- •Курстық жобалау туралы ереже Регистрлік №___79_____
- •Мазмұны
- •2. Нормативтік сілтемелер
- •2.1 Нормативтік құжаттар
- •3. Негізгі терминдер мен қысқартулар
- •3.1 Негізгі терминдер
- •5. Жалпы ережелер
- •5.1 Курстық жобалаудың мақсаты
- •3.2 Қысқартулар
- •3.3 Белгіленуі
- •4. Жауапкершілік пен өкілеттіліктер
- •5.2 Курстық жобалаудың жетекшілігі және тематикасы
- •5.3 Курстық жобаның/жұмыстың мазмұны мен көлемі
- •5.4 Курстық жұмыстың орындалуы барысын бақылау
- •5.5 Курстық жобаны/жұмысты қорғауға дайындау
- •5.6. Курстық жобаны/жұмысты қорғау бойынша комиссия құрамы және жұмысы
- •5.7. Қорғауды өткізу тәртібі
- •5.8 Курстық жобаны/жұмысты қорғау нәтижелерін рәсімдеу
- •6. Жұмысты өткізу алгоритмі
- •7 Өзгерістер
- •8 Келісім, сақтау, тарату
- •9. Қосымшалар
- •Қосымша а
- •20__- 20__ Оқу жылы
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Қосымша в
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
- •Курстық жоба
- •Қосымша г
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Жетекші__________________________________ __________________________
- •Тараз 20___
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Тараз 20___ Қосымша е
- •Кеңес беру графигі
- •Жауапты ____________________________ ___________________________________
- •Приложение и
- •Лист согласования
- •Приложение к
- •Лист рассылки
5.2 Курстық жобалаудың жетекшілігі және тематикасы
5.2.1 курстық жобалауға жетекшілік жоғары білікті педагогикалық кадрлармен іске асуы қажет: профессорлармен, доценттермен, ғылым докторларымен, PhD докторларымен, ғылым кандидаттарымен, аға оқытушылармен және оқытушылар (ЖОО ең кемі үш жылдық тәжірибесі болуы тиіс).
5.2.2 Курстық жобалаудың тематикасы курстық жоба/жұмыс орындалатын пәндердің бағдарламасына сәйкес болуы қажет, оның оқу міндеттеріне, студенттерді кәсіби даярлаудың міндеттеріне жауап беруі тиіс және мамандарды мақсаттық даярлауға сәйкес өндірістің, ғылым мен техниканың, мәдениеттің тәжірибелік талаптарымен байланысты болуы қажет.
5.2.3 Курстық жобалардың/жұмыстардың тақырыптары, оларға жасалған тапсырмалармен бірге кафедра мәжілісінде бекітіледі. Әрбір студентке берілетін тапсырмада, тапсырманы беру және орындау мерзімдері, шешімімен жұмыстар тематикасы мен тапсырма варианттары бекітілген кафедра мәжілісінің хаттамасының номері көрсетіледі.
5.2.4 Курстық жобалаудың тематикасы кафедраның ғылыми-әдістемелік семинарларында қарастырылуы тиіс.
5.2.5 Курстық жобалау тақырыптарының мазмұны мамандарды даярлаудың бағытына сәйкес келуі қажет.
5.2.6 Курстық жобалау бойынша тақырыптарды студенттерге үлестіру Ф 11.32-2013 сәйкес жүргізіледі (Қосымша А).
5.2.7 Бір-бірін жалғастыратын немесе кешенді жобалаудың, типтік курстық жоба (жұмысты) орындауға тапсырма беруге рұқсат етіледі.
5.3 Курстық жобаның/жұмыстың мазмұны мен көлемі
5.3.1 Курстық жобаның/жұмыстың тапсырмасы
5.3.1.1 Тапсырма - жоба/жұмыс тақырыбының құрастырылған атауынан, оның көлемі мен мазмұын анықтайтын сипаттамасынан, жобаны/жұмысты орындау үшін бастапқы деректерден, жұмыстың есептік-графикалық бөлігін орындауға қажет бастапқы деректерден, графикалық материалдың (курстық жоба үшін) жұмыс көлемі мен сипатынан тұрады.
5.3.1.2 Тапсырма ғылыми және әдістемелік тұрғыда өте мұқият қаралуы және студентті даярлау деңгейі мен жобаны/жұмысты орындауға бөлінген уақытқа жауап беруі қажет.
5.3.1.3 Тапсырма арнайы формадағы бланкте рәсімделеді және келесілерді анықтайтын жетекші материалдармен бекітіледі: жасалуы қажет негізгі мәселелердің және олардың орындалуы мерзідерінің тізімі; нысанның сипаттамасы, жасалатын нысанға қойылатын техникалық, техникалық-экономикалық, экономикалық, әлеуметтік және т.б. талаптар; кафедраға дайын жобаны/жұмысты өткізу мерзімі (ЗК 11/1.66-2014, қосымша Б).
5.3.1.4 Тапсырма курстық жоба/жұмыс орындалу қарастырылған пәннің алғашқы сабақтарының бірінде студентке беріледі. Егер, курстық жобалау үшін материалдарды жинау кәсіби тәжірибе кезінде жүргізілетін болса, онда тапсырманы тәжірибе өткенге дейін беру және қажеттілік туғанда оны кейін түзетуге рұқсат беріледі.
5.3.2 Курстық жобаның/жұмыстың құрылымы.
5.3.2.1 Курстық жобаның/жұмыстың түсіндірме жазба түріндегі мәтіндік материалы студенттің білімдік деңгейін көрсететін, оны өндірісте қолдана білудің негізгі құжаты болып табылады.
5.3.2.2 Курстық жобаның/жұмыстың мәтіндік материалының (түсіндірме жазбаның) мазмұны мен көлемі.
Курстық жобаның түсіндірме жазбасының жалпы көлемі, А4 форматындағы 20 беттен, ал курстық жұмыс 15 беттен кем болмауы тиіс. Курстық жоба/жұмыс ақ парақтың бір жағында компьютер және принтер қолданылып баспалық тәсілде орындалуы қажет. Мәтін үшін пайдаланылады: кегль №14, шрифт - Times New Roman немесе KZ Times New Roman, бірлік интервал. Беттегі мөлшерлік өлшемдер: сол жағы – 30 мм, оң жағы - 10мм, жоғарғы жағы - 20мм және төменгі жағы -25 мм.
5.3.2.3 Түсіндірме жазба міндетті түрде келесі элементтерден тұруы қажет:
мұқаба парағы (Ф 11/1-1.64-2014, Қосымша В, Ф 11/1-1.65-2014. Қосымша Г);
жобаны/жұмысты орындау тапсырмасы;
құрамы (мазмұны);
кіріспе;
негізгі бөлім;
қорытынды;
пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
қосымша (қажет болғанда).
5.3.2.4 Жұмыстың кіріспесінде келесі пункттерді көрсету қажет:
тақырыпты негіздеу, оның өзектілігі мен ғылым және өндіріске маңызын анықтау;
жұмыстың негізгі мақсаты мен оған тиісті жеке міндеттерді анықтау;
зерттеулердің (есептеудің, жобалаудың) теориялық негіздерін және базалық әдістерін анықтау (қажеттілік болғанда).
Кіріспе бөлімі, көп жағдайда, жұмыстың жалпы көлемінің оннан бір бөлігін құрауы қажет.
5.3.2.5 Негізгі бөлімнің құрамы курстық жобаны/жұмысты орындаудың әдістемелік нұсқауларына сәйкес болуы қажет. Әрбір кафедра, курстық жобалауды жүргізетін, курстық жобалау бойынша әдістемелік нұсқауларды жасауы (Ф 11/1-1.02-2013, Қосымша Д) және оларды студенттермен қамтамасыз етуі қажет. Курстық жоба/жұмыс бойынша әдістемелік құралдар кафедраның және факультеттің ҒӘБ мәжілістерінде талқыланып, бекітілуі тиіс. Әдістемелік құралдарда курстық жобаны/жұмысты орындаудың жан-жақты нұсқасы, жобаның/жұмыстың міндеттері, бастапқы деректердің сипаты, жобаның/жұмыстың, түсіндірме жазбаның жеке бөліктерінің шамалас көлемі мен құрамы; ұсынылатын әдебиеттер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізімі келтірілуі; түсіндірме жазба мен графикалық материалды рәсімдеудің нұсқаулықтары; әрбір тарауы еңбек сыйымдылығы көрсетіліп, жобаны/жұмысты орындаудың күнтізбелік графигі берілуі қажет.
Дайын «интернет-курстық жобаларды/жұмыстарды» пайдалануға рұқсат етілмейді.
5.3.2.6 Курстық жобаның/жұмыстың қорытындысында жұмыста алынған нәтижелер мен ғылыми жетістіктер тұжырымдалады, және де одан кейінгі зерттеулер үшін қажет бағыттар анықталады. Курстық жобаның/жұмыстың соңғы бөлігінде қарастырылған мәселенің, нысанның қысқаша сипаттамасын беру қажет, алынған шешімді басқа қолданыстағы немесе болуы мүмкін нұсқалармен салыстыру, тапсырмаға сәйкес оның әлеуметтік, инженерлік-техникалық, экономикалық, экологиялық және т.б. көрсеткіштері тұрғысынан артықшылықтарын көрсету керек.
5.3.3 Курстық жобаның/жұмыстың мазмұны мен графикалық бөлігінің көлемі.
5.3.3.1 Графикалық материалды жасау қажеттілігі, оның құрамы мен мазмұны, нақты пән бойынша курстық жобаның/жұмыстың кафедрада бекітілген жалпы талаптары неігізінде курстық жобалау жетекшісімен анықталады. Курстық жобалаудың графикалық бөлігі жобаланатын нысан, оның жұмыс істеу принципі туралы жалпы түсінік береді және жалпы жағдайда белгілі арнайы құжаттардан тұрады: схемалар, графиктер, кестелер, диаграммалар, бейнелік-плакаттық сипаттағы материалдар, жалып түрдегі сызбалар, құрама сызбалар, технологиялық өндірістік желілердің сызбалары, курстық жобаның/жұмыстың мақсаттық бағытталуына байланысты жалпы нысан элементтерінің жоспарлары және қималары және т.б. Жеке жағдайларда (гуманитарлық мамандықтар үшін) графикалық бөліктің болмауы да мүмкін.
5.3.3.2 Графикаылқ бөліктің көлемі мынадан аспауы тиіс: курстық жоба үшін – 3 стандарт А1 форматтағы парақ; курстық жұмыс үшін – 2 стандарт А1 форматтағы парақ (орындалу формасы курстық жұмыс жетекшісімен келісіледі). Курстық жұмыстың графикалық бөлігі болмауы да мүмкін немесе ол кез-келген басқа формада орындалуы мүмкін (слайдтар, суреттер, модельдер және т.б.). Бұл жағдайда курстық жоба/жұмыс орындауға арналған әдістемелік құралдарда міндетті түрде барлық жағдайлар түсіндірілп көрсетілуі тиіс.
