- •Дәріс тезистері «Салық есептілігі» пәні бойынша
- •5В050800-«Бухгалтерлік есеп» мамандығы
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігі 701.00–нысан (есебін) жасау тәртібі.
- •2. Көлік құралдары салығы бойынша салық есептілігі 700.00–нысан салық декларациясын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігі 701.01–нысан (есебін) жасау ережесі
- •2. Жер салығы бойынша салық есептілігі 700.00–нысан салық декларациясын толтыру тәртібі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігін (есебін) жасау ережесі (701.01–нысан).
- •2. Мүлік салығы бойынша салық декларациясын 700.00–нысанды толтыру тәртібі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін 300.00- нысан салық декларациясын
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Акциз бойынша 400.00–нысанын салық декларациясын және қосымшаларын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1.Әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін 200.00–нысан декларациясын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Декларацияны тапсыруға дейiнгi Есепті жасау (101.01–нысан)
- •3. Декларацияны тапсырудан кейiнгi Есепті толтыру (101.02–нысан)
- •2.Корпорациялық табыс салығын бойынша салық есептілігiн 100.00 - нысан салық декларациясын және қосымшаларын толтыру тәртібі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Роялти бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (500.00–нысан)
- •2. Қол қойылатын бонус бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (510.00–нысан)
- •3. Коммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (520.00–нысан)
- •4. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (530.00–нысан)
- •5. Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (540.00–нысан)
- •540.00.006 Жолында Салық кодексінің 348–4 бабының 3–тармағына сәйкес шегерімдер сомасының амортизациялық аударымдар сомасына түзетулері көрсетіледі;
- •10) 540.00.010 Жолында 540.00.007 жолынан 540.00.008 жолын және 540.00.009 жолын алу ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін іс жүзінде алынған таза табыс сомасы көрсетіледі;
- •540.00.013 А бағынанда деңгейлер көрсетілген;
- •540.00.013 F бағанында Салық кодексінің 351–бабына сәйкес салық ставкалары пайызбен келтірілген;
- •540.00.013G бағанында 540.00.013 е бағындағы әрбір жолдың 540.00.013 f бағанындағы тиісті ставкасына туындысы ретінде жол жолымен айқындалатын үстеме пайда салығының есептелген сомасы көрсетіледі;
- •14) 540.00.014 Жолында 540.00.013 g бағанының жоладырынң сомасы ретінде айқындалатын, төленуге тиіс үстеме пайда салығының есептелген сомасы көрсетіледі.
- •6. Экспортқа арналған ренталық салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (570.00–нысан)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Ойын бизнесі салығы бойынша салық есептілігін 710.00–нысан салық декларациясын жасау ережесі.
- •1. Декларацияны жасау (710.00 – нысан)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Дәріс тезистері «Салық есептілігі» пәні бойынша
5В050800-«Бухгалтерлік есеп» мамандығы
1- Дәріс Салық есептілігі және оның есеп жүйесіндегі орны
Мемлекет салық қызметі органы арқылы салық төлеушіден – оның салық міндеттемелерін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған несеме тиісінше орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және Салық Кодексімен көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.
Салық міндеттемесі - салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұруға, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.
Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау үшін мынадай іс-әрекеттер жасайды:
салық органына тіркеу есебіне тұрады;
салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілердің есебін жүргізеді;
салық объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базалары мен салық ставкаларын негізге ала отырып, бюджетке төленуге тиісті салық және басқа да міндетті төлемдер сомасын есептейді;
салық есептілігін жасайды және оны белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық қызметі органдарына табыс етеді;
салық заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептеп шығарылған және есептелген сомаларын, сондай-ақ міндеттемесі орындалмаған жағдайларда, салық өсімпұлдарын төлейді.
Салық жүйесін нығайту мақсатында Салық кодексі мемлекеттік тіркелу шарттарын және салық төлеушінің есепке тіркеуі көзделген. Мемлекеттік тірекелу Қазақстан Республикасында салық төлеушілердің саласына мыналар жатады:
Заңды тұлға, олардың құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде Қазақстан Республикасынла өз қызметтерін атқаратын резидент емес тұлғалар.
Жеке тұлға, резидент, салық төлеуші және тұрған жеріне байланысты бюджетке берілетін міндетті төлемдер.
Жеке тұлға, резидент еместер, Қазақстан Республикасының жергілікті жеріндегі пайда өнімдерін қалыптастыру.
4. Қазақстан Республикасында салық салынатын обьектілерді иеленетін резидент емес тұлғалар.
Салық төлеушінің мемлекеттік тіркелуі - бұл салық төлеушінің тіркелу нөмірі берілу түрінде, салық төлеушінің мәліметтерін Қазақстан Республикасының салық төлеушінің мемлекеттік реестріне енгізілуі және мемлекеттік тіркелу орнына арыз берілгеннен кейін екі күн аралығында салық төлеушінің куәлігінің берілуі.
Салық төлеушілердің есебінің реттелуі және жүйелендіру кіріспесінде олардың керектігі және де салық түсуі жайлы есеп, басқа да бюджетке қажетті төлемдер, компьютерлік бақылауын қамтамасыз ету және салық төлеушінің салық заңдылықтарына ақпарат өткізілуін тексеріп қадағалау, бөлімдер мен салық мекемелері арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ету.
Тіркелу есебі аймақтық салық органында арыз етілгеннен кейін 10 күннен кешікпей тіркелу керек.
Қазақстан шекарасындағы әр салық төлеушіге - салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТН) беріледі. Аймақтық салық мекемелері салық төлеушінің барлық берілетін құжаттарында салық төлеушінің тіркелу нөмірін көрсетеді.
Салықтық қажеттіліктер туындаған кезде СТН беріледі. Салық төлеушінің көшуі және тұратын жері өзгеруі кезінде, салық мекемесін жаңа тұрғылықты жері жөнінде хабарлап тіркеледі, бірақ СТН өзгермейді. Егер де салық төлеуші қабылдану салық мекемесінде тіркелген болса, салық мекемесінде тіркелу жөнінде тексеру өткізіледі. СТН берілу жөнінде салық мекемелері жауапты болады.
СТН барлық салық қатынастарында қолданылады және бүл салықтық декларацияда көрсетіледі, есептік және басқа да құжаттарда қолданылады. Банкілік төлем кұжаттарында СТН міндетті түрде көрсетіледі, СТН төлеуші мен қабылдаушының қосқанда.
Салық есебіне салық төлеушінің тіркелуі және алынуы Мемлекеттік Кіріс Министрлігімен шешіледі.
Тіркелу жерінде салық мекемесінде ( ауылдарда, аймақтық салық Комитеттерінде) СТН берілген кезде әр салық төлеушіге жеке есеп шот (лицевой счет) ашылады.
Жеке есеп шотта көрсетіледі:
салық төлеушінің аты - жөні;
мекен - жайы, СТН;
толық есебі және басқа да көрсеткіштер.
Мекемелерден, салық төлемдері әртүрлі бюджет тэжірибелеріне топтастырылады, эр топқа жеке есеп шот ашылады. Қолда есепте жеке есеп шот карточка түрінде көрсетіледі, ПЭЕМ-ді қолдануында компьютер жадында таблица түрінде сақталады.
Өз уақытында және құжаттар хронологиялық тәртіппен өткізіліп жеке есеп шотта жазылуы керек. Жеке есеп шот толтырылу уақытында қүжаттар қүрамында барлық мінездемелік қарыздарға назар аударылады (салық, өсімпүл, айыппүл санкциясы, төлем мерзімі және басқа да мәліметтер, есеп сүрақтарымен байланысқан және салық төлеу түрлері).
Жеке түлға, бюджетке төленетін төлем кездері (қайда жұмыс істеді) және де СТН және жүмыс орнының салық қызметіне жеке есеп шотынын болуы.
Салық төлеуші, төмендегідей өнін өңдеу түрлерін келесі аймақтық салық төлеу мекемелеріне міндетті түрде тіркелуі қажет:
І. Көтерме және жеке жанар-жағармай сату (ұшақтарға пайдаланылатыннан басқа) дизельдік жағармай.
2. Өңдеу және ішімдік өнімдерінен қамтамасыз ету.
З. Шыны ыдыстарының қабылдануы.
4. Мекемеге, лотерея ойындарының өткізілуі.
5. 0йын сауық ісі.
Лицензия беретін бөлімшелер, лицензия берілгеннен кейін үш күн аралығында аймақтық комитетке лицензия қабылданушыға берілгені жөнінде ескертуі қажет.
Салық бөлімдері салық жинауын санақ және байланыс арқылы қамтамасыз етеді, салық төлеушіге ескеру қағазы берілуі, құжатты жазылу түрінде және ел таңбасы бар мөрі болуы керек. Құжат берілді деп саналады егер, мекен-жайына жеткізілген болса және пошта арқылы жіберілсе.
Хабарбар ету - жазбаша түрде салық органы мен салық төлеушінің мекен - жайына жіберіледі. Жиналған салық сомасы туралы хабардар ету келесі көрсеткіштерді өзіне қосады.
салық төлеушінің аты - жөні;
РНН;
хабарламаның тіркелу күні мен нөмірі;
төлеу жері;
салық сомасы;
салық төлеу талаптары;
арыз жасау тэртібі мен күні.
