Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стандарт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31 Кб
Скачать
☆

Стандарт Екі көзге таңғыш салу техникасы

Мақсаты::емдік-диагностикалық

Көрсеткіштері: көз аурулары мен зақымдануларында, операциядан ейінгі жараларда.

Әзірле:ені 10-12 см-ге дейінгі ұзындығы стандарт дәкелер, қайшы.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты өзіңізге қарама-қарсы отырғызып, тыныштандырыңыз.

  2. Жүргізілетін іс-шара мақсан түсіндіріңіз.

  3. Ені 10-12 см-ге дейінгі ұзындығы стандарт дәкені алыңыз.

  4. Дәкенің ұшын сол қолңызға, басын оң қолыңызға ұстаңыз.

  5. Бастың маңдай және шүйде бөліміне бекітуші орам жүргізіңіз.

  6. Дәкені құлақтың астыан сырғалық бөлімінен орап жарақаттанған көзді ораңыз.(1-ші орам)

  7. Бас сүйек күмбезінің маңдай және шүйде бөліміне циркулярлы таңу жүргізе отырып 1-ші орамды 3-4 рет қайталаңыз.

  8. Дәке орамын бас сүйек күмбезінің шүйде бөлігінен айналдырып әкеліп, маңдай арқыы төмен түсіп екінші көзді ораңыз. (2-ші орам)

  9. Дәкені құлақтың төменгі бөлігімен орау арқылы шүйде мен маңдай сүйегіне циркулярлы таңу жүргізіңіз.

  10. 2-ші орамды маңдай мен шүйде бөлігіне циркулярлы таңу жүргізе отырып 3-4 рет қайталаңыз.

  11. Дәкені екі көзді толық орап болған соң маңдай және шүйде бөлігінде 1 рет циркулярлы таңу жүргізіп, бекітіңіз.

СМЖ 05-

Астана қаласы әкімдігінің

«Медициналық колледж» МКҚК

№ 2 арнайы пәндер ЦК

қаралды және бекітілді

ЦК төрайымы: Ш.Д. Шубаткалиева

Хаттама « » 2015 ж.

Стандарт «Рыцарь қолғабы» таңғышын салу техникасы

Мақсаты:емдік-диагностикалық

Көрсеткіштері: барлық саусақтың жарақаттарында, үсік, күйік.

Әзірле: ені 5 см бинт, қайшы.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, іс –шара барысын түсіндіріңіз.

  2. Бинттің ұшын сол қолыңызға, басын оң қолыңызға ұстаңыз.

  3. Білезік сүйегіне бекітуші орам жасаңыз.

  4. Бинтті саусақтың үстінен қисайтып орап бармақтың ұшына апар. (1-ші орам)

Ескерту: оң қол саусақтары зақымданғанда таңуды бас бармақтан, сол қол саусақтарының зақымдануында таңуды шынашақ саусақтан бастап орайды.

  1. Барлық бармақты негізіне дейін иректете шырмап ора (2-ші орам)

  2. Бинтті саусақтың үстімен білезік сүйекке апарып, оны айналдырып ора.(3-ші орам)

  3. 1,2,3- айналымдарды қайталап әрбір бармақты кезекпен ора.

  4. Білезік сүйегіне бинтті айналдырып орап бекітіңіз.

СМЖ 05-

Астана қаласы әкімдігінің

«Медициналық колледж» МКҚК

№ 2 арнайы пәндер ЦК

қаралды және бекітілді

ЦК төрайымы: Ш.Д. Шубаткалиева

Хаттама « » 2015 ж.

Стандарт

«Дезо» таңғышын салу техникасы

Мақсаты: иық және бұғана сүйектерінің сынықтарында дененің жоғарғы бөлігін таңып-байлау

Көрсеткіштері:бұғана және иық сүйегі сынықтарында

Әзірле: ені 20 см –ге дейінгі ұзындығы стандарт бинттер, қайшы.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштындырып, іс-шараның барысын түсіндіріңіз.

  2. Қолтық астына жастықша салыңыз

  3. Сырқаттың жарақаттанған қолын шынтақ буынынан тіке бұрышпен бүгіңіз.

  4. Сау жақтан жарақаттанған жаққа қарай кеуде бөлімінде бекітуші орам жүргізіңіз. (1-ші орам).

  5. Бинтті сау жақ қолтығының астынан бастап, зақымданған қолының иық сүйегінің үстімен, иықтың артқы жақ қырынан тікелей шынтаққа түсіріп бинтпен ораңыз. (2-ші орам)

  6. Бинтті білектің үстімен қисайта орап, сау жақ қолтықтың астына апарыңыз. (3-ші орам)

  7. Оны жота арқылы зақымданған иықтың үстімен, иықтың алдыңғы жақ қырына түсіріп, шынтақты жан-жағынан орап, жота арқылы қисайта отырып сау жақ қолтықтың астына апарыңыз. (4-ші орам)

  8. Таңғыш жақсы бекітіліп байлануы үшін 1-4 орамдарды қайталаңыз.

СМЖ 05-

Астана қаласы әкімдігінің

«Медициналық колледж» МКҚК

№ 2 арнайы пәндер ЦК

қаралды және бекітілді

ЦК төрайымы: Ш.Д. Шубаткалиева

Хаттама « » 2015 ж.