- •Стандарт
- •Стандарт «Чепец» байламын салу техникасы
- •Стандарт Екі көзге таңғыш салу техникасы
- •Стандарт «Рыцарь қолғабы» таңғышын салу техникасы
- •«Дезо» таңғышын салу техникасы
- •Стандарт «Масақ» таңғышын салу техникасы
- •Стандарт «Биялай» таңғышын салу техникасы
- •Стандарт Мойынға сегіз тәрізді таңғыш салу техникасы
- •Стандарт Иық сүйегіне Крамер жақтауын салу техникасы
- •Стандарт
- •Стандарт
- •Стандарт
- •Стандарт Иыққа Эсмарх резеңкелі бұрамасын салу техникасы
Стандарт Иық сүйегіне Крамер жақтауын салу техникасы
Мақсаты:иммобилизациялау.
Көрсеткіштері: иық сүйегі сынықтарында
Әзірле: сатылы жақтау, 2 бинт, үшкіл орамал, мақта, жастықшалар, шприц, 2 мл 50 % анальгиин, 2 мл 1% димедрол, бір реттік қолдануға арналған стерилді қолғап, спирт, ҚҚЖҚ, сантиметрлің лента.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, тыныштандырыңыз
Іс-шара барысын түсіндіріңіз
Спиртпен қолынызды өңдеп, бір реттік қолданылатын қолғапты киіңіз.
2 мл 50 % анальгиин, 2 мл 1% димедролмен жансыздандыру жүргізіңіз.
Иық сүйегін қарап жарақатқа көз жеткізіңіз.
Жарақаттанған қол бөлігін ортофизиологиялық жағдайға келтіріңіз.
Ені 8 см, ұзындығы 80 см сатылы Крамер жақтауын алыңыз
Сау дене бөлігінің саусақ ұшынан шынтақ иініне дейін сантиметрлік лентамен өлшеп алыңыз
Шынтақ иінінен иық сүйегіне дейін сантиметрлік лентамен өлшеп алыңыыз.
Сатылы Крамер жақтауын белгіленген бөлігінен бүгіп, зақымданған иық буынына орнатыңыз.
Қолты қастына және алақанның ішке бөлігіне жастықша қойыңыз.
Сасауқтардан иық буыны аймағына дейін иректелген таңу әдісімен бинтпен ораңыз.
Үшкіл орамал салыңыз.
Бір реттік қолданылатын заттарды ҚҚЖҚ тастаңыз.
СМЖ 05-
Астана қаласы әкімдігінің
«Медициналық колледж» МКҚК
№ 2 арнайы пәндер ЦК
қаралды және бекітілді
ЦК төрайымы: Ш.Д. Шубаткалиева
Хаттама « » 2015 ж.
Стандарт
Дитерихс жақтауын салу техникасы
Мақсаты: транспорттық иммобилизация
Көрсеткіштері: сан сүйегі сынықтарда
Әзірле: Дитерихс жақтауы, бинт, мақта, крамер сатылы жақтауы, шприц, қайшы, 2 мл 50 % анальгиин, 2 мл 1% димедрол, бір реттік қолданылатын қолғап, ҚҚЖҚ.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасты қатты тегіс жерге жатқызыңыз, тыныштандырыңыз
Іс-шараны түсіндіріңіз
Қолыіызды антисептикпен өңдеп, бір реттік қолғапты киіңіз
2 мл 50 % анальгиин, 2 мл 1% димедролмен жансыздандыру жүргізіңіз.
Жарақаттанған жерді ортофизиологиялық қалыпқа келтіріңіз
Жақтаудың табанша бөлігін табанға 8-дік әдіспен байлап, бекітіңіз. Табанша бөлікті тік бұрышта 90С аяқ киімді шешпей бекіту керек.
Жақтаудың сыртқы бөлігін қолтық астынан бастап табанша бөліктің сыртқы сымтемірінен өткізіп, 8-10 см-ге дейін шығарып бекітіңіз. Қолтық астына жастықша қою керек
Жақтаудың ішкі бөлігін шат аралығынан бастап табанша бөліктің ішкі сымтемірінен 8-10 см-ге дейін шығарып бекітіңіз. Шатарлыққа жастықша қою керек
Табанша бөліктің сыртқы бетіндегі жіпті айналдырып бекітіңіз.
Тобыққа, тізеге, ұршық сүйекке және жамбас сүйегінің бойына, теріні жақтау басып, қажап қалмас үшін арасына жастықшалар салыңыз
Балтыр, тізе, сан, іш және кеуде сүйегі тұсынан бинтпен орап бекітіңіз
Қолғапты шешіп ҚҚЖҚ тастаңыз.
СМЖ 05-
Астана қаласы әкімдігінің
«Медициналық колледж» МКҚК
№ 2 арнайы пәндер ЦК
қаралды және бекітілді
ЦК төрайымы: Ш.Д. Шубаткалиева
Хаттама « » 2015 ж.
