Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
252.68 Кб
Скачать

2. Миокардтың инфаркті, бүйрек инфаркті, ми қан айналымының бұзылыстары, бүйректің жедел және созылмалы шамасыздығы.

3. Ревматолог, кардиолог кеңестері қажет. Емі кешенді, негізінен стационарда басталып, ЖДП жалғасады: ЦТС жүйелі қабылдайды, экстракорпустық (плазмаферез), антикоагулянттар, антиагреганттар, ҚҚСЕД, симптомдық (антигипертензиялық, полиневриттің емі, коронарлы шамасыздықтың емі).

Клиникалық жағдай N14

20 жастағы науқас қабылдау бөліміне тыныш қалыптағы ентiгу, қан қақыру, қызуының 380С көтерiлуi, жүрек айнуы, жалпы әлсiздiк шағымдарымен түстi.

Анамнезiнде: соңғы бiр жыл iшiнде екi рет пневмониямен ауырған. Қан қақыру, жөтел тоқтамаған соң туберкулезге тексерілген, дәлелденбеген. Үш ай бұрын тұмаудан соң жалпы жағдайы ауырлаған, жөтелі күшейген, қан қақыруы көбейген, ентiгу, қызба қосылған. Қан анализiнде анемия, ЭТЖ жоғарылаған, несеп анализiнде протеинурия, гематурия, цилиндурия анықталған. Антибиотиктермен ем нәтиже бермеген.

Объективтi: жалпы жағдайы ауыр, терiсi мен кiлегей қабаттары қуқыл. Бетi, аяқтары iсiнген. Тыныс жиiлiгi минутына 30 рет. Перкуссияда өкпе үстiнде өкпе дыбысы. Аускультацияда қатаң тыныс негiзiнде құрғақ сырылдар. Жүрек шектерi өзгермеген, тондары әлсiреген, барлық тыңдау нүктелерiнде систолалық шу. Пульсi минутына 104 рет, ырғақты. АҚ 150/80 мм сын. бағ. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы, ауырсынуы бар.

Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында өкпе суретiнiң деформациясы, орта, төменгi бөлiктерiнде өлшемдерi 1-4 мм ошақты көлеңкелер, кей жерлерде (сливные) бiр-бiрiмен қосылған.

Қан мочевинасы 16 ммоль/л.

  1. Клиникалық синдромдарды бөліп, күдікті аурулар тізімін жасаңыз.

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз. Дифференциялық диагнозды жүргiзiңiз. Диагнозын жазыңыз.

  3. Болуы мүмкiн асқынуларды атаңыз.

  4. Мамандармен кеңесіңіз. Емiн жүргiзiңiз.

N14. Жауаптары:

1. Өкпелік диссеминация (торлы-түйінді); қызба; ТШ; АГ; ЖШ; бүйрек шамасыздығы. Жүйелі зақымдану негізінен өкпе мен бүйрек тамырларын қамтығандықтан, Өкпелік-бүйректік геморрагиялық синдромнан (Гудпасчер синдромынан) күдіктенеміз. Әрине туберкулезді де жоққа шығаратын зерттеулер тексеру жоспарына қосылады.

2. Тексеру жоспары клиникалық минимумнан (қанның жайылма анализі) басқа протеинограмманы, қақырықты БК 3 рет тапсыру, иммунограмманы, ЭхоКГ, тамырлардан биопсияны қамтиды. Ревматолог, фтизиатр кеңестері қажет. ДД қиын емес, себебі, өкпедегі торлы-түйінді диссеминация мен бүйректің зақымдануының жұптасуы, ТШ мен бүйрек шамасыздығының үдемелілігі – осы аурудың дәлелі. Негізгі ауруы: Жүйелі васкулит. Гудпасчер синдромы (өкпе-бүйректік геморрагиялық синдром).

3. Бүйректің, тыныстың жедел шамасыздығы; қан қақыру, өкпеден қан кету.

4. Ревматологтың кеңесі қажет, емі стационарлық, соңынан есепке алып, хаттамаға сай жүргізеді.

Клиникалық жағдай n15

40 жастағы ер кiсi стационарға келесi шағымдармен келді: жүрегiнiң айнуы, кезеңдермен тағамға байланыссыз құсу, шөлдеу, терi қышуы, тәбетiнiң жойылуы. Сонымен қатар, бас ауыруы, физикалық күштенуде ентiгу мен жүрек қағуы, еңбекке қабiлетiнiң төмендеуi мазалайды. 18 жасында бүйрегi ауырған. 5-6 жылдан соң бел аймағының сыздап ауыруын, бас ауруын, көз астының ертеңгiлiктерде iсiнетiнiн байқаған. Аурудың өршуi ЖРВА мен суықтаулардан соң мазалаған. 10 жыл бойына АҚ тұрақты жоғары – 160/90-190/110 мм сын. бағ. Соңғы 1 жыл көлемiнде жағдайы үдемелi нашарлаған.

Об-тi: жалпы жағдайы ауыр, ұйқышыл, терi жамылғылары қуқыл, құрғақ, ақшыл шөгiндiлері, қасыну iздерi бар. Бетi домбыққан, тынысы шулы, терең, 25 рет минутына. Өкпесінде везикулалық тыныс, төменгі бөліктерінде тынысы әлсіреген. Жүректiң шала тұйық дыбыс шектерi солға ығысқан, тондары әлсiзденген, ырғақты, аорта үстiнде II тонның акцентi, жүрек ұшында систолалық шу. АҚ 200/120 мм сын. бағ. Пульсi 92 бір минутта, кернеуi жоғары. lшi жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырсыну бар. Бауыры, бүйректерi сипалмайды.

Қан анализiнде: эр. 2,5х1012/л, гем. 66 г/л, ТК 0,79, лейк. 14,5х109/л.

Несеп анализi: сабан сары түсті, қышқыл реакциялы, бұлыңғыр, тығыздығы 1005, белогi 1,32 г/л, лейк. 2-3 к/а, ескiрген эритроциттер 4-6 к/а, цилиндрлер 3-5 к/а.

Зимницкий сынамасы: күндiзгi диурезi 120 мл, түнгiсi – 180 мл, тәулiктiк диурезі 300 мл, тығыздығының тәулiктiк тербелiсi 1006-1010.

Креатининi 498 мкмоль/л.

  1. Болжам диагнозын құрастырыңыз.

  2. Ем тағайындаңыз, әрi қарайғы тактикаңыз, болжамы.

N15.