- •Дәріс тезистері «Салық есептілігі» пәні бойынша
- •5В050800-«Бухгалтерлік есеп» мамандығы
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігі 701.00–нысан (есебін) жасау тәртібі.
- •2. Көлік құралдары салығы бойынша салық есептілігі 700.00–нысан салық декларациясын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігі 701.01–нысан (есебін) жасау ережесі
- •2. Жер салығы бойынша салық есептілігі 700.00–нысан салық декларациясын толтыру тәртібі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігін (есебін) жасау ережесі (701.01–нысан).
- •2. Мүлік салығы бойынша салық декларациясын 700.00–нысанды толтыру тәртібі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін 300.00- нысан салық декларациясын
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Акциз бойынша 400.00–нысанын салық декларациясын және қосымшаларын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1.Әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін 200.00–нысан декларациясын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Декларацияны тапсыруға дейiнгi Есепті жасау (101.01–нысан)
- •3. Декларацияны тапсырудан кейiнгi Есепті толтыру (101.02–нысан)
- •2.Корпорациялық табыс салығын бойынша салық есептілігiн 100.00 - нысан салық декларациясын және қосымшаларын толтыру тәртібі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Роялти бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (500.00–нысан)
- •2. Қол қойылатын бонус бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (510.00–нысан)
- •3. Коммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (520.00–нысан)
- •4. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (530.00–нысан)
- •5. Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (540.00–нысан)
- •540.00.006 Жолында Салық кодексінің 348–4 бабының 3–тармағына сәйкес шегерімдер сомасының амортизациялық аударымдар сомасына түзетулері көрсетіледі;
- •10) 540.00.010 Жолында 540.00.007 жолынан 540.00.008 жолын және 540.00.009 жолын алу ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін іс жүзінде алынған таза табыс сомасы көрсетіледі;
- •540.00.013 А бағынанда деңгейлер көрсетілген;
- •540.00.013 F бағанында Салық кодексінің 351–бабына сәйкес салық ставкалары пайызбен келтірілген;
- •540.00.013G бағанында 540.00.013 е бағындағы әрбір жолдың 540.00.013 f бағанындағы тиісті ставкасына туындысы ретінде жол жолымен айқындалатын үстеме пайда салығының есептелген сомасы көрсетіледі;
- •14) 540.00.014 Жолында 540.00.013 g бағанының жоладырынң сомасы ретінде айқындалатын, төленуге тиіс үстеме пайда салығының есептелген сомасы көрсетіледі.
- •6. Экспортқа арналған ренталық салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (570.00–нысан)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Ойын бизнесі салығы бойынша салық есептілігін 710.00–нысан салық декларациясын жасау ережесі.
- •1. Декларацияны жасау (710.00 – нысан)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
2. Декларацияны тапсыруға дейiнгi Есепті жасау (101.01–нысан)
10. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) СТН – сенімгерлікпен басқарушы салық міндеттемесін орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы – салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
2) БСН – салық төлеушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі. Салық міндеттілігі сенімді басқарушымен жасалған кезде жолда – сенімді басқарушының бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Болған жағдайда көрсетіледі;
3) салық кезеңі (жыл) – Декларацияны тапсыруға дейiнгi Есеп тапсырылатын есепті кезеңнің (араб цифрларымен көрсетіледі);
4) салық төлеушінің атауы.
Құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі;
5) Есеп түрі.
Тиісті торкөздер Декларацияны тапсыруға дейiнгi Есепті Салық кодексінің 63–бабында көрсетілген салық есептілігі түріне жатқызу есебімен белгіленеді;
6) хабарламаның нөмірі мен күні.
Торкөздер Салық кодексінің 63–бабы 3–тармағы 4)–тармақшасында көзделген Декларацияны тапсыруға дейiнгi Есеп түрін табыс ету жағдайында толтырылады;
7) салық төлеуші санаты.
Торкөздер салық төлеуші A, B, C, D, E, F, G, H жолдарында көрсетілген санаттардың біріне жататын жағдайда белгіленеді;
8) валюта коды.
«Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланатын жіктеушілер туралы» Кедендік одақ Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешімімен бекітілген (бұдан әрі – Шешім) «Валюталар жіктеушісінің» 23–қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;
9) резиденттік белгісі.
