Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіби психология дәріст.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.08 Кб
Скачать
  1. «Идеалды эмпирикалық обьект» ретіндегі еңбек орны және кәсібі

  2. Кәсіп обьектісі және оның негізгі түрлері

  3. Кәсіптегі жұмыс орны динамикалық компонент ретінде

Мамандық, еңбек және жұмыс орны сияқты күрделі әлеуметтік феномендерді зерттей келе, оларды бір бірінен абстрактілеуге және өзінің жиынтығына байланысты басқа қасиеттер мағынасымен екпіндеуге болады. Басқа сөзбен айтқанда еңбек психологиясы ғылыми пән ретінде «еңбек посты немесе орны» және «профессия-мамандық» феномені, теориялық обьектілер арқылы көрінетін жиынтықтар арқасында, орындалатын мәндер қасиетінің атрибуттары ретінде көрінеді. Кеңес дәуіріндегі еңбек психологиясында 80-шы жылдардың соңында профессия-мамандықтың мәні мен еңбек орны қайта құрылды. Е.А.Климовтың пікірі бойынша негізгі түсініктің компонентін сипаттаушы кәсіби еңбек іс-әрекеті «еңбек посты немесе еңбек орны» болып табылады.

Еңбек орны өзінің әртүрлі қасиеттерінің жиынтығына қатысты келесідей болады:

  1. еңбек нәтижесіне және әлеуметтік міндеттелген мақсаттарға қатысты;

  2. міндеттелген пән (заттық, ақпараттық, әлеуметтік, биологиялық-өндірілген материалдар, обьектілер, процесстер);

  3. еңбек құралдарының жүйесі;

  4. кәсіби қызметтік міндеттердің жүйесі (міндеттелген еңбек қызметі);

  5. жұмысшының құқық жүйесі;

  6. өндірістік орта (еңбектің заттық және әлеуметтік шарттары).

Еңбек орнының жеті атрибуттарын көрсетуге болады:

  1. әлеуметтік міндеттелген мақсаттар;

  2. еңбек өндірушісінің өнімі мен шарттарының көріну нәтижесі;

  3. міндеттелген зат (өндірілген материалдар,обьектілер, процесстер);

  4. еңбек құралы;

  5. қызметтік міндеттері (міндеттелген еңбек қызметі);

  6. жұмысшының құқығы;

  7. өндірістік орта (еңбектің заттық және әлеуметтік шарттары).

Әлеуметтік міндеттелген мақсаттар мен еңбек нәтижесінің көрінісі жұмысқа сәйкес құжаттық үлгі тізімделуі арқылы бекітіледі. Еңбек пәні адамдардағы практикалық және ойша еңбек орнын анықтайтын процесстер көрінісі, обьект қатынастары мен қасиеттердің жүйесі болып табылады. Еңбек пәні мен шығарылатын материалдар кәсіби дәстүрлі құжаттары мен өндіріс материалдарына байланысты бекітіледі. Еңбек пәнінің жағдайлық тобына тура жағдайлары (мысалға, көлік жүргізушінің жол жағдайлары) жатуы мүмкін. Еңбек пәні қызметтік жүйе жағдайлары болуы мүмкін. Мысалы: тәрибеші үшін- баланы тәрбиелеу қызметінің жағдайы, тренер үшін-организм жағдайы, спортсменнің арнайы дайындығы мен жаттықтырылуы; жетекшіге-еңбек коллективінің әлеуметтік-психологиялық кәсіби даму жағдайы, дәрігер үшін- адам денінің саулығы.

Еңбек құралы -адамдардың еңбек пәніне, оның мақсаттарына сәйкес әрекет етуіне қатысты болып табылатын обьективті шындық. Педагог, жетекші, мемлекеттік қызметкер, жалпы «адам-адам», «адам-әлеуметтік топ» барлық кәсіби типтегілерге еңбек құралының сапасы ретінде техникалық құралдар, технология үлгілері, эталондары, әдістемелік жетекшілік, сонымен қатар, жалпы организм және еңбек субьектісінің жеке органдары жатады. Еңбек құралын Е.А.Климов сыртқы (обьект қалыптасуына қатысты) және ішкі (психикалық іс-әрекеттің ерекшеліктері) деп екіге бөледі. Олардың жалпы классификациялары төменде келтірілген:

Еңбек құралдары-жабдықтары мен заттық құралдары:

- Ақпаратты қабылдау, алу құралдары (ақпараттарды шарттық сигналдар түрінде, суреттер түрінде беретін приборлар ).

