Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
252.68 Кб
Скачать

1. Нег. Ауруы: жиа. Миокардтың басынан өткерген инфаркті, жүрекшелер фибрилляциясы, тұрақты тахисистолиялық түрі.

Асқ.: ЖШ ФКIII.

Клиникалық жағдай N11

32 жастағы әйел, жасынан ревматизммен ауырады, диспансерлiк есепте тұрады, стационарда көп емделедi. Екi апта бұрын тұмаудан соң физикалық күш түсуде ентiгу, тез шаршау, жүрек тұсында жағымсыз сезiм пайда болды. Дәрiгерге қаралмай корвалол iшкен. Осы түнi жүректiң шалыс, жиi соғуы, қалыпты жағдайдағы ентiгу, жалпы әлсiздiк, құрғақ жөтел қосылған, жедел жәрдем дәрiгерiнiң емдiк шаралары көмек етпей, клиникаға жеткiзiлген.

Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, диффузды және акроцианоз, ортопноэ, тыныстың жиілігі 32 минутына. Өкпесiнде қатаң везикулалық тыныс, төменгi бөлiктерiнде үнсiз, майда көпiршiктi ылғалды сырылдар естiлдi. Шала тұйықтық дыбыс шектерi: оң жағы – төс қырынан 2см оңға, жоғарысы – II қабырғада, сол жағы – mcl сызығында анықталды. Тыңдағанда: тондары ырғақсыз, жүрек ұшында сартылдаған I тон, диастолалық шу, өкпе артериясы үстiнде II тонның акцентi. Пульсі ырғақсыз, жиi‚ санау мүмкiн емес. АҚ 90/60 мм сын. бағ. Бауыры қабырға доғасынан 2см төмен.

ЭКГ: RR интервалы 0,24-0,38сек, II, III, aVF, V1-V2 изосызығы майда толқынды.

  1. ЭКГ жүрек жиырылу санын анықтаңыз.

  2. Жетекші синдромдары, оның ішінде асқынулық синдромдар.

  3. Клиникалық диагнозы.

N11. Жауаптары:

1. Жүректің соғу жиілігі 60:024сек ≈ 250; 60:038сек ≈ 131 минутына, жыбыр аритмиясының пароксизмі.

2. Жетекші синдромдары: жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы (жұптасқан митральді ақау, стенозы басым); кардиомегалия (сол жүрекше, оң қарынша, мүмкін сол қарынша гипертрофиясымен сипатталған); ырғақ бұзылысы (жыбыр аритмиясы), ЖШ (қос қарыншалық).

3. Негізгі ауруы: Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, жұптасқан митральді ақау, стеноздың басымдылығымен.

Асқ.: Жыбыр аритмиясының пароксизмі, ЖШФКII.

Клиникалық жағдай N12

19 жастағы студент жүрек аймағының шаншып, кейде тартып, сол қолына беретін, физикалық күштемемен байланыссыз ауырсынуына, жүргенде дамитын ентігуге, жалпы әлсіздікке, тершеңдікке, дене қызуының 37,1-37,30С көтерілуіне шағымданды.

Үш апта бұрын жоғарғы тыныс жолдарының жедел респирациялық ауруымен ауырған, 5 күн бойына ампициллин, анальгинмен емделген, сабаққа барып жүрген. “Жағдайы жақсарып”, дене қызуы 10 күннен соң қалыптасқан. Осыдан бір апта бұрын жүрек аймағында ауырсыну пайда болып, кештен кешке дене қызуы көтеріле бастаған.

Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Өкпе үстінде везикулалық тыныс, жиілігі 24 минутына. Жүректің шала тұйықтық дыбысының сол шегі – сол бұғана орта сызығынан 2 см солға ығысқан. Аускультацияда жүрек тондары әлсізденген, жүрек ұшында систолалық шу, минутына 3-4 экстрасистолия. АҚ 90/70 мм сын. бағ., пульсі 110 минутына, кернеуі мен толуы әлсіз. Бауыр өлшемдері Курлов бойынша 14х11х10 см. Тобықтарына дейін ісіну бар.

  1. Жүректің аускультациялық мәліметтерін саралаңыз. Дифференциялық диагноз жүргiзiңiз.

  2. Жетекші синдромдарына байланысты күдікті аурулар тізімін (дифференциялық диагноз жүргізуді жалғастыру мақсатында) құрыңыз.

  3. Жоғарғы тыныс жолдарының жедел респирациялық ауруын емдеудегi қателiктердi талдаңыз. Қанның жалпы анализінен қандай өзгеріс күтесіз?

  4. Клиникалық диагнозы.

12. Жауаптары:

1. Жүректің аускультациялық мәліметтерінің анализі: жүректiң шала тұйық дыбыс шектерiнің солға ығысуы, жүрек тондарының әлсiреуі, жүрек соғу санының бір минутта 110 болуы‚ минутына 3-4 ЭС естiлуі, жүрек шамасыздығының дамуы миокардтың зақымдануын, оның диффузды процесс екендігін дәлелдейді; систолалық шудың пайда болуы миокард зақымдануынан сол қарыншаның кеңеюінен, митраль қақпақтарының салыстырмалы шамасыздығының дамуымен түсіндіріледі.

2. Миокардтың диффузды зақымдану синдромы, кардиомегалия, ЖШ, ырғақ бұзылысы, кардиалгия, қызба. Күдікті нозологиялық бірліктер: ревматизмдік емес миокардит, оның Абрамов-Фидлердің идиопатиялық миокардиті сияқты клиникалық варианты, жедел рематизмдік қызба, тиреотоксикоз (науқас жасы 19 болғандықтан ДКМП дифференциялық диагноз қажеттігі шектеледі). НЦД де дифференциялық диагноз қажет емес, себебі, науқаста органикалық өзгерістер анық.

3. Жоғарғы тыныс жолдарының жедел респирациялық ауруын емдеудегi қателiктер: жедел респирациялық аурулар вирусты этиологиялық болғандықтан, антивирусты дәрмектерді немесе иммундық модуляторларды, витаминдер кешенін қолданып, жұмыстан (сабақтан) дем алу керек еді. Қанның жалпы анализінде вирусты этиологиялы процеске байланысты лейкопения болады.

4. Негізгі ауруы: Ревматизмдік емес диффузды миокардит, инфекциялық-токсиндік этиологиялы, аритмиялық варианты, қарыншалық экстрасистолия, Лаун-2, жедел барысты, орта ауырлықтағы.

Асқ.: ЖШФКІ.

Клиникалық жағдай N13

55 жастағы науқас қабылдауға келесi шағымдармен келді: жүргенде, кiшкене күш түскенде мазалайтын ентiгу, оң қабырға астының ауырсынуы, аяқ бастарының iсiнуi, жалпы әлсiздiк.

Анамнезiнен: өзiн соңғы 8 ай бойы науқас сезінеді. Себепсiз ентiгу, әлсiздiк, iсiну күшейе түскен. Жеке клиника дәрігері дигоксин, фуросемидпен емдеген, нәтиже болмаған.

Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, акроцианоз. Мойын веналары томпайған, бетi iсiнген, аяқ бастарының iсiнуi айқын. Тыныс жиілігі минутына 24. Өкпесiнің төменгi бөлiктерiнде перкуссияда өкпе дыбысы қысқарған. Аускультацияда сол жерлерде үнсiз ылғалды сырылдар естiлдi. Жүректің шала тұйық дыбысының шектерi: оңы – төстiң оң қырынан 3,0 см оңға; жоғарысы – II қабырғада; солы – алдыңғы қолтық асты сызығында анықталды. Аускультацияда тондары өте әлсiз, әсiресе I тон, жүрек ұшында систолалық шу, қолтық астына беріледі, экстрасистолалар. Пульс саны минутына 108, кернеуi мен толуы әлсiз, ырғақсыз. Iшi жұмсақ, ауырсынуы жоқ, бауыры қабырға доғасынан 4-5см шығыңқы, консистенциясы қатаң эластикалық.

Қан анализiнде: Нв 142 г/л, эрит. 3,8х1012/л, лейк. 6,2х109/л, ЭТЖ 12 мм/сағ.

ЭКГ: тiсшелер вольтажы төмен, ырғақсыз, жүрекшелік, қарыншалық экстасистолиялар, миокардтың диффузды өзгерiстерi.

Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында: жүректiң барлық өлшемдерi үлкейген, доғаларының контурлары сақталған; рентгеноскопияда – жүрек пульсациясы сақталған, әлсiз. Өкпесiнде iркiлiс белгiлерi.

  1. Жетекші синдромдарын табыңыз. Жетекші синдром (дар) ына сүйеніп, дифференциялық диагноз жүргiзетін нозологиялық бірліктерді атаңыз.

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Клиникалық диагнозы. ЖДП тактикасы.

N13. Жауаптары:

1. Жетекші синдромдары: жүректің тотальді шамасыздығы, тотальді кардиомегалия мен ырғақ бұзылыстарының жарыса дамуына байланысты бірінші кезекте ДКМП, қабынулық процестің жоқтығына көз жеткенге дейін диффузды миокардиттен, қақпақтарының органикалық өзгерістері жоққа шығарылғанға дейін жүректің созылмалы ревматизмдік ауруымен дифференциялық диагноз жүргізу керек.