А – торкөзі Қазақстан Республикасының резиденті салық төлеушімен белгіленеді.
В – торкөзі Қазақстан Республикасының резиденті емес салық төлеушімен белгіленеді.
10) резиденттік елінің коды және салық тіркеуінің нөмірі.
Декларацияны тапсыруға дейiнгi Есеп Қазақстан Республикасының резиденті емес–салық төлеуші жасаған жағдайда толтырылады, бұл ретте.
А жолында Шешімнің «Әлем елдері жіктеушісіне» 22–қосымшасына сәйкес резиденттік резиденттік емес елінің коды көрсетіледі;
В жолында резидент еместің резиденттік еліндегі резидент еместің салық тіркеу нөмірі көрсетіледі.
11. «Салық салу жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүзеге асырылатын салық төлеушілер, сондай–ақ салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 448 – 452–баптарына сәйкес арнаулы салық режимін (бұдан әрі -АСР) қолданатын салық төлеушілер алдыңғы салық кезеңі үшін декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезең үшін КТС бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі» бөлімін Салық кодексінің 141–бабына сәйкес есепті салық кезеңінде КТС бойынша аванстық төлемдерді есептеу мен төлеу бойынша міндет жүктелген алдыңғы салық кезеңінде КТС бойынша аванстық төлемдерді есептеген және төлеген салық төлеуші толтырады.
Бұл ретте бұл бөлімді бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
алдыңғы салық кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтеріне АСР қолданған;
7–жолдың «Е» торкөзін белгілеген салық төлеуші толтырмайды.
Бұл бөлімде:
1) 101.01.001 жолында алдыңғы салық кезеңі үшін аванстық төлемдер сомаларының есебінде салық төлеушімен есептелген КТС бойынша аванстық төлемдердің жалпы сомасы көрсетіледі;
2) 101.01.002 жолында алдыңғы салық кезеңі үшін аванстық төлемдер сомаларының есебінде есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бір бөлігі мөлшерінде айқындалатын, аванстық төлемдер сомаларынан КТС бойынша декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс а КТС бойынша ванстық төлемдер сомасы көрсетіледі.
3) 101.01.003 жолында Салық кодексінің 151–бабы 2–тармағына сәйкес декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс аванстық төлемдер сомасынан 100 пайыз мөлшерінде айқындалатын декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс аванстық төлемдер сомасының төмендетілуі көрсетіледі (101.01.002 х 100%). Осы жол 7–жолдың «Н» торкөзін толтырған салық төлеуші толтыруы тиіс;
4) 101.01.004 жолында Салық кодексінің 451–бабына сәйкес декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс аванстық төлемдер сомасынан 70 пайыз мөлшерінде айқындалатын декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс аванстық төлемдер сомасының төмендетілуі көрсетіледі;
салық төлеуші Салық кодексінің 448 – 452–баптарына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері осы бапта белгіленген АСР қолданған жағдайда, декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс; немесе
салық төлеуші Салық кодексінің 58–бабына және (немесе) 448–бабына сәйкес салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек есепке алуды жүзеге асыратын жағдайда, Салық кодексінің 448 – 452–баптарына сәйкес салық салу жүзеге асырылатын қызмет түрлеріне қатысты келетін, декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс.
Осы жол 7–жолдың «Е» торкөзін толтырған салық төлеуші толтыруы тиіс;
5) 101.01.005 жолында декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс аванстық төлемдер сомасының төмендетілуі көрсетіледі. 7–жолдың «Н» немесе «Е» торкөздері белгіленген жағдайда 101.01.005 жолы 101.01.003 жолын немесе сәйкесінше 101.01.004 жолын есепке алумен айқындалады. ((101.01.002 – 101.01.003) немесе (101.01.002 – 101.01.004)). «Н» немесе «Е» торкөздері белгіленбеген жағдайда 101.01.005 жолына 101.01.002 жолының мәні көшіріледі;
6) 101.01.006 жолында салық кезеңінің қаңтар, ақпан, наурыз, айлары үшін айлық аванстық төлемдер сомасы көрсетіледі. 101.01.005 жолының үштен бір бөлігі ретінде айқындалады (101.01.005/3).
