Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆

2. Болжам диагнозы:

Нег. ауруы: ЖИА. Миокардтың басынан өткерген нфаркті, политопты қарыншалық экстрасистолия, Лаун-III класс, I дәрежелi жүрекше-қарыншалық блок (АВБ).

Асқ.: ЖШ ФКII.

ЖШ созылмалы түрінде порталмен стационарлық ем ұйымдастыру (кардиологпен кеңесе отырып, аурухана немесе стационаралмастырушы технологияны қолдану).

Клиникалық жағдай N4

52 жастағы науқас, ер кiсi, II топ мүгедегi, келесi шағымдармен келдi: тыныш жағдайдағы ентiгу, жүрек жұмысының шалыстығын сезу, аяқ бастарының iсiнуi, оң қабырға астындағы ауырлық сезiмi.

Екі жыл бұрын миокардтың инфарктiмен ауырғаннан берi болмашы физикалық күштенулерге жүрек қағып кетуi, жүрек тұсының ауыруы, инспирациялық ентiгу мазалайды. Жағдайы бiр ай бұрын төмендеген: ентiгуі күшейген, аяқ басы мен балтырларының iсiнуi, жүрек жұмысының шалыстығы, оң қабырға астының ауыр тартуы дамыған.

Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, терi жамылғылары қуқыл, акроцианоз. Аяқтары балтырына дейiн iсiнген. Өкпесiнде везикулалық тыныс, төменгi аймақтарында тынысы әлсiреген, сол жерлерде үнсiз ылғалды сырылдар естiлдi, тыныс жиiлiгi 26 минутына. Жүрек тондары әлсiз, ырғақсыз, ЖСС 118 минутына, АҚ 110/70 мм сын. бағ. Пульсi 102 минутына, ырғақсыз, кернеуi мен толуы әртүрлi, пульс тапшылығы минутына – 16. Пальпацияда iшi жұмсақ, оң қабырға астының ауырсынуы бар, бауыры 4 см шығыңқы, пальпацияда ауырады, тығыз эластик консистенциялы, талағы үлкеймеген.

ЭКГ: RR интервалы 0,48-0,65 сек, Р тiсшесi жоқ, III, aVF тiркемелерiнде кеңіген, терең Q тiсшесi.

1. ЭКГ шешiңiз.

2. Негiзгi синдромдары.

3. Болжам диагнозы. ЖДП дәрігерінің тактикасы.

N4. Жауаптары:

1. Жүрекшелер фибрилляциясы (rr арақашықтығы – 0,48 – жсс 125; rr арақашықтығы – 0,65 – жсс 92 мин; кеңіген, терең q тiсшесi тыртықтық өзгеріс).

2. Миокардтың тыртықтық зақымдалу синдромы (миокардтың басынан өткерген инфаркті); ырғақ бұзылысы; гепатомегалия; жш фк ііі (nyha ұсыныстарымен 6 минуттық жүргізу сынамасымен нақталады).

3. Болжам диагнозы:

Нег. ауруы: ЖИА. Миокардтың басынан өткерген инфаркті, жүрекшелер фибрилляциясы, тұрақты тахисистолиялық түрі.

Асқ.: ЖШ ФКIII.

ЖШ созылмалы түрінде порталмен стационарлық ем ұйымдастыру (кардиологпен кеңесе отырып, аурухана немесе стационаралмастырушы технологияны қолдану).

Клиникалық жағдай n5

Миокардтың инфарктімен стационарда 3 апта бойына емделудегi 53 жастағы науқаста кеуде сарайының сол бөлiгiнде ауырсыну дамыды.

Ауырсынуы интенсивтi, тұрақты, тыныс алғанда күшейедi. Сонымен қатар, науқас әлсiздiкке, тершеңдiкке, дене қызуының 38,50С көтерiлуiне шағымданды.

Обьективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, санасы анық, дене қалыбы белсендi. Кеуде сарайының пiшiнi астениялық, эпигастрий бұрышы 900. Тынысы кеуделік, жиiлiгi 20 минутына, кеуде сарайы пальпацияда резистенттi, ауырсынусыз. Сол иық буынында ауырсыну, қозғалысының шектелуi бар. Өкпе перкуссиясында өкпе дыбысы анық, аускультациясында везикулалық тыныс. Жүректiң шала тұйық дыбыс шектерi: оңы – төстiң оң қырынан 2,0 см оңға, солы – сол бұғана орта сызығынан 1,0 см солға. Жүрек тондары әлсiзденген, ырғақты. Қар сықырына ұқсайтын шу төстiң сол қырымен 4 қ/а естiледi, фонендоскоппен басқанда күшейедi, басқа аймақтарға тарамайды, тыныс актiне қатысы жоқ.

Қанның жалпы анализiнде: эр. 4,0x1012/л, гемоглобині 120 г/л, лейк. 9,8x109/л, эоз. 12%, т/я 6%, с/я 65%, лимф. 12%, мон. 5%, ЭТЖ 22 мм/сағ.

ЭКГ: I, AVL, V2-V4 тiркемелерiнде Qr, стандартты және кеуде тiркемелерiнде ST сегментi көтерiлген (конкордантты), терiс Т тiсшесiне жалғасады.

1. Қазiргi жағдайдағы жетекшi синдромы.

  1. Кардиалгиялық

  2. Коронарлық шамасыздық

  3. Жүрек шамасыздығы

  4. Дресслер синдромы

  5. Қабынулық

2. Инфарктің келесі кезеңiнде осы асқыну жиi кездеседi:

1. Аса өткiр (аса жедел, 30 миуттен 2 сағатқа дейін).

2. Өткiр (жедел, 2 сағаттан 2-10 күнге дейін).

3. Өткiрлеу (жеделдеу, 2-10 күннен 4 аптаға дейін).

4. Инфарктен кейінгі.

5. Инфаркт алды (30 минутке дейін).

3. ЭКГ келесі өзгерiс миокардтың рецидивтеушi инфарктін жоққа шығарады:

1. I, AVL, V2-V4 тiркемелерiндегi Qr.

2. Стандартты және кеуде тiркемелерiндегi ST сегментiнiң конкордантты көтерiлуi, терiс Т тiсшесiне өтуi.

3. V2-V4 -дегi Qr.

4. Кеуде тiркемелерiндегi терiс Т тiсшесi.

5. Стандартты және кеуде тiркемелерiндегi ST сегментiнiң дискордантты көтерiлуi, терiс Т тiсшесiне өтуi.

4. Осы асқынуға шалдыққан науқастың патологияға ұшыраған құрылымдарын атаңыз.

  1. Өкпе және плевра.

  2. Плевра және перикард.

  3. “Иық” синдромын дамытқан иық-жауырын синовий қабаты.

  4. “Иық” синдромын дамытқан иық-жауырын буынының синовий қабаты және перикард.

  5. Өкпе, плевра және перикард.

5. Осы асқынудың емі.

  1. Гепарин және преднизолон үлкен дозада.

  2. ҚҚСЕД, ГКС аз дозада.

  3. Гепарин және ҚҚСЕД.

  4. Жүрек гликозидтерi және преднизолон.

  5. ҚҚСЕД және гликозидтер

N5. Жауаптары:

1. 4.

2. 3.

3. 2.

4. 4.

5. 2.