- Ақпаратты өңдеу құралдары.

- Ақпаратты жеткізу құралдары.

- Биологиялық, технологиялық, белгі жүйелерінде, көркем-өнер жүйесінде (еңбек қол өнер құралы, қолмен басқарылатын машиналар, автоматтандырылған және автоматтық жүйелер) практикалық әрекетті орындаушы құралдар.

Сыртқы қызметтік еңбек құралы:

- Адамның сөзі мен мәнерлі мінез-құлық құралы (жетекші, мемлекеттік қызметкер, педагог, актер,радио және тележүргізуші жұмысында) .

- Адам организмі (тренер, балет, цирк артистті ).

- Адамдарды құраустырушы топтар (жетекші, дирижер, режиссер жұмысында).

Ішкі қызметтік еңбек құралы:

- , шеберлік, дағды.

- Үлгілер, мақсаттар, іс-әрекет нәтижесіне көрінісі.

- Еңбек мотивтері

- Тұлғалық және дербес ерекшеліктері, үлкен тұлғалық және кәсіби потенциалдары.

Е.А.Климов көрсеткендей өндірістік орта эргатикалық жүйе ретінде қаралады. Оның негізгі орта компоненттеріне мыналар қатысады:

  1. Өмірлік, еңбектің саниатарлық-гигиеналық шарттары (температура, ылғалдық, қысым, шаршаудың әртүрлі түрі, күштік кеңістік, шаң, шу, дабыл, ультродыбыстар, улы заттардың жиынтығы, агрессиялық заттар, инфекциялар негізі, травматизмның болуы, экстремальды факторлардың көрінуі).

  2. Еңбектің әлеуметтік шарты. Адам субьект ретінде іс-әрекетке қатысты белсенді және интенсивті тұлғааралық қатынаста болады. Соңғысы фонның мағыналық шарттары ретінде ғана емсе, сонымен қатар психикалық және соматикалық бұзылыстардың факторы болады. Бұл психикалық микроклиматты қалыптастырушы үлкен топтық шарттар. Еңбек психологиясының тарихында уақыт өте келе бұл топтар арнайы зерттеу тақырыбы болады. XX-шы ғасырдың ортасында олар формальды емес құрылымдық ұйым ретінде қаралады. Біздің зерттеуімізде адамдардың белсенді ұйымы еңбек пен жұмыс орнының құрылымдық шарттарда іс-әрекеттің психологиялық кеңістігі деп аталды.

  3. Өндіріс технологиялары.

  4. Корпоративтік мәдениет.

Еңбек субьектісінің міндетті жүйесіне еңбек орнын сипаттаушы еңбек етушінің белсенділік формасы мен талаптары жатады. Еңбек қызметі түсінігіне – адамдардың белсенділігіне қатысты барлық процесстер, еңбек міндеттері мен мақсаттары кіреді, ал қызметтік міндеттердің астарында - нормативтік құжаттардағы еңбек қызметінің көріністері жатыр. Жұмысшы құқығының жүйесі - кәсіби міндеттерді шешу әдістері мен жұмысшының кеңістіктегі бостандықты таңдау құралы, сонымен қатар басқа түрдің іс-әрекетінен оның тұлғасын сақтау деңгейі. Конфликтердің болуы өкінішке орай жұмысшының құқықтық жүйесінің міндеттерінің байсалды нәтижесінен алынады.

Профессия, кәсіп (латын тіл. profession- «оглашать», «көпшілік алдында сөйлеу»)- «адамдарда болуға керекті дағдылар мен білімдер, кәсіби маңызды сапалардың дамуы мен арнайы қабілеттердің болуы, еңбек іс-әрекетінің тарихи қалыптасқан формасы»- еңбек орнының шегіне шығатын әлеуметтік феномен ретінде, өзіне сапалық компоненттерді қосады.

Е.А.Климов бойынша кәсіп феномені төрт негізігі мағынада келтірілген және олар негізгі әлеуметтік қатынастар аспектісі немесе оның төрт компоненті. Оны 1980 жылдың ортасындағы жалпы хронотоп ретінде қарастырады:

1) Күш мазмұнының аймағы, адам еңбек субьектісі ретінде еңбек іс-әрекетінің шектелген түрі (еңбектің тарихи жіктелуі негізінде).

2) Адамдардың ортақтығы, берілген еңбек қызметін орындаушы, жарамды қоғамдық мінездің болуы.

3) Дайындық (білімі, шеберлігі, дағдылары, квалификациясы) арқасында адамның еңбек қызметіне сәйкес қабілеттілігі.

  1. Іс-әрекет профессионалды процесс ретінде, кәсіпкердің еңбек қызметін орындауындағы шыңдалуы.

Профессияның эволюциялық аспектілеріне екпіндік мән беріледі:

  1. адам еңбек субьектісі ретінде күш мазмұнының аймағында,

  2. адамдардың ортақтығы,

  3. іс-әрекет және тұлғаның көріну аймағы,

  4. тарихи дамушы жүй

  5. субьектінің шығармашылық қызметінің шындығы.

Е.А.Климов пен Н.С.Пряжников кәсіптің негізі сипаттамаларын былайша көрсетеді:

  1. Еңбек іс-әрекетінің шектелеген түрі (еңбектің тарихи жіктелуі).

  2. Қоғамдық пайдалы іс-әрекет.

  3. Арнайы дайындықты пайымдайтын іс-әрекет.

  4. Анықталған марапаттауды орындаудағы іс-әрекет, адамдардың мүмкіндіктерін беретін қанағаттану, оның көпжақты даму шарттарына қажетті моральдық және материалдық қажеттіліктері.

  5. Адамға қоғамдық және анықталған әлеуметтік мәртебе беретін іс-әрекеті (адамның негізгі қызметі, өзекті визит карточкасы ретінде көпшілік кәсіптерге қатысты: қызметі, еңбек ету мезімі мен ұзақтығы, квалификациясы, кәсіби жоғарлауы, басынан өткен экстремальды жағдайлары) көп жағдайда «Мен»-концепциясымен қалыптасады.

  6. Психологиялық мінездеме ретінде таңдаған мамандығына қатынасы.

Э.Ф.Зеер кәсіптің кәсіби компетенттілік, кәсіби автономия, топтық нормалар мен құндылықтар, өзін-өзі бақылау сияқты айырмашылық қасиеттерін көрсетеді. А.К.Маркова кәсіптік феноменін келесідей үш аспектіде қарастырады:

1) кәсіп іс-әрекеттің тарихи қалыптасқан және әлеуметтік талаптандырылған

формасы;

2) қоғам пікір бойынша кәсіп - еңбек қызметін орындаушы әлеуметтік бекітілген кәсіби міндеттердің жүйесі, іс-әрекет түрлері мен формалары, тұлғалық ерекшеліктері;

3) нақты тұлғалық пікір бойынша кәсіп - адамның қоғамдық өміріне қатысты іс- әрекеті және өмір сүруіне қажетті материалдық құралдардың негізі.

«Профессия» феноменінің мәнін аша келе, Н.С.Пряжников бірнеше түсініктерді ажыратады:

  • профессия - туысқандық мамандықтардың тобы (дәрігер профессиясы: терапевт, хирург,окулист; мұғалім мамандығы: математика, география, тарих мұғалімі).

  • квалификация- кәсіби шеберліктің деңгейі. ресми бөлімдерде, класстарда, қызметтерде, категорияларды бекітілген формальды квалификацияны ажыратады, ал реальды квалификация - адамдардың көрсете алатын шеберлік деңгейі.

  • қызмет (должность) – кәсіптік көрінуінің обьективті және құжаттық бекітілуі.

А.К.Маркова профессия феноменін: маманның моделі, маман дайындығының моделі, квалификациялық мінездеме деп түсіндірген. Е.А.Климов бұл түсініктерге: мамандық- жеке меншік бөлімшелерге қатысты, адамдардың қалай бос еместігі, олардың не істей алатындығы мен білетіндігін көрсетеді. Қызмет- ұйымда, өндірістік құрылыста еңбек етушінің алатын орны. Э.Ф.Зеер бойынша, профессия- жоғарға мәртебелі кәсіби іс-әрекет түрлерінің мінездемесі.

Еңбек психологиясының субьектісі – белгілі бір обьектіге бағытталған белсенділіктің қайнар күші – индивид немесе әлеуметік топ, обьектісі – нақтылы ұйымдасқан еңбек әрекеті, құралдары, еңбектің мақсаты мен міндеттері, жұмысты орындау ережелері. Адамның еңбек етуі және еңбек барысында қалыптасқан бағалы құндылықтар мен қасиеттер еңбек психологиясының зерттеу объектісі болып табылады. Адамның еңбек етуін зерттеумен қатар адамның іс -әрекетін, биологиялық-әлеуметтік ерекшеліктерін, еңбек физиологиясы мен гигиенасын, терапиялық және профилактикалық маңызын, еңбек экономикасын, еңбек құқығы мен этикасын, еңбек ету теориясын қарастырады. Еңбек психологиясының дамуы және оның пайда болуы археологиялық және тарихи мәліметтермен байланысты. Сондықтан Б.Г. Ананьев әділетті түрде оның дамуына керекті комплекстерді айтты: «Өмір туралы және практика туралы айтқанда оның қажеттіліктерін, толық синтетикалық картинасын білу қажет, бірақ физиологиялық-психологиялық, әлеуметтік картинаны көрсете алмайды». Еңбек психологиясы психологиялық заңдарды, психологиялық процесстерді және олардың жеке тұлға қасиеттерін және еңбекпен қатар физиологиялық және әлеуметтік ортамен байланыстарын қарастырады

Еңбек психологиясының пәні өзінің даму тарихын әлеуметтану саласынан алады. Әлеуметтанудың шығуы американ зерттеушісі Фредерик Уинслоу Тейлордың есімімен байланысты. Ф.Тейлор өндірістік жағдайлардағы адамдарды басқару мәселесінің ғылыми негізін ең алғаш көтерген. Оған дейін техниканы басқару мен фабриканы басқару мәселелері айтылған. Тейлордың эволюциялық қөзқарасты үш кезеңге бөлеміз:

  • ақы төлеу жүйесі – жұмысшының әрекетіне қарай жалақысы сайболуы, негізгі әдісі – жұмыс уақытының хронометражы.

  • жұмыс өнімділігін емес, керісінше, жұмыс әдісін бақылау - өте ауыр жұмысқа максималды жалақы көлемі, өте жеңіл жұмысқа – минималды жалақы көлемі төленуі.

  • «функционалды әкімшілік» жүйесі – басқарудың бір ортаға шоғырлануы.

Тейлор жүйесінің негізгі міндеті - әр жұмысшы жағдайының максималдығын кәсіпкердің максималды түсетін пайдасымен байланыстыру. Тейлор жүйесінің негізгі төрт қағидасы бар:

  • Барлық жұмысшылардың іскерлік пен дағдыларын топтастыру жәнежинақтау;

  • Ғылыми ұстанымдар негізіне сәйкес белгілерді мұқият іріктеу;

  • Жұмысшылар мен әкімшілік жүзеге асыру, мысалы: тез істелген жұмыс үшін күнделікті мен жакапкершілігін тендей етіп бөлу;

Тейлор жүйесі жұмысты ұйымдастыру мен басқарудың тиімді әдістері, қағидалары мен қөзқарасы, тейлоризм әлеуметтік құбылыс, ғылымның алдыңғы жетістіктерін қолдана отырып жоғарғы өнім пайда алу.

70 жылдары АҚШ-та «өмір сапасы» концепциясы пайда болды. Бұл терминді ең алғаш енгізгендер: 50-is жылдары Д.Рисман және Дж. Гелбрейт. Еңбек психологиясы қалыптасуына басқа да көзқарастар, пікірлер, концепциялар ықпал етті, мысалы

  • «Еңбек мотивациясы» концепциясы – Э.Мейо, А.Маслоу еңбек мотивациясын айқындауды былайша ажыратады:

  • Физиологиялық және жыныстық қажеттілік;

  • Экзистенциалдық қажеттілік;

  • әлеуметтік қажеттілік;артық болу қажеттігі;

  • жоғарғы рухани қажеттілік.

  • Д. Макгрерордың «икс теориясы» мен «игрек теориясы» - «икс теориясы» және оны зорлап істету.

«Психотехника» терминін 1903 жылы В.Штерн ұсынған. Психотехниканың негізін салушылардың бірі Г. Мюнстенберг былай жазған: «психотехника- мәдени міндеттерді психологияны практикалық қолдану туралы ілім». ХХ-шы ғасырдың 20 жылдарында ғалымдар психотехниканың үш негізгі мәселесін ажыратқан:

  • Кәсіптік іріктеу мен кәсіптік кеңес беру арқылы сәйкес келетін адамдарды іріктеу;

  • Еңбектің ең жоғарғы өнімділігіне жету;

  • Қалаған психологиялық жетістіктерге жету.

Жұмыс орны динамикалық компонент ретінде

Ғылыми әдебиеттерде еңбек бірлігінің бірі - жұмыс орнына көп мән берімейді.1970-1990 жылдары ол тіпті еңбек психологиясының ғылыми жүйесінде қолданылмады да. Бұл құрылым түсінігінің пәнге енуі келесіден көрінеді:

  • адамның еңбек субьектісі ретіндегі әлеуметтік жеке міндеттері мен эргатикалық потенциал ролінің өсуінің тарихи нәтижесінде;

  • XX-шы ғасыр шегінде адамның еңбек субьектісі ретіндегі мағынасы кеңеюі нәтижесінде;

  • XX-шы ғасырдың екінші жартысында еңбек субьектісінің коллективтегі ролі (жұмыс сменасы, экипаждар, бригадалар), жұмысшылардың тұлғааралық қатынасы мен функционалдық құрылымы, еңбек қызметі реттелуінің мүмкіндіктері өте маңызды болды.

Жұмыс орнының ерекшеліктері басқа еңбек бірліктерімен - профессия және еңбек орны салыстырылады:

  1. нақты өндіріс өнімі мен шарттардың жоғарғы динамикалық технологиясы;

  2. таңдалған уақыт интервалының нақты жұмыс орындағы субьектінің қызметтік міндеттерінің жоғарғы динамикалығы (өзгергіштік, икемдік);

  3. шектелген еңбек іс-әрекетінің спецификасы мен операциялары, еңбектегі жоғарғы квалификациаланған субьектінің міндеттік қызметтері;

  4. табысты ұйымдастырылған факторлердің еңбек субьектісіне маңызды көрінуі (корпоративтік мәдениет, жетекшілік стилі, қызметтік иерархияның деңгейі, ұйымдардың даму стадиялары, психологиялық климат, топтық нормалар, іс-әрекеттің индивидуалды мінезі, серіктестіктің индивидуалды ерекшеліктері);

  5. сырқты орта фактілерінің әсері (тарихи кезеңдер, аймақтардың мәдениеті, елдің әлеуметтік-экономикалық жақтары, демократиялық институттардың дамуы, жұмыс күшінің нарығы, жұмыссыздық деңгейі, мамандықтың артықшылығы);

  6. субьектінің индивидуалды ерекшеліктерінің жоғарғы маңыздылығы (білім алу мен профессионализм деңгейі, еңбек мотивациясы, тұлғаның ерекшеліктері);

  7. еңбек субьектісінің колективтік маңыздылығының өсуі, жұмыс тобының қарым-қатынас ерекшеліктері;

  8. еңбек шарты мен құралдарының кең бейімделу мүмкіндіктері;

  9. еңбек шарты мен құралдырына субьектінің бейімделу формасы мен дербес қалыптасу мүмкіндіктері (іс-әректтің индивидуалды стилінің қалыптасуы, жұмыс тобында қызметтерді реттеу ).

Жұмыс және еңбек орны астарында міндеттелген және шектелеген арнайы шарттар түсінігі жатыр. Жұмыс орны - бұл нақты физикалық, әлеуметтік, психологиялық, этикалық және құқықтық факторлармен анықталатын, субьектінің еңбек іс-әрекетіндегі шынайы кеңістігі. Профессия іс-әрекеттегі әлеуметтік ортаның бірлігі ретінде заңдылықтарды (құқықтарға, міндеттерге, әлеуметтік жеңілдіктерге сәйкес) құрастыруда көрінеді.

Қазіргі психология ғылымында еңбек субъектісі индивид пен жеке тұлғаның қасиеттерінің жиынтығы ретінде танылады. Индивидтің жекелей қасиеттері дегенде сыртқы, биологиялық және әлеуметтік орта жағдайларына байланысты адамның дербес даму кезіндегі түрленген қасиеттері туралы айтылады. Сонымен қатар, адамның табиғи қасиеттері оның жеке тұлғалық және еңбек субъектісі ретіндегі қасиеттерін есепке алып, индивид ретіндегі қызмет ететін қасиет-сапаларын зерттеу қажет, осылайша жеке тұлғаның құрылымы индивид құрылымын өзіне қосады екен. Осыдан барып, кәсіби маңызды қасиеттер туралы сөз болғанда, жеке тұлғаның дербес – психологиялық қасиеттері және жеке тұлғаның қатынастары туралы айтады. Жеке тұлғаның сенсорлық, перцептивтік, аттенциялық, психомоторлық, мнемикалық, ойлау, сөйлеу, эмоционалдық, еріктік қасиеттерін дербес-психологиялық деп атайды. Жеке тұлғаның қатынастарына жататын факторлар мыналар: адамның өз-өзіне деген қатынасы (өзін-өзі бағалауы), өзгелерге, таныстарға және таныс емес адамдарға, достарға, жұмыс бойынша жолдастарына, ата-анасына, отбасының басқа да мүшелеріне т.б. деген қатынасы; еңбекке, өзінің кәсібіне, мамандығына, белгілі бір кәсіби міндеттерге қатынасы, материалды құндылықтар мен қоғамдық меншікке қатынасы, қоғамның идеологиялық құндылықтарына, заңдар мен ережелерге, болашаққа, сәтсіздіктерге, барлық жаңа нәрселерге, алуан түрлі өзгерістерге және т.б. деген қатынасы. Бұндай қатынастар жеке тұлғаның позициясын анықтайды, ол оның статусының субъективті, іскерлік жағын көрсетеді. Жеке тұлғаның қатынастары, мотивтері, бағдарлары мен құндылықтық бағдарлар жүйесі оның кіші топтп, ұжымда және жалпы қоғамда атқаратын рөлдің – қоғамдық функциялардың белгілі бір кешенінде жүзеге асырылады.

Жеке тұлғаның құрылымдық қасиеттеріне оның темпераменті жатады. Б.Г. Ананьев ойынша, жеке тұлғаның құрылымы дегеніміз – қасиеттердің толықтай құралуы мен белгілі бір ұйымдасуын атайды. Бұның қызмет етуі жеке тұлғаның құрылымының құрамдас бөліктері болып табылатын алуан түрлі қасиеттердің өзара іс-қимылдары арқылы ғана мүмкін. Жеке тұлғаның әр түрлі деңгейлері мен даму жақтарына жататын құрамдас бөліктерді зерттеу олардың арасындағы алуан түрлі өзара байланыстарды зерттеумен міндетті түрде тіркеседі

Еңбек адамның нағыз адамға айналысуындағы шарттардың бірі. Тек еңбек әрекетінің арқасында ғана адам – саналы адам сатысына көтерілді. Эволюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, заттық әрекетінің мәнін шынайы түсінетін болды, дүниені өзгерту дәрежесіне қол жеткізді. Қарапайым еңбек құралдарын жасап, оны қолдану, сақтау әрекетінің арқасында адам тіршілік ортасына тәкелді болатыны бірсыпыра жағдайлардан құтылады, өзін сол ортаның иесі ретінде сезінетін деңгейге көтерілді. өздері жасаған құралдармен әр алуан әрекеттерді жасайтын болды. Бұл адамдар қауымдастығының жануарлар тобынан ерекшеленетінең басты сапалық айырмашылықтарының бірі.

Жануарлар кездейсоқ заттарды пайдаланады. Құралдар адамның қимылын, әрекетін дамытты. Құрал арқылы бір ұрпақ келесі ұрпаққа түрлі құрал жасау тәсілдерін, іс – қимылын мұра етіп қалдырды. Адамның әрекеті – еңбек. Қоғамның алғашқы сатысы деңгейінің төмен болуына орай ойлаудың да өресіз болғаныанық. өндіріс құралы күрделенген сайын бейнелеу әрекеті де сол шамада болған.

Қол еңбек әрекеті нәтижесінде қалыптасып түрлі затқа жанасу арқылы әрбір нәрсені нәзік сезіне алатын болды. Сондай –ақ -, қол материалдық дене жөнінде бағалы мағлұматтар да береді. Қол тек еңбек органы ғана емес,сол еңбеектердің жемісі. Оның дамуы адамның бүкіл органдарының дамуына да әсер етеді. Қолдың аса күрделі істерді атқаруға бейімделіп, дамып, жетілуі адамды өз бойын билеп, тік жүру деңгейіне жеткізді. Қолмен істелетін сан адамды өз бойын билеп, тік жүру бақылауымен ұштасып, адамның көру органыныңдамуына әсерін тигізеді. Қол мен көздің бір-біріне сәйкестеніп отыруы адам организмінің бүкіл қимыл-қозғалыстарын реттеп отырады да, оның танымдық өрісін кеңейтеді.

Танымдық сезіну қызметінің өзгеруі бас миының жетіліп, көлемінің арта түсуіне қолайлы жағдай тудырады. Бас миында қолдың әрекеттерін реттейтін орталықтың жасауы адамның психикасы мен әрекетінің барынша күрделеніп отыруына пайдалы әсерін тигізіп, дүниенің сырын неғұрлым терең танып білуге баулиды. Еңбек әрекеті нәтижесінде адамзаттың қоғамдық өмірі пайда болды, қарым-қатынас жасаудың жоғары формасы – адамдардың дыбысты тілі жетіліп, адам сана арқылы жоғары формасы – адамдардың дыбысты тілі жетіліп, адам сана арқылы болмыстың шындығын тепе-тең етіп бейнелей формалары жетіле түсті.

Тарихи даму процесінде екі шешуші фактор – еңбек пен дыбысты тіл арқылы адамзат орасан зор табыстарға жетіп, осы заманғы материалдық және рухани мәдениетті меңгереді. Еңбектің негізгі сипаттамалары:

- мақсатқа бағытталған әрекет;

- еңбектің пәндік сипаты – еңбек табиғатқа әсері;

- еңбектің құралдық сипаты;

- еңбек әрекет ретінде - әрекет формасынан тіршілік формасына айналады, адамның өзін өзгертеді;

- еңбектің қоғамдық сипаты.

Еңбектің екі негізгі формасы бар: «Тірі еңбек» - еңбек әрекеті мен еңбек процесі; «Абстрактілі еңбек». Еңбектің әрекет түрлері мен әртүрлі салаларға қарай тарихи бөлінуі, өндіріс сапасының жоғарылауымен байланысты прогресс жағдайы ретінде қарастырылады.

4- Дәріс

Тақырыбы: Кәсіп субьектісі және оның құрылымы

Жоспары: