Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БИЗНЕС-ЖОСПАР (Шығ-Қаз).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
921.91 Кб
Скачать

7. Серіктестіктің таза табысын оған қатысушылардың арасында бөлу

7.1. Серіктестіктің оның жыл ішіндегі қызметінің нәтижелері бойынша алған таза табысын серіктестікке қатысушылардың арасында бөлу серіктестіктің тиісті жылдағы қызметінің нәтижелерін бекітуге арналған серіктестікке қатысушылардың кезекті жалпы жиналысының шешіміне сәйкес жүргізіледі.

Жалпы жиналыс таза табысты немесе оның бір бөлігін серіктестікке қатысушылар арасында бөлуден шығарып тастау туралы шешім қабылдауға да құқылы.

7.2. Серіктестіктің жалпы жиналысы қатысушылар арасында табысты бөлу туралы шешім қабылдаған жағдайда, әр қатысушы бөлінген табыстың бір бөлігін серіктестіктің жарғылық капиталындағы оның үлесіне сәйкес алуға құқылы. Төлемді серіктестік жалпы жиналыс таза табысты бөлу туралы шешім қабылдаған күнінен бастап бір ай ішінде ақшалай нысанда жүргізуі тиіс.

8. Серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату

8.1. Серіктестік қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша қайта ұйымдастырылуы және таратылуы мүмкін.

8.2. Серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Серіктестікке қатысушылар:

Амангелды Дидара Сержанқызы __________

Амерханова Айнур Тлеугазиевна __________

Жакия Мухаммедрахман Рамазанулы ___________

Келісім – шарт №1

Өскемен қаласы «5» қазан 2016 жыл

Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын «ENU RIVERS» ЖШС атынан жарғы бойынша әрекет етуші директоры М.Р.Жакия бір тараптан және бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын «INTER MEDIA» жарнама агенттігінің жарғы байынша әрекет етуші директоры А.М.Умербаев төмендегі келісім – шартты жасасты.

  1. Келісім – шарт мәні

Орындаушы шартта негізделген талаптарға сәйкес кешенді жарнамалық қызметтер (Қосымша 1) көрсетуге, сондай-ақ тапсырыс беруші көрсетілген қызметтерге сай шарт негізінде ақы төлеуге міндеттеледі.

Қосымша 1

Қызмет түрлері

Баға

1

Теледидарға жарнама

100 000тг

2

Радиоға жарнама

50 000тг

3

Полиграфиялық жарнама (буклет, брошюра, визитка және т.б.)

20 000 тг

4

Әлеуметтік желілерге жарнама

80 000тг

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

2.1. «Орындаушы» міндетті:

1) Осы келісім – шартта көрсетілген мерзімде, толық көлемде және тиісті сапада жұмыс атқаруға;

2) «Тапсырыс берушінің» талабымен «Орындаушы» қызмет көрсету кезіндегі қателіктер, келісім – шартта ауытқуын (қызмет сапасының нашарлығы) 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде ауыстырып беруі тиіс.

2.2. «Орындаушы» құқылы:

1) Тапсырыс берушіден осы келісім – шарт аясында қызмет көрсету туралы қажетті ақпарат алуға; егер де бұл ақпарат «Тапсырыс берушіде» болса, аталмыш ақпарат «Тапсырыс берушіні» қосымша материалды және материалды емес шығынға келтірмесе және орындаушының осы келісім-шарттағы орындайтын міндеттерін ауыстырмаса;

2) «Тапсырыс берушіден» осы келісім – шарт аясында қызметтердің сапасын көтеруге бағытталған тапсырмалар алуға; егерде бұл тапсырмалар осы келісім-шартқа қайшы келмесе, «Тапсырыс берушіні» қосымша материалды мен материалды емес шығынға келтірмесе және «Өнім беруші» осы келісім-шартта көрсетілген міндеттерін өзгертпесе;

2.3. «Тапсырыс беруші» міндетті:

1) «Орындаушыға» (өзінің сұранысы бойынша) керекті мәліметтер (ақпарат, тапсырма) беруге;

2) «Орындаушының» қызметіне осы келісім – шартта қарастырылған көлемі мен мерзіміне сәйкес төлем жасауға;

2.4. «Тапсырыс беруші» құқылы:

1) «Орындаушының» қызметіне араласпастан кез келген уақытта келісім – шарт аясында «Орындаушының» қызмет сапасын тексеруге;

2) Кез келген уақытта «Орындаушыға» келісім – шарттың орындалмауына орай, арнайы хат түрінде ескерту жасап келісім – шартты бұзуға;

3) «Орындаушы» «Тапсырыс берушінің» хат түріндегі келісімінсіз өз міндетін (толық немесе жартылай) басқа біреуге беруге құқысы жоқ.

3. Бағасы және оны төлеу тәртібі

3.1. Осы келісім-шартқа байланысты «Орындаушының» бір жылға /2017 жылға/ көрсететін қызметінің жалпы құны 250 000 (екі жүз елу мың) теңгені құрайды.

3.2. «Орындаушының» қызметтерінің 3.1. тармағында көрсетілген сомасы осы келісім-шарттың жарамдылық мерзіміне дейін қойылады және өзгертілмейді.

3.3. «Орындаушының» қызметтері «Тапсырыс беруші» тарапынан мынадай тәртіпте төленеді:

1) Келісім – шарттқа байланысты төлем 2017 жылдың «5» қазанына дейін;

3.4.«Тапсырыс берушінің» «Орындаушының» қызметіне төлем осы келісім – шартта көрсетілгендей орындаушының есеп – айырысу шотына аударылады.