Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салык лекция.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.04 Кб
Скачать

540.00.013 F бағанында Салық кодексінің 351–бабына сәйкес салық ставкалары пайызбен келтірілген;

540.00.013G бағанында 540.00.013 е бағындағы әрбір жолдың 540.00.013 f бағанындағы тиісті ставкасына туындысы ретінде жол жолымен айқындалатын үстеме пайда салығының есептелген сомасы көрсетіледі;

540.00.013Н бағанында 540.00.013 F бағанындағы әр жолдың 540.00.013G бағанында тиісті ставкасына туындысы ретінде әр жол сайын айқындалатын, жылдық жиынтық кірістің есептелген салық сомасы келтіріледі;

14) 540.00.014 Жолында 540.00.013 g бағанының жоладырынң сомасы ретінде айқындалатын, төленуге тиіс үстеме пайда салығының есептелген сомасы көрсетіледі.

12. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде салық төлеуші мына мәліметтерді көрсетеді:

1) «Салық төлеушінің Аты–жөні» жолында.

Декларацияны заңды тұлға табыс еткен кезде құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі.

Декларацияны жеке тұлға табыс еткен кезде деректер жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады;

2) декларацияны беру күні.

Декларацияны салық органына берудің күні көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсуін қамтамасыз ететін, уәкілетті органмен бекітілген, салық төлеушінің орналасу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны толтырған лауазымды тұлғаның аты–жөні» жолында Декларацияны толтырған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;

5) Салық органында Декларацияны қабылдау күні.

Салық кодексінің 584–бабы 2–тармағына сәйкес Декларацияны табыс ету күні көрсетіледі;

6) Декларацияның кіріс нөмірі.

Салық органы берген Декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) пошта штемпелінің күні.

Почта немесе басқа байланыс мекемесінде қойылған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

6. Экспортқа арналған ренталық салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (570.00–нысан)

 

«Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші келесі деректерді көрсетеді:

1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі. Сенім білдірілген басқарушы салық міндеттемесін орындаған жағдайда, жолда сенім білдірілген басқарушы – салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі). Салық міндеттемесін сенім білдірілген басқарушы орындаған жағдайда жолда сенім білдірілген басқарушы – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі. Болған жағдайда көрсетіледі;

3) салық кезеңі – Декларацияны тапсыратын есепті салық кезеңі (араб цифрларымен көрсетіледі);

4) салық төлеушінің аты–жөні немесе атауы.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі;

5) Декларацияның түрі.

Тиісті торкөздер Декларацияны Салық кодексінің 63–бабында көрсетілген салық есептілігі түріне жатқызу есебімен белгіленеді;

6) хабарламаның нөмірі және күні.

Торкөздер Салық кодексінің 63–бабы 3–тармағының 4)–тармақшасында көзделген Декларация түрін тапсырған жағдайында толтырылады;

7) валюта коды.

«Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланатын жіктеушілер туралы» Кедендік одақ Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешімімен бекітілген «Валюталар жіктеушісінің» 23–қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

8) өлшем бірлігі.

Шикі мұнайдың, газ конденсатының, көмірдің өлшем бірлігі көрсетіледі;

11. «Төлеуге экспортқа ренталық салық» бөлімінде:

1) 570.00.001 жолында салық кезеңі үшін экспортқа өткізілген шикi мұнайдың көлемі көрсетіледі;

2) 570.00.002 жолында Салық кодексінің 334–бабы 3–тармағына сәйкес, шикi мұнайдың әлемдік құны көрсетіледі;

3) 570.00.003 жолында 570.00.001 және 570.00.002 жолдарының туындысы ретінде айқындалатын, экспортқа өткізілген шикі мұнай көлемінің құны көрсетіледі;

4) 570.00.004 жолында салық кезеңі үшін экспортқа өткізілген газ конденсатының көлемі көрсетіледі;

5) 570.00.005 жолында Салық кодексінің 334–бабы 3–тармағына сәйкес, газ конденасатының әлемдік құны көрсетіледі;

6) 570.00.006 жолында 570.00.004 және 570.00.005 жолдарының туындысы ретінде айқындалатын, газ конденасатының экспортқа өткізілген көлемінің құны көрсетіледі;

7) 570.00.007 жолында 570.00.003 және 570.00.006 жолдарының туындысы ретінде айқындалатын, экспортқа өткізілген газ конденсаты, шикі мұнай көлемінің құны көрсетіледі;

8) 570.00.008 жолында Салық кодексінің 303 бабына сәйкес газ конденсатын және шикі мұнайын экспортқа өткізілетін рента салығының ставкасы көрсетіледі;

9) 570.00.009 жолында 570.00.007 және 570.00.008 жолдарының туындысы ретінде айқындалатын, газ конденсатын және шикі мұнайын экспортқа өткізілетін рента салығының сомасы көрсетіледі;

10) 570.00.010 жолында салық кезеңі үшін экспортқа өткізілген көмір көлемі көрсетіледі;

11) 570.00.011 жолында көмірдің өткізілген нақты бағасы көрсетіледі;

12) 570.00.012 жолында 570.00.010 және 570.00.011 жолдарының туындысы ретінде айқындалатын, көмірдің экспортқа өткізілген көлемі көрсетіледі;

13) 570.00.013 жолында Салық кодексінің 303–бабына сәйкес, экспортқа өткізілген ренталық салығының ставкасы көрсетіледі;

14) 570.00.014 жолында 570.00.012 және 570.00.013 жолдарының туындысы ретінде айқындалатын, экспортқа өткізілген көмірдің рента салығының сомасы көрсетіледі;

15) 570.00.015 жолында 570.00.009 және 570.00.014 жолдарындағы сомадай экспортқа өткізілген көмірдің рента салығының сомасы көрсетіледі.

12. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде салық төлеуші келесі мәліметтерді көрсетеді:

1) «Салық төлеушінің аты–жөні» жолында:

Декларацияны заңды тұлғаның табыс еткен кезінде құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі.

Декларацияны жеке тұлғаның табыс еткен кезінде мәліметтер жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады;

2) Декларацияны беру күні.

Декларацияны салық органына тапсырған күні көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны толтырған лауазымды тұлғаның аты–жөні» жолында Декларацияны толтырған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;

5) Салық органында Декларацияны қабылдау күні.

Салық кодексінің 584–бабы 2–тармақшасына сәйкес Декларацияны тапсыру күні көрсетіледі;

6) Декларацияның кіріс нөмірі.

Салық органымен берілген Декларацияны тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) пошта штемпелінің күні.

Пошта арқылы немесе басқа байланыс мекемесінде қойылған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]