Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ая киім конструкциясыны даму тарихы3.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать

Конструкцияның өмір сүру уақыты

Аяқ киім конструкциясының өзгеру жылдамдығы жайлы бірнеше сөздер.

Кіріспеде бұл сұрақ қарастырылған болатын. Қазіргі заманғы аяқ киім конструкциясының ақырындап өзгерунің өзі, тұтынушылар кейде өндірушілердің арасында да, аяқ киім конструкциясының тұрақтылығы жайлы пікір қалыптастырады.

Аяқ киімнің конструкциясы оны өндіру тәсіліне байланысты. Еңбек құралдары мен еңбек нысандары ешқандай өзгеріске ұшырамай, тұрақты болса, аяқ киімнің конструкциясы да тұрақты болады.

Кесте схемасының соңғы қатарында өндіріс құралдарының, аяқ киім дайындалатын материалдардың, бекіту әдістерінің өмір сүру уақыты жайлы деректер келтірілген.

Неандертальдықтар өмір сүрген мустье деп аталатын орта палеолиттің кезіндегі тас құралдар он мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген.

Олардың орнына алғашқы саналы адам гомосапиенстер пайда болып, өмір сүрген уақтысы кезінде неғұрлым жетілген тас құралдар келді. Бұл дәуір шамамен 25 мың жылға созылды.

Келесі кезең мезолит – бұдан да аз уақытқа созылып, 8 мың жылға жуық уақытқа созылды. Бұл дәуірде мұздықтар Шығыс Еуропаның жер қабатын босатты.

Жаңа тас дәуірі неолиттің еңбек құралдары бәрінен де аз өмір сүріп, 3-2 мың жылдай уақыт аралығында ғана өмір сүрді.

Бұдан кейін металдар дәуірі басталды. Мыс пен қола пайдалынылған металдар ретінде 1 мың жылдан өмір сүріп, соның нәтижесінде металдар дәуірі 2 мың жылға созылды. Оларды алмастырған темір өндірісте әр түрлі қолданылу саласында, әлі күнге дейін орнын сақталып келеді.

Жоғарыда айтылғандай 18-ші ғасырға дейін ұлтандарды бекітудің жалғыз әдісі жіптік әдіс болып келді. Неғұрлым қатты және қалың ұлтандарды қолдану ағаш – тиекті тәсілге алып келеді. Ол 20-шы ғасырдың бірінші тоқасанына дейін, 150 жылдай уақыт аралығында өмір сүрді. Винтті және шегелеу әдістері 50 жылдай уақыт қана өмір сүріп, соңғы жылдары жоғалып бара жатыр. Оларды ұлтандарды желіммен бекіту әдісі мен ұлтандарды қалыптау арқылы бірге бекіту әдісі алмастырып келе жатыр.

Осылайша қарастырылып жатқан өндіріс құралының өмір сүру уақыты ғасырлар қойнауына кеткен сайын, олардың өмір сүруі де көпке созылатындығын көруге болады. Ал қазіргі заманда еңбек құралдары мен аяқ киім конструкциясының өмір сүру уақыты неғұрлым қысқарып келе жатыр. Техникалық төңкерістердің ғасырында бұл өзгерістер тағы да жылдамдай түсіп, аяқ киім конструкциясының өзгерісінің төңкерісі басталады деп күтілу үстінде.

Қазіргі аяқ киімдерге қарағанда аяқ киімдер тағыда ыңғайлы бола түседі. Аяқ киімдер жақын болашақта адамдар үшін қажетті барлық нарселерге бейімделеді. Олар неғұрлым гигиеналық, әдемірек және қол жетімдірек бола түседі. Мұның бәрін жаңа өндіріс құралдары, еңбек нысандары және жалпы айтқанда аяқ киім өндірісінің жаңа тәсілдері бере алады.

Аяқ киім конструкциясының өзгеруінің себептері

Өндіріс құралдарының дамуына байланысты аяқ киім конструкциясының дамуын қарастыра отырып, олардың байланысы мен өзгерісін көрсетуге болады. Аяқ киім конструкциясының өзгеруі себептеріне жауап беру үшін, өндіріс құралдарын қарастыру керек. Біршама уақыт бұрын дайындалған аяқ киім конструкциясының өзгеруінің басты себебі болып, уақыт өте келе осы конструкциядан табылған кемшіліктер мен өндіру тәсілдері табылады. Ыңғайлы және жақсы болып келген аяқ киім конструкциялары уақыт өте келе ыңғайсыз болып, оларды өзгертіп, жаңалауға жұмылдырады. Бұған тұтыну деңгейінің өсуі әсер етеді.

Бұл заңдылық былғарыға, матаға, аяқ киімдерге қызығушылық танытқан Мәскеу мен Қазан университеттерінің бірінші профессоры М.Я. Киттараның мақаласында жарық көрген. Ол 1861 жылғы орыс өнеркәсібі мануфактурасының көрмесіне шолу деген мақаласында, былай деген: Халықтың көпшілігі тұтынатын арзан шыттар мен аяқ киімдерге қарап тұрып, орыс адамдарының алға жылжымағандығын және жайлылығының соңғы жиырма жылда өзгермегендігін көруге болады. Аяқ киімдер тұрпайы, баяғысынша қап болып көрінеді және карапайым адамдардың аяғын күс болудан сақтау үшін, көп шүберектермен орауды қажет етеді.

Бұл тұрпайы аяқ киімдердің үлкен жетістіктері болды. Петербургтық үздік шеберлер Горлов пен Яковлевтің қолынан шыққан байлардың көркем аяқ киімдері жұбына 3-13 рубль аралығында болса, бұл аяқ киімдер бар жоғы 1 руб. 20 тиын тұрады.

Бұрынғы уақытта жасалғандарды және соның бұрынғы аяқ киімдерді жақсы болған деп ойлайтын адамдарға, қалай жанын ашымасқа!

Жазушы Стендаль өзінің қызыл мен ақ деген кітабында аяқ киім мен 19-шы жас бай адамы арасындағы байланысты атап өтеді. Өзінің баласы Люсьенге күліп тұрып, Левон мырза оны жоғалтып алған жағдайда оның бейітіне қандай жазба жазатындығын айтады: Мұнда екі жыл бойы ескі және жаңа етіктермен үздіксіз күрескен республиканшыл Люсьен Левен жатыр.

Дамып келе жатқан адам жаңа бұйымға бой үйрете келе, ондағы жетіспеушіліктерді табады. Аяқ киімдерде негізгі кемшіліктері мыналар болуы мүмкін: оны дайындайтын материалдар, бактерологиялық әсерлердің әсерімен оның бұзылуы, су өткізгіштігі және суға тұрақтылығы, қатттылығы, жылдам тозуы, аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің иілуінде немесе аяқ киімнің конструкциясы нашар болған жағдайда тігістері болуы мүмкін. Аяқ киімнің үсті мен асты бөліктерін бекітетін тігістерінің беріктілігінің төменділігі, табанның атқаратын қызметтерінің бұзылуына әкеліп соқтыратын аяқ киімнің ішкі пішінінің кемшілігі, аяқ киімнің үнемі табанның белгілі бір аумағына қысым жасауы, аяқ киімнің ішкі пішімінің өлшемі табанға сай келмеуінің нәтижесінде аяқ пайда болатын күстер, сүйелдер, табан терісінің терең жарақаттануы және т.б.

Адам бұдан шығатын жолды жетілген материалдарды қолдану, жаңа бөлшектерді жасау немесе ескілерін бөлшектеу арқылы іздейді. Соңғысы жаңа құралдардың көмегімен ғана орындай алатын жаңа тігістерді жасауға деген сұраныс туғызады.

Аяқ киімнің конструкциясына біршама деңгейде әсер ететін, еңбек өнімділігін арттыруға деген сұраныс туындап келеді.

Бірақ мұның бәрі өндірістің жаңа тәсілдері пайда болған кезде ғана мүмкін болады.

Тұтынушыларда ғана емес, өндірушілерде де белгілі конструкцияға қарай қалыптасқан бейімділік, жаңаны бірден меңгеруге кедергі жасайды. Ескіге үйреніп қалу немесе аяқ киім өндірісіндегі жағдайлар ескінің жаңаны енгізуге кедергі болуына себепші болады. Ақырында күрес өндіріс құралдары бойынша және өзінің конструкциясы бойынша неғұрлым жетілген жаңаның жеңісімен аяқталады. Осылайша аяқ киім пайда болған кезден бастап біздің күндерімізге дейін, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатыр.

Жоғарыда айтылғандай аяқ киімнің пайда болуын негізгі себебі болып, адамдардың жер бетінің температурасы төмен, климаты континентальды, жер шарының солтүстік таулы қыратты аудандарының игеруге деген талпынысы болды.

Қолында дөрекі пішіндес дөрекі жоңылған жүзі тас құралдары бар адамдар, тек қана қарапайым жолмен ғана өздерінің табандарының суықтың әсерлерінен қорғап қала алды.

Шикі былғарыдағы ет пен майдың қалдықтары бактерологиялық үрдістерге алып келді, сондықтан адам оларды алып тастау арқылы бұйымды бұзылулардан және шіруден сақтап, бұйымды кию мерзімін айтарлықтай ұзарта алды. Қыратын заттар мен қырғыштарды өндіру техникасы дами бастады. Бұл тастан жасалған еңбек құралдары тек былғарыдан дайындалған бұйымдарды жасауға ғана емес, ағаштан және де басқа да тас емес материалдардан бұйым жасауға қолданылды.

Шикі иленбеген құрғақ күйіндегі былғарының қаттылығы табанның қажалуын әсер етіп, адам оны жұмсартуға тырысты.

Адам былғарының шикі күйінде жақса иленететінін көрді. Осылайша былғарыны өңдеудің алғаш кеңінен тараған түрі илеу пайды болды.

Кейіннен консервілеу, жұмсарту сияқты жетілген тәсілдерді табады. Кей аймақтарда теріні отқа қойып қақтаса, кей жерлерде теріні кірнемен сылайды. Ал кей аймақтарда былғарыны жұмсартып, түктерін алып тастауға шіріген зәрді пайдаланады. Аяқ киімнің үстіне арналған былғарыларды қалыңдығын азайтып, жұмсарту үшін қатты жоңып тастайды. Шикі былғарыны маймен сылауда кеңінен таралады. Былғары өндірісінің тәсілдерінің ары қарай жақсаруы аяқ киімнің сапасы мен конструкциясының бір бөлігіне әсер етеді.

Былғарының суға төзімділігі мен суға салғаннан кейінгі өз қасиетін сақтап қалу қасиетін арттыруға және иілгіш төзімді былғарыны алуға деген ұмтылыс, былғарыларды өсімдік майларымен илеуге алып келді. Бұл былғары өндірісіндегі төңкерістік кезең болды. Өйткені сапасы айтарлықтай жақсы былғары материалын беретін бұл өңдеу тәсілі, жетілген нұсқалар түрінде соңғы жылдарға дейін сақталған. Қазіргі илеу тәсілдері бұрынғы тәсілдерден өсімдік майларымен қатар неорганикалық және синтетикалық илегіштерді қолдануымен ерекшеленеді.

Материалдардың қасиеттері айтарлықтай жақсарып, аяқ киім конструкциясының жетілуіне әкеліп соғады.

Бірақ қазірдің өзінде былғары шикізатына деген жетіспеушілік байқалады. Енді аяқ киім конструкциясының өзгеруінің басты бағыты болып, тұтынушылардың барлық талаптарына жауап бере алатын жасанды материалдарды қолдану болады. Бұл материалдар қазіргі уақытта тұтынушылардың талаптарына толық жауап бере алмайды.

Тарихи экспонаттар тігістердің және бекіту тәсілдерінің пайда болуы мен дамуын өте жақсы көрсетеді.

Тар жолақ ретінде (белдемше) пайда болған тігістер аяқ киімге су өтіп кететіндей тұрқы және берік болмады. Ол кезеңнің аяқ киімдері табанды табиғат әсерлерінен қорғағанымен, адам қажетті жағдайда қорғай алмады.

Тарамыстардың көмегімен содан кейін өсімдік тектес жіптермен атқарылатын өте берік және иілгіш тігістің жаңа түрі пайда болады.

Жіптік тігістердің конструкциясы барлық уақыттарда жетіліп отырады. Сыртқы қаптама тігістен айқаспа тігіске өтеді, сосын усьмошвецтің үлкен шеберлігінің үлгісі қайып тігуге өтеді.

