Тас дәуірінен біздің күндерімізге дейінгі аяқ киім конструкцияларының дамуы
Кесте схемасының ортасында (үшінші, төртінші және бесінші қатарларда) бізге белгілі ең ежелгі конструкциялардан 20-шы ғасырда дайындалған конструкцияларға дейінгі аяқ киімдердің үш түрі бейнеленген. Көрсетілім үшін конструкцияларының өзгерісін тас дәуірінен бастап, қазіргі уақытқа дейін бақылай алатын аяқ киімнің ең қарапайым түрі таңдалды. Аяқ киімдердің суреттерінің әрқайсысы музейлерден, институттардан, тиісті әдеби деректерден табылған аяқ киімдерді бейнелейді. Аяқ киімдердің үш түрі арасындағы байланыс үзілмеуі үшін, екі – үш фрагментті авторға реконструкция түрінде дайындауға тура келді.
Алтыншы горизонтальды қатарда белгілі кезеңдегі оның өндіру тәсілін сипаттайтын, осы және басқа аяқ киім конструкциясының қанша бөлшектен тұрғандығы көрсетілген. Аяқ киім конструкциясының осы тұсын зерттегенде, бір ғана бөлшектен тұрған ежелгі аяқ киімдерден бастап, аяқ киімдерде ақырындап бірнеше бөлшектерден дайындай бастағандығы белгілі болады.
Е.И. Оятеваның тыңғылықты жұмысында ежелгі замандағы аяқ киім конструкциясының бір ғана бөлшектен болуы, Шығыс Еуропада ғана емес, Батыс Еуропада да кеңінен тарағандығы көрсетілген. Эрмитажда сақтаулы тұрған сақ қорымдарының алтын уақытына тиесілі, сақтардың күміс сауытында жартылай етіктің (бәтеңке ) анық көрінетін бейнесі бар. Аяққа кигізілген терең емес қап пішіндес аяқ киім бір ғана былғары түйірінен дайындалған. Белгілі бір түрдегі қатпары бар, бір түйір былғарыдан жасалған ежелгі аяқ киімдерді Сотүстік Кавказда да киген (Сухуми қаласа, Өлкетану мұражайы ).
Санкт – Петербугтегі этногрфиялық мұражайда Памир тауындағы тәжіктердің етіктері сақталып тұр. Памирдегі песа деп аталатын бұл етіктің конструкциясы ең қарапайым, пішіні терең қапқа ұқсайды және бір түйір былғары бөлшектен дайындалған. Қап етіктің пішінің аяққа киген кезде алады.
Осы ең қарапайым аяқ киімнің үш түрінен біз аяқ киім конструкциясын қарастыруды бастаймыз (вертикальды бағана – 1).
Мікбас аяқ киімнен бастаймыз 1 – суретте біздің заманымзға дейінгі ескерткіште бейнеленген мікбас аяқ киім суреттелген. Бұл осы аяқ киім түрінің ең ежелгі түрі болса керек.
Сурет – 1. Біздің заманымызға дейінгі 2-ші мыңжылдықтағы аяқ киім.
(Профессор О.Н. Бадер ұсынған сурет)
Бірақ қазіргі оларды дайындау үшін тастан емес темірден жасалған құралдар, шикі емес өсімдікпен иленген былғарылар қолданылады. Аяқ киімнің сыртқы суреті мен безендірілуі басқаша көрінгенімен, конструктивті түрде бұл аяқ киім бір түйір былғарыдан дайындалып, оның жиектері бекітіліп немесе сол былғары белдемшемен тартылған.
В.Даль мікбас сөзіне мынандай анықтама береді: мікбас аяқ киімдер тігілмейді, олар шикі былғарының немесе терінің қиындысын тарту арқылы белбеумен иіледі деген. Бұл дәлелсіз емес өйткені Шименко құрастырған Пермнің жылнамаларында мікбас (поршень) сөзін кейбір аймақтарда моршни деп атайтындығына түсініктеме берілген. Оларды дайындау мен В.Дальдің жоғарыда келтірілген түсініктемесіне қарай отырып, бұл аяқ киімнің түріне соңғы терминнің көбірек келетіндігін аңғарамыз. Бірақ жалпыға бірдей терминдер болып: мікбас (поршень), постолы, опанки саналады.
Нашар иленіп алынған былғарының ащы иісі болады, өйткені ол ашыған ұнның кисельдерімен өңделеді сондықтан дұрыс иленбеген жағдайда оның ашуы жалғасады.
Этнографиялық мәліметтер мен әр түрлі елдердегі көптеген мікбас аяқ киімдерді қарастыра отырып, оларды дайындаудың ежелгі замандағы келесі технологиясын құрастыруға болады.
Адам аяғын былғарыға қойып, ол бойынша кейбір әдіптер жіберіп, былғары түйірін кесіп алған. Табанның контурына қарағанда былғары түйірі ауданының үлкеюі былғары түйірін үстіге қайырып, аяқ киім пішінін алу үшін қажет болды.
Пішілген былғары түйірінің шетінен осы түйірдің шеттерін орау үшін тар жолақтар тілінді. Бұл үшін жиегінен жолақтар жүргізілетін саңылаулар жасау керек болды. Жолақтардың саңылауларымен түйірлердің шеттерін орау арқылы мікбас қарапайым аяқ киімнің пішіні пайда болды.
Ақырындап осы қарапайым технология дами түсті.
Сурет – 2. Тас дәуірінің мікбас (моршень) аяқ киімі. (Реконструкцияланған)
Кесілген түйірлер неғұрлым тұрақты және дұрыс пішінді қабылдады. Бүрмелер кішірейіп табанға қысым түсіруін азайтты. Бірақ соған қарамастан аяқ киімнің тұмсық бөлігінде олар тұрпайы болып қалды. Сондықтан оларды алып тастауға тырысты. Қалта тәрізді алдыңғы бұрыштарды алдын – ала бүгіп, былғарыны бүрмелерге қарай созып арқылы мұның орнын толтырды. Қалташықтардың шеткі бүрмелерін белдемшенің саңылаулары арқылы бекітті. Дөрекі бүрмелер жарамағандықтан, осылай қалыптау мен бекіту мікбас аяқ киімдердің алдынғы бөліктерінің сапасын айтарлықтай жақсартты (Сур.3). Аяқ киімнің алғашқы тігісі де осындай түрде пайда болды деп айтуға болады.
Боб Флорескудың еңбегінде Румынияның ұлттық аяқ киімі опинкиленің дайындылуы жайлы мәліметтер берілген.
Ол жерде Румынияның әр түрлі аудандарында опанкилердің (мікбас) әр қалай дайындалғандығы айтылған. Осы зерттеу жұмыстарының материалдарын зерттей отырып автор Е.Н. Лапухина мен бірге мікбастардың дайындалу пішініне байланысты, басқаша схема беру арқылы, осы жұмыстағы аяқ киім конструкциясының даму сызығын жалғастырады.
Сурет – 3. Мікбас аяқ киімнің жетілдірілген түрі
Бірақ қары қалың аудандарда шұғасыз мікбас аяқ киімдерді киіп жүру қиын болғандықтан, қонышы биік аяқ киімдерді жасау тәсілдерін қарастырады. Ол үшін былғарыдан кесілген бөлшекті екіге бөліп орналастырып, оның шеттерін белдемшелермен бекітіп, аяққа киген кезде оның пішінін қабылдайтын, етікке ұқсас қапты алады (Сур. 4 а, 4 б, 4 в) . Бірақ бұл шеткі бөлшектерін бекітуге арналған жіптердің сапаының артқан кезінде ғана мүмкін болды.
4-ші суреттен көрініп тұрғандай бұл аяқ киімдердің алдынғы бөлігінде үлкен бүрмелер пайда болды. Бүрмелер аяқты қатты қажайтын болғандықтан оларды жоюға тырысады. Оларды етіктен кесіп алып, қонышты тігістің алдымен бекітеді.
Сурет – 4. Памир тұрғындарының ежелгі етіктері
Сурет – 5. Киіз қаптан етікті дайындау
Авторда Қазақстаннан алып келінген пішіні жоғарыда айтылған етікке ұқсайтын, қап тәріздес киізден жасалған етік бар. Қап тәріздес пішін, қапты табанға киген кезде етік тәріздес пішінге алмасады. Бірақ жоғарыда айтылғандай дайындаманың алдынғы бөлігінде аяқты қажайтын бүрмелер пайда болады. Кейінірек осы конструкциялы етіктердің олқылығының орнын толтыру үшін, бүрмелер пайда болатын аудандарды қуыстарға ұқсатып кесіп алады (Сур.5 а). Қап тәріздес етіктің кесілген қуыс ауданың иіп, қуыстардың шеттерін жақыпдатып тігіп тастайды (Сур.5 б). Аяқтың пішініне ұқсас табанның иілу ауданында кейбір тігістері бар етік пайда болады.
Мұндай тігістер С.И. Руденко жүргізген қазбалардан табылған бейнелері кілемдерде тігілген жауынгерлердің етіктерінен анық көрінеді.
Ежелгі адамдар ұзақ уақыт аралығында бір түйір былғарыдан дайындалған аