Бөлшектерді бекіту тәсілдері
Келесі қатарды аяқ киім конструкциясының ең маңызды элементтерінің бірі – аяқ киім бөлшектерін бекіту тәсілдері жайлы деректер беріледі.
Жоғарыда айтылғандай мікбас аяқ киімдерді алғашқы бекіткіш материалдар болып, аяқ киім дайындалатын былғары түйірінің шетінен кесіліп алынған былғары жолақтар болды(Сур.2). Сосын бұл жолақтар бөлшектердің контурлары бойынша ашылып, саңылаулар бойынша өтіп, бөлшектердің шеттері арқылы түйрелген белдемшелерге айналды(Сур.3).
Бөлшектердің шеттері құрамдас белдемшелермен және бүрмелермен топтысып, қарапайым аяқ киімнің көлемді пішінін құрды (мікбас аяқ киім).
Конструкцияның келесі жетілдірілген түрінде, бөлшектің алдынғы бұрыштары иіліп, олар араласып және түйресіп бекітілді. Бұл бекіту тәсілі тігістерге ұқсас болды.
Памирдегі қарапайым етіктерді (пехс) дайындау барысында тар былғары қаптардың үлкен түйірлерінің шеттерін осындай тәсілмен бекіткен(Сур.2).
Кейініректе белдемшелерді тозған аяқ киімдерге жамауларды бекітуге және ұлтанды бекіту үшін қолданады (Сур.7).
Сурет – 10. Резеңкеден жасалған қалыпталған монолитті ұлтан
Уақыт өте келе берік тігістерді алатын тарамыс жіптерді алу тәсілдері табылғаннан кейін, белдемшелерді тарамыс жіптер алмастырады. Тарамыс жіптер соңғы уақыттарға дейін Қиыр Солтүстікте кеңінен тараған. Кейін тарамыс жіптерді өсімдік талшықтарынан алынған жіптер алмастырады. Көптеген мыңжылдықтар бойы жіптер,жалғыз және ең сенімді аяқ киімдерді бекіткіш материал болды.
Сурет – 11. Жіптік тігістер: а. бір жіпті, б. екі жіпті
Сурет – 12. Айқаспа тігіс: а. дайындамамен бірге тіккенде, б. теріс айналған күйінде
Жануарлардың сіңірлерінен және өсімдік талшықтарынан алынған жіптерді қолдану арқылы, бөлшектерді айқаспа тігістермен бекіту мүмкін болды. Бұл бекіту тәсілінде дайындаманың беткі қабатының шеті ұлтанның беткі қабатының шетіне қойылып, бір – бірімен бір жіпті немесе екі жіпті қабу арқылы тігіледі (Сур.11 а,б). Бөлшектер теріс айналып тігілген сияқты болып тігіледі (Сур.12 а).
Сосын тігілген аяқ киімді теріс аударады. Бұл жағдайда аяқ киімнің үсті мен астын бекітетін тігіс аяқ киімнің ішінде қалады (Сур.12 б). Айқаспа тігіс қапсырма тігіске қарағанда берік, әрі сыртқы пішіні бойынша әдемі. Аяқ киімнің сыртқы пішіні әдемірек болып, тігісі берік болады. Уақыт өте келе бөлшектерді тігу жетіліп, үстіңгі бөлшектер қайып тігу арқылы бекітіле бастайды (Сур.18). Бұл жерде бөлшектер өздерінің дөңбек жүздерімен қабысып, жіптің тігісі бөлшектердің барлық қалыңдығының жартысынан ғана саңылау тесіктерге өтеді. Осындай жолмен бөлшектерді бөлшек үстіне қоймай – ақ, өте берік, суға төзімді және қалың емес, көзге көрінбейтін тігістер алаынады. Осындай тігістерде атқару аяқ киім дайындаушыдан үлкен шеберлікті қажет етті. Қайып тігуді жұқа имек біздер арқылы былғары бөлшектердің өндірісінде ғана қолдануға болады. Көптеген қазбалардан осындай тігістер асқан шебершілікпен атқарылған аяқ киімдердің қалдықтары табылған.
Ежелгі усьмошвецалар деп аталған шеберлер аяқ киімдерден басқа да былғарыдан дайындалатын бұйымдарды жасаған: қолғаптар, сөмкелер және т.б. Мұның бәрін пышақтың, имек жұқа біздің, балғаның және кейбір жағдайларда тігілген аяқ киімның ақырғы пішінін бері үшін каюганы пайдаланған. Барлық бөлшектер бір – бірімен тек жіптер арқылы тігілген.
Сурет – 13. Қайып тігу
Сурет – 14. Дайындамамен қалың ұлтанды айқаспа алтанды тәсілмен бекіту: а. дайындаманы тігу кезінде, б. теріс айналған күйінде
Болашақта етікшілер деп аталатын усьмошвецтер жақсы аяқ киім дайындау үшін ,17 ғасырға дейін тек қана былғарыдан дұрыс пішіндегі бөлшектерді пішіп алып, оларды бір – бірімен тігетін болған.
Кейбір Г.В. Штыхов сияқты археологтар айтатындай, аяқ киімде ұлтарақ болмағандықтан ешқандай қалыптар болмаған және дайындаманың шетін ешнарсеге бекіту мүмкін болмаған. Оны ұлтанға қалыпсыз айқаспа тігіспен тіккен. Тігілген аяқ теріс айналған, ылғалданған және аяқ киімнің көлемді пішінін беретін каюгалар салынған.
Қатты ұлтандардың пайда болуы, аяқ киімнің үстіңгі бөлігімен бекітілуін біраз өзгертті. Қазіргі етікшілердің чувяк – алтанды тәсіліндегі тәсіліндегідей ұлтандар айқаспа тігіспен тігіледі. Аяқ киімнің дайындамасының шетін көтеріңкі күйде ұлтанның ішкі жағына қалыпсыз тігеді (Сур.14а). Тігілген және айналған бұйымға ережеге сай каюга салынады (Сур.14б).
Аяқ киімге өкшелік бөліктің төзімділігін арттыратын қатты өкше сірісін енгізгеннен кейін, аяқ киім дайындамасын ұлтанмен ұстастыру тәсілі де өзгерді. Алдын – ала дайындамаға өкшелік бөліктің ішкі жағынан, өкше сірісіне ұқсас калта деп аталатын былғарының түйірі тігіледі.
Үстіңгі дайындаманы ұлтанға тігу тұмсық бөліктен басталып, қарапайым айқаспа тігіс арқыл іске асады (Сур.14). Мұндай тігістер тігілген қалтаның шеттеріне дейін жүргізіледі. Содан кейін аяқ киімнің алдынғы бөлігі теріс айналдырылып, пайда болған қалтаға қалың былғарыдан дайындалған қатты өкше сірісін салады. Кейде өкше сірілері иленген немесе желімденген қайың қабықшаларының қабаттарынанда болады. Өкше сірісінің үстіңгі шеттері табанның өкшесі қажалмауы үшін төмен түсіріледі.
Дайындаманың астынғы шеті сыртқа айналып, ұлтанға сыртқа жазылған қалтамен бірге екі жіпті сыртқы тігіспен тігіледі (Сур.15). Тағыда жіппен, бірақ енді қазіргі сандальдыға ұқсас сыртқы тігіспен. Өкше сірісінде керме жиектің болмағандығында атап өту керек.
Ұлтанның өкшелік бөлігіне салынатын бірнеше қабат былғарылардан тұратын таңдаулардың пайда болуы, оларды да үстіңгі бөлікке сандальды тәсілмен бекітуге сұраныс туғызды. Ұлтанды үсті бөлікпен тек қана жіптер арқылы бекітуге арналған тәжірибе қолданылып, жіп таңдаудың барлық қалыңдығы бойынша өтті.
Осыған байланысты аяқ киім өндірісі тәжірибесінде бекіту үшін, тек қана жіптер қолданылды.
Сондықтан аяқ киімді тігу термині пайда болып, соңғы уақыттарға дейін сақталып қалды, ал өндірісте цехтағы тігін машиналарының өте аз қалғандығына қарамастан, жинау цехын тігу цехы деп атайды.
Подбордың нәлі бөлігінің және тігістің сызығы бойынша жіп тармағының қажалуға қарсылығын арттыру үшін, үлкен дөңес бөлшектері бар қапталған темір шегелерді қағады. Аяқ киімде ұлтарақ болмағандықтан, шегелер өкше сірісінің қалыңдығына өткен (Сур.15). Сондай – ақ ұлтанның өкшесінің шетіне қолданылатын тиекті – шегелі тағалар кеңінен пайдаланылады.
Осы кезеңнің өзінде ақ аяқ киімдерді сурет кескіндерімен немесе әр түрлі түстегі жіптермен безендіре бастағандығын атап өту керек.
Сурет – 15. Қабатты етіктің өкшесі: а. жалпы көрінісі, б. жіппен бекіту тәсілі
18-ші ғасырда бірінші Петрдің жарлығымен сол кездегі қалыптасқан орыс киімдері мен аяқ киіміне соққы тиеді. Ресейде аяқ киімдердің шетелдік конструкциялары енгізіледі.
18-ші ғасырға дейін орыс аяқ киімінде болмаған ұлтарағы бар жаңа конструкцияның енуі, аяқ киімнің астын бекітуге арналған тігілмелі әдісті енгізуге мүмкіндік тудырады (Сур.16).
Сурет – 16. 18-ші ғасырдағы ұлтандарды бекітудің тігілмелі әдісі
Орыс аяқ киімдері өзінің жетекші рөлін жоғалтып, ауыл – аймақтарда, Сібірдің түпкі аудандарында ғана сақталынып қалынады. Бірінші Петрдің мына бір жарлығында, сібірдің тұрғындарына өздері қалағандай көйлектер киюіне рұқсат етіледі. (Жарлық № 2192, 1706 ж).
Осы кезеңнен бастап қала тұрғындарының аяқ киімдерінің конструкциясы шетелге байланысты болады.
Қолөнер дамыған ғасырларда (18-19 ғ) ұлтанды бекітудің әр қандай нұсқалары пайда болады, олардың кейбірі қазірде кездеседі (тігілмелі, айқаспа, рантты).
18 ғасырдағы қатты ұлтандардың пайда болуымен ағаш – тиекті тәсіл пайда болады. Осы тәсілдің жүз елу жыл өмір сүріп, 20-шы ғасырдың бірінші тоқсанында біздің көз алдымызда жоқ болуы, өте қызықты. Соңғы жылдары ол тек қана арнайы аяқ киімдер өндірісінде ғана қолданылады. Осы тәсілмен 18-ші ғасырдың бас кезінде Эрмитажда сақтаулы тұрған бірінші Павелдің етігі сияқты, өте ыңғайлы аяқ киімдердің дайындалғаныда өте қызықты.
Өте жүз жылдықтың ортасында жоғарыда айтылғандай аяқ киім өндірісінде машиналар пайда болды. Машиналардың пайда болуы, өндірістегі дайындамаларды жасаудағы қолмен атқарылатын жұмыстардың барлығын жылдам ысырып тастады. Аяқ киімнің үстіңгі бөлігін бөлшектердің көптеген түрінен дайындай бастады.
Кейінірек ұлтанды тігуге арналған тігін машинасы және ұлтанды жезден жасалған шегелермен немесе винттермен бекітуге арналған винтті, шегелі машиналар пайда болды. Мұның бәрінің аяқ киімнің конструкциясына әсер тепеуі мүмкін емес еді. Аяқ киімнің өндірісіндегі химиялық техногиялардың дамуына байланысты, біздің жүз жылдықтың басында, аяқ киім өндірісінде бекітудің желімдік әдісі мен желімдеуге арналған құрылғы пайда болады.
Аяқ киім өндірісіндегі алғаш кеңінен қолданылған желім нитроцеллюлоза негізінде желім (АГО). Ол былғары ұлтанды былғары немесе текстильден дайындалған үстіңгі бөлікпен өте берік желімдей алды. Бұл енді аяқ киім өндірісіндегі жаңа дәуір болды. Ұлтанды ауданы бойынша бекітетін бекітудің ескі қәсіптік түрін, бір уақытта бүкіл ізі бойынша бекітілетін жетілген түрі алмастырды. Сондай- ақ, ары қарай желімдеу әдістері толық дайындалған ұлтанды үстіңгі бөлікке бекітуге мүмкіндік жасады. Ұлтанды жалпақ күйінде жасау, оны бекітілген күйінде жасаудан әлдеқайда оңай.
Аяқ киім өндірісінің өзгерісіне резеңкені игерумен, осы өндірісте қолданылатын құрылғылардың рөлі өте зор болды.
Қалыпталған ұлтандар алғашында тігін машинасында жіптермен тігілетін. Бекітудің бұл әдісінде жіпті жырашыққа батыру немесе резеңке ұлтанды кесу қажет болды. Мұндай жырашық пен жоңу ұлтанның қалың болуын талап етіп, тігісті айтарлықтай әлсіретті. Аяқ киім өндірісі мен резеңке өндірісі арасындағы байланыс, ұлтанды тігуге арналған жырашықты, қалыпталған резеңке ұлтандарды дайындау барысында қалыптауға жол ашты. Бұл тігісті бекем етіп, еңбек өнімділігін арттырды. Сосын қалыпталған ұлтанды аяқ киім асты бөлшектері үшін де енгізе бастады: сыздық, салмалы ұлтарақ, ұлтанның жүру бетіндегі сурет. Ақырында аяқ киім астының барлық бөлшектері мен өкшеден құралатын монолитті ұлтанға келіп тоқатады (Сур.10). Осылайша аяқ киімнің конструкциясы өзгерді: астыңғы бөліктің көптеген бөлшектерінің орнына бір ғана қалыпталған бөлшек келді.
Жоғарыда айтылғандай Кеңес Одағында ойлап табылған аяқ киімнің үсті мен резеңкеден дайындалған асты бөлігін бір уақытта қалыптап бекітетін, ыстық вулканизация әдісі аяқ киім өндірісіндегі революциялық төңкеріске айналды. Бұл тәсіл химиялық технологияларды аяқ киім фабрикаларына енгізді. Тәсілдің қазірдің өзінде құйма тәсілі сияқты бірнеше нұсқалары бар. Аяқ киімнің әр түрлі жоғары полимерлі материалдан тұратын асты бөлігін бекітіп, еріген материалды бүркіп енгізу арқылы тиісті пішін беріп, бір уақытта қалыптау және осы тәсілдің бірнеше әдістері бүкіл әлемге кеңінен тарау үстінде.
Аналогты құрылғылардың көмегімен іске асатын, тігістері мүлдем болмайтын, мақсатты қалыпты аяқ киімді өндіруге деген белгілі бір үрдіс байқалады. Қыздырылған және еріген жоғары полимерлі материалды бүркіп ендіру арқылы аяқ киімнің астынғы бөлігінің пішінін қалыптастыру, осындай жолдармен сандалдар тәріздес аяқ киімдерді дайындауға деген ойларды туғызды. Бұл аяқ киімдер ұлтан мен аяқ киімнің үстін алмастыратын белдемшелерден тұрады. Осы уақытқа дейін бүкіл әлемге кеңінен тараған аяқ киімнің жаңа конструкциясы мен жаңа құрылғылар пайда болды.
Қарапайым аяқ киімді дайындауға деген мүмкіндік, аяқ киімнің толық бір құймасын дайындауға деген ниетке алып келеді. Толық құймалы аяқ киімдерді дайындайтын да құрылғылар пайды болды, бірақ олар аяқ киімнің гигиеналық қасиеттеріне жоғарғы талаптар қойылмайтын жерлерде қолдау тапқан. Кәдімгі аяқ киімдерді бұл құрылғыларда дайындауға болмайды. Өйткені құю арқылы пішінді қабылдап, тұтынушыны өзінің гигиеналық және физико – механикалық қасиеттерімен қанағаттандыра алатын материалдардың өндірісі жайлы, сұрақтың жауабы табылуы керек.
Қазірдің өзінде аяқ киімінің үстіне арналған престелген дайындамаларды дайындауға арналған материалдар мен құрылғылар бар. Бұл дайындамаларда тігістер мүлдем жоқ. Еліктеткіштігі өте жоғары және бұдан бейхабар адамдар еліктеткіш тігістермен, кәдімгі жіптік тігістерді ажырата алмайды. Аяқ киім үстін безендірудің басқа да тәсілдері табылып, тұтынушылардың эстетикалық талаптарын аяқ киім неғұрлым көбірек қанағаттандыра бастайды. Енді барлық мәселелер аяқ киімдер дайындалатын материалдарда. Техниканың барлық салаларында қарқынды дамып келе жатқан, қазіргі химияны аяқ киім өндірісіне де қажетті материалды береді деп нық сеніммен айтуға болады. Ал бұл аяқ киім конструкциясының айтарлықтай өзгеруіне әкеліп соғады.
