- •1.Кәсіби психология пәні, мақсаты мен зерттеу объектісі
- •«Идеалды эмпирикалық обьект» ретіндегі еңбек орны және кәсібі
- •Кәсіп обьектісі және оның негізгі түрлері
- •Кәсіптегі жұмыс орны динамикалық компонент ретінде
- •Кәсіп субьектісінің сыртқы құрылымы
- •Кәсіби іс-әрекеттегі басқарушы және коммуникативті процестер
- •Қабілет және интеллект
- •Адамның еңбек әрекеті
- •Кәсіптің психологиялық басқарушылары туралы түсінік.
- •Кәсіпкердің өзіндік сана-сезімі.
- •Еңбек әрекетіндегі тұлғаның кәсіби қалыптасуы
- •Кәсіп, мамандық, іскерлік, лауазым түсініктері
- •Еңбек постысының құрылымы.
- •Еңбектің заттық және әлеуметтік жағдайлары.
- •Кәсіпті топтастыруды құрастырудың психологиялық белгілері.
- •Кәсіптің көп белгілі және көп деңгейлі психологиялық топтастырылуы
- •Профессиография туралы түсінік.
- •Кәсіптік бағдар беру сабақтарының жүйесі.
- •Профессиографиялық экскурсияларды ұйымдастыру
- •Өндірістік оқыту аймағындағы еңбек психологиясының міндеттері.
- •Аналитикалық әдістер мен іріктеу.
- •Оқыту мен іскерлікті жоғарлату
- •Өнімділік, қабілеттілік түсініктерінің анықтамасы.
- •Өнімділік көрсеткіштері.
- •Адам ағзасындағы жұмысқа қабілеттерінің өзгеруі
- •Еңбек іс-әрекетіндегі адамның функциональды күйі.
- •Психикалық қажу күйі
- •Психикалық қажу мен басқа күйлерді өлшеу әдістері
- •1.Травматизмге байланысты Марбе теориясы.
- •2.Жүйке жүйесі сапасы және травматизм
- •3.Травматизмді анықтайтын психофизиологиялық факторлар
- •3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.
- •4. Студенттің өздік жұмысы
- •5.Студенттердің өз бетінше жұмысы
ДӘРІСТЕР кешені.
№ 1- Дәріс
Тақырыбы: Кәсіби психология пәні және негізгі мәселелері
Сұрақтары:
Кәсіби психология пәні, мақсаты мен зерттеу объектісі
Психологиядағы «іс-әрекет» пен «еңбек» категориялары
Кәсіби психологияның басқа пәндермен байланысы
Қазіргі ғылым немесе ғылыми революция құрылымы
1.Кәсіби психология пәні, мақсаты мен зерттеу объектісі
Кәсіби психология – адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып, ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Еңбек психологиясында адам белсенділігінің мәдени және әлеуметтік негізі ғылыми пәндер кешенінде қарастырылады. Еңбек психологиясы еңбек субьектісі-адамның дербес қасиеттері мен жеке тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына қажетті кәсіптік іскерлігі мен дағдыларын дамытып, жетілдіруді теоретикалық-методологиялық, психофизиологиялық және психологиялық тұрғыда зерттейтін кешенді пән. Еңбек психологиясының басты міндеті – маңызды еңбекті болдыру мен адамға тиімді мотивацияны қалыптастыруға көмектесу мен зерттеу. Еңбек психологиясының субьектісі – белгілі бір обьектіге бағытталған белсенділіктің қайнар күші – индивид немесе әлеуметік топ, обьектісі – нақтылы ұйымдасқан еңбек әрекеті, құралдары, еңбектің мақсаты мен міндеттері, жұмысты орындау ережелері.
Кәсіби психологияның мақсаты - әртүрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік – кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал – аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру. Еңбек психологиясының субьектісі – белгілі бір обьектіге бағытталған белсенділіктің қайнар күші – индивид немесе әлеуметік топ, обьектісі – нақтылы ұйымдасқан еңбек әрекеті, құралдары, еңбектің мақсаты мен міндеттері, жұмысты орындау ережелері.
Еңбек психологиясының қалыптасып даму деңгейлерін келесі мәселелерден анықтауға болады:
психология ғылымының жас шағы (1879ж Лейпцигте В.Вундтың ең алғаш эксперименттік психологиялық лабораториясының ашылуымен есептелінеді);
жалпы белгіленген білімдердің кең аумағының жетіспеушілігінен (П.Я.Гальпериннің «жестокого каркаса» білімі);
қоғамның динамикалық дамуы және ғылыммен тығыз байланысы, әлеуметтік ұсыныстардың тарихи ерекшеліктері; материя қозғалысының жоғарғы формасы психиканың обьективті қиындығы ретінде.
Теориялық білім жүйесінің эволюциясы негізінде еңбек психологиясы қалыптасты. Зерттеуші ғалымдар еңбек адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі мен ең негізгісі және еңбек психологиясы еңбектің ғылыми кешені деп бағалаған.
Е.А.Климовтың пікірі бойынша еңбектің психологиялық білім жүйесі ретінде қалыптасып дамуы, еңбек субьектісіне еңбекқорлық және іс-әрекеттік қасиеттерге итермелейтін күшінде, еңбек психологиясы өз қалыптасуындағы обьективті қиындықтарды жеңіп, ғылыми пән ретінде құрылуы керек және ол қосымша ғылым ретінде қаралмауы керек деген. Сондықтан Е.А.Климов «практикалық міндеттердің қызметтері мен ғылыми әдістердін жолдарын шешетін, еңбек шарттарын зерттейтін адамды еңбектің субьектісі әрі қалыптастырушысы» ретінде еңбек психологиясының ғылыми пәніне «ядро» ұсынды. Пәннің обьектісі - адам еңбектің субьектісі. «Субьект» түсінігінде адам сырттан берілген қатынастардың «орындаушысы» ғана емес, материалдық өмірдің, әлеуметтік орта мен қарсыласатын заттар обьектісін, қатынастарды белсенді ұйымдастырушысы ұғымы кіреді.
Е.М. Иванов еңбекті «іс-әрекет» түсінігі ретінде қарастырады. Адамның негізгі іс-әрекет түрі әлеуметтік жоспарланған, ойланып істелінген, мақсатқа бағытталған еңбегі деген пікірді ұсынған. Н.С.Пряжников бойынша: «еңбек психологиясының пәні- еңбек субьектісі, яғни өндірістік іс-әрекет шарттарына дағдылы рефлекстік түрде қолынан келетін қабілетті жұмысшы».
Еңбек феноменінің обьектісі мен пәнінің негізі ретінде XIXғ. ортасы мен - XX ғасырдағы еңбектің философиялық, экономикалық, мәдени және психологиялық анықтамасын қарастырамыз. Еңбек тұтастай алғанда психологиялық емес, әлеуметтік категория. Өзінің жалпы заңдылықтары бойынша психологиялық емес, жалпы ғылыми пән. Сондықтан еңбек әрекеті тек қана психологияның пәні бола алмайды, еңбек әрекетін тек психологиялық құрылым жағынан ғана ала алмаймыз. К.Маркс еңбекті классикалық сипаттама жағынан оның маңызды психологиялық ерекшеліктерін: «Еңбек табиғат пен адам арасындағы процесс, зат алмасуды бақылайтын, қорландыруды реттейтін, өз іс-әрекетін басқаратын процесс» деп бөліп көрсетеді. Еңбектің соңында нәтижесі болады. Адам тек табиғат берген нәрсенің формасын ғана өзгертіп қоймай, еңбек әрекетіпің сипаты мен тәсілдерін анықтайтын заң іспеттес және өз еркін соған бағындыратын саналы мақсатын іске асырады.
Еңбек психологиясының обьектісіне еңбек іс-әрекетінің субьектісі - адамның әлеуметтік белсенділігінің сапасы мен еңбектің тарихи жалпыланған формасы кіреді. Еңбек психологиясының пәні адамның еңбек іс -әрекетінде туатын психологиялық фактілер (процесстер, жағдайлар, қасиеттер) мен заңдылықтарды да қарастырады. Адам өмірінің көп уақытында еңбек іс-әрекеті доминантты бөлігін алады. Еңбектің адамның тұлғалық дамуы мен қалыптасуы, білім алуы мен негізгі еңбекке дайындығы, бейімделу кезеңдері, кәсіптік жетілуі мен кәсіптік карьерасының аяқталуы сияқты мәселелер де еңбек психологиясында қарастырылады. Заманауи шарттарда еңбек субьектісі жеке жұмыс күшін тасушы жұмысшы индивид, субьект және дербес тұлға ретінде адамның дамып қалыптасуы қарастырылады.
Психологиядағы «іс-әрекет» пен «еңбек» категориялары. Іс-әрекетті базалық категория ретінде анықтап, кеңес психологиясы адам еңбегін негізгі іс-әрекет түрлерінің ойын мен оқытуды іс- әрекет амалдары, еңбек, ойын, оқу, оқыту- іс-әрекет субьектісі деп қарастырады. Іс-әрекет әрқашан қоғамдық қатынастар жүйесінде енгізілген. Оның мәні материалдық құралдар мен жандық қатынастар формасымен анықталады.
Еңбек әрекеті – қоғамдық дамудың алға шарты және нәтижесі. Еңбек әрекеті адамдар арсындағы қоғамдық қатынастар мен жағдайының күрт өзгеруіне, адам тегінің өсіп жетілуіне қолайлы ықпал етеді. Ортаның күрт өзгеруі адамның тіршілік етуін қиындатып, қажеттіліктерін қанағаттандыруы шиеленісе түсті. Адам қиындықты жеңбесе, тегінің құрып кету қаупі туды. Сондықтан олар қауымдасып, топтасып тіршілік етуге біріне – бірі бірлесіп көмектесуге мәжбүр болды. Адамдардың топтасқан мүшелерінің қарым-қатынасы біртіндеп өндірістік қатынасқа ауысты. Адамның нағыз адамға айналуындағы негізгі шарттарының бірі – еңбек. Еңбек әрекетінің арқасында адамның санасы дамыды.
Іс-әрекет сілтемелері бірден антропогенездің, онтогенездің, субьектогенездің шарттары бірі болып қатысады. Ол жеке адамның онтогенез процессі кезіндегі адамдардың психикасының қалыптасуы мен көрінуімен анықталады. А.Н.Леонтьевтің жалпы анықталған іс-әрекет концепциясы «іс-әрекет теориясы», ал кейіннен «іс-әрекет амалдары » болып табылады. Еңбек психологиясында іс-әрекет амалдары көп жағдайда көп сұрақтардың өңделіуінің методологиялық негізі болып қатысады. А.Н.Леонтьев бойынша іс-әрекет жүйе ретінде қаралады (реакциялар жиынтығы емес), қоғамдық қатынастарды қосатын, процесс ретінде ондағы субьект-обьект қосындыларының алмасуы болады. Адамның өміріндегі қоғамдық шарттары оның іс-әрекетіндегі мотивтер мен мақсаттары, оның құралдары мен амалдары: жалпылай индивидтің іс-әрекетінде көрініс табады. Психологияда іс-әрекет өзінің ерекше қызметімен – «субьектінің заттық іс-әрекеті және оның субьектілік формасы айналуына қызметі» ретінде қаралады.
Іс-әрекет түсінігі «іс-әрекет пәні оның әрекет етуші мотивтері» деген мотив түсінігімен байланысты. Іс-әрекет дамуы әдетте іс-әрекет нақтылығымен анықталады, саналы түрде мақсатқа итермелеуші күш-мотив арқылы орындалады. Жалпы, психологиялық талдау жеке іс-әрекет критерилерін қозғаушы күштері бойынша белгілейді. Кейіннен саналы мақсатқа бағынатын әрекет – процесстер белгіленеді. Соңында, тікелей мақсатқа жету шарттарына байланысты операциялар. А.Н.Леонтьевтің ойынша іс-әрекеттің ішкі қатынасын, оның білімділігін, дамуын сипаттаушы берілген макроқұрылым анықталады.
С.Л.Рубинштейн концепциясы қиын байланыс схемаларның компоненттерінен тұрады: «қозғалыс- әрекет-операция-амал», субьектінің мақсаттары, мотивтері мен іс-әрекет шарттарынан құралады. Адамның арнайы әрекеті еңбек іс-әрекетінің актісі ретінде еңбекте қалыптасты. Белгілі бір қоғамдық функцияларды атқаратын әрекеттер жиынтығы белгілі бір еңбек іс-әрекетінің түрін құрайды. Еңбек іс-әрекеті нақты өнімді шығаруға бағытталған іс-әрекет болғандықтан, адамның әрекеті ылғи нақты нәтижеге бағытталған. Бірақ сол немесе басқа да әрекет көптеген әр түрлі нәтижелер бере алады, олардың бірқатары ырықсыз және әдейі шығарылмаған, бірақ адам іс-әрекеті еңбектік одан саналы іс-әрекет болғандыктан, осы нәтижелердің біреуі әсер ететін субьектінің тікелей саналы түрде ұғынылған мақсатты іс-әрекет саналы болып табылады. Адам әрекетінің саналы, мақсатқа бағытталған сипаты оның спецификалық бейнесі болып табылады. Бірақ мақсат қанша маңызды болса да, оның бір өзі әрекетті анықтауға жеткіліксіз. Мақсат орындалу үшін оны іске асыратын шарттарды есте сақтау қажет. Мақсаттардың шарттарымен арақатынасы міндетті анықтап, ал ол әрекетпен шешілуі тиіс. Мақсатқа бағытталған адамдық әрекет мәні бойынша міндеттерді шешу болып табылады.
Осы шарттарға қатынас мақсат қатынасына сай келіп, әрекеттің ішкі психологиялық мазмұнын құрайды. Ішкі психологиялық процесстер адамда сыртқы әрекетті көрсететіндіктен, тек ішкі емес, сыртқы әрекет туралы да айтуға негіз бар. Еңбектің психологиялық белгілерін Е.А.Климов төменде көрсетеді:
әлеуметтік маңызды нәтижеге саналы таңқалу. Себебі іс-әрекетті еңбектік деп айтуға болатындай, таңқалушы қайраткерге нәтиже ойша үлкен топ адамдарына маңызды позитивті, яғни әлеуметтік маңызды болу керек;
әлеуметтік бекітілген мақсатқа саналы міндеттермен жету. Іс-әрекет субьектке міндетті ғана емес, сонымен қатар орынды болған жағдайда ғана ол еңбекке айналады;
іс-әрекет құралын саналы таңдау, қолдану, жетілдіру немесе құралдарды құрастыру. Бұлар білім шарттарының шектелуі мен мүмкіндіктер кезінде қоғамда енгізілген ережелерге сәйкес қолдану;
өндірістіке байланысты тұлғааралық қатынастарды сезіну. Адам еңбек субьектісі ретінде қоғамдық өндірістік анықталған өнімдер мен әлеуметтік жағдайлар стадиясында қатысады. Сәйкесінше, оның маңызды еңбек белсенділігі болып әртүрлі этаптағы өндірістік тауарлар немесе жағдайлар оның әлеуметтік қатынастары ретінде көрінеді.
Сол себепті еңбек әрқашан іс-әрекет болып табылады, бірақ барлық іс-әрекет еңбек болып табылмайды. Еңбек ешқашан іс-әрекеттің кәсіптік сапасы болып көрінбейді (мысалға, қоғамға пайдалы еңбек, балаға, ауруға қарау еңбегі ), ал кәсіптік іс-әрекет әрқашан еңбек болып табылмайды (нолдік нәтижелі әлеуметтік іс-әрекет).
Еңбек психологиясының басқа пәндермен байланысы. Е.А.Климов еңбек психологиясының аралас пәндермен байланысын сипаттай келе, психологиямен тығыз байланысты үш ғылыми категорияны көрсетеді:
еңбек экономикасы, әлеуметтік еңбек, еңбек физиологиясы, еңбек гигиенасы, медицина саласына байланысты кәсіби аурулар мен еңбек қабілеттілігінің экспертизасын зерттеу, кәсіби педагогика;
техникалық пәндер, теория пәндері болып табылатын, машиналар мен приборларды санау мен құрастыру, бір сөзбен- еңбек процесссін жабдықтыратын құралдар.
еңбек іс-әрекетінің обьектісі болып табылатын аймағы - биологиялық, техникалық, белгілік, әлеуметтік жүйелер, өнер.
Е.А.Климов ғылыми түсінік жүйесіне «психологиялық емес шындық» көрініс табатын бірнеше мысалдар келтіреді.
Философиялық және саяси экономия: еңбек субьектісі, еңбек обьектісі, еңбек құралдары, еңбек процессі, қажетті еңбек және т.б,
Әлеуметтік еңбек: еңбек адамды және қоғамды қалыптастырушы процесс ретінде, қоғамдық еңбек функциялары, кәсіп таңдаудағы әлеуметтік факторлар, еңбек техникалық прогресс шарттарында, еңбекке қатынас.
Еңбек экономикасы: еңбек ресурстары, өздірістік, еңбекті ұйымдастыру, еңбекті қалыптандыру, еңбек ақысы, еңбекті жоспарлау.
Еңбек заңдылықтары: еңбек келісімі, жұмыс уақытының жалғасуы, отпуск, міндеттер, ережелер, әр категориядағы жұмысшылардың льготасы, жұмысшылар мен қызметшілердің міндеттері, кәмелетке толмағандардың құқықтары, еңбек дауларының процедуралары.
Физиология, еңбек гигиенасы, өндірістік санитария: еңбек демалысы мен режимі, жұмысқа қабілеттілік, жұмысқа қабілеттілік динамикасы, еңбекке күш салу, шаршау.
Кәсіби педагогика мен еңбекті оқыту педагогикасы: еңбекке тәрбиелеу, еңбектік оқыту, өндірістік оқыту, қатысушылардың еңбекке дайындығы.
Адам іс-әрекеттің белсенді субьектісі ретінде, нақты өзін еңбек субькетісі ретінде әлеуметтік, психологиялық, физиологиялық, анатомиялық ерекшеліктерімен тек еңбек психологиясында көрсетіледі.
Адамды іс-әрекет субькетісі ретінде қарайтын психологиядағы ғылым жүйесінің орны. Б.М.Кедров пен Ж.Пиаже өздерінің классификацияларында (гуманитарлық, нақты, табиғи) «үшбұрыш ғылымдар» шеңберінде психологияны араластырады. Б.Г.Ананьев, М.Бунге, Б.Ф.Ломов, Ж.Пиаже өздерінің жүйелеулерінде психология қызметі мен статусын жүйелік ғылымда жағдайды анализдейді. Мысалға, Б.Ф.Ломов бойынша психологияның дифференцациясы басқа ғылымдармен байланысын анықтайды:
1) қоғамдық (әлеуметтік психология арқылы және онымен байланысты салалармен); 2) табиғи (салыстырмалы психология мен психофизиология, психофизика арқылы); 3) медициналық (патопсихология, медициналық психология, нейропсихология және психофармокология арқылы);
4) педагогикалық (даму психологиясы, педагогикалық психология, арнаулы психология арқылы);
5)техникалық (инженерлік психология арқылы). Жалпы психология, философия мен математикамен тығыз байланысты.
Кәсіби психологияның психологияның басқа салаларымен байланысын, көп жағдайда әлеуметтік тәжірибедегі себепті сұраныстарды хронологиялық схема түрінде, оның қалыптасу процессі кезіндегі мазмұнын көрсететін пәндерді келтіруге болады.
Ғылыми пән Пайдаланушы психологиясы
интеграциясының Әсер ету психологиясы
кеңістігі Акмеология. Мамандық психологиясы
Дамуды ұйымдастыру психологиясы
Әлеуметтік техникалық амал
Жүйелі техникалық амал
Экстремалды жағдайдағы іс-әрекет психологиясы
Авиациондық психология. Космостық психология
Эргономика. Эргодизайн. Мамандық психологиясы
Инженерлік психология
Басқару психологиясы
Әлеуметік психология
Еңбекке оқыту педагогикасы
Кәсіптік оқыту және даярлау
Әлеуметтік еңбек. Еңбек гигиенасы. Өндірістік санитария
Дифференциалдық психология.
Кәсіби кеңес беру
Психометрика. Психодиагностика
Тестология. Педология
Психотехника
Еңбек туралы заңдылық. Эксперименталды психология
1
870-1910
1930 1950 1970 1990
Психотехника Еңбек психологиясы, Ұйымдастыру психологиясы
(индустриялық, инженерлік психология мен еңбек психологиясы.
өнеркәсіп психологиясы)
Пәндер атауы мен әр түрлі даму кезеңдері
Сурет: Әлеуметтік тәжірибе ұсыныстары, еңбек психологиясының басқа аралас пәндермен хронологиялық және қызметтік байланысы.
XIX ғасырдың басында Ф.Тейлор, Г.Мюнстернберг, В.Штерн, А.Бине және т.б. жұмысшылардың маңызды табыс сапалығын бағалайтын тестология, эксперименталдық әдістерді қолдануының негізін қалаған. Бұл ойлар бастауыш мектептерде кадрларды (педология ) дайындайтын бірініші кезең ретінде де тарады. Адам қасиеттерінің тұарақтылық мәселесін ғылыми зерттелуі, психометрика, психодиагностика, дифференциалды психология, ал кейінен дифференциалды психофизиканың, психогенетика сияқты пәндердің дамуын белсендірді. Кешенді амалдың қажеттілігін түсініп 1920-1930 жылдары әлеуметтік еңбек, еңбек гигиенасы, өндірістік санитарияның қалыптасуына алып келді. Осыған медициналық білімі бар (В.М.Бехтеров, Н.А.Бернштейн, А.А. Богданова) сияқты ресейлік ғалымдардың үлесі зор.
