Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салык лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.04 Кб
Скачать

2. Мүлік салығы бойынша салық декларациясын 700.00–нысанды толтыру тәртібі.

 

Бұл қосымша Салық кодексінің 15–бөліміне сәйкес салық төлеушілердің мүлік салығын есептеуіне арналған. Егер салық кезеңі ішінде мүлік салығын есептеу бірнеше салық режимдерінде (арнаулы салық режимі бойынша, арнайы экономикалық аумақтағы салық режимі бойынша, жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте және т.б.) жүзеге асырылған жағдайда, қосымша әр салық режимі бойынша бөлек жасалады. Бұл ретте, салықты есептеу кезінде әр салық режимі бойынша тиісті ставкалар қолданылады.

Салық салу объектілеріне әр түрлі ставкалар қолданылған жағдайда қосымша салық салудың әрбір объекті бойынша толтырылады.

30. Егер салық салу объектісі бойынша салық есептілігін тапсыру бойынша салық міндеттемесі сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген болса, Салық кодексінің 35–бабында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе пайда алушы туралы ақпарат» бөлімі толтырылады:

1) СТН – салық төлеуші сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2) ЖСН/БСН – салық төлеуші сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі). Болған жағдайда көрсетіледі;.

3) оның негізінде мүлікті сенімгерлікпен басқару туындайтын құжаттың нөмірі мен күні.

Оның негізінде мүлікті сенімгерлікпен басқару туындайтын құжаттың күні мен нөмірі көрсетіледі.

31. «Салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құнын есептеу» бөлімінде:

1) 700.03.001 – 700.03.013 жолдарында салық кезеңінің басына, салық кезеңінің әр айының бірінші күніне және есептіден кейінгі салық кезеңінің басына бухгалтерлік есеп деректері бойынша салық салу объектілерінің баланстық құны көрсетіледі;

2) 700.03.014 жолында 700.03.001–ден 700.03.013–ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын салық салу объектілерінің баланстық құны көрсетіледі;

3) 700.03.015 жолында Салық кодексінің 397–бабының 2–тармағына сәйкес 700.03.014 жолы мен 13 бөліндісі(700.03.014/13) арқылы айқындалатын салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны көрсетіледі;

4) 700.03.016 жолында салық салу объектілерінің Салық кодексі 397–бабының 4–тармағына сәйкес айқындалатын салық базасы көрсетіледі.

32. «Мүлік салығын есептеу» бөлімінде:

1) 700.03.017 жолында Салық кодексінің 398–бабында белгіленген мүлік салығының ставкасы көрсетіледі;

2) 700.03.018 І жолында 700.03.017 жолында көрсетілген салық ставкасына 700.03.015 жолында көрсетілген негізгі қаражаттардың орташа жылдық баланстық құнын көбейту (700.03.015х700.03.017) жолымен айқындалатын салық сомасы көрсетіледі.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салық сомасы 700.03.016 жолында көрсетілген салық базасын 700.03.017 жолында көрсетілген салық ставкасына (700.03.016х700.03.017) жолымен айқындалады. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің салық салу объектілеріне салық кезеңі ішінде меншік құқығы алынған немесе тоқтатылған болса, салық сомасы мұндай объектілерге иелік етудің іс жүзіндегі кезеңіне есептеледі. Төленуге жататын салық сомасы салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және меншік құқығы пайда болған айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі немесе меншік құқығы тоқтатаылған айдың 1 жұлдызына дейінгі іс жүзінде иелік еткен айлар санына көбейту арқылы есептеледі.

Инвестициялық салық преференцияларын қолдануға жасалған келісім бойынша салық төлеушіге мүлік салығы бойынша инвестициялық салық преференциялары берілген жағдайда бюджетке төленуге жататын мүлік салығы сомасы 100 процентке азайтылып, сәйкесінше, бұл жолда 0 көрсетіледі;

3) 700.03.018 ІІ жолында 700.03.015 және 700.03.017 жолдарын және 0,3 көбейту (700.03.015х700.03.017)х0,3 жолымен айқындалатын Салық кодексінің 451–бабында белгіленген ерекшеліктерді ескеріп, төленуге жататын салық сомасы көрсетіледі;

4) 700.03.018 ІІІ жолында 700.03.016 жолында көрсетілген салық салу объектілерінің Салық кодексі 397–бабының 4–тармағына сәйкес айқындалатын салық базасын 700.03.017 жолында көрсетілген салық ставкасына көбейту жолымен айқындалатын (700.03.016 х 700.03.017) салық сомасы көрсетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]