13. «Салық кодексінің 448 – 452–баптарына сәйкес алдыңғы салық кезеңінде АСР қолданған салық төлеушілермен алдыңғы салық кезеңі үшін декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін КТС бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеу» бөлімінде Салық кодексінің 141–бабына сәйкес есепті салық кезеңінде КТС бойынша аванстық төлемдерді есптеу мен төлеу бойынша міндет жүктелген, мына жағдайларға сәйкес:
алдыңғы салық салық кезеңінде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есптеген және төлеген;
ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері осы бапта белгіленген АСР қолданған;
7–жолдың «Е» торкөзін толтырған:
салық төлеуші толтыруы тиіс.
Осы бөлімде:
101.01.007 жолында алдыңғы салық кезеңі үшін аванстық төлемдер сомаларының есебінде салық төлеушімен есептелген КТС бойынша аванстық төлемдердің жалпы сомасы көрсетіледі. Осы жолдың мәні 101.01.008 және 101.01.009 жолдарының сомасы ретінде айқындалады. (101.01.008 + 101.01.009);
101.01.008 жолында салық салынуы жалпыға орнатылған режимінде жүзеге асырылатын қызмет түрлеріне жататын (яғни Салық кодексінің 448 –452–баптарының нормалары қолданылмайтын), алдыңғы салық кезеңі үшін аванстық төлемдер сомаларының есебінде салық төлеушімен есептелген КТС бойынша аванстық төлемдердің жалпы сомасы көрсетіледі.
101.01.009 жолында Салық кодексінің 448 – 452–баптарына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін АСР шеңберінде салық салу жүзеге асырылатын қызмет түрлеріне жататын, алдыңғы салық кезеңі үшін аванстық төлемдер сомаларының есебінде салық төлеушімен есептелген КТС бойынша аванстық төлемдердің жалпы сомасы көрсетіледі.
101.01.010 жолында салық салушымен Салық кодексінің 141–бабы 4–тармағына сәйкес салық салу есептелген, Салық кодексінің 448 – 452–баптарына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін АСР шеңберінде салық салу жүзеге асырылатын, алдыңғы салық кезеңі үшін аванстық төлемдер сомаларының есебінде салық төлеушімен есептелген КТС бойынша аванстық төлемдердің жалпы сомасы көрсетіледі. Осы жол 101.01.009 х 100/30 ретінде айқындалады;
5) 101.01.011 жолында алдыңғы салық кезеңі үшін аванстық төлемдер сомаларының есебінде есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бір бөлігі мөлшерінде айқындалатын, аванстық төлемдер сомаларынан КТС бойынша декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс аванстық төлемдер сомасы көрсетіледі. Бұл жол 101.01.008 және 101.01.010 жолдарының мәндерін ескереді, яғни салық төлеуші алдыңғы салық кезеңі үшін аванстық төлемдер сомаларының есептерінде есептеген және Салық кодексінің 448 – 452–баптарына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтеріне арналған АСР шеңберінде салық салынатын қызмет түріне жататын КТС бойынша аванстық төлемдер сомасы Салық кодексінің 451–бабында көзделген азайтылусыз ескеріледі. Салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер бойынша бөлек салық есебі жүзеге асырылған кезде Салық кодексінің 58–бабына және (немесе) 448–бабына сәйкес салық төлеуші бөлек салық есебі жүргізілетін салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер үшін белгіленген КТС ставкасын қолданады.
6) 101.01.012 жолында Салық кодексінің 451–бабына сәйкес декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс алдыңғы салық кезеңі үшін, 101.01.010 жолында көрсетілген, жалпы аванстық төлемдер сомасының төрттен бір бөлігінің 70 пайыз мөлшерінде айқындалатын декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс КТС бойынша аванстық төлемдер сомасының төмендетілуі көрсетіледі ((101.01.010/4) х 70%);
7) 101.01.013 жолында декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс КТС бойынша аванстық төлемдердің қорытынды сомасы көрсетіледі. 101.01.011 және 101.01.012 жолдарының айырмасы ретінде айқындалады (101.01.011 – 101.01.012);
8) 101.01.014 жолында салық кезеңінің қаңтар, ақпан, наурыз, айлары үшін айлық аванстық төлемдер сомасы көрсетіледі 101.01.013 жолының үштен бір бөлігі ретінде айқындалады(101.01.013/3).
14. «Салық кодексінің 141–бабының 4–1 тармағына сәйкес алдыңғы салық кезеңі үшін декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін КТС бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеу» бөлімін Салық кодексінің 141–бабына сәйкес есепті салық кезеңінде КТС бойынша аванстық төлемдерді есептеу мен төлеу бойынша міндет жүктелген және Салық кодексінің 141–бабы 2–тармағына сәйкес алдыңғы салық кезеңінде КТС бойынша аванстық төлемдерді есптемеген және төлемеген салық төлеуші толтыруы тиіс.
Осы бөлімде:
1) 101.01.015 жолында Салық кодексінің 139–бабы 1–тармағына сәйкес есептелген КТСның болжанатын сомасы көрсетіледі;
2) 101.01.016 жолында декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс КТС бойынша аванстық төлемдер сомасы 101.01.015 жолының төрттен бір бөлігі ретінде айқындалады (101.01.015/4);
3) 101.01.017 жолында Салық кодексінің 151–бабы 2–тармағына сәйкес декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс аванстық төлемдер сомасынан 100 пайыз мөлшерінде айқындалатын декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс аванстық төлемдер сомасының төмендетілуі көрсетіледі. Осы жол тек 7–жолдың «Н» торкөзін толтырған салық төлеуші толтыруы тиіс;
4) 101.01.018 жолында Салық кодексінің 451–бабына сәйкес декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс аванстық төлемдер сомасынан 70 пайыз мөлшерінде айқындалатын декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс аванстық төлемдер сомасының төмендетілуі көрсетіледі;
салық төлеуші Салық кодексінің 448 – 452–баптарына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері осы бапта белгіленген АСР қолданған жағдайда, декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс және 101.01.016 жолында көрсетілген (101.01.016 х 70%); немесе
салық төлеуші Салық кодексінің 58–бабына және (немесе) 448–бабына сәйкес салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек есепке алуды жүзеге асыратын жағдайда, Салық кодексінің 448 – 452–баптарына сәйкес салық салу жүзеге асырылатын қызмет түрлеріне қатысты келетін, декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс
Осы жол 7–жолдың «Е» торкөзін толтырған салық төлеуші толтыруы тиіс;
5) 101.01.019 жолында декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс аванстық төлемдер сомасының төмендетілуі көрсетіледі. 7–жолдың «Н» немесе «Е» торкөздері белгіленген жағдайда осы жол 101.01.017 жолын немесе сәйкесінше 101.01.018 жолын есепке алумен айқындалады. ((101.01.016 – 101.01.017) немесе (101.01.016 – 101.01.018)). «Н» немесе «Е» торкөздері белгіленбеген жағдайда осы жолға 101.01.016 жолының мәні көшіріледі;
6) 101.01.020 жолында салық кезеңінің қаңтар, ақпан, наурыз, айлары үшін айлық аванстық төлемдер сомасы көрсетіледі 101.01.019 жолының үштен бір бөлігі ретінде айқындалады(101.01.013/3).
15. «Салық агентiнiң жауапкершiлiгi» бөлімінде:
1) «Басшының Аты–жөні» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, есімі, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;
2) Есепті беру күні.
Есепті салық органына берудің күні көрсетіледі;
3) салық органының коды.
Салық төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі.
4) «Есепті қабылдаған лауазымды тұлғаның Аты–жөні» жолында Декларацияны тапсыруға дейiнгi Есепті қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.
5) Есепті қабылдау күні.
Салық кодексінің 584–бабы 2 немесе 4–тармақшаларына сәйкес Декларацияны тапсыруға дейiнгi Есепті беру күні көрсетіледі.
6) Есептің кіріс нөмірі.
Салық органымен берілген Декларацияны тапсыруға дейiнгi Есептің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
7) пошта штемпелінің күні.
Пошта немесе басқа байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
