Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
252.68 Кб
Скачать
  1. Болжам диагнозы.

  2. Негiзгi синдромдары

  3. Шұғыл емдік жоспары.

  4. Жоспарлы емi (АГ дәрежесiне, ерекшелiктерiне, қауiп факторларына тәуелдi ем). Антигипертензиялық дәрмектерді таңдауда ұйымдастыратын шараларыңыз (АМАД – АҚ амбулаториялық мониторингі, ДМАД – АҚ үйдегі мониторингі).

N6. Жауаптары:

1. Нег. ауруы: Артериялық гипертензия III дәрежелi, қауiп-қатер тобы 4 – өте жоғары (артық салмақ, гиперхолестеринемия, сол қарынша гипертрофиясы, гипертензиялық нефропатия, ЖШ). Асқ.: Гипертензиялық криз, II типтi, асқынған. Сол қарыншалық жедел шамасыздық, өкпе шемені.

2. Аг; гипертензиялық криз; сол қарыншаның жедел шамасыздығы.

3. Шұғыл госпитализяцияны ұйымдастыру, жедел жәрдем келгенше асқынған іі типті гипертензиялық кризді басу: коринфар 20 мг тіл астына;

Клиникалық жағдай N7

22 жастағы ер кісі, қорғаныс қызметкері, емханаға жолдасының көлігімен жедел жеткізілді, шағымдары: кеуде сарайының сол бөлігінің өте күшті ауырсынуы, үдей түскен ентігу, жүрек қағуы, құрғақ беткей жөтел, жалпы әлсіздік.

Бір сағат бұрын жұмысында ауыр зат көтеріп, жаттығу кезінде кеуде сарайының сол жартысында қатаң ауырсыну кенет басталып, тұншығу ұстамасы, құрғақ жөтел, суық тер пайда болған. Жұмысында жолдастары берген ауырсынуды басатын дәрмектері көмектеспеген.

Өмірінде ауырмаған, өзінің денін сау санайды.

Об-ті: жалпы жағдайы ауыр, мәжбүр қалыпта отыр, тері жамылғылары қуқыл, диффузды және акроцианоз бар, суық тер жапқан. Мойын веналары томпайған, тыныс жиілігі 36 минутына, перкуссияда кеуде сарайының сол жартысының үстінен тимпанит, дауыс дірілінің сезілмеуі анықталды, аускультацияда оң жартысында везикулалық тыныс, сол жартысында тыныс естілмейді. Жүректің шала тұйық дыбыс шектері төс қырынан 5 см оңға ығысқан, тондары әлсіреген, тахикардия, ЖСС130 мин, АҚ 90/60 мм сын. бағ. Об-ті тексеру барысында оң қабырға астына қол тигізбеді, бауыры қабырға доғасынан +4см шығыңқы.

  1. Жетекші – кеуде сарайының сол жартысының ауыруы және плевра қуысына жіті ауа жиналу – синдромдарына сүйеніп болжам диагнозын қойыңыз.

  2. Шұғыл шаралар.

N7. Жауаптары:

1. Негізгі ауруы: Сол жақты спонтанды пневмоторакс. Асқ.: тш ііі. Оң қарыншалық жедел шамасыздық.

2. ЭКГ түсіру, кеуде сарайы органдарының тікелей және бүйір (пневмоторакс жағынан) проекциядағы рентгенограммасы. Хирургтың, пульмонологтың шұғыл кеңесі; мамандар торакальді бөлімі бар ауруханаға госпитализациялау немесе плевраның шұғыл пункциясын емханада жасау сұрақтарын шешуі қажет.

Клиникалық жағдай N8

63 жастағы әйел жедел жәрдеммен клиникаға түнгi сағат 0410 түстi: төбе, шүйде бөлiктерiнiң қатты ауырсынуына, бас айналуына, жүрек айнуына, көз алдында шiркейлер ұшатынына, төс артының басып ауырсынуына, жүрек қағуына шағымданады.

Анамнезiнде: 20 жыл телефон бекетiнде оператор жұмысын iстеген. АҚ көтерiлгенін 45 жасында профилактикалық шолуда білген. Соңғы бес жылда антигипертензиялық дәрмектерді (капотен, коринфарды) АҚ көтерілгенде ғана қабылдайды. АҚ 170/100-190/100 мм сын. бағ. төмен болмаған, бірақ дәрмектерді тұрақты ішуге келіспеген.

Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, санасы анық, гиперстеник. Бетi гиперемияланған. Өкпесiнде везикулалық тыныс. Жүрек перкуссиясы: сол шегi сол бұғана орта сызығынан 2 см сыртқа ығысқан. Жүрек тондары анық, ырғақты, жүрек ұшында систолалық шу, аорта үстiнде II тонның акцентi, ЖСС 98 рет минутына. АҚ 245/130 мм сын. бағ. Бауыры ұлғаймаған. Тексеру үстiнде науқастың төс артында сығып, күйдiрiп ауырсыну ұстамасы дамыды, иррадиациясы – сол жауырын, сол қол. Сонымен қатар, ауа жетiспеу сезімі пайда болды. Науқас қуқыл тартты, денесін суық тер жапты. АҚ 130/100 мм сын. бағ. түстi, пульсі 145 минутына. ЭКГ: қарыншалық ырғақ.

  1. Жетекші синдромдары. Ең қажеттi, шұғыл жасалатын шаралар.

  2. Клиникалық диагнозы, асқынуы.

N8. Жауаптары:

1. АГ, гипертензиялық криз, ангинозды статус. Кардиолгты, жедел жәрдемге хабарласып, кардиобригаданы шақырты; ангинозды статусты басу: нитроглицериннің 0,5мг және аспирин 0,5 тіл астына, морфин 0,1%-1,0мл в/і, О2,