- •Дәріс тезистері «Салық есептілігі» пәні бойынша
- •5В050800-«Бухгалтерлік есеп» мамандығы
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігі 701.00–нысан (есебін) жасау тәртібі.
- •2. Көлік құралдары салығы бойынша салық есептілігі 700.00–нысан салық декларациясын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігі 701.01–нысан (есебін) жасау ережесі
- •2. Жер салығы бойынша салық есептілігі 700.00–нысан салық декларациясын толтыру тәртібі.
- •1. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігін (есебін) жасау ережесі (701.01–нысан).
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Мүлік салығы бойынша салық декларациясын 700.00–нысанды толтыру тәртібі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін 300.00- нысан салық декларациясын
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Акциз бойынша 400.00–нысанын салық декларациясын және қосымшаларын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1.Әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін 200.00–нысан декларациясын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Декларацияны тапсыруға дейiнгi Есепті жасау (101.01–нысан)
- •3. Декларацияны тапсырудан кейiнгi Есепті толтыру (101.02–нысан)
- •2.Корпорациялық табыс салығын бойынша салық есептілігiн 100.00 - нысан салық декларациясын және қосымшаларын толтыру тәртібі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Роялти бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (500.00–нысан)
- •2. Қол қойылатын бонус бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (510.00–нысан)
- •3. Коммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (520.00–нысан)
- •4. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (530.00–нысан)
- •5. Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (540.00–нысан)
- •540.00.006 Жолында Салық кодексінің 348–4 бабының 3–тармағына сәйкес шегерімдер сомасының амортизациялық аударымдар сомасына түзетулері көрсетіледі;
- •10) 540.00.010 Жолында 540.00.007 жолынан 540.00.008 жолын және 540.00.009 жолын алу ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін іс жүзінде алынған таза табыс сомасы көрсетіледі;
- •540.00.013 А бағынанда деңгейлер көрсетілген;
- •540.00.013 F бағанында Салық кодексінің 351–бабына сәйкес салық ставкалары пайызбен келтірілген;
- •540.00.013G бағанында 540.00.013 е бағындағы әрбір жолдың 540.00.013 f бағанындағы тиісті ставкасына туындысы ретінде жол жолымен айқындалатын үстеме пайда салығының есептелген сомасы көрсетіледі;
- •14) 540.00.014 Жолында 540.00.013 g бағанының жоладырынң сомасы ретінде айқындалатын, төленуге тиіс үстеме пайда салығының есептелген сомасы көрсетіледі.
- •6. Экспортқа арналған ренталық салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (570.00–нысан)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Ойын бизнесі салығы бойынша салық есептілігін 710.00–нысан салық декларациясын жасау ережесі.
- •1. Декларацияны жасау (710.00 – нысан)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Нұрымов, А. А. Салық және салық салу: оқу құралы / ҚР Білім және Ғылым министрлігі ұсынған. - Астана : ҚазЭҚХСУ, 2009. - 546 б.
2.Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» заңы (Салық Кодексі). Алматы, 2010ж.
3.Салық есептілігі. - Алматы : Бико, 2002. - 116 б.
4.Салық есептілігі. - Алматы : Бико, 2003. - 116 б.
5.Салық есептілігі. - Алматы : Бико, 2004. - 248 б.
2- Дәріс Көлік құралдары салығы бойынша салық есептілігi
1. Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігі 701.00–нысан (есебін) жасау тәртібі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және ағымдағы салық кезеңінің 1 шілдесіне дейін меншік құқығындағы, шаруашылықты жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару құқығындағы, сонымен қатар қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) көлік құралдары бойынша көлік құралдары салығын есептеуге арналған көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігі нысанын (есебін) (бұдан әрі – Есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есеп Салық кодексінің 365–бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен толтырылады.
2. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
3. Көрсеткіштер болмаған кезде Есептің тиісті торкөздері толтырылмайды.
4. Осы Ережеде мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.
5. Сомалардың теріс мәні тиісті жолдың бірінші сол жақ торкөзінде « – » белгісімен белгіленеді.
6. Есепті жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта – қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта – Салық кодексінің 68–бабына сәйкес толтырылады.
7. Қаржы лизингі шарттары бойынша берілген (алынған) объектілер бойынша Есепті лизинг алушы толтырады және табыс етеді.
8. Есепке Салық кодексінің 61–бабы 3–тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.
9. Есептітапсырған кезде:
1) келу тәртібінде қағаз тасығышта – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта – салық төлеуші почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) электронды түрде – салық төлеуші салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен қабылданғандығы немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.
10. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Есепті табыс ету кезінде:
СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі 2012 жылдың 1 қантарына дейін толтырылуы тиіс.
ЖСН/БСН –жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі) 2012 жылдың 1 қантарынан бастап толтырылуы тиіс
11. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі. Сенімгерлікпен басқарушы салық міндеттемесін орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы – салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі). Салық міндеттілігі сенімді басқарушымен жасалған кезде жолда – сенімді басқарушының жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі көрсетіледі. Болған жағдайда көрсетіледі;
3) салық кезеңі (жыл) – Есеп берілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетілед;
4) салық төлеушінің Т.А.Ә. немесе атауы.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі.
Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі.
12. «Сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе пайда алушы туралы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендірме нөмірі (бизнес сәйкестендірме нөмірі). Болған жағдайда көрсетіледі;
3) оның негізінде мүлікті сенімгерлікпен басқару туындайтын құжаттың нөмірі және күні;
4) Есептің түрі.
Тиісті торкөздер Есептің Салық кодексінің 63–бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызылуы ескеріле отырып, белгіленеді;
5) хабарламаның нөмірі мен күні.
Торкөздер Салық кодексінің 63–бабының 3–тармағы 4)-тармақшасымен қарастырылған хабарлама бойынша қосымша Есепті табыс еткен жағдайда толтырылады;
6) салық төлеушінің санаты.
Торкөздер, егер салық төлеуші А, В, С, D жолдарында көрсетілген бір немесе бірнеше санаттарға жатқан жағдайда толтырылады;
7) егер 10 D жолы белгіленсе, келісім–шартты жасаған күні және нөмірі.
Жер қойнауын пайдалану келісім–шартының жасалған күні мен нөмірін көрсетіп жер қойнауын пайдаланушы толтырады;
8) валюта коды.
«Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланатын жіктеушілер туралы» Кедендік одақ Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешімімен бекітілген «Валюталар жіктеушісінің» 23–қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;