1930 жылдардағы басқарудағы дағдарыс және экономикалық депрессия өндіріс пен адамдарды басқаруға, әлеуметтік - психологиялық факторларға көңіл аударылды, сондайақ әлеуметтік - психологиялық басқарудың дамуын жеделдетті. Екінші дүниежүзілік соғыс адамдардың экстремалды жағдайдағы техниканы басқара алуындағы көп мәселесін жасырды. Біріншіден ол авиацияға байланысты, флоттарға кадрларды дайындауға қатысты ғылыми-тәжірибелік міндеттердің нақтылығы инженерлік психологияның қалыптасуына алып келді. Осы пәннің дамуы мен кешенді арнайы міндеттердің қалыптасуының арқасында 1950-1970 жылдары одан авиациялық және космостық психология бөлініп шықты.
1960 жылдардағы ғылыми-техникалық революцияның арқасында адамдардың техникаға бейімделуіне, жаңа жұмыс орындарының қызметтік ерекшеліктеріне, жұмыс бригадаларының құрылуы пайда болды. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономика деп аталады. Бұл термин гректің «эргон» - жұмыс және «номос» - заң деген екі сөзінің бірігуі нәтижесінде пайда болған. Бұл орайда, өндіріс пен адам арасында қатынас орнатудың түйінді мәселелері болып саналатын еңбек әрекетіндегі адамның өнімді, оның психолгиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің қызметі мен гигиенасы, адамның өнім өндірудегі жетекші ролі, техникалық құрал – жабдықтар эстетикасы және автоматтанған тетіктер теориясына қатысты мәселелер қарастырылып, олардың сипаты зерттеледі.
Қазіргі ғылым немесе ғылыми революция құрылымы. Қазіргі еңбек психологиясының бірінші атрибуты ретінде- белсенді революцияна санасақ, екіншісін- методикалық еркіндік кезеңдерінің жаңа методологиялық қабілеттіліктерін меңгеру, жаңа кеңістікке, жаңа өлшемге шығу қабілеті, жаңа міндеттер класын шеше алатын қабілеті деп есептейміз.ьПәнаралық матрицаның негізгі компоненттері болып:
-символдық обобщения- көріністер мен қатынастар ғалымдармен сенімсіз және келісімді қолданылады;
-метафизикалық парадигмалар- сапалы шешім қабылдауға көмектесетін., спецификалық моделдердегі сенім;
-құндылықтар- бірлікті қалыптастырушы.
Ғылымдағы жалпы салыстырмалы дамуды теоретикалық білімді ұйымдастырудың ғылыми пәнін қарастырамыз. Оны атақты кеңес методологының ғалымы В.С.Степинаның құрылымы арқылы қарастырамыз. Жалпы ғылыми білімнің құрылымын бірнеше иерархиалық деңгей арқылы белгілеуге болады: белгіленген бақылау- эмпирикалық фактілер, һ-теоретикалық білім. Сонымен қатар, теоретикалық білім спецификалық құрылымнан тұрады: фундаментальды және арнайы теоретикалық схемалар, арнайы және негізгі заңдылықтар, идеалды обьектілер, ғылым негізі. Идеалды обьектер екі түрлі болады: эмпирикалық обьектер өзарсында абстрактілі болып келеді. Теоретикалық обьектілер, эмпирикалық обьектілерге қарағанда идеалданған болып келеді.
Теоретикалық обьектілердің байланысы арқылы ғылыми спецификалық теорияда фундаментальды теоретикалық схемаларды анықтайды. Теоретикалық заңдылықтардың тұжырымы теоретикалық құрылым (абстартілі обьектілер) жүйесі негізінде анықталады. Заңдылықтар - шындыққа сай келетін тұрақты байланыстар, оларды анықтауға, түсіндіруге, ойластыруға келетін ашылулар. Олар анық теория аясында қалыптасады. Теориялар - заңдылықтар мен қалыптасқан қаситтердің заттық мәнін анықтауда қалыптасатын, гипотеза негізінде құралады. Гипотеза ғылыми қасиеттер мен байланыстарға қатысты сөйлемдер. В.С.Степин ғылымдар негізін бейнелейтін маңызды компоненттерді келесідей көрсеткен:
1) өмірдің ғылыми суреті (пәнаралық онтология);
2) ғылыми танымның идеалдары мен қалыптары;
3) ғылымдардың философиялық негізі.
В.С.Степинаның теоретикалық білім құрылымы концепциясына қосымша ретінде кеңес психологиясында, оның салалары шегінде ғалымдар ғылыми методологияның төрт деңгейін көрсеткен:
1) Жалпы методология – зерттелушіден қабылданатын бірнеше жалпы философиялық амалдар, жалпы түсіну тәсілдері (мысалға, диалектикалық және тарихи материалдар, жүйелі амал). Философиялық методология білімнің қалфптасуы болып табылады.
2) Жалпы ғылыми принциптер мен зерттеу формалары- қазіргі ғылыми білімның аймағын өзіндік көрсететін, методологиялық рефлексияның деңгейі. Бұл деңгейге жалпы ғылыми концепциялар мазмұны жатады (теортикалық кибернетика, ноосфера концепциялары т.б), универсалды концептуалды жүйе (А.А.Богданова тектологиясы, П.К.Анохинның функционалды жүйе теориясы), өзіндік методологиялық немесе локиго-методологиялық концепциялар (білім туралы құрылым, әлеуметтенудағы жүйелі-құрылымдық талдау, жүйелі талдау, логикалық талдау).
3) Тура ғылыми методология- берілген аймақтағы методологиялық білім мен методологиялық принциптердің обьект класстары мен міндеттерінің шектелуінің спецификалық қолдануы.
4) Зерттеу әдістері мен техникасы- ақпараттар жиынтығын қолдануын қалыптастырады, ақпараттар жиындығы процесін талап ету. Бұларға Кеттелдің 16-факторлық стандартты тесті немесе, белгісіз жануардың суретін қолдануға болады.
Еңбек психологиясына тән негізгі парадигамалардың сипатын көрсетуге болады: пәндердің заттық ерекшеліктерден тығыз байланыстылығы, адам еңбегінің құралдары мен шарттары; пәндердің тез даму қабілеттіліктері, басқалармен араласуы, әлеуметтік ұсыныстарға сәйкес нақты және қоғамдық ортадағы тәжірибеге бағытталған дамудың өзіндік амалдарының дифференциалануы; ғылыми және тәжірибе мәселелерін шешуге басқа ғылым өкілдерінің белсенді енуі (медецинаның, физиология, әлеуметтену, техниканың). Өкінішке орай, қазіргі кезде еңбек психологиясының контуры – еңбек ғылымының кешені ретінде ғана анықталады. Қазіргі еңбек психологиясның жағдайы, 1990 жылдардағы шетелдегі дамуы тез өзгерді (уақытша тоқтатылуына, дағдарсы, тәжірибе байланысының үзілуімен, жаңа методологиялық критерилердің еңгізілуімен, методикалық этолондар мен мамаман-тәжирибеші эталондарынынң өзгеруінен болды).
Барлық осы беталыстар пәннің өткені, келері, болшағына әсер етеді. Т.Кунның енгізген парадигама түсінігі бізге қазіргі еңбек психологиясының бастапқы талдау жағдайын адекватты түсінуге алып келді. Пардигма түсінігі кең мағынада – әртүрлі түрдегі шешілетін міндеттердің тарихи жинақталған көрінісі, оның мәнін анықтаудағы, методологиялық амалдардың қолданылуы, этикалық дәстүр мен тарихи практикада қолдану.
Еңбек психологиясында эмпирикалық обьектіні анықтауға болады (еңбек, субьект, мамандық, еңбек посты, жұмыс орны). Бұл типке барлық сыртқы көрсеткіштер ретіндегі, физикалық шынайылылық, барлық шындықтар мен пәндерден басталған барлық түсініктер енеді. Бірақ өзінің даму процессі кезінде бұл зерттеулер басқа типке, теоретикалық обьектіге өзгерді (кәсіби қажеттіліктер, маңызды кәсіби сапалар мен кәсіби оқыту). Теоретикалық обьектілер психологияның концептуалды схемасында өзінің табиғатына тән басқалармен байланыстырылады. Мысалға, басқа елмен байланыс, физикалық шындық (еңбекке қабілеттілік, өндірістік, травматизм, сәтсісдік) үшін, басқаша- психологиялық абстракция (қажеттілік, компетенттілік, дағды).
Еңбек психологиясының жалпы әдістері өте күрделі және олар өндірістік жаңа білімдермен герменевтикалық әдіске негізделуге ұмтылуда.
Герменевтикалық әдістің психологиялық модификациясы
Биографиялық әдіс
әрекет нәтижесін талдау
психоаналитикалық әдіс
Еңбек психологиясы әдістерінің мәселері жекелеген жағдайларда еңбек етуші адамның сана – сезіміне үстемдік етуде туындайды, еңбек етуші адамның мамандық саласында орын тауып, өзін - өзі анықтау үшін көрсетілетін психологиялық көмек бейімделу жолдары:
өндірістік – бейімделу (техникалық - бейімделу) деңгейі. Негізгі мақсат адамға өндіріс құралына қатысты салаларға тезірек бейімделуге көмектесу.
әлеуметтік – бейімделу деңгейі, мақсаты – еңбек ортасында табысқа жетуіне әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмектесу.
мақсатты- құндылықтың деңгейі, мақсаты – жеке өмірі мен мамандық саласында өзін-өзі бағдарлай алуына, өз орнын табуына, тірлігі мен кәсібінің мәнін – мазмұнынтүсінуге көмектесу.
№ 2- Дәріс
Тақырыбы: Кәсіби психологияның қалыптасып даму тарихы
Сұрақтары:
Отандық және шетелдік кәсіби психологияға шолу
Шетелдегі еңбек психологиясының тарихы.
Ресейдегі еңбек психологиясы
Авиациялық психологияның тарихы
Отандық және шетелдік еңбек психологиясына шолу
Келер жүз жылдықта шынайлылықты зерттеу онтологиясының өзгеруіне алып келеді. Бұл феноменнің сымдарына жатқызуымызға болады:
еңбек субьектісі: қызметкер- жұмысшы- маман- кәсіпкер –күшті кәсіпкер;
қосылған еңбек субьектісі: қызметкерлер- кадрлар- персонал- адмдық ресурстар және т.б.
Пәннің өткен және тарихының актуалды жағдай ретіндегі эволюциялық стадиясын көрсету жеткіліксіз. Сол себепті үш тарихи стадияны көрсетеміз:
еңбек психологисының классикалық түрі (XIX ғасырдың соңы мен XXғасыр бірінші жартысы)- адамның еңбек қабілеттілігін өлшеу міндеттерінің шешімін сипаттайды (кәсіби таңдау, іс-әрекетке дайындығының бағасы).
Еңбек психологиясның классикалық емес түрі (XX ғасырдың екінші жартысы)- гуманистік парадигма критерилерінің кірісуімен, психологиялық мәнділіктің қалыптасуы міндеттеріне бағытталумен (кәсіби дайындық, кәсіби қажеттілік, іс-әрекеттің индивидуалды стиліиен) сипатталады.
еңбек психологиясынның постклассикалық емес түрі (XX ғасырдың басы мен XXI ғасыр)- жаңа методологиялардың белсенділігі мен көп жағдайда синергенетиканың көрінуімен, заттық пәндер аймағына жаңа сапалы фрагменттердің енгізілуімен сипатталады. Ережеге сай, оларға эффективті субьективті шындық, обьект пен субьектің қатынасын көрсететін: адам-машина кешенінің қалыптасуынан көрінетін еңбек мағынасы, кәсіпкерлік, кәсіби идентификация, кәсіби қалыптасудың дағдарыстары, жүйелік қасиеттер болып табылады.
Шетелдегі еңбек психологиясының тарихы
Психологияның өзіндік пән ретінде қалыптасуына 1879 жылғы атақты неміс психологы В.Вундттың басшылығымен Лейпциг университетінде дүние жүзінде тұңғыш ашылған эксперименталды психологиялық лабороториямен байланыстырады. В.Вундттың жеке психикалық фукцияларды зерттеуі аналитикалық зерттеу әдістерін жасалуына себеп болды, сонымен қатар кәсіби жарамдылық бағасының негізгі амалдарын анықтады.
Еңбек психологиясы қалыптасуының негізгі детерминантты үштігін көрсетеміз: әлеуметтік тапсырыс мазмұны, психотехникалық амалдардың дамуы, өндірісті басқаруды оңтайлы ету. Әлеуметтік тәжірибе мен еңбек психологиясының потенциалды мүмкіндіктері сферасының даму аспектісінде, ғылыми өзіндік және қосалқы пән ретінде оның қалыптасуы қоғамдық өндіріс пен мемлекеттік реттеу жұмысшылар мен жалданған жұмысшылардың қатынасының дамуымен дайындалған.
XIX-шы ғасырдың екінші жартысында сәйкес заңдылықтар базасы жетілдірілді. Европаның дамыған елдерінде еңбек жайлы заңдылықтар оның гигиенасының қауіпсіздігі, балалар еңбегін қорғау, зақым болған жағдайда еңбектенушілерді қорғау: Швейцарияда- 1877 жылы, Англияда- 1878ж, Австрия- 1883-1885 жылы, Швецияда- 1885жылы, Италияда- 1888жылы, Бельгияда- 1889 жылы, Германияда- 1891 жылы, Норвегияда- 1892 жылы, Францияда- 1896жылы, Ресейде- 1903 жылы енгізілді.
Фабрикалық заңдылықтар мен заңның енгізілуі жұмысшылар мен еңбек етушілер қатынасының мемлекеттік құралы ретінде қызмет етті. Заң әр кезде эффективті болған жоқ, бірақ қоғамда ақырындап жаңа жүйе құндылықтары қалыптасты. Адамдардың еңбек қатынасындағы әлеуметтік перспективалары кеңейді, және ол жаңа гуманитарлық пәндердің заттық аймағының қалыптасуына себепші болды.
Еңбек психологиясының жекелей пән ретінде қалыптасуына, өнеркәпіс өндірістерінің шоғырлануы мен өз бетімен дамуы мен дайындығы, өнеркәсіп технологияларының, жаңа кәсіп пен транспорт түрлерінің пайда болуы себеп болды. Келесі үштік детерминанттынан тұратын- XX ғасырдағы психотехникалық амалдардың дамуын қарастырамыз.
Альфред Бине (1957-1911)- Франциядағы экспериментальды психологияның негізін салушы, индивидуалды айырмашылықтар психологиясы жаңа пәннін қалыптастырушы. 1896 жылы «Индивидуалды психология» атты А.Бине мен В.Анридің еңбегі шықты, В.Штерннің ойынша осы еңбек жаңаин кәсіби облыстағы бағдарлама болды. 1905 жылы А.Бине дәрігер Т.Симонмен бірігіп «инттеллектуалды дамудың метрлік шкаласының» бірінші вариантын жасады. Бұл қалыпты мектептердегі ақыл-ойы кем балаларға және дарынды класстардағы балалардың қабілеттілік бағасы негізінде іріктеуге арналған. Бұл әдістің ақыл-ой жасының бағасының дамуы Л.Терменнің ақыл-ой қабілеттілік коэффициенті атауын алды, ал кейіннен- интеллект коэффициенті (IQ). 1916 жылы Л.Терменнің Стэнфорд университетіндегі жасалынған нұсқысы Стэнфорд- Бине шкаласы деген атақ алып, басқа елдерге тарады. 1911 жылы В.Штерннің «Дифференциалды психология және оның методологиялық негізі» атты кітабы шығады, автор онда адамдардағы «ғылымды психикалық функциялар мен қаситтердегі қалыптасқан айырмашылық » деп қарастырады.
Еңбек психологиясы біріншіден, индустриалды психотехника (өнеркәсіптенген, кәсіби психология) белсенді дамып келе жатқан, жұмысшы деген тікелей орындаушының іс-әрекет жоспарын зерттеу. 1900 жылы Вильгельм Штерн қосалқы психологияны анықтау үшін «психотехника» яғни, «болашаққа бағытталған, қоғамдық өмір міндеттерін шешуге ұмтылған» терминін ұсынды. Өз кезегінде индустриалды психотехниканың қалыптасуы еңбек психологиясы мен дифференциалды психологияның дамуына стимулдады. Психологиялық кәсіби іріктеу психотехниканың орталық бағытталуының бірі болды.
Психотехниканың негізін салушылардың бірі Г. Мюнстенберг былай жазған: «психотехника- мәдени міндеттерді психологияны практикалық қолдану туралы ілім». ХХ-шы ғасырдың 20 жылдарында ғалымдар психотехниканың үш негізгі мәселесін ажыратқан:
Кәсіптік іріктеу мен кәсіптік кеңес беру арқылы сәйкес келетін адамдарды іріктеу;
Еңбектің ең жоғарғы өнімділігіне жету;
Қалаған психологиялық жетістіктерге жету.
Бұл ғалым психотехниканың кілттік міндеттерін, профессиография әдістері мен принциптерін анықтаған, кәсіби іріктеудің орындалуына, кеңес беруі мен бағытталуын нұсқаулық етуші. 1908 жылы Бостонда дәрігер Ф.Парсонс жастардың мамандық таңдауы бойынша бірінші кеңес беру бюросын ашады. Жеткіншектер мен жас адамдарға негізгі индивидуалды кеңес беру ғылыми әдістер болмады, ол зерттеушінің интуициясы мен өмірлік тәжірибесі арқасында адамдардың индивидуалды ерекшеліктерін бақылау болды. Бірнешеден кейін Ф.Парсонс Г.Мюнстербергке бұл ғылымның негізіндегі іс-әрекеттің жасалына көңіл аудартады. Осылайша кәсіби сферада жаңа – кәсіби бағытталу бастамасы қойылды.
XX ғасырдың басында А.Бине, Г.Мюнстерберг, В.Штерн және басқалары жаңа интегралды пәннің қалыптасуын әдістік және әдістемелік сілтемелер дайындайды, шындығында, кәсіби іріктеулер міндеттерін табысты шешу үшін.
Үшінші үштік детерминантын пәннің қалыптасуы тізбегінде қарастырамыз. Өндірістің тез қарқынмен кеңейуі, өнім бағасының төмендеуі ғылыми білім бағытталуын талап етті. Ғылыми басқарудың пионері болып американдық инженер Фредерик Уинслоу Тейлор болды. 1895 жылы ол басқару әдістерін жасауға кірісті, оларға жүйелі міндеттер, негізінде аталған «Тейлор жүйесі» кейіннен, ғылыми менеджмент атауын берді. Ол бірінші болып өзіне белгілі болған өндірістік басқаруды жүйеледі және бөлді, және жаңа амалдар ұсынды. Ф. Тейлор өндірістік жағдайлардағы адамдарды басқару мәселесінің ғылыми негізін ең алғаш көтерген. Оған дейін техниканы басқару мен фабриканы басқару мәселелері айтылған. Тейлордың эволюциялық қөзқарасты үш кезеңге бөлеміз:
ақы төлеу жүйесі – жұмысшының әрекетіне қарай жалақысы сайболуы, негізгі әдісі – жұмыс уақытының хронометражы.
жұмыс өнімділігін емес, керісінше, жұмыс әдісін бақылау - өте ауыр жұмысқа максималды жалақы көлемі, өте жеңіл жұмысқа – минималды жалақы көлемі төленуі.
«функционалды әкімшілік» жүйесі – басқарудың бір ортаға шоғырлануы.
Тейлор жүйесінің негізгі міндеті - әр жұмысшы жағдайының максималдығын кәсіпкердің максималды түсетін пайдасымен байланыстыру. Тейлор жүйесінің негізгі төрт қағидасы бар:
Барлық жұмысшылардың іскерлік пен дағдыларын топтастыру жәнежинақтау;
Ғылыми ұстанымдар негізіне сәйкес белгілерді мұқият іріктеу;
Жұмысшылар мен әкімшілік жүзеге асыру, мысалы: тез істелген жұмыс үшін күнделікті мен жакапкершілігін тендей етіп бөлу;
Тейлор жүйесі жұмысты ұйымдастыру мен басқарудың тиімді әдістері, қағидалары мен қөзқарасы, тейлоризм әлеуметтік құбылыс, ғылымның алдыңғы жетістіктерін қолдана отырып жоғарғы өнім пайда алу.
Кейінгі еңбек әрекеттерін зерттеу бағыттарын жас жұбайлар Фрэнк Банкер Джилберт (1969-1924) пен Лилиан Джилберт (1878-1972) жүргізді.Бастапақыда Ф.Тейлормен тығыз қызметтестікте Ф.Джилбрет циклографикалық және хронографиялық әдістерін жасады. 1920 жылдары олардың классификациясын жасады, жасалатын операциялардың барлық детальдары көрінетін технологиялық картаны жасады. Жұбайымен бірігіп жұмыс микор қозғалысының мәселесін, еңбек шаршауын зерттеген, өнімді басқару эффективтілігінің негізгін қалады.
XX ғасырдың басында Генри Форд массалық өнеркәсіпті ұйымдастырудың тәжірибешісі мен беделді теоретикігі болды. Ол кәсіби дайындық жүйесін ұйымдастырды, жұмысшылардың өмір жағдайларын белсенді өзгертті, мектептер мен ауруханалар салды.
Классикалық мектепті басқарудағы адам мотивациясының еңбекке және тұлғалық түсініктері, адамдық қатынастар мектебінің қалыптасуына алып келеді. Еңбек психологиясы қалыптасуына басқа да көзқарастар, пікірлер, концепциялар ықпал етті. «Еңбек мотивациясы» концепциясы – Э.Мейо, А.Маслоу еңбек мотивациясын айқындауды былайша ажыратады:
- Физиологиялық және жыныстық қажеттілік;
- Экзистенциалдық қажеттілік;
- әлеуметтік қажеттілік;артық болу қажеттігі;
- жоғарғы рухани қажеттілік.
1950-1960 жылдары теориялар жүйесі мен функционалдық-құрылымдық әдістер анализінің қалыптсауы мен бағытталуына «әлеуметтік жүйе мектептері» идеясы әсер етті. Оның жетекшілері болып- Ч.Бернар, Г.Саймон, Ф.Селзник табылады, олар «индивид», «формальды құрылым», «формальды емес құрылым», «статустар», «ролдер», «физикалық және әлеуметтік орта» компоненттерін ұйымдастыру жүйесі ретінде қарастырады.
1960-1970 жылдары қазіргі уақытта қолданылатын жағдайлық амалдар ұйымдастырылады. Оның лидерлері болып Р.Моккер, Дж. Вудсворд, Д. Ломбард табылады, олар жағдайлық ролдердің идеяларын, басқарудағы факторлерін дамытты. Олардың пайымдауларынша, ұйымдастыруды басқару мен өндірістік процесстерді қолдануда бірлік ережелер жоқ.
1930 жылдардың соңында техника потенциалы сәйкесінше, олармен басқаратын, адамдардың жауапкершілігі мен ролі көбейеді. Осы жоспарға сай кәсіби жарамдылық, мамандарды дайындау, олардың іс-әрекетінің сенімділігі сұрақтары актуалды болып келеді. Инженерлік психология- жаңа пәннің негізі қалыптасады. 1950 жылдағы кәсіби іс-әрекетті зерттеудің сандық әдістері, зерттеу операциялары деген жеке бағытпен бірігеді. 1920 жылы Женеведе бірінші Халықаралық психотехникалық конференция өтті, онда Халықаралық психотехникалық ассациация ұйымдастырылды. Оның президенті болып 1920 жылдан 1941 жылғы дейін Э.Клапаред болды.
Ресейдегі кәсіби психология
Пәннің эволюциясын үштік триадасында: шетелдік, кеңес еңбек психологиясы, кәсіби терең (авиациондық) қарастырамыз. Біріншіден Ресейдегі еңбек психологиясы шетелдің индустриалды психологиясы сияқты дамыды. Физиология мен еңбек психологиясының зерттеу аймағында қалыптасуы И.М.Сеченовтың атымен, оның еңбек дағдылары, белсенді демалыс қызметі үшін еңбек қабілеттілігін қалыпқа келтіруін зерттеумен байланысты.
XX ғасырдың бірінші периодын ғылыми және практикалық тәжірибенің жинақталуымен сипаттауға болады. Мәскеу мен Петербург қаласындағы Тарту мен Симферополя университеттері мен Петербургктегі әскери-медециналық академияларында диагностикалық әдістерді зерттеу жүргізіліп, жасалды. Нобель сыйлығының иегері академик физиолог И.П.Павлов іс-әрекеттің жоғарғы жүйкесін эксперименталды зерттеуге кірісті.
Еңбек психологиясындағы ғылыми және практикалық жұмыс аймағы азаматтық соғыс аяқталғаннан соң едәуір жандандырылды. Өндірістік еңбек өрлеуінің мәселесі, экономиканың қалпына келуі, елдердің өмір сүруі мен мемлекет тәуелсіздігінің сақталуы проблемасы болды.
1921 жылдың өзінде Ресейдегі еңбек психологиясы өзін кемелденген ғылым ретінде мақұлдады. Сонымен қатар еңбек психологиясына еңбегі сіңген ресейлік ғалымдарды атай аламыз, олар: В.М.Бехтерев, Н.А.Бернштейн, С.Г.Геллерштейн, И.Н.Шпильрейн. 1920-1930 жылдары ғалымдар қолдауы мен энтузиазмдарынның арқасында еңбек психологиясында едәуір табыстар анықталды. Орталық еңбек институтының ұйымдастырушысы мен директоры Алексей Капитонович Гастев болды. Оның жетекшілігімен өндірістік ұйымның экспреттік жүйесі, еңбек постының және жұмыс орнының проективті ұйымдастырылуы қалыптасты. Психотехника Қарулы Күштердегі елдерде қолданды: әскери топтың әртүрлі прфессиографиясының міндеттері шешілді, күрес қабілеттілігінің бір бөлігін таңдау, комқұрамды іріктеуге, әскери мамандыққа кәсіби іріктеу (ұшқыштар, атқыштар, радиотелеграфистер), әскери мамандарға оқыту әдістерін қолдану.
1933 жылы психотехнология өнеркәсіп салаларында – металлургия, машина құрастыру, таулы және нефттік, байланыс, тігін өндірістерінде қолданулар пайдаланылады. 1930 жылдары кәсіби кеңес беру мен кәсіби іріктеу сұрақтарына 141 ғылыми-практикалық бөлімшелер жасалынды. Көпсандық психофизиологиялық лабораториялар кәсіби жұмыс қабілеттілігі, жұмыс режимі мен құралдардың рационализация, еңбек қалыптарын негіздеу, травматизмнің өнеркәсіптік профилактикасын зерттеумен айналысты.
1970-1980 жылдары жоғарға оқу орындарында, министрлікте, ведомостерде құрылымдық бөлімшелер пайда болады, мамандарды кәсіби іріктеуі, олардың дайындықтары, жұмыс орындарының эргономикалық проективтілігі, олар практикалық міндеттерді шешуге және әдістер жиынтығы мен мәселелерді зерттеуге бағытталған. 1980 жылдың соңы мен 1990 жылдары Ресейде бірінші психологиялық қызмет пайда болады, ол өзіне қатысты жекелей тәжірибелік психологиялның тууына себеп болады.
Авиациялық психологияның тарихы
Еңбек психологиясының бір саласы болып келетін Ресейдегі авиациондық психологияның қалыптасу тарихына қарастырамыз. 1909 жылғы ұшқыштың өлімінің жағдайын талдай келе, Бүкілресейлік ұйымның әуеклубы дүниежүзінде бірінші болып ауаменжүзушілерді іріктеу сұрағын қойды. 1909-1912 жылы әскери-меденициналық академияда В.М.Бехтерев, В.В.Абрамовтың клиникасында ұшқыштарға психологиялық әдістерді қолданудың психологиялық-клиникалық зерттеуін жүргізді. Авиацияны құрастырушы және теоретик Н.Е.Жуковский бірінші болып психологиялық факторлардың роліне, кандидаттың кәсіби жарамдылығының шектелуіне мән берген.
1917 жылы Петроградта пилоттардың іс-әрекетінің аранайы зерттеуі мен авиацияға психологиялық іріктеудің әдістемелік қамтамасыз ету комиссиясын қалыптастырады. Үш жылдық зерттеу негізінде авиация дәрігері С.Е.Минц «психотехникалық зерттеу жолы» арқылы кандидаттарды іріктеу қажеттілігінің керек екендігіне алып келеді.
1920 жылдыра психотехникалық бөлімшелердің салаларында қалыптасады: транспорттардағы Орталық психофизологиялық лабораторияда, почта және телераф орталық психотехникалық лабороториясында, Қызыл армияның крестьяндық жұмысшыларының Орталық психофизиологиялық лабороториясы қалыптасады.
Авиациондық мектепке психологиялық іріктеу үшін мынадай критерийлер кіреді: ойлау логикалығы, реакция жылдамдығы, реттеу, зейінің тұрақтылығы мен көлемі, көзөлшемі, жігерлік, батылдық, икемділік тағы басқа сапалары.
1946 жылы кәсіби жарамдылықтың анықталған тәжірибесін талдай келе, С.Г.Геллерштейн екі генералды бағытты: синтетикалық және аналитикалық көрсеткен. Бірінші бағыттағы әдістер әртүрлі тренажорларды қолдануға ұйғарылады, екінші әдіс жеке референтті көрсеткіштердің әдіс бағасына сәйкес табысты іріктеуіне бағытталған. Екінші бағыт арнасында К.К. Платонов 1947 жылы табысты және табысты емес ұшқыштардың, үлгеретін және үлгермейтін курсанттардың индивидуалды ерекшеліктеріне зерттеу жүргізеді. Ғалымдармен алған сенерліктей көрсеткіштері бойынша «Курсанттар мен ұшқыштардың индивидуалды-психологиялық сапалығын зерттейтін әдістемелік нұсқау» жасалынды. Ол 1951 жылы шығарылды.
Бағыттар
|
Қосымша аймақтар
|
Әуемедициналық психологиясы |
Әуедегі қозғалыс басқармасы диспечері мен жаздық құрамдарға дәрігерлік-жаздық экспертиза мен медициналық бақылау. |
Әуепедагогикалық психология |
Диспечерлер мен басқа да авиациялық мамандарды оқыту, қайталау жаздық құрамды жетілдіру; ұшуды орындау сапасын талдау және бақылау. |
Әуе қозғалысы мен ұшу басқармасын ұйымдастыру психологиясы |
Әуе қозғалысы мен ұшуды жоспарлау, ұйымдастыру және жетекшілік ету; |
Инженерлік-әуе психологиясы |
Жабдықтау, құрастыру, эксплутация және авиациондық техникаларды жетілдіру, ұшуды аранайы аппаратуалармен жабдықтыру. |
Қысқа период ішінде авиациондық психологияның даму шеңберінде өзіндік бағытталулар пайда болуда, жаңа интегралды ғылыми пәндердің қалыптасуы байқалады, олар К.К.Платоновтың кесте түрінде берілген (К.К. Платонов бойынша ) авиациондық психологияның негізігі бағыттары.
Қоғамдағы даму беталыстары, еңбек субьектісінің көрінісі мен қоғамдық. XV-XVII ғасырда Еуропада әлеуметтік даму типті қалыптасты, бұл техногендік қоғамның қалыптасуна ықпал етті, сонымен қатар басқа елдердіңі тарихи қоғамына әсер етті. Техногендік цивилизация 3 стадиядан өтеді:
индустриалдылық алдында
индустриалды
индустриалдылықтан соң.
Бұлардың маңызды тарихи матрицасы болып техника мен технологияның дамуы негіз болады. Даму тек инновациялық сферадағы тура өндіріс арқылы өтпейді. Барлық ғылыми білімнің генерализациясындағы техника-технологиялық процесстерден болады. Шетелдерде екінші және үшінші мыңжылдықта ғылыми-техникалық прогрессте маңызды глобалды дағдарыс болған. Бұндағы ең бірінші глобалды проблема болып, ғалымдар пайымдауынша, адамдық тұлғалықты, адамды биоәлеуметтік құрылым ретінде сақтап қалу деп санады.
XX ғасыр арсындағы жекелей ұйымдардың масштабтарындағы тарихи беталысты қарастырамыз, ғалымдар мен тәжірибешілер көрсеткендей, қазіргі кәсіпорындардағы іс-әрекет табысының негізгі болып:
Барлық кәсіпорын бөлімдерінің нарықтық мінез-құлыққа бағытталуы (технология, өнімдер дизайны, жұмысшыларды алу мен іріктеу, өткен тәжірибеде қызметкерлердің идеясы мен талаптарын қолдану).
Партнерлік қатынас пен қызығушылық балансын орнату (қызметкерлермен, клиенттермен, шектестіктер мен және басқада ұйымдармен).
Қызметкерлердің іс-әрекетіндегі жалпылай және индивидуалды эффективті шарттардың көтерілуін қалыптастыру (персоналды компьютерлер, ноутбуктер, автомобильдер, икемді графиктер, жұмыстар).
Орталықты басқару, барлық жұмыскерлер сандары үшін өкілеттілікті басқаруды кеңейту.
Осы арнада бұл негіздердің шыңдалуын саяси кадрлерінде былай пайымдайды:
іріктеу мен жұмысқа алудың негізгі қатынасы, қызметкерлерді оқыту мен бағалары.
еңбек келісімін қоытындылау.
жұмысшылардық тілектері мен индивидуалды қалаулары, карьерлік өсудің перспективаларына, келешектегі іс-әрекет сипаттамаларына ақпараттанған келісімді адекватты құқықтары. Тарихи беталыстарға сай қоғамдық өнеркәсіптің дамуы мен оның барлық құрамы өзгерді. Сол себепті XX-шы ғасыр шегінде өнеркәсіп орындарында, мемлекеттік және жекеменшіктерде приципиалды түрде барлық қоғамдық доминанттар өзгерді. Жалпы беталыстар былайша тізбектеледі: «кірісті алу- нарықтық тойым- нарық сегменттерін басып алу- типтік тұтынушыға бағытталуы- имидждің қалыптасуы (тауар, шарттар)- тұтынушының субьективті күтулерін қалыптастыру мен есепке алу».
XX ғасырда психология дамуының салдарынан, кадрлік технология класстарының жалпы қалыптасуы себеп болды. Дж.Ньюман мен Б.Мейсон кадрлік менеджменттің қалыптасуына үш тарихи моделдерді ұсынады:
Коллективте психологиялық климат пен еңбек гигиенасына қамқоршысы, психология мен әлеуметтік өндіріс аймағында дайындығы бар, жұмысшыларына қамқоршы ретінде, персонал бойынша менеджер.
Қызметтік араласуларды ескеруші, келісім шарттары бойынша жұмысшыларына администірлік бақылауды қалыптастырушы, еңбек келісімнің маманы ретінде, персоналы бойынша менеджер.
ұйымның көп уақыттық стратегиясын реализациялаушы және жобалауда басқарушы орынын ойнаушы, жоғарғы жетекшілік құрамына кіретін, кадрлік потенциалдың кәсіби құрылымына және адекватты ұйымдастыруды қамтамасыз ететін кадрлік потенциалды ұйымдастырушы архитектор ретіндегі менеждер.
Жалпы кадрлік саясаттың мазмұны, оның кілтітк қызметі мен кадрлік құрылымның бөлімшелері көкейкесті өзгеруде. Паралеллді ұйымдар түсінігінің мәні, компаниялар, кәсіпораындар, фирмалардің өзі векторлық тізбек бойынша өзгеруде:
автаномды өзіндік қамтамасыз етуден – жеке адамдар мен серіктес шекараласытыққа және ішкі ұйымдар мен көрсетілмеген кәсіпорындар мен фирмаларға дейін.
ирархиялық және орталықтандырылған құрылымнан- пластикалық орталықтануға дейін;
патриархалдық басқару моделінен- жұмысшылардың көп сандық өкілетті өкілденіуне дейін;
өнімдердің төмен және жоғары көлемге бағытталуынан- сапаға, жаңаға, жылдамдыққа бағытталу;
субьктінің қатесіз жұмысынан- оның икемді процесстері мен өлшенетінін оңтайлы етуге дейін;
жабық ұйымдардан- қоғамдағы ашық қатынастар жүйесіне дейін;
еңбек субьектісінің еңбек қызметінің шектелуінен- адам потенциалының тұлға, индивидуалдылық ретінде дамуына дейін.
Жалпылай келе, ғылыми-тәжірибелік міндетттердің үштігін көрсетеміз (пәндер шеңберінде): 1.іріктеу;2.дайындық;3.психологиялық еріп жүру (сопровождение).
Сонымен қатар, әлеуметтік міндеттердің үштігін көрсетуге болады:
ең жарамды психотехникалық амалдарды іріктеу ;
персонал іс-әрекетін оңтайлау мен өнеркәсіпті басқару;
адамдық ресурстарды жедел реттеу.
№ 3- Дәріс
Тақырыбы: Кәсіп және жұмыс орны.
Сұрақтары:
