Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салык лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.04 Кб
Скачать

5. Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (540.00–нысан)

540.00–нысаны жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісім–шарт бойынша салық кезеңі үшін төлеуге жататын үстеме пайда салығының сомасын көрсетуге арналған.

10. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі). Салық міндеттемесін сенім білдірілген басқарушы орындаған жағдайда жолда сенім білдірілген басқарушы – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі. Болған жағдайда көрсетіледі;

3) салық кезеңі – Декларация тапсырылатын есепті салық кезеңі (араб цифрларымен көрсетіледі);

4) салық төлеушінің аты–жөні немесе атауы.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

5) Декларацияның түрі.

Тиісті торкөздер Декларацияны Салық кодексінің 63–бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызуды ескере отырып, белгіленеді;

6) хабарламаның нөмірі мен күні.

Торкөздер Салық кодексінің 63–бабы 3–тармағы 4)–тармақшасында көзделген Декларация түрін тапсырған жағдайда толтырылады;

7) валюта коды.

«Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланатын жіктеушілер туралы» Кедендік одақ Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешімімен бекітілген «Валюталар жіктеушісінің» 23–қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

8) кен орны мен келісім–шарт атауы.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім–шарттың және кен орындарының атауы көрсетіледі;

9) келісім–шарттың жасалған күні.

Уәкілетті мемлекеттік органмен жер қойнауын пайдалануға арналған келісім–шартты жасасу күні көрсетіледі;

10) келісім–шарттың нөмірі;

Уәкілетті мемлекеттік орган тағайындаған келісім–шарттың тіркеу нөмірі көрсетіледі;

11) резидент емес;

Декларацияны резидент емес беруі кезінде белгіленеді.

11. «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім–шарт бойынша есептелген үстеме пайда салығы» бөлімінде:

1) 540.00.001 жолында Салық кодексінде белгіленген тәртіппен үстеме пайда салығын есептеу жүргізілетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісім–шарт бойынша жылдық жиынтық табыстың сомасы көрсетіледі;

2) 540.00.002 жолында 540.00.003 және 540.00.005 жолдарынан 540.00.006 жолын шегергендегі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын үстеме пайда салығын есептеу жүргізілетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісім–шарт бойынша шегерімдердің сомасы көрсетіледі;

3) 540.00.003 жолында үстеме пайда салығын есептеу жүргізілетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісім–шарт бойынша, Салық кодексінің 348–4–бабы 1–тармағының 1)–тармақшасына сәйкес корпорациялық табыс салығын есептеу мақсатында шегерімдерге жатқызылған, шығыстар сомасы көрсетіледі;

4) 540.00.004 жолында Салық кодексінің 384–4–бабының 1–тармағы 2)–тармақшасына сәйкес салық кезеңі ішінде тіркелген активтер құруға және (немесе) сатып алуға іс жүзіндегі жұмсалған шығыстардың сомасы көрсетіледі. Осы шығыстар жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша кез келген мөлшерде (нақты келтірілген шығыстар шегінде) және кез келген салық кезеңінде шегерімдерге жатқызылады;

5) 540.00.005 жолында Салық кодексінің 348–4–бабының 1–тармағы 3)–тармақшасына сәйкес алдыңғы салық кезеңдерінде келтірілген залалдар сомасы көрсетіледі;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]