Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіби психология дәріст.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.08 Кб
Скачать
  1. Кәсіп субьектісінің сыртқы құрылымы

  2. Кәсіп субьектісінің ішкі құрылымы: мотивациялық, когнитивті, эмоционалды-ерікті көрсеткіштері.

Кәсіп қоғам өмірі мен адамның жан-жақты әрі жарасымды дамуының қажетті шарты, жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру жолы. Сондықтан ақыл-ой мен дене тәрбиесін қатар дамыту үшін техникалық білім беруге ерекше рөл жүктеледі немесе өндіріс процесінің негізгі принциптерімен таныстыру, сонымен бірге балаға немесе жас өспірімге өндірістің қарапайым құрал жабдықтары жөнінде жалпы дағды беріледі. Ал өмірге ынталандыратын қажетті ерекше маңызын барлық тарихи дәуірлер орнықтырды. Ондағы өзгерістер мен қажеттіліктің сипаты қоғам дамуының нақты тарихи жағдайына тәуелді болды. Ол таптық антигоманизмнен кейін еңбектің әлеументтік жіктелуіне байланысты біркелкі дамымады. Мысалы: ерте заманда құл иеленуші тап бүкіл рухани өмірді – философияны, саясатты, математиканы, өнерді иемденіп алды.

Қоғамның қазіргі дамуында еңбек, ең алдымен, жалпыға бірдегейлігімен, қоғамдық сипатымен, өзі үшін және тұтас қоғам үшін еңбек етудің табиғи ұштасуымен, қоғамдық еңбекті бөлудің түрімен – еңбекке ынталандырудың, еңбектің саны мен сапасына негізделіп бөлетін, еңбекке моральдық ынталығын арттыруды, материалдық мүдделілік принципіменұштастыруғ амүмкіндік беретін.

Жас адамның кәсіптік және әлеуметтік қалыптасуында еңбектің шешуші рөлі материалдық өндіріс саласы мен еңбектің қоғамдық табиғатынан бастау алады. Тәрбиелі сипатын көрсете отырып, еңбек әрекетін білу, арласу, бағалау қажетін туғызады. Еңбек адамдар арасында алуан қырлы қарым-қатынасты дамытуға жол ашады. Құқық шаруашылықтың күрделі жүйесі, өндіргіш күштердің үздіксіз дамуы, тегін кәсіптік оқу, білікті арттыру, жаңа кәсіптік білім алу, кәсіптік бағдар беру жүйесі, еңбекке орналастыру арқылы жүзеге асады. Осындай жағдайларға байланысты жастарға кәсіптік бағдар берудің әлеуметтік-экономикалық маңызы арта түседі, атап айтқанда:

  • Елімізде өз ісін білетін және оны сүйетін кадрларға халық шаруашылығының қажеттілігі арта береді.

  • Кәсіптік жолды таңдаған адамдардың рухани мұқтажы мен ынталануы кеңейеді

  • «еңбек жасына» толған жастар – еліміздің халық шаруашылығын жұмысшы күшімен қамтамасыз етудің негізгі қайнар көзі болады. Елдің еңбек ресурстары балансының шиеленісуі өседі

  • Халық шаруашылығының бірқатар саласының дамуында кадрлардың тұрақтамауы артады

  • Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы нәтижесінде еңбектің күрделіліг артып, тек жалпы білім мен соған сәйкес даярлықты ғана емес, жұмыскерліктің ерекше психологиялық-физиологиялық деңгейін, жоғары біліктілігін талап ететін жаңа кәсіп түрлері пайда болады

  • Бірсыпыра өнеркәсіп салалары ауыл шаруашылығын жас кадрлар есебінен толықтырылу қарқынының шұғыл төмендеуіне байланысты кәсіптер, салалар мен территориялар арасындағы еңбек ресурстарын тиімді бөлу қажеттігі күшейеді.

Дамыған қоғам жайындағы жастарға кәсіптік бағдар беретін мамандардың жауапкершілігі артады. Олар жігіттер мен қыздардың жан дүниесін түсіне білетін, теориялық және практикалық даярлау жөніндегі жоғары талап деңгейінде болуға тиіс.

5- Дәріс

Тақырыбы: Еңбек субьектісінің ішкі құрылымы

Сұрақтары: