- •Курстық жобалау туралы ереже Регистрлік №___79_____
- •Мазмұны
- •2. Нормативтік сілтемелер
- •2.1 Нормативтік құжаттар
- •3. Негізгі терминдер мен қысқартулар
- •3.1 Негізгі терминдер
- •3.2 Қысқартулар
- •3.3 Белгіленуі
- •4. Жауапкершілік пен өкілеттіліктер
- •5. Жалпы ережелер
- •5.1 Курстық жобалаудың мақсаты
- •5.2 Курстық жобалаудың жетекшілігі және тематикасы
- •5.3 Курстық жобаның/жұмыстың мазмұны мен көлемі
- •5.4 Курстық жұмыстың орындалуы барысын бақылау
- •5.5 Курстық жобаны/жұмысты қорғауға дайындау
- •5.6. Курстық жобаны/жұмысты қорғау бойынша комиссия құрамы және жұмысы
- •5.7. Қорғауды өткізу тәртібі
- •5.8 Курстық жобаны/жұмысты қорғау нәтижелерін рәсімдеу
- •6. Жұмысты өткізу алгоритмі
- •7 Өзгерістер
- •8 Келісім, сақтау, тарату
- •9. Қосымшалар
- •Қосымша а
- •20__- 20__ Оқу жылы
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Қосымша в
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
- •Курстық жоба
- •Қосымша г
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Жетекші__________________________________ __________________________
- •Тараз 20___
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Тараз 20___ Қосымша е
- •Кеңес беру графигі
- •Жауапты ____________________________ ___________________________________
- •Приложение и
- •Лист согласования
- •Приложение к
- •Лист рассылки
2. Нормативтік сілтемелер
2.1 Нормативтік құжаттар
Осы ереже келесі нормативтік құжаттардың талаптары ескеріліп әзірленген:
МС ИСО 9001:2008 |
Халықаралық стандарт ИСО «Сапа менеджменті жүйесі. Қойылатын талаптар». |
ҚР Үкіметінің 2013жылы 17 мамырдағы №499 қаулысы |
Жоғары және ЖОО кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің Типтік ережелері
|
ҚР ЖМББС 5.04.019-2012 |
ҚР Үкіметінің 2012 жылы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
|
ҚР БҒМ 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы |
Неиселік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесі |
2010 және 2011 жылдардағы өзгерістер енгізілген, ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы (ҚР БҒМ 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 168 бұйрығы, ҚР БҒМ 2010 жылғы 1 қарашадағы № 506 бұйрығы, ҚР БҒМ 2011 жылғы 16 наурыздағы № 94 бұйрығы) |
Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың ағымдаығ үлгерімін бақылау, аралық және қорытынды аттестацияны өткізудің типтік ережелері
|
МСТ 2.001-93
|
ЕСКД |
СТУ 01-2013 |
Университет стандарты. «Құжаттарды басқару», |
Академиялық ережелері |
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде оқу үдерісін ұйымдастырудың академиялық ережелері |
3. Негізгі терминдер мен қысқартулар
3.1 Негізгі терминдер
Осы ережеде келесі терминдер пайдаланылады:
Курстық жоба - |
жобаланатын нысанға қатысты техникалық құжаттар кешені, қағидатты негіздемелерімен түсіндірме жазба және есептерден, сызбалар мен нобайлардан тұрады, олардың негізінде экономика, пайдалану технологиясы, техника қауіпсіздігі, эргономика, техникалық эстетика және басқа да (инженерлік мамандықтар үшін) талаптары ескеріліп, берілген қызмет мерзімі ішінде функциясын орындауға қабілетті нысанды жасауға болады; |
Курстық жұмыс - |
білім алушылардың әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білу дағдысын көрсететін, нақты ғылыми тақырыпты өз бетінше жасауы, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білуі, алдында жүргізілген зерттуелердің нәтижелерін өзі қойған мақсаттары мен міндеттерін шешуде пайдалану, қаралатын ғылымдағы терминдер мен түсініктерде оларды айқын көрсете білуі, зерттеу пәнін, зерттеу әдістерін анықтау, материалды талдау, алынған нәтижелерді жинақтап, қорытындылар шығару, өз ойын анық және логикалық дұрыс жеткізу (гуманитарлық мамандықтар үшін); |
Кешенді (бір-бірін жалғастыратын) курстық жоба - |
дипломдық жобаның тақырыбы құрамына өтетін, дипломдық жұмыстың бір бөлігі қарастырылатын жоба; |
Кешенді тақырыптар - |
мамандық бойынша әртүрлі студенттермен өзара байланысу жағдайында бір нысанның әртүрлі элементтерін жасау жағын да қарастырады. Бұл кезде жалпы міндеттер шеңберінде әрбір студентке нақты тапсырма айқын анықталады. Мұндай кешенді курстық жобаны/жұмысты орындау нәтижесінде бірмезетте бір комиссияға қорғауға қарастырылатын нысанның толығымен әзірленген бірлігі ұсынылады, ал қорғау барлық орындаушылармен жеке-жеке тәртіпте іске асырылады. |
