- •2016 Жылы 20 қыркүйектегі жалпы
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Серіктестіктің заңдық мәртебесі
- •3. Серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
- •4. Серіктестікке қатысушыларға, үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпарат беру тәртібі
- •5. Серіктестіктің мүлкі
- •6. Серіктестіктің органдары
- •7. Серіктестіктің таза табысын оған қатысушылардың арасында бөлу
- •8. Серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату
- •Келісім – шарт №1
- •Келісім – шарт мәні
- •2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
- •4. Міндеттердің орындалмауына жауапкершілік
- •5. Форс – мажорлық жағдайлар
- •6. Келіспеушіліктерді шешу
- •7. Келісім – шарттың мерзімділік тәртібі.
- •8. Басқа да талаптар
- •Тараптардың мекен – жайлары мен деректемелері:
- •«Enu rivers» қонақ үйінің логотипі
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Экономика факультеті
Туризм кафедрасы
БИЗНЕС-ЖОСПАР
ENU
RIVERS HOTEL
Орындаған: Амангелды Д.С.
Амерханова А.Т.
Жакия М.Р.
Тобы: Тур-29
Қабылдаған: Абдраманова Г.К.
Астана қаласы, 2016 жыл
Кіріспе
Жобаның атауы мен мекен жайы: «ENU RIVERS» қонақ үйі, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Урунхайка ауылы
Сурет 1. Қонақ үйдің картадағы орны
Сурет 2. Қонақ үйдің сыртқы көрінісі
Жобаның идеясы: Қазіргі таңдағы қонақ үйлерде туристің қонуына ыңғайлы жағдай жасалуы және қосымша қызмет түрлерінің көрсетілуі талап етіледі. Себебі, келген туристердің біздің еліміз жайлы, болмаса осы Шығыс Қазақстанға деген көзқарастары, дәл осы қонақ үйден алған әсерлеріне байланысты қалыптасады. Сондықтанда біз еліміздің әсем жерлерінің бірі Марқакөл өңірінде осы «ENU RIVERS» қонақ үйін ашпақпыз.
Мақсаты: Шығыс Қазақстан кластеріне 6 маңызды туристік қызығушылық орындарының бірі ретінде Марқакөл көлі енгенгіндіктен, болашақта бұл өңірді экологиялық туризм бойынша туристік әлеуеті жоғары мекенге айналдыру, халыққа заңды да мардымды табыс көзін тауып беру, яғни осы қонақ үйді салу арқылы көптеген жаңа жұмыс орындарының ашылуы, сондай-ақ бұл өңірде әрі қарай туристік бизнестің дамуына бастама болу.
Ерекшелігі:
Қонақ үйдің дизайны мен интерьеріндегі ерекшелік;
Заманауи техникамен жабдықталуы;
Арнайы мамандандырылған қызметкерлер;
Қол жетімді баға;
Қолжетімділік (кафе, бассейн, бильярд, мини-гольф алаңы, теннис алаңы орналасқан)
Қауіпсіздік шаралары жоғары дәрежеде ұйымдастырылған;
Қосымша қызметтер: турларды ұйымдастыру (жаяу туризм, тау туризмі, ат туризмі, веложорықтар және балық аулау).
Жоба құрылтайшылары:
№ |
Құрылтайшы есімі |
Мекен-жайлары |
Жеке пайызы |
1 |
Жакия Мухаммедрахман |
Астана қ., Ж. Ташенов көш. 17/1 үй, 79 пәтер |
40%
|
2 |
Амерханова Айнұр |
Астана қ. М. Жұмабаев көш. 14 үй |
30% |
3 |
Амангелды Дидара |
Астана қ., Б. Майлин көш. 8 үй, 53 пәтер |
30% |
Жобаның жалпы құны: шамамен 70 млн теңгені құрайды.
Нысандар |
Құны, тг |
Жер телімі |
15 млн |
Құрылыс материалдары |
20 млн |
Жиһаздар |
15 млн |
Коммуналдық шығыстар (жылу, электр энергиясымен жабдықтау) |
2 млн |
Сантехника |
1 млн |
Қосымша шығындар (салық, жарнама, қызметкерлердің жалақысы, коммуналды төлемдер) |
17 млн |
Жалпы құны |
70 млн |
Кәсіпкерліктің түрі: Шағын кәсіпкерлік.
Заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер оның ішінде жеке тұлғалар тобы өздерiне ортақ меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негізінде, сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға немесе оған иелiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай жүзеге асыратын жауапкершілігі шектелген серіктестік және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны бір жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалардан құралған.
Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы:
№ |
Қызметкерлер лауазымы |
саны |
|
Әкімшілік басқару құрамы |
|||
1 |
Директор |
1 |
|
2 |
Басқарушы |
1 |
|
3 |
Әкімші |
2 |
|
4 |
Бас бухгалтер |
1 |
|
5 |
Менеджер |
1 |
|
Өндірістік құрамы |
|||
6 |
Қонақ үй қызметшісі |
2 |
|
7 |
Аспазшы |
2 |
|
8 |
Даяшы |
2 |
|
9 |
Ыдыс-аяқ жуушы |
3 |
|
Қызмет көрсетуші құрам |
|||
10 |
Тіркеуші (reception) |
2 |
|
11 |
Бөлмелерді тазалаушы |
3 |
|
12 |
Кір жуушы |
2 |
|
Қосалқы құрам |
|||
13 |
Күзетші |
3 |
|
14 |
Аула жинаушы - бағбан |
1 |
|
15 |
Сантехник |
1 |
|
16 |
Электрик |
2 |
|
|
Қызметкерлердің жалпы саны |
29 |
|
Салық жүйесі:
№ |
Салық түрі |
% |
1 |
Жер салығы |
0,48тг (м2) |
2 |
Корпорациялық табыс салығы |
3% |
3 |
Қосылған құн салығы |
12% |
4 |
Мүлік салығы |
0,5% |
Жобаның тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Урунхайка елді мекенінде қонақ үй ашуды қарастырады.
Жоспарланған кәсіпорынның қызметтерін тұтыншылары жол бойымен өтетін саяхатшылар, сондай-ақ Марқакөл аймағына демалуға келетін туристер болып табылады.
Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
жаңа жұмыс орнын құру, бұл халыққа тұрақты табыс табуға мүмкіндік береді;
Жаңа қонақ үй салу Күршім ауданының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі.
Әлеуметтік әсері жағынан:
Халықтың қонақ үй қызметтеріне деген сұранысын қанағаттандыруды;
Туристер мен саяхатшылардың талаптарын қанағаттандыру үшін демалыс, тамақтану және басқа да сервистік қызметтерді ұйымдастыруда жағдайлар жасауды бөліп көрсетуге болады.
Компанияның басымдықтары:
Қонақ үй кешенінің оңтайлы орналасқан жері;
Қонақ үйде орналастыру қызметімен қатар тамақтану қызметтері (кафе) және спорттық қызметтер (бассейн, шағын теннис, гольф алаңдары) көрсетіледі;
Қонақ үйдің қызметтері табысы жоғары клиенттерге ғана емес, орташа табысы бар тұтынушыларға да қол жетімді.
Өнімнің (қызметтің) сипаттамасы
«ENU RIVERS» қонақ үйі келген қонақтарға негізгі және де қосымша қызмет түрлерін көрсетеді.
Қонақ үйдің негізгі қызмет түрлері: орналастыру және тамақтандыру.
Орналастыру қызметі – қонақ үйде қажетті құрал-жабдықтарымен жабдықталған 30 нөмерлер саны қарастырылған (Қосымша 1). Оның ішінде:
*5 бір кісілік эконом нөмерлер;
*5 екі кісілік эконом нөмерлер;
*7 бір кісілік стандарт нөмерлер;
*8 екі кісілік стандарт нөмерлер;
*5 люкс нөмерлер.
Қосымша 1
№ |
Нөмер |
Бағасы |
1 |
бір кісілік эконом нөмер |
2500 тг тәулігіне |
2 |
екі кісілік эконом нөмер |
2000 тг тәулігіне |
3 |
бір кісілік стандарт нөмер |
3500 тг тәулігіне |
4 |
екі кісілік стандарт нөмер |
3000 тг тәулігіне |
5 |
люкс нөмер |
5000 тг тәулігіне |
Тамақтандыру қызметі – қонақ үйдегі кафе жалпы 50 орынға арналған (Қосымша 2).