Қатты қалың ұлтандардың пайда болуына дейін ақ, бәтеңкелер мен етіктердегі тігістердің үзілуі, ұлтандарының алдынғы және артқы шеттерінен басталатындығы белгілі болған. Тігістің берік болуы үшін ұлтанның тұмсық пен өкше бөліктерін созып, үстіне қаратып тігеді. Ұлтанның түйіскен жеріндегі тігісті тірек арқылы қауіпсіз жерге алып шығады (Сур.8). Тұмсығы жоғары көтерілген аяқ киімдер бүкіл әлемде көптен бері сақталынып келе жатыр. Негізінде Азияның халықтары арасында сақталған.

Адамның аяқ жасаудағы тәжірибесі, оған аяқ киімнің үстіңгі бөлігін екі бөлшектен дайындаса өте ыңғайлы және бүрмесіз аяқ киім алатындығы жайлы хабар береді.

Құбыр тәріздес қоныштарды жекелей дайындап және бір бөлшекті қаптың орнына аяқ киімнің алдын жекелей дайындап, оларды табанның иілу сызығы бойынша бекітіп, тұтынушыларды жақсырақ қанағаттандыратын аяқ киімнің пішінің алады. Етіктердің пішімі конструциясын айтарлықтай жақсартатын алды мен қонышқа бөлінеді. Осы кезеңде мүмкін бұдан бұрынғы кезеңдерде, етіктердің үшінші бөлшегі ұлтан пайда болады. Бірақ қоныш пен аяқ киімнің алдын байланыстыратын тігіс өзінің орнында қалып, тобық сүйегінің аумағындағы тұрақты иілістерге ұшырайтын аймақпен өтеді. Бұл етіктерді көп жылдар бойы киюдің нәтижесінде, тұрақты иілістердің аумағындағы орналасып тез жыртылатын осы тігісті бекіріктігін арттыру туралы ой келеді.

Тігістерді беріктілігін арттыру үшін, оны үнемі қайталанбалы қысым түсетін аумақтан, қауіпсіз аймақтарға орналастыру жайлы ежелден келе жатқан тәсіл қолданылады. Етіктердің алдыңғы жағындағы қонышқа тігілетін үстіңгі шетінде кішкене дөңес қосымшалар пайда болады. Олар етіктерде кәдімгі тігістерден жоғары орналасып, тұрақта иілістердің сызығына түспейді. Осылайша тігіс конструктивті түрде берік бола түседі. Осы дөңес қосымшаларды қолданудың нәтижесінде оның алдыңғы бүйір беттер үшін тиімсіз екендігі байқалады. Осылайша етіктің алдынан қоныш арқылы жоғары көтерілген, бүкіл әлемге танылмал тілшікке келіп тоқтайды.

Кейіннен қатты қалың ұлтандарды тігісті жоғары көтермей ақ қолданып, өкшенің қызмет ету уақтысын арттыруға болатындығын тәжірибелер көрсетті. Бұл өкшені бірнеше қабат былғары түйірлерін ұлтан мен үстіңгі бөліктің арасында орналыстырып, жасанды қалыңдатуға болатындығын көрсетті. Бұл қалыңдату өкше жөндемей ақ аяқ киімнің кию уақтысын ұзарту мүмкін екендігін көрсетті. Эстетикалық мақсаттарда қолданылатын өкшенің пішінін, биіктігін өзгерту сияқты өкшедегі таңдаулардың пайда болу себебі осыда.

15-16 ғасырларда Шығыс Еуропадағы аяқ киімінің конструкциясы осылай қалыптасты.

18-ші ғасырдан бастап аяқ киімнің конструкциясының дамуы Батыс Еуропалық әсермен жүреді.

Осы кезеңнен бастап орыс аяқ киімдерінде бұған дейін болмаған ұлтарақтың, қатты тұмсық сірісінің пайда болғандығын атап өтуге болады.

Аяқ киімдер қатты бола түседі, бірақ қалыптап керу операциясының пайда болуына байланысты үстіңгі бөлік өзінің пішін сақтағыштығын арттырады. Материалдарды созу үрдісі қол өндірудің өзінде екі кезеңге созылады: бірншісі – дайындаманы қалыпқа орналастырып, оны қысқышпен созу және екіншісі – қалыпта керілген аяқ киімге кідірістен (релаксациядан) кейін, қайтадан қосымша керу.

Сондықтан механикалық өндірістің кейбір аудандарынада механикалық керу операциясы қайта керу деп аталған.

Шетелдік конструкциялы аяқ киімдерді игеруден кейін, біраз уақыттар өткеннен соң, орыс ойлап табушыларыда өздерін көрсете бастайды.

Ежелгі аяқ киімдерде өкше сірісі болмағандықтан, өкше тұстағы аяқ киімнің үсті бөлігі ақырындап шөгіп кететін. Бұл аймақта қатты ағаш қабыған орналастыру, аяқ киімнің төзімділігін айтарлықтай арттырды. Осылайша аяқ киімдерде өкше сірісі пайда болды.

19-шы ғасырға дейін аяқ киімдерде табанорта болған жоқ.

Биік өкшеге деген сәннің пайда болуы, аяқ киімнің астында сүйеніш тәрізді табанды қорғауға арналған сыртқы дөңестің пайда болуын алып келді. Өкшенің ложасы (ляпис деп те аталады) ұзын болып, табанның жартысына дейін жетіп тұрады. Бұл дөңеске қолдау көрсетіп, ұлтан мен өкшенің байланысын бекіте түседі.

Сәндік үйлесімділікке байланысты биік өкшені қысқартылған ложамен жасау да, бұл тапсырманың жетілдірілген шешеміне айналады. Өкшенің артқа ауытқып кетпеуі үшін, табанның ортасында сүйеніш жасауға деген мұқтаждық қайтадан туындайды. Оны нәліден өкшеге дейін табанның ортасына баратын, аяқ киімнің астына темір білікті сүйеніш жасап, оны бекіту жолымен шешеді. Нәліге өзінің пішініндей темір қалпақ бекітіліп, оны толық жауып тұрады. Оған жоғарыда айтылған білік ерітіліп құйылады (немісше - gelenk). Ұстаның араласуын талап ететін өте күрделі конструкция пайда болады.

Бұл жағдайдан шығудың амалы болып, ұлтарақ пен ұлтанның арасына алғашында былғары, кейіннен ағаш жұқа пластинаны енгізу болып табылады. Ресейде бұл табан көбінесе қабықтан жасалды. Соңғы кездері бұл бүкіл әлемде кескінделген темір пластинадан жасалынып жүр (білік) және супинатор деп те дұрыс аталмай жүр.

Ағаш биік өкшелерді кәдімгі аяқ киімдерде жинақтар алмастырады (ежелгі орысша подбор). Қазір ұлтанмен өкшені жаппайды, тек подбор арқылы жүргізеді. Ағаш өкшелердегі сияқты подборлардың үстіне тозуға беріктілігі жоғары нәлі, былғары түйірі бекітіледі.

Аяқ киімдегі ұлтарақтың пайда болуы, ұлтанды бекіту әдістерінің әр түрлілігін қамтамасыз етеді. Сондай – ақ шетелдің әсеріне байланысты жіптік тігістер ағаш – тиекті тігістермен алмастырылды.

Бұл жаңа тәсіл аяқ киімнің үстіңгі бөлігін керу мен ұлтанды шпильдеу атқарылатын қалып пен ұлтарақтың пайда болуына және жіпті қатты қалың ұлтандарды бекітудің қиындығымен түсіндіріледі. Қатты ұлтандарды шпильды бекіту өте сенімді болып шығады.

Қалыптың пайда болуы аяқ киім өндірісіндегі барлық технологиялық үрдістерді өте қатты өзгертіп, кейбір деңгейде аяқ киімнің конструкциясынада әсер етті.

Осы кезеңдегі аяқ киім өндірісінің үрдісінің схемасы, машиналарды игерудің кезеңінің алғашқы бөлігінде де сақталып қалды. Аяқ киім өндірісінің машиналары бұған дейін қолмен атқарылып келген жұмыстарды орындағандықтан, осы аяқ өндірісінің үрдісінің схемасы сақталынып қалды. Бірақ машиналар еңбек өнімділігін айтарлықтай арттырып, аяқ киім өндірісіндегі өз орындарын жылдам иеленді.

Машиналарды қолдануға байланысты аяқ киімнің конструкциясында алғаш болып аяқ киімнің дайындамасы және үсті бөлігі өзгерді. Сәндік ізденістер мен материалды дұрыс қолдануды талап ететін, дайындаманың бөлшектерін қолмен тігу, оны бөлшектерге бөлуге кедергі келтіретін.

Бөлшектерді тігудің мүмкіншілігін бірнеше есе арттыру, өткен ғасырда мыскалар деп аталған аяқ киімдердегі тұмсық пен қатты өкше сірісінің пайда болуына алып келді. Өзінің алдағы мақсатына қарай пайда болған бөлшек, жұлық пайда болды. Қабыстырғыштар табандағы табан сүйектерінің бунақталған жеріндегі қайталанбалы иілістер аумағында, аяқ киім үстінің ең осал жерін жамауға арналған былғары жамаулар еді.

Бөлшектерді тігу мүмкіншілігінің пайда болуына орай, сәннің үйлесімділігін қанағатандыратын аяқ киім үстінің көп нұсқалары пайда болды.

Еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін машиналардың ары қарта дамуы, аяқ киім конструкциясына бірқатар өзгерістерді алып келді. Шеті бойынша қабырғасы бар, ранты машинада тігілетін рантты ұлтарақтың конструкциясын сондай өзгерістердің бірі деп айтсақ болады.

Аяқ киімнің асты бөлігі үшін былғарылардың орнына резеңкені қолдану, аяқ киімнің конструкциясына үлкен өзгерістер алып келді. Резеңке бөлшектер былғары бөлшектерден айтарлықтай арзан және төзімді. Аяқ киімді киген кейбір жағдайларда ол былғарыға қарағанда басымдыққа ие болып, сондықтан былғарылармен бәсекелесе бастайды.

Асты бөлігі жасанды материалдардан жасалған аяқ киім өндірісінің технологиясының жетілуі, ұлтанды бір уақытта қалыптап бекітетін жаңа тәсілдің пайда болуына алып келді. Бірақ тәсілдің дамуының алғашқы кезеңінде аяқ киімнің конструкциясы өзгеріске азырақ ұшырады.

Осы тәсілдің ары қарай дамуынан аяқ киім конструкциясының түбегейлі өзгеріске ұшырауын күтуге болады. Соңғы уақытта аяқ киімдегі барлық каркасты бөлшектер жасанды материалдардан дайындалу үстінде. Өкшелер әр түрлі жасанды материалдардан қалыпталып жатыр. Аяқ киім өндірісінен ағаш толық алынып тасталды. Мұндай жасанды материалдар жағына өту олардың арзандығымен және аяқ киім өндірісіндегі еңбек шығынын азайтумен түсіндіріледі. Ең экономикалық және перспективалық тиімді әдіс болып, дамып келе жатқан жасанды материалдардан аяқ киімдерді қалыптау болып табылады.

Қазіргі уақытта құйма аяқ киімдердің өндірісі тек жағажай аяқ киімдерін дайындаумен ғана шектеледі. Бірақ қазірдің өзінде бір – екі бөлшектен мақсатты қалыпталған аяқ киімдер өндіруге деген ұмтылыстар бар.

Бұл сұрақтың жауабы аяқ киім өндірісінің осы тәсіліне арналып, қай уақытта арнайы материал ойлап табылатындығында. Бұл материал қатты емес, иілістерге жақсы төтеп бере алатын, беріктілігі тиісті деңгейде және гигеналық жағынын былғарыдан кем түспеуі керек. Сыртқы пішіні де әдемі болуға керек.

Аяқ киім конструкциясының бас жағында аяқ киім жалпақ материалдардан дайындалатын, өзінің бұрынғы пішінін сақтауы мүмкін.

Кейін бұл тәсілмен жасалатын жаңа мүмкіншіліктерді меңгеріп, дамып келе жатқан адамның талаптарына жауап беріп және аяқ киімді рационализациялау бойынша ғылыми деректерге сүйеніп, аяқ киімнің конструкциясы өзінің жалпылық даму қадамына байланысты, қазіргіден басқаша болатындығы белгілі.

Сонымен қорытындыда аяқ киім конструкциясының кейінгі дамуы жайлы айтсақ болады.

Жақын уақытта аяқ киімнің қандай болуы мүмкін ?

Әлем халықтары тұтынатын аяқ киімдер санының жақын уақыттарда айтарлықтай көбейетіндігін айтып өтуге болады. Біріншіден аяқ киімдер өзінің арналу мақсаттарына қарай бір – бірінен алшақтай түсіп, әр адамның аяқ киім гардеробының өсуіне алып келеді. Екіншіден бұрынғы отар болған халықтардың мәдениеті өсіп, оларда аяқ киімдерді көптеп қажет ететіндігінде. Халықтың сұранысын бір ғана былғары аяқ киіммен толтыру мүмкін болмайтын сияқты. Қазірдің өзінде аяқ киімдердің 70% пайызы жасанды материардардан дайындалу үстінде, ал болашақта осы материалдардың сапасының артуына байланысты, аяқ киімдердің бір бөлігінің ғана былғарыдан дайындалуы мүмкін.

Мұндай жағдайда негізгі өндіріс тәсілдері болып, қажетті химиялық құрылғылары бар, химиялық технологиялардың әдісімен жасанды материалдардан аяқ киім дайындаудың автоматты құйма әдісі болады.

Бұл тәсілді қолдану біздің еліміздің аяқ киім өнеркәсібі үшін өте керекті, аяқ киім өндірушілердің еңбек өнімділігін айтарлықтай арттырып, жетілдірілген аяқ киімдер дайындауға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Бұған КСРО-ның ғылыми – зерттеу ұйымдарында атқарылып жатқан, табанды физиологиялық, анатомиялық, биомеханикалық түрдегі зерттеу бойынша атқарылып жатқан көп мөлшердегі зерттеу жұмыстарының және аяқ киім конструкциясын рационализациялау саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар куә.

Қазірдің өзінде болашақтағы аяқ киім конструкциясының өзгеруінің кейбір контурларын айта кетуге болады:

1. Аяқ киімдер түгелдей тұтынушылармен ғылымның талаптарына жауап беретін жасанды материалдардан дайындалатын болады. Ол әдемі, ыңғайлы, өзінің арналуына сай жауап бере алатын (үй аяқ киімі, кешкі аяқ киім, арнайы және т.б), гигиеналық, төзімді, бөлшектерінің беріктілігі максимальды түрде бір – біріне жақын және әр кезде киюге арналған, қалпын сақтағыш, құны бойынша тұтынушыларға қол жетімді, тозған аяқ киімнің материалын екінші қайтара қолдануға болатын яғни тозғаннан кейін екінші рет шикізат бола алатын.

Бұлар фантазия емес, өкінішке орай, қазіргі аяқ киім өндірісінде барлығы бірдей орындала бермейтін, аяқ киімге деген қазіргі талаптар.

2. Бөлшектердің саны минимумға дейін азайтылып, бір – үш бөлшек аралығанда болады. Талаптары төмендетілген аяқ киімдер бір бөлшектен құю арқылы мақсатты қалыпталып дайындалады. Жоғары талаптарға сай аяқ киімдер үш бөлшектен құралады: астараралық – ішкі гигиеналық қасиеттері жоғары, үстіңгі бөлшек аяқ киімнің сыртқы пішінін айқындап, тұрғындардың эстетикалық талаптарына жауап беретін бір сыртқы бөлшектен құралады және астынғы бөлікті құрайтын, қажалуға қарсылығы жоғары бір ғана астынғы бөлшектен тұрады. Жекелеген бөлшектердің тозуға қарсылығы және қаттылығы, ең көп қолданылатын конструктивті шешім, бөлшектердің қалыңдығын өзгерту арқылы жетілдіріледі.

3. Аяқ киімде тігістер кейбір жағдайларда ғана болады. Желімдеу және оған ұқсас бекіту тәсілдері сақталынып қалуы мүмкін, бірақ механикалық бекіту тәсілдері кейінге кетеді.

4. Аяқ киімнің ішкі пішіні адамның қимыл - әрекетінің бағытына қарай, табанның физиологиясындағы және адам ағзасындағы жағымсыз әсерлерді болдырмау бағытына қарай өзгереді. Неғұрлым жетілдірілген материалдар қан айналымын бұзбастан тобықты қолғап тәрізді берік ұстап, аяқтың ішкі күйіндегі кейбір сәйкессіздіктерді түзейді.

Аяқ киім тұмсығының көтеріңкілігі айтарлықтай ұзарып, аяқтың саусақтарының пішіміне жақындай түседі, ол қозғалыс динамикасының табиғилығын қамтамасыз етіп, аяқ киімнің тұмсық бөлігінің тозуға қарсылығын арттырады.