Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіби психология дәріст.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.08 Кб
Скачать
  1. Кәсіптің психологиялық басқарушылары туралы түсінік.

  2. Кәсіпкердің өзіндік сана-сезімі.

  3. Еңбек әрекетіндегі тұлғаның кәсіби қалыптасуы

Еңбек алдамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылады. Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді. Еңбек жұмыс атқаратын органдар-бас пен қолдыжетілдірді. Адамның қолы сан-салалы әрі өте нәзік еңбек операцияларының арқасында өз дамуының шыңына жетті. Адам vbs анатомиялық тұрғысынан гөрі ойлау жағынан әбден жетілді, өйткені еңбек адамның алдына нақ осы, еңбекте шешілуге тиісті проблемаларды үнемі қойыпкелді. Ойлау қабілеті қалыптасты, ал ол өз тарапынан еңбектің одан әрі жетілдіре түсуіне жағдай туғызды. Еңбек – адамның нағыз адамға айналысуындағы шарттардың бірі. Тек еңбек әрекетінің арқасында ғана адам – саналы адам сатысына көтерілді. Эволюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, заттық әрекетінің мәнін шынайы түсінетін болды, дүниені өзгерту дәрежесіне қол жеткізді. Қарапайым еңбек құралдарын жасап, оны қолдану, сақтау әрекетінің арқасында адам тіршілік ортасына тәкелді болатыны бірсыпыра жағдайлардан құтылады, өзін сол ортаның иесі ретінде сезінетін деңгейге көтерілді. өздері жасаған құралдармен әр алуан әрекеттерді жасайтын болды. Бұл адамдар қауымдастығының жануарлар тобынан ерекшеленетінең басты сапалық айырмашылықтарының бірі.

Еңбек қоғам өмірі мен адамның жан-жақты әрі жарасымды дамуының қажетті шарты, жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру жолы. Сондықтан ақыл-ой мен дене тәрбиесін қатар дамыту үшін техникалық білім беруге ерекше рөл жүктеледі немесе өндіріс процесінің негізгі принциптерімен таныстыру, сонымен бірге балаға немесе жас өспірімге өндірістің қарапайым құрал жабдықтары жөнінде жалпы дағды беріледі. Ал өмірге ынталандыратын қажетті ерекше маңызын барлық тарихи дәуірлер орнықтырды. Ондағы өзгерістер мен қажеттіліктің сипаты қоғам дамуының нақты тарихи жағдайына тәуелді болды.

Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде, ең алдымен жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Ғылым, өнер, мәдениет қоғамдық сананы құрайды. Сана обьективтік болмыс жайында қорытылған біліменн ғана емес, сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастарды интеллетуалды бағалау арқылы және эмооционалды сипатта болуы мүмкін.

Сананың аса маңыды қасиеті, оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің қана сыртқа білімді емес, өзін білуді де қамтамасыз етеді. Cана өзіндік сана сезім түрінде де көрініс табады. Жоғарғы класс оқушыларын қоғамдық пайдалы еңбекке тартудың жаңа формасы – студенттік отрядтар үлгісімен жоғарғы класс оқушыларын еңбек отрядтарын құру. Мұндай отрядтар жыл бойы жұмыс істей алады. Класс жетекшісі оқушылар комитетімен бірлесе отырып, кәсіпорынмен шарт жасайды. Арнайы график бойынша оқушылар жұмыс орнына немесе мектепке келіп жұмыс істейді.

Еңбек психологиясының негізгі міндеттері – бұл еңбек гуманизациясы және оның жоғарылауы болып табылады. Осы тапсырмаларды шешу үшін техникалық, технологиялық, санитар – гигиеналық, организация, мераприятиялары болып табылады осы барлық мероприятиялар еңбек психологиясының мекемелеріне кіреді. Бұл әдіс еңбек етудің бағасын, диагностикалық, әлеуметтік стуктуралық, коллективтағы психологиялық климаты, адамның методтарды өзін бағалауы.

Қолданбалы психологиясының теориялық іргетасы келесі ғылыми проблемалар:

  1. Адамның және оның профессия гармонияларын оқу. Яғни сондағы заңдардың пайда болуы динамикалық тепе- теңдік « еңбек психологиясының субъектісі – қоршаған орта профессиясы »

  2. Индивидтің және жеке тұлға профессианалды динамикасын, структурасын оқуда

  3. Құрылымдық, экстремалды жағдайлар және динамикалық құрылымдар.

  4. Еңбек етудегі структуралар мотивтер, және осы структураны жөндеу.

  5. Еңбек етудегі адамның динамикалық жағдайы.

  6. Индивидтің жеке тұлғамен байланысты, фактордың жағдайы, драматикалық еңбек психологиясы қысқада және толық тарихы. Онда көптеген проблемалар еңбек психологиясында өсті

Еңбек психологиясының субьектісі – белгілі бір обьектіге бағытталған белсенділіктің қайнар күші – индивид немесе әлеуметік топ, обьектісі – нақтылы ұйымдасқан еңбек әрекеті, құралдары, еңбектің мақсаты мен міндеттері, жұмысты орындау ережелері. Еңбек психологиясының жалпы әдістері еңбек субьектісін әдістер мәселесі өте күрделі және олар өндірістік жаңа білімдермен герменевтикалық әдіске негізделуге ұмтылуда.

Кәсіптік қабілет кәсіптік біліктіліктің түрде жүруін психологиялық процестермен қадағалау арқылы ерекшеленеді. Қабілеттілікке байланысты мамандар мынадай шеберлікті қалыптастыра білу қажет:

  • Коммуникативтік-адамдармен араласа білу;

  • Перцептивті-кәсіптік интуиция, эмпатия, рефлексия;

  • Тұлғалық динамизмі – еркін әрекет жасау қабілеттілігі және логикалық түрде шешімқабылдау;

  • Эмоционалды тұрақтылық-өзін басқару қабілеті;

  • Оптимистік түрде бақылау;

  • Креативтілік-шығармашылық қабілет

Психология ғылымында пәнге деген ықылас таңдап алу және танып –білу түрінде қарастыраылады. Ықыластың қайнар көзі қоғамдық өмірде жатыр. Адамға ықылас болып көрінетініннің бәрі обьективті шындықтан алынған. Оқушының ынта ықыласы шындық өсмір жағдайында қалыптасуыкерек. өзінің бағыты жағынан оқушының ықыласы әртүрлі болады: көркем, спорттық, техникалық, танымдық т.б. егер оқушы белгілі бір іс-әрекетпен ұдайы шұғылданса, онда ықылас белгілі бір пәнге ауыса, онда бейім белгілі бір әрекетпен айналысуға деген бағытты білдіреді. Бейім сол әрекетті сәтті орындағанда, жақсы эмоциямен қабылдағанда ғана байқалады.

7- Дәріс

Тақырыбы: Кәсіп субьектісінің кәсіби даму кезеңдері

Сұрақтары:

  1. Кәсіп субъектісі және оның құрлымы.

  2. Еңбек субъектісінің кәсіпке дейінгі дамуы.

  3. Д. Эльконин, Эриксон, Е.А. Климов көзқарастары

  4. Кәсіптік бағдар жұмысын бассқарудың мақсаттары мен міндеттері.

Еңбек субьектісінің кәсіби даму деңгейін анықтау өте жауапты және күрделі мәселе. Субьектінің кәсіби дамуын дайындық процесі кезінде болашақ маманның кәсіптік міндеттерді шешуге арналған арнайы білім алады. Оларда кәсіптік іс-әрекет қасиеттерінің іскерлігі мен дағдылары дамиды. Кейбір мамандыққа қажетті қасиеттер арнайы дайындық пен кәсіби біліктікті жетілдіру мен қалыптастыру негізінде қалыптасады. Кәсіптік дайындық негізінде келесі параметрлер қалыптасады:

-Жеке тұлғалық қатынас

-Іс-әрекеттің еңбектік және кәсіптік мотиві

-Еңбектік ұстаным

-Өзіндік баға

-Талаптану деңгейі

Қазіргі психология ғылымында еңбек субъектісі индивид пен жеке тұлғаның қасиеттерінің жиынтығы ретінде танылады. индивидтің жекелей қасиеттері дегенде сыртқы, биологиялық және әлеуметтік орта жағдайларына байланысты адамның дербес даму кезіндегі түрленген қасиеттері туралы айтылады. Сонымен қатар, адамның табиғи қасиеттері оның жеке тұлғалық және еңбек субъектісі ретіндегі қасиеттерін есепке алып, индивид ретіндегі қызмет ететін қасиет-сапаларын зерттеу қажет, осылайша жеке тұлғаның құрылымы индивид құрылымын өзіне қосады екен. Осыдан барып, кәсіби маңызды қасиеттер туралы сөз болғанда, жеке тұлғаның дербес – психологиялық қасиеттері және жеке тұлғаның қатынастары туралы айтады.

Жеке тұлғаның сенсорлық, перцептивтік, аттенциялық, психомоторлық, мнемикалық, ойлау, сөйлеу, эмоционалдық, еріктік қасиеттерін дербес-психологиялық деп атайды. Жеке тұлғаның қатынастарына жататын факторлар мыналар: адамның өз-өзіне деген қатынасы (өзін-өзі бағалауы), өзгелерге, таныстарға және таныс емес адамдарға, достарға, жұмыс бойынша жолдастарына, ата-анасына, отбасының басқа да мүшелеріне т.б. деген қатынасы; еңбекке, өзінің кәсібіне, мамандығына, белгілі бір кәсіби міндеттерге қатынасы, материалды құндылықтар мен қоғамдық меншікке қатынасы, қоғамның идеологиялық құндылықтарына, заңдар мен ережелерге, болашаққа, сәтсіздіктерге, барлық жаңа нәрселерге, алуан түрлі өзгерістерге және т.б. деген қатынасы. Бұндай қатынастар жеке тұлғаның позициясын анықтайды, ол оның статусының субъективті, іскерлік жағын көрсетеді. Жеке тұлғаның қатынастары, мотивтері, бағдарлары мен құндылықтық бағдарлар жүйесі оның кіші топтп, ұжымда және жалпы қоғамда атқаратын рөлдің – қоғамдық функциялардың белгілі бір кешенінде жүзеге асырылады.

Жеке тұлғаның құрылымдық қасиеттеріне оның темпераменті жатады. Б.Г. Ананьев ойынша, жеке тұлғаның құрылымы дегеніміз – қасиеттердің толықтай құралуы мен белгілі бір ұйымдасуын атайды. Бұның қызмет етуі жеке тұлғаның құрылымының құрамдас бөліктері болып табылатын алуан түрлі қасиеттердің өзара іс-қимылдары арқылы ғана мүмкін. Жеке тұлғаның әр түрлі деңгейлері мен даму жақтарына жататын құрамдас бөліктерді зерттеу олардың арасындағы алуан түрлі өзара байланыстарды зерттеумен міндетті түрде тіркеседі.

Кәсіби маңызды қасиеттердің әрқайсысын қарастыра отыра, біз ең алдымен бұл қасиеттің қаншалықты тұрақты екендігі, оқу мен кәсіби қызмет кезіндегі оның қаншалықты дамуы мен компенсацияға берілетіні туралы сұрақтарға жауап беруіміз керек. Белгілі бір қасиеттің қандай кәсіби міндеттермен байланысының маңызын, оның дербес айырмашылықтарының диапазонының қандай екендігін, және, ақыры, берілген қасиеттің қызмет етіп жүрген жеке тұлғаның құрылымына қалай қосылатынын түсіну маңызды және қызықты. Қазіргі кезде бұл сұрақтардың барлығын еңбек психологиясы ғылымы әлі де шеше алмай жатыр, алайда олардың көбіне деген жауабын біз біздің психологтар еңбегінде тауып жатырмыз. Мектептерде оқушылардың тез арада әлеуметтік жағынана дамуына жағдай жасау және мамандық таңдау маңызды мәселеге жауапкерлікті қалыптастыру керек. Кәсіптік бағдар беру жұмысын жетілдіру, бұл жүйені мемлекеттік тұрғыда мен және жоғарғы оқу орындарында арнайы кадрлар даярлаумен тығыз байланысты. Тәрбие жұмысының сапасын көтеру мақсатында (оның ішінде кәсіптік бағдар беру жұмысын да) кластан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыругшы, техникалық творчество үйірмелері жетекшілерінің қызеттері енгізіледі. Мұғалімдерге еңбек оқуын. Кәсіптік бағдар мен оқушылардың өнімді еңбегін ұйымдастырғаны үшін қосымша ақы төлей басталғалы бері кәсіптік бағдар беру жұмысы жаңа сапалық өзгерістер ұшырады.

Жастарға кәсіптік бағдар беруді басқару мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай шешу үшін идеалы саяси, еңбек және адамгершілік тәрбиесінің тығыз бірлігін қамтамасыз ету қажет. Басқарудың кез келген процесі екі жақты болады, ол басқару жүйесімен басқарушының өзара әрекетін айқындайды. өз мүмкіндігімен ортаның жағдайына қарай оқушының мамандық таңдауға көз қарасын қалыптастыру ісінде педагогикалық ұжым зор ықпал етеді. Жасөспірім мақсат-мүддесіне, кәсіп таңдауына басшылық жасап, бағыт-бағдар беріп отырған жөн. Осыған байланысты жастарға кәсіптік бағдар беру процесі өзара байланысты екі жүйеден басқарушы және басқарылатын жүйелерден тұрады. Кәсіптік бағдар берудің қорытындысы оқушылардың мамандық жағынан айқындалуы болып табылады.

8- Дәріс

Тақырыбы: Кәсіптің психологиялық мазмұны.

Сұрақтары: