Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
252.68 Кб
Скачать
  1. Болжам диагнозы.

  2. Негiзгi синдромына байланысты (ЭКГ шешiңiз) күдiктi ауруларға тәуелдi тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Емдік жоспарын құрыңыз. Хирургиялық емге көрсетпелерді талдаңыз.

N9. Жауаптары:

1. Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы.

3. Показания для хирургического лечения синдрома Вольфа-Паркинсона-Уайта

  • Наличие частых приступов фибрилляции предсердий.

  • Приступы тахиаритмии с гемодинамическими нарушениями (коллапс).

  • Сохранение приступов тахиаритмии при проведении антиаритмической терапии.

  • Ситуации, когда длительная лекарственная терапия нежелательна (молодой возраст, планируемая беременность).

Внутрисердечная радиочастотная абляция — самый эффективный (в 98 % случаев) радикальный способ лечения синдрома WPW.

Клиникалық жағдай N10

69 жастағы ер кісіде соңғы 2 аптада бірнеше рет жүрек қағып кетуі, малшынып терлеу, көздерінің қарауытуы болған.

Қала сыртында болғандықтан, қабылдауға бірінші рет келген, бұрын жүрек аурулары болмаған, салауатты өмір салтын сақтайды. Қабынулық белгілері жоқ.

Ырғақ бұзылысының бірінші рет болғандығын ескеріп, кардиолог кеңесіне кардиоорталыққа жеткізілді.

Қабылдау бөлімінде ЭКГ түсіріп болып, электродтарды шеше бастаған кезде науқаста жүрек тұсында жағымсыз сезімдермен қабаттасқан жүрегінің “ойнап кету” сезімі дамыды. ЭКГ қайта түсірілді: қарыншалық кешендер деформацияланған, RR аралығы 0,35сек.

  1. Болжам диагнозы.

  2. Негiзгi синдромына байланысты (ЭКГ шешiңiз) күдiктi ауруларға тәуелдi тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Емдік жоспарын құрыңыз. Стационарлық емге көрсетпелерді талдаңыз.

N10. Жауаптары:

ЖИА, ырғақ бұзылысымен: қарыншалық пароксизмдік тахикардия.

Клиникалық жағдай N11

36 жастағы науқас терапия бөлiмшесiне келесi шағымдармен түстi: жүргенде, кiшкене күш түскенде мазалайтын ентiгу, оң қабырға астының ауырсынуы, аяқ бастарының iсiнуi, жалпы әлсiздiк.

Анамнезiнен: өзiн соңғы 8 ай iшiнде науқас санайды. Себепсiз ентiгу, әлсiздiк, iсiну күшейе түскен. Мөлтектiк дәрiгер дигоксин, фуросемидпен емдеген. Нәтиже болмаған..

Обьективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, акроцианоз, аяқ бастарының iсiнуi айқын. Тыныс жиілігі 24 минутына. Өкпесiнің төменгi бөлiктерiнде перкуссияда өкпе дыбысы қысқарған. Аускультацияда сол жерде үнсiз ылғалды сырылдар стiледi. Жүректің шала тұйық дыбысының шектерi: оңы – төстiң оң қырынан 3,0 см оңға; жоғарысы – II қабырғада; солы – қолтық алдыңғы асты сызығында анықталды. Аускультацияда тондары өте әлсiз, әсiресе I тоны, жүрек ұшында систолалық шу, экстрасистолалар. Пульс саны минутына 108, кернеуi мен толуы әлсiз. Iшi жұмсақ, ауырсынуы жоқ, бауыры қабырға доғасынан 4-5 см шығыңқы, консистенциясы қатаң эластикалық.

Қан анализiнде: Нв 142 г/л, эр. 3,8х1012/л, лейк. 6,2х109/л, ЭТЖ 12 мм/сағ.

ЭКГ: тiсшелер вольтажы төмен, ырғақсыз, жүрекшелік, қарыншалық ЭС, миокардтың диффузды өзгерiстерi.

Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында: жүректiң барлық өлшемдерi үлкейген, доғалар контурлары сақталған; рентгеноскопияда – жүрек пульсациясы әлсiз. Өкпесiнде iркiлiс белгiлерi.

  1. Өкпедегi iркiлiстiң клиникалық, рентгендiк, ЭКГ-лық белгiлерiнің механизмі.

  2. Оң және сол қарыншалық ЭС белгiлерiн жазыңыз.

  3. Жетекші синдромын айырып, дифференциялық диагноз жүргiзiңiз.

  4. Клиникалық диагнозы.

  5. Емiн жазыңыз.

N11. Жауаптары:

Нег. ауруы: Дилятациялық кардиомиопатия. Салыстырмалы митраль шамасыздығы. Политопты қарыншалық және жүрекшелік экстрасистолия, Лаун – III.

Асқ.: ЖШ ФКIII.

Клиникалық жағдай N12

28 жастағы ер кiсi, слесарь, стационарға келесi шағымдармен түстi: тыныш қалыптағы ентiгу, жүрек жұмысынан шәлкестiк сезiну, аяқтарының iсiнуi, жалпы әлсiздiк. Өзiн 1,5 айдан берi ауру санайды. Тұмаумен ауырғаннан 1 аптадан кейiн жалпы әлсiздiк пен дене қызуының 37,5С көтерілуі негiзiнде жүрек ұшы мен төстiң төменгi бөлiгiнiң тұсында қатты ауырсыну пайда болған. Ауырсыну сол қолы мен мойнына тараған. Нитроглицерин мен валидол нәтиже бермеген. 10-12 күннен соң құрғақ жөтел мен тез жүргендегі инспирациялық ентiгу мазалаған. Соңғы 3-4 күнде ентiгуі горизонталь қалыпта жатқанда да күшейе түскен. Емхана дәрiгерiнiң нитрат, жүрек гликозидi, аспиринмен берген емi нәтижесiз болды. Науқас жедел респирациялық вирустік аурулармен жиi ауырады.

Объективтi: жалпы жағдайы ауыр, ортопноэ. Беттерi домбыққан, цианозды, мойын веналары iсiнген, аяқ басында да iсiну бар. Тыныс жиiлiгi минутына 28 рет. Өкпесiнiң төменгi бөлiгiнде перкуссиялық дыбыс қысқарған, майда көпiршiктi консонансты емес ылғалды сырылдар. Жүректiң шала тұйық дыбыс шектерi: оңы – төстiң оң қырынан 3,5 см оңға; жоғарғысы – II қабырға аралықта; солы – алдыңғы қолтық асты сызығында. Жүрек тондары өте әлсiз, экстрасистолиялар. Пульс кернеуi мен толуы әлсiз, минутына 108 рет. АҚ 100/70 мм сын. бағ. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен түскен, консистенциясы жұмсақ эластикалы.

Қан анализiнде: Нв 132 г/л, эр. 4,6х1012/л, түстiк көрсеткiші 0,8, лейк. 9,8х109/л, ЭТЖ 35 мм/сағ.

Несеп анализiнде: аз мөлшерлi протеинурия, бiрлi-жарым эритроциттер.

ЭКГ: тiсшелердiң вольтажы өте төмен, синусты тахикардия негiзiнде қарыншалық экстрасистолиялар.

  1. Алғашқы немесе болжам диагнозды негiздеңiз.

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз, мәлiметтерiнiң интерпретациясын жүргiзiңiз.

  3. Негiзгi клиникалық синдромдарды бөліп, дифференциялық диагнозды жүргiзiңiз.

  4. Клиникалық диагнозды негiздеңiз.

  5. Асқынулары. Емi.

N12. Жауаптары:

Нег. ауруы: Жедел экссудатты перикардит, инфекциялық этиологиялы.

Асқ.: Қарыншалық экстрасистолиялар, ЖШ ФКIII.

Клиникалық жағдай N13

Жедел жәрдемнің реанимациялық бригадасын мектпке 14 жасар қызға шақырды: математикадан бақылау жұмысы жүріп жатқанда кенет есінен танған, қатты қуқылдық дамыған, клонустық құрысулар болған. 2-3 минуттан соң есін жиып, санасы қалыптасқан. Қыз сөмкесінен дәрісін алып ішкен. Реаниматолгтар сыныпқа кіргенде қыз есінен қайта танды. Мұғалімі қыздың емханада есепте тұратынын айтты, сөмкесінен изадрин дәрмегінің блистері табылды.

Об-ті: тері жамылғылары қуқыл, цианозды, кілегей қабықтары таза, қуқыл. Өкпесінде тынысы везикулалық, біртегіс, тыныс жиілігі 30 мин. Жүрек тондары әлсіздеу, ырғақты, ЖСС 40 мин. АҚ 70/40 мм сын. бағ. Пульсі 40 мин., ырғақты.

ЭКГ: Р тісшелері анықталады, ырғақты, РР 0,8сек. R-R аралығы 0,15сек. Р мен QRS синхрондылығы сақталмаған.

  1. Алғашқы (болжам) диагнозды негiздеңiз

  2. Жедел жәрдем дәрігерлерінің шұғыл шаралары, тактикасы, тасымалдау шарттары

  3. Радикальді емі

  4. Болжамы