы әсер коэффициенті 60—70% шамасында, яғни, МАЭС-мен салыстырғанда 1,5—1,7 есе көп болады. Жылу электр орталығының жылу балансы 3.11-суретте көрсетілген.
Жылу электр орталықтары көлемді
аудандарда орналасқан барлық өндіріс
орындары мен басқа да шаруашылықтарды
бу және ыстық сумен толық қамтамасыз
етуіне байланысты, өз уақытында салынған
көптеген ұсақ, тиімсіз оттықтар жұмыстарын
тоқтатады. Олардың қалыпты жұмыс жасауын
қамтамасыз етіп жүрген
көптеген
еңбек адамдары мен транспорт түрлері
босайды. Бұл арада осындай көптеген
ұсақ оттықтардың қалаларды былғап,
олардан ұшып шыққан газдардың ауа
бассейнін
ластайтынын да айту қажет.
Қалалар мен өндіріс орындарының жылу энергиясына деген мұқтаждығы аса мол. Мысалы, 1 т қағаз дайындау үшін 5т бу жұмсалады, ал1 т иірілген жіп немесе шуға дайындау үшін 10—20 т бу қажет. Аса көп жылу энергиясы мұнай өңдеу үшін, синтез талшығын, химия талшығын, аммиак және т. б. заттар киім жуатын орындар, асханалар және т.б. жылу энергиясын көп қажет ететін орындар болып табылады. 1961 жылға дейін жылу электр орталықтарында қуаты 6 және 25 МВт турбиналар жұмыс жасаса, ал 1961 жылдан бастап қуаты 50 және 100 МВт жылу агрегаттары орнатыла бастады.
Жылу энергетикасының зор табысының бірі қуаты 250 МВт буды 540°С температурада қыздыратын турбинаның жасалуы. Осындай турбиналар Москваның, Киевтің жылу электр орталықтарында және басқа да станцияларда іске қосылды.
Жоғары қысымды бу процесін меңгеру жылу агрегаттарының жеке қуаты мен жалпы ЖЭО куатының өсуіне мүмкіндік туғызды.
ТМД мамандары жылу тасымалдаушы ретінде будың орнына суды пайдалану тәсілін тапты. Ыстық суды пайдаланудың бірнеше техника-экономикалык тиімділіктері бар: жылу жеткізу қашықтығы үлғаяды, электр станцияларының жұмыс көрсеткіштері жақсарады, конденcaт шығыны азайып, су жылыту, вентиляция және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелері ықшамдалады.
Жылу электр орталықтарында жылу энергиясы электр энергиясына карағанда молырақ өндіріледі. Халыктың тұрмыстық мұқтаждықтарын (ыстық судың берілуі, душ, ванна, бір орталықтан жылытылу және т. б.) және өндіріске қажетті жылу өндіру шамасын арттыру қөзделуде.
ТМД жылу энергетиктерінің аса манызды көрсеткіштерінің бірі —1 кВт*сағ электр энергиясын немесе 1 Гкал жылу өндіруге жұмсалатын отын мөлшерін азайту. Бұл саладағы табыстар жылу механикалық кондырғыларды жетілдіру, бу қысымы мен температурасын көтеру, агрегат қуатын арттыру, жылумен камтамасыз ету жүйесін дамыту және жылу қондырғыларының жақсы жұмыс жасауын қамтамасыз ететін жағдайлар тудыруға байланысты.
Жұмсалған отынның өзіндік мөлшерін азайту ГОЭЛРО жоспарының негізгі бір бағыты болатын. Патшалық Ресейден қалған электр станцияларының көрсеткіші 1100 г/кВт*сағ болса, ГОЭЛРО жоспары орындалғаннан кейін (1937), осы көрсеткіш 673 г/кВт*сағ болып, 1,63 есе жақсарды.
Кейінгі бесжылдықтарда бұл керсеткіштің үнемі жақсарып отырғанын төмендегі 3.5 кестедегі деректерден кереміз.
3.5 к е с т е
1980 жылы электр энергиясын өндіруге жұмсалған отынның өзіндік мөлшері 1937 жылмен салыстырғанда 2 еседен аса азайды. Кейінгі 20 жылда электр энергиясын өндіруге жұмсалған отынның өзіндік мөлшерінің азаюына ЖЭО-ның п.ә.к-нің жоғары болуы, яғни оның тиімді жұмыс жасауы ұтымды ықпал етуде. 3.6 кестеде жылу электр орталықтары мен станцияларында 1 кВт*сағ электр энергиясын өндіруге шығындалатын отынның орташа өзіндік мөлшері келтірілген.
ЖЭО-ның ықпалы 1960 жылдан бастап, оларда орнатылған агрегаттардың жеке куатының өсуіне байланысты әсерлі бола бастады. 1980 жылы Тәуелсіз Мемлекеттерде 33,0 млн. т шартты отын үнемделді.
3.6 к е с т е
Жылу электр станцияларының жалпы тиімділігін арттыру бағытында жүргізілетін көлемді жұмыстардың бірі — электр станцияларында жұмыс жасап тұрган, бі- рақ техника-экономикалық көрсеткіші төмен, жеке қуаты мен тиімділігі аз электр қондырғыларын казіргі тиімді қондырғылармен алмастыру.
Жеке агрегаттардың және жалпы жылу электр станцияларының қуатын арттыру, жылу энергетикасының техникалык дамуының маңызды бағыты болып табылады. Себебі: жылу электр станцияларын салуға жұмсалатын салыстырмалы қаржы мөлшері азаяды; еңбек өнімділігі артады; агрегаттардың пайдалы әсер коэффициентінің артуы негізінде, олардың техника-экономикалық көрсеткіштері жақсарады; өндірілген электр энергиясының өзіндік кұны төмендейді.
