Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Полож. о курс. проек. каз 07.04.14г.Вар. оконч..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
504 Кб
Скачать
☆

5.7. Қорғауды өткізу тәртібі

5.7.1 Курстық жобаларды/жұмыстарды қорғау, ашық түрде (көпшілктің алдында) толық комиссия құрамы алдында өтеді.

5.7.2 Курстық жобаларды/жұмыстарды қорғауға келтірілген түсіндірме жазбалар, жұмыстың мазмұны, көлемі мен осы ережеге, курстық жоба/жұмыс орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар мен басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін анықтайтын, комиссия мүшелерімен тексеріледі.

5.7.3 Форматтарда орындалған графикалық материал, шолу үшін тақтаға ілінеді, комиссия мүшелері оның ЕСКД талаптарына сәйкес рәсімделуін анықтау үшін қарайды. Ақпараттық технологиялар пайдаланып, мультимедиалық көрсетілімдер түрінде келтірілген графикалық матеиалдар қорғауға жіберіледі. Бұл жағдайда, жобаның (жұмыстың) графикалық бөлігі дискіде жазылуы мүмкін және есептеу-түсіндірме жазбасында қосымша келтіріледі.

5.7.4 Қорғалатын курстық жобаның/жұмыстың мазмұны студенттің қысқаша баяндамасында (10 мин) жеткізіледі.

5.7.5 Баяндамасы аяқталған соң, студентке курстық жобаны/жұмысты орындау барысында жинақталған студент білімі мен дағдыларының деңгейін айқындау мақсатында курстық жобаның/жұмыстың мазмұны бойынша сұрақтар қойылады.

5.8 Курстық жобаны/жұмысты қорғау нәтижелерін рәсімдеу

5.8.1 Курстық жобаны/жұмысты бағалау және қорғау кезінде келесі критерийлермен жетекшілік жасау қажет:

  • тапсырманы әзірлеуге қойылған идеялардың бірегейлігі мен жаңалығы;

  • жобаның/жұмыстың шынайылығ және оны пайдалану немесе енгізу мүмкіндігі;

  • орындалған есептер мен графикалық материалдың көлемі және сапасы;

  • курстық жобаны/жұмысты қорғау кезіндегі студенттің ауызша ғылыми сөз сөйлеуінің мәнері;

  • студенттің жалпы және арнайы дайындығын анықтайтын, берілген сұрақтарға берілген жауаптың сапасы;

  • курстық жобаны/жұмысты орындау кезіндегі студенттің өз бетінше жұмыс істеуі және инициатива көтеруі.

5.8.2 Курстық жоба/жұмыс мамандықтың жұмысшы оқу жоспарына сәйкес пән бойынша білім алушылармен оырндалады. Бұл кезде:

- егер пәнді оқыту курстық жобаны/жұмысты өткізумен аяқталады, онда білімді бақылау формасы болып, дифференциялық сынақ болады (курстық жобаны/жұмысты орындау мен қорғау нәтижесі бойынша), ол жоғарыда аталған критерийлер ескеріліп, баллдық-рейтингілік әріптік бағалау жүйесіне сәйкес қойылады және баллдарды кәдімгі пән бойынша үлестіреді (60 балл курстық жобаны/жұмысты орындауға және 40 балл қорғауға қойылады);

- егер пәнді оқыту емтиханмен аяқталатын болса, онда курстық жобаға/жұмысқа бөлінетін балл үлесі, аралық (жинақтау) бақылау ведомосының жалпы балл мөлшерінен техникалық мамандықтар үшін 80%-ға дейін және гуманитарлық мамандықтар үшін 50 %-ға дейін құрайды.

5.8.3 Курстық жобаға/жұмысқа қойылатын баллдар мөлшері кафедра мәжілісінің шешімімен анықталады және пәннің силлабусында көрсетіледі.

5.8.4 Егер пәнді оқыту емтиханмен аяқталса, онда курстық жоба/жұмыс баллдары, жетекші оқытушымен анықталатын мерзімдердегі аралық (жинақтау) бақылау екінші ведомосына қойылуы қажет. Егер студент курстық жобасын/жұмысын екінші аралық (жинақтау) ведомосында өткізбеген жағдайда, жетекші «0» (ноль) балл қояды, бұл студенті берілген пән бойынша емтиханға жібермеудің негізі болып табылады.

5.8.5 Қорғалған және қабылданған курстық жоба/жұмыс комиссиямен өту (шекті) шамасынан жоғары баллмен бағаланады. Шекті шама курстық жобаға/жұмысқа бөлінетін баллдар мөлшерінің 50%-на тең деп қабылданады.

5.8.6 Курстық жұмысты қабылдау комиссиясы кафедра мәжілісі шешімімен тағайындалады және жұмыстарды қабылдауды ағмыдағы семестрдің 14-аптасынан кешіктірмей аяқтайды.

5.8.7 Білім алушы курстық жобаны/жұмысты қорғамай, тиісті пән бойынша емтихан тапсыруға жіберілмейді.

5.8.8 Қашықтан оықту технологиясы кезінде білім алушылардың өзіндік жұмысын (БӨЖ) және курстық жобалауын ұйымдастыру мен бақылау, ҚР үкіметінің 19.01.2012ж. №112 «Қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесі» п.34, Қаулысымен реттеледі. Барлық келіп түскен БӨЖ, курстық жобалар мен жұмыстар, мерзімдері көрсетіліп, сырттай білім беру факультетінде тіркеледі.

5.8.9 курстық жоба/жұмыс өткізбеген білім алушы, қосымша сессияға жазылады және пәнді оқу курсын ақы төлеп қайта өтеді.

5.8.10 Курстық жоба/жұмыс келесі семестр басталғанға дейін, курстық жобаны/жұмысты өткізу-қабылдаудың бекітілген кесіміне сәйкес кафедраның мұрағатына өткізілуі және қолданыстағы ережелерге сәйкес сақталуы тиіс.

5.8.11 Теориялық және өндірістік қызығушылық танытқан курстық жобаларды/жұмыстарды, байқауларға студенттердің ғылыми қоғамдарға тартылады, университет бұйрығымен марапатталады, және де пайдалану үшін мүдделі мекемелерге жіберу ұсынылады.

5.8.12 Курстық жобалау нәтижелері, кафедра мәжілісінде және факультет кеңесінде талқыланады, кейбір жағдайларда – университеттің Ғылыми кеңесінде де қаралуы мүмкін, ол жерде курстық жобалауды ұйымдастыруға баға беріледі, кемшіліктерді жою және курстық жобалаудың тиімділігін көтеру бойынша ұсыныстар енгізіледі.