Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
252.68 Кб
Скачать
  1. Болжам диагнозы.

  2. ЖДП дәрiгерлiк тактикасы.

  3. Алғашқы дәрiгерлердiң көмегiн, қателерін саралаңыз.

N17. Жауаптары:

1. Болжам диагнозы:

Негізгі ауруы: ЖИА, миокардтың қайталанған инфаркті, аса өткір кезеңі. Жүрекше-қарыншалық блок (АВБ) I дәрежелі. Гис будасының сол аяғының толық блогі, қарыншалық экстрасистолия. Миокардтың басынан өткерген инфаркті (мерзімі).

Асқ.: Сол қарыншалық жедел шамасыздық (ЖШФКIII негізінде дамыған), жүректік астма.

2. Жедел жәрдем стансасымен тез байланысып, кардиологиялық бригаданы шақыру, келгенге дейін қолда бар дәрмектерді қолдану (баб ішке, аспиринді шайнату, ақ төмендемесе нитроглицерин 0,5 мг тіл астына).

3. Жедел жәрдем алғаш келгенде шұғыл госпитализациялауға көрсетпелер болғандығын бағаламаған. Клиникалық жағдай n18

39 жастағы ер кiсi жарнамалық фирманың агентi, кенет басталған төс артының төменгi үштiгiнiң артындағы тесiп ауырсынуын байқаған. Ауырсынуы жауырын арасына берiледi, өмірінде алғаш дамыған, жедел жәрдем шақырды. Қарағанда ерiндерi цианозды, жүзiнде қорқыныш. Пульс толуы әлсiз, ырғақты, 104 минутына. АҚ 120/80-115/75 мм сын. бағ. Жүрек тондары әлсiзденген, шулар жоқ. Өкпе үстiнде везикулалық тыныс, сырылдар естілмейді. Сiз келгенге дейiн тек валидол қабылдаған.

1. Сiздiң шұғыл шараларыңыз?

  1. Науқасты кардиология бөлiмiне шұғыл жеткiзу

  2. Седатациялық дәрмектер беру

  3. Кардиологиялық бригаданы шұғыл шақыру

  4. Нитроглицерин мен аспирин табл. беру

  5. ЭКГ түсіріп, науқасты бақылау

2. Кардиологиялық бригада 17 минуттан кейiн келдi. Науқасқа наркотиктер енгiзiлдi, бiрақ ауырсыну сақталуда. Науқастың жүзiн суық тер жапқан, жүзi қуқыл, мұрыны мен ерiнi көгерген. Пульс жиiлiгі 120 минутына, АҚ 110/70-110/75 мм сын. бағ. Төмендегiлердiң қайсысын бiрiншi енгiзесiз?

  1. Морфин 1%-1,0 мл в/iшiне

  2. Фентанил мен дроперидол

  3. Мезатон 1%-1,0 терi астына

  4. Гепарин 10000 Б. физ. ерiтiндiде в/iшiне тамшымен

  5. Транквилизаторлар енгiзу

3. ЭКГ түсiрiлдi (III, AVF, V7,V8,V9 тіркемелерінде ST 6 см супрессиясы), төмендегiлердiң қажеттiсiн таңдап, тұжырым жасаңыз.

  1. Гис будасының оң аяғының блогі

  2. Сол қарыншаның артқы-базаль қабырғасының инфаркті

  3. Сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының инфаркті

  4. Сол қарыншаның гипертрофиясы мен күштенуi

  5. Оң қарыншаның гипертрофиясы мен күштенуi

4. Жүргiзiлген шаралардан кейiн жағдайы жақсарды, ауырсыну әлсiредi. Пульс жиілігi 90 бір минутта, АҚ 110/70 мм сын. бағ. Науқасты жедел жәрдем ауруханасының реанимация бөлiмiне госпитализациялау ұйғарылды. Транспортпен жеткiзу кезiнде жағдайы тұрақты болды. Бiрақ қабылдау бөлiмiнде науқасты жедел жәрдем тасымалдағышынан сырғыма тасымалдағышқа ауыстыру кезеңiнде жағдайы кенет ауырлады: бас айналуы, көз қарауытуы дамып, АҚ 70/40 мм сын. бағ. дейін төмендедi. Науқасқа не болды?

  1. Жүрегi жарылды

  2. Қарыншалар фибрилляциясы дамыды

  3. Кардиогендi шок дамыды

5. Келтiрiлген дәрмектерден тағайындайтындарыңызды белгiлеңiз:

  1. Допамин 4% 5 мл (200 мг) + физиологиялық ерiтiндi – 200 мл в/iшiне

  2. Атропин 0,1% - 2,0 мл терi астына

  3. Преднизолон 90 мг в/iшiне

  4. Лидокаин 200 - 400 мг в/iшiне физиологиялық ерiтiндiде

  5. Адреналин 0,1%-1,0 мл жүрек iшiне

  6. Дефибрилляция

Науқас жағдайы жақсара бастады. Ауырсыну қайталанған жоқ. Пульс жиiлiгi 110 бір минутта, АҚ 115/70 мм сын. бағ. ЭКГ: қарыншалық тахикардия, сол қарыншаның артқы қабырғасының инфаркті, аса өткір кезеңі. Науқас реанимация бөлiмiне қабылданды.

N18. Жауаптары:

1. 3, 4, 5.

2. 1, 2, 4.

3. 2.

4. 3.

5. 1.

Клиникалық жағдай N19

47 жастағы инженер-электрик дәрiгерге келесi шағымдармен қаралды: төстің төменгі үштігі мен эпигастрий аймағындағы, тамақтан соң 15-20 минуттен кейiн пайда болатын ауырсыну, жүрек айнуы, кейде ауырсыну күшейген кездегi жеңiлдiк әкелетін құсу. Ауырсыну алдында эпигастрий аймағында күю сезімі пайда болады.

Анамнезiнен: өзiн 6 айдан берi ауру санайды, ұзақ іссапардан соң эпигастрий аймағында ауырсыну пайда болған. Дәрiгерге қаралмаған. Кейiнгi уақытта құрғақ тамақ жегеннен соң жоғарыдағыдай ауырсыну пайда болып, сүт iшкеннен соң басылатын болған. Соңғы өршуi 4 күн бұрын эмоциялық күш түсуден соң дамыған. Науқас қызылшамен, баспамен ауырған. Науқастың жұмысы іссапарлармен, психикалық күш түсулермен байланысты. Цитрусты жемiстер жақпайды.

Объективтi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Өкпесiнде везикулалық тыныс. Жүрек тондары анық, ырғақты. Тiлi ылғалды, ақшыл шөгiндiмен жабылған, тiстерiнде кариес. Iшi тыныс актiне қатысады. Пальпацияда эпигастрий аймағында семсерше өскіншеге жақын ауырсыну бар. Бауыры ұлғаймаған.

Шұғыл ЭКГ: ырғақ көзі синусты, ЖСС 70 мин. ЖЭӨ қалыпты. Тісшелер вольтажы сақталған.

ФЭГДС: өңеш өтімділігі сақталған, кілегейі қалыпты түсті. Асқазанда аш қарынға сөл мөлшері жоғары, кардий бөлігінде 0,5х0,8см жара, түбінде фибрин шөгінділері.

  1. Клиникалық синдромдарды негiздеңiз, дифференциялық диагноз жүргiзiңiз.

  2. Алғашқы диагнозы. ЖДП тактикасы.

N19. Жауаптары:

1. Прекардиаль аймағының ауырсынуы төстің төменгі үштігінің артында орналасқанмен, тағамдану бұзылыстарымен байланысты, түсірілген ЭКГ патология жоқ; және де асқазан кілегей қабатының морфологиялық өзгерістері дәлелденді.