Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Популяциялық генетика. Экогенетика.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.12 Кб
Скачать

Этиология

Глютеннің ащы ішектің шырышты қабатына әсер етуі.

Патология

Глютеннің ащы ішектің шырышты қабатына әсер етуі белгілі бір мезанизммен жүреді.

1.Токсикалық механизм;

Целиакия глютен белогінің глиадин-фракциясымен ащы ішектің шырышты қабатын зақымдауы нәтижесінде пайда болады. Қалыпты шырышты қабат глютенмен зақымдалмайды, өйткені оның құрамында токсикалық емес фракциясын (глутаминилпролил, глицилпролиндипептидаза, гаммааглютаминилтранспептидаза, пирролидонилпептидаза) ыдырататын фермент бар. Целиакиямен ауыратын аурулардың осы ферменттердің ақауы бар және глиадин энтероцитке цитотоксикалық әсер көрсетеді.

2. Иммунологиялық механизм

Көптеген пациенттердің шырышты қабаттарының құрамында глиадинге қарсы антиденелері (IgA) бар және науқастар аглютенді диетаны ұстанғанда антиденелер титрі төмендейді. Шырышта- құрамында IgA, М, G бар плазматикалық клеткалардың артуы, плазмада, ішекте, нәжісте- антиретикулярлы антиденелер. Шырыштың эпителиінде- лимфоциттердің саны шамадан артық.

Бейімділік тұқым қуалау қасиетіне ие, 80-90% пациенттерде HLA-B8 және HLA-DR3 бар. В8 және DW3 кодтаушы гендер әр түрлі локуста орналасады, яғни екі генетикалық ақау қосылады. Кодталатын белоктар глютеннің клеткалық рецепторлары, антидене өнімін іске қосады. Олар лимфатикалық клеткалардың үстінде орналасады.

3.Синтетикалық теория

Фермент болмаса, глютен ыдырамайды, ол энтероциттердің зақымдалуына әкеліп соғады.

Осы механизмдердің әсері эпителиальді клеткалардың жоғалуына әкеледі, бұл кезде крипт клеткалары белсене түседі, бірақ клеткалардың жоғалу орнын толтыра алмайды нәтижесінде кірпікшелердің ұзындығы қысқара түседі. Ішектік биопсия кірпікшелер ұзындығының криптілер ұзындығына қатынасы сәйкес келмейтіндігін көрсетеді. Қалыпты жағдайда кірпікшелер ұзындығы крипта ұзындығынан 3-4 есе ұзынырақ (3-4/1 қатынасындай), целиакия кезінде қатынас төмендей түседі (кірпікшелердің порциальді, субтотальді және тотальді атрофиясы ). Қысқарған кірпікшелер еніне қарай қалыңдай түседі. Жайылған кірпікшелердің эпителилері қалыңдап, ондағы РНҚ-ң базофильді концентрациясы жоғарлаған. Бокал тіріздес энтероциттердің саны төмендейді. Клеткалардың жедел бөліну нәтижесінде, кірпікшелердің беткейінде жетілмеген энтероциттер пайда болады.Егер кірпікшелердің энтероциттерін глютенмен зақымдаса, клеткалардың қабылдамауы байқалып, регенирация процессінің қарқындауы жүреді. Бұл кірпікшелер беткейінде жетілмеген энтероциттердің пайда болуына әкеледі, олар өздерінің арнайы қызметтерін атқаруға қабілетті емес.

Клиника

Мальабсорбция синдромы байқалады. Ащы ішекті рентгеноконтрастты зерттеу кезінде түсірілген сурет қате болса, қате целиакия диагнозы қойылуы мүмкін. Ащы ішектік биопсия кезінде эпителий зақымдалуы мүмкін.

Диетадан глютенді бөліп алу екі клиникалық симтомдардың жақсаруына және ащы ішектегі гистологиялық өзгерістерге әкеледі. Аглютенді диета тағайындалғаннан кейін 6 ай өткеннен соң барлық гистологиялық өзгерістер толығымен жойылады.

Емдеуі

Аглютенді диета. Аглютенді диетаны ұзақ қолдану әсерінен, кейбір науқастарда ащы ішектің шырышты қабатының құрылымы толықтай қалпына келеді. Алайда кейбір науқастардың абсорбциялық қызметінің қалпына келуіне қарамастан шырышты қабат толық қалпына келмейді. Ащы ішектің ішкі беткейін кірпікшелер 8 есеге ұлғайтады, ал энтероциттердің апикальді бөлігінде орналасқан микрокірпікшелер 30 есе.

Асқынуы

Целиакия рак алды ауру болып саналады, ащы ішектің қатерлі лимфомасының пайда болу қаупі бар.

Адам экогенетикасына кіріспе.

Патогенезінде үлкен рольді тұқымқуалаушылық атқаратын, бірақ оның көрінуі орта жағдайларына байланысты болатын ауруларды тұқымқуалауға бейімделген аурулар деп атайды.

Тұқымқуалауға бейімделген ауралар адамдарда тиісті генотиппен орта факторлардың әсері кезінде пайда болады.

Әдебиет:

Негізгі

1. Стамбеков С.Ж., Петухов В.Л. Молекулалық биология. Оқулық/ҚР. Новосибирск: Семей МУ, 2003. –216 бет.

2. Әбилаев С.А. Молекулалық биология және генетика. Шымкент.2008, 424 б

3. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Н. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов, Москва: Наука, 2003,544 с.

4. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки, Руководство для врачей. Пер с англ. М.: БИНОМ – Пресс,2003- 272 с.

5. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М., Медицина,2003.

6. Генетика. Учебник для ВУЗов / Под ред. Академика РАМН В.И. Иванова. – М.: ИКЦ «Академкнига»,2006.-638 с.:ил.

Қосымша:

1. Уилсон Дж., Хант Т. Молекулярная биология клетки. Сборник задач. Пер. с англ. –М.,Мир, 1994 -520 с.

2. Казымет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. – Астана,2006,2007.

3. Медицинская биология и генетика/ Под.редакцией Куандыкова Е.У., Алматы,2004

Бақылау сұрақтары:

  1. Экогенетиканың негізгі мәселелері.

  2. Сіңірілудің бұзылу синдромы.

  3. Физикалық факторларға жекеленген сезімталдығы.