Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стандарт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31.36 Кб
Скачать

СМЖ 05-

Астана қаласы әкімдігінің

«Медициналық колледж» МКҚК

№ 2 арнайы пәндер ЦК

қаралды және бекітілді

ЦК төрайымы: Ш.Д. Шубаткалиева

Хаттама « » 2015 ж.

Стандарт

С – 4 (Первомур) ерітіндісімен қол өңдеу техникасы

Мақсаты: операция алдында қолды өңдеу. Ерітінді хирургтің қолын өңдеу үшін және операция алаңын залалсыздандыру үшін қолданылады.

Әзірле: 2,4% первомур ерітіндісі, сабын, стерилді орамал, резеңкелі қақпақ.

Ескерту: С-4 ерітіндісі операция болатын күні дайындалынады, 24 сағат уақытқа дейін жарамды. С-4 ерітіндісін дайындау үшін 30 - 33% -тік  171 мл сутегі асқын тотығын 85% - тік 81мл құмырсқа қышқылына қосып, араластырып тоңазытқышқа қояды. 1-1,5 сағат уақыт өткеннен кейін ерітіндіні тоңазытқыштан алып 10 л дистилденген суы бар стерилді легенге араластырады.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолыңызды ағынды судың астында сабынмен саусақ ұшынан бастап шынтақ бөлігіне дейін 1 минут жуыныз.

  2. Стерилді құрғақ орамалмен қолыңызды кептіріңіз.

  3. 2,4% С-4 ерітіндісі бар легенге қолыңызды салыңыз.

  4. 1 минут ішінде қолыңызды өңдеңіз (алғашқы 30 секундта шынтаққа дейін, қалған 30 секундта саусақтарды)

  5. Ерітіндіден 1 резеңкелі қақпақты алып тастаңыз.

Көлемі 5 л дейінгі бір легенде ерітіндіні ауыстырмай 10 адамға дейін қолын өңдей алады.

СМЖ 05-

Астана қаласы әкімдігінің

«Медициналық колледж» МКҚК

№ 2 арнайы пәндер ЦК

қаралды және бекітілді

ЦК төрайымы: Ш.Д. Шубаткалиева

Хаттама « » 2015 ж.

Стандарт «Чепец» байламын салу техникасы

Мақсаты: бас жарақаттарында таңып-байлау.емдік - диагностикалық

Көрсеткіштері: бас сүйек күмбезінің шүйде, маңдай бөлігінің зақымдануларында.

Әзірле: ені 10 см-ге дейінгі ұзындығы стандарт стерилді дәкелер, қайшы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызып, жүргізілетін іс-шараны түсіндіріңіз.

2. Ұзындығы 80-90 см дәке тілшесін дайындаңыз.

3.Дәке тілшесінің ортаңғы бөлігін бас сүйегінің төбе бөліміне орналастырыңыз.

4.Дәке тілшесінің екі ұшын құлақтың алдыңғы бөлігінен өткізіп, жағдайына қарай науқастың өзіңе немесе көмекшіге ұстатыңыз.

5. Ені 10 см-ге дейінгі ұзындығы стандарт дәкені алып бастың маңдай және шүйде бөліктеріне бекітуші орам (1-ші орам) жүргізіңіз. Бекітуші тур 2 орамнан тұрады.

6.Дәкені дәке тілшесінен айқастырып өткізіп шүйде бөлігін 1/3 ережесімен ораңыз. (2-ші орам)

7.Қарама-қарсы жақтың дәке тілшесінен дәкені айқастырып өткізіп 1/3 ережесімен маңдай бөлікті ораңыз. (3-ші орам)

8. Төбе сүйегі жабылғанға дейін 2-ші және 3-ші орамды бірнеше рет қайталай отырып бас сүйегін толығымен ораңыз.

9.Төбе сүйегіне жеткенде 2 рет шеңберлеп таңу жүргізіңіз.

10.Дәкені дәке тілшесі ұштарының біреуіне айналдырып, бекітіңіз.

11.Дәке тілшесінің екі ұшын төменгі жаққа бекітіп байлаңыз.

СМЖ 05-

Астана қаласы әкімдігінің

«Медициналық колледж» МКҚК

№ 2 арнайы пәндер ЦК

қаралды және бекітілді

ЦК төрайымы: Ш.Д. Шубаткалиева

Хаттама « » 2015 ж.