Хабарлама 2 дана түрінде жазылады, бастығының аты - жөні жазылып, мөр басылып бастығының қолы қойылады. 1 данасы салық төлеушісіне, ал 2 - сі салық комитетінде қалдырылады.
Қазақстан Республикасы конституциясының 35 статьясы бойынша бюджетке төленетін салықтық төлеу және басқа да төлемдерді салық төлеушілерінің міндетті төлемдері болып табылады.
Салық төлеушісінің салық заңдылықтарын бұзғаны үшін жауаптылығы салық кодексіне негізделеді. Салық заңдылықтарын бұзу басқа заңдылық бұзушылықтар мен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар.
Заң бұзушылықтарды келесідей топтастыруға болады:
Кірістерді жасыру
Кіріс және шығыс заңдылықтарын бұзу
Салықтың толық төленбеуі, кіріс сомасын жасыру
Салық төлеу құжаттарын көрсетпеу немесе дер кезінде көрсетпеу
Лицензиясыз, есепке тіркелусіз кәсіпкерлікті жүргізу
Заңды бұзу
Бухгалтерлік және салықтық есепте жасыру жұмыстары
Есепке тұру мерзімін бұзу
Салықтық қарызды қайтару мерзімі 2 топқа бөлінеді:
1. Бюджетке төленетін салықтық және басқа да төлемдерді өз бетінше төлеу
2.Бюджетке төленетін салықтық және басқа да төлемдерді қысым жасау арқылы төлеу
Салықтық қарызды өтеудің 1 - ші тобына келесіне жатқызуға болады:
салық төлеушіні хабардар ету;
төлеу мерзімін созу, салым санкцияларын қолдану;
салық органының шешімін қайта қарау.
Салық төлеушісін хабардар ету салық инспекторымен жүзеге асырылады және ол келесі мақсаттарды көздейді:
жиналған салық сомалары туралы хабарлама қағаз беру;
салық төлеушісінің келісімін тексеру;
қарыздар тұлғалардың келісімін тексеру;
шешімнің банкке жіберілуі;
салық органының бастығына өтініш жазу арықлы салықты төлеу мерзімін созу.
Хабарлама қағаз 2 дана бойынша жүргізіледі. Онда төленбеген салық сомасы көрсетіліп, сонымен қатар төлеу мерзімі қатаң көрсетіледі.
Хабарлама қағазындағы барлық соманың дүрыстығын тексеру тиіс. Салық инспекторы бухгалтерлік құжаттарды тексеріп, бір шешімге келулері керек.
Осы тексеруден кейін салық органдары салық төлеушінің түсінбеген салық салық сомаларын есетен шығаруы үшін банкке шешімін жібереді. Ол шешім 3-4 дана етіп жазылып банкке жіберіледі. 1 - ші және соңғы даналарға комитет бастығының қолы қойылады. 1-ші дана салық төлеушісіне қызмет көрсету үшін банкте қалдырылады. 2-ші данасы салық органына қызмет көрсететін банкке жіберіледі. 3-сі салық төлеушінің өзіне, ал 4-ші дана банктің шешімімен салық органдарына қайтарылады.
Бұл шешім «инкассалық төлемдерді тіркеу» журналында тіркеледі. Бұл журналда тіркеу нөмірлері және инкассалық төлем жасалғаны жазылып отырады.
Жеке және заңды тұлғаларға салық құжаттары 2 ыңғайлы түрде табыс етуге болады:
салық төлеушісіне жеке ұсынылғанда;
мекен- жайына поштамен жіберілгенде.
Кез - келген хабарлама қағазда салық бастығының аты-жөні, қолы қойылып, мөр басылуы міндетті. Осы құжаттармен салық қарызының төлеу мерзімі белгіленеді.
Салықтық қарызды өтеудің 2-ші тобына келесіне жатқызуға болады:
1. Егер салық төлеуші өз бетінше қарызды өтемеген жағдайда салық органдары банктің есебімен қарызды алуы мүмкін.
Салық комитеті салық төлеушінің мүлкіне шектеу қояды.
Экспорттық операцияларды тоқтату.
Егер салық төлеуші 5 күн ішінде қаразын өтемеген жағдайда осы шартқа келіскен деп танылады.
Салық комитетіндегі әрбір қызметкерге салық төлеушінің тізімі беріліп отырады. Ол салық төлеушісіне хабарласып не телефон соғып қарыз есебін түсіну керек және оған қойылатын талаптарды ескеруі керек.
Салық комитеті салым мен өсмі белгілеп отыруға құқы бар, 2002 жылдың 1 қаңтарындағы мемлекет алдында қарызды өтеу келесі түрде жүзеге асырылады:
жиналған өсім;
жиналмаған салымдар;
салық сомасы.
Осылайша, салық органы мемлекет атынан әкімшілік шараларды қолданады.