Қосымша 2
№ |
Қызмет |
Бағасы |
1 |
Таңғы ас (әр адамға орташа түбіртек) |
800 тг |
2 |
Түскі ас (әр адамға орташа түбіртек) |
1200 тг |
3 |
Кешкі ас (әр адамға орташа түбіртек) |
1000 тг |
Қонақ үйде негізгі қызметтермен қатар төмендегідей қосымша қызмет түрлері көрсетіледі:
Қосымша 3
-
№
Қызмет түрлері
Сипаттамасы
Бағасы
1
Бассейн
Ересектерге
сағ. 200 тг
Балаларға
сағ. 100 тг
2
Бильярд
Ересектерге
сағ. 600 тг
Балаларға
сағ. 300 тг
3
Теннис
Ересектерге
сағ. 200 тг
Балларға
сағ. 100 тг
4
Гольф
Ересектерге
сағ. 800 тг
Балаларға
сағ. 400 тг
5
Турларды ұйымдастыру
Барлығына бірдей
тегін
Құрылтайшылардың
2016 Жылы 20 қыркүйектегі жалпы
жиналысының шешімімен бекітілген
«ENU RIVERS»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
жарғысы
Астана 2016 ж.
1. Жалпы ережелер
1.1. «ENU RIVERS» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігі (бұдан әрі – серіктестік) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады.
1.2. Серіктестікке қатысушылардың тізбесі:
1. Амангелды Дидара Сержанқызы, тұрғылықты жері Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астана қаласы, Бейімбет Майлин көшесі №8 үй, 53 пәтер, ЖСНі 980830451096, жеке куәлігі 037923026, 16.01.2015 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ берілген, жарғылық капиталдағы үлесі 30%.
2. Амерханова Айнур Тлеугазиевна, тұрғылықты жері Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астана қаласы, Мағжан Жұмабаев көшесі №14 үй, ЖСНі 970422451452, жеке куәлігі 034969872, 30.04.2013 жылы ҚР ІІМ берілген, жарғылық капиталдағы үлесі 30%.
3. Жакия Мухаммедрахман Рамазанулы, тұрғылықты жері Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астана қаласы, Жұмабек Ташенов көшесі №17/1 үй, 79 пәтер, ЖСНі 980624350359, жеке куәлігі 037085230, 09.07.2014 жылы ҚР ІІМ берілген, жарғылық капиталдағы үлесі 40%.
1.3. Серіктестіктің фирмалық атауы:
мемлекеттік тілде: «ENU RIVERS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
орыс тілінде: Товарищество с ограниченной ответственностью «ENU RIVERS»
1.4. Серіктестіктің орналасқан жері және мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Урунхайка ауылы.
1.5. Серіктестік қызметінің мерзімі шектеусіз.
1.6. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесі орта.
1.7. Қызметінің негізгі түрлері:
1. Қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру;
1. Адамдарға орналастыру орындарын, тамақтандыру ұсыну;
2. Қызықты турларды ұйымдастыру ( жаяу туризм, тау туризмі, ат туризмі, веложорықтар, балық аулау және т.б.);
3. Спорттық қызметтерді ұсыну (бассейн, мини-гольф алаңы, тенис алаңы).
1.8. Серіктестік заңнамалық актілерде және құрылтай шартында тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрін жүзеге асыра алады.
Серіктестік лицензияның негізінде тізбесі заңнамалық актілерде айқындалатын қызметтің жекелеген түрлерімен айналыса алады.
2. Серіктестіктің заңдық мәртебесі
2.1. Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын иеленеді.
2.2. Серіктестіктің мөрі, дербес теңгерімі, банктерде шоттары, өз атауы жазылған бланкілері болады.
2.3. Серіктестік өз қызметінің мақсатына жету үшін өз атынан мәмілелер жасасуға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуге, міндеттер көтеруге, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
2.4. Серіктестік Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде филиалдар мен өкілдіктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге (одақтарға) кіруге, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы.
2.5. Серіктестік өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Мемлекет серіктестіктің борыштары бойынша жауап бермейді. Серіктестік мемлекеттің борыштары бойынша жауап бермейді. Серіктестік қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
2.6. Серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты шығындар бойынша өздері енгізген салымдар құнының шегінде тәуекелге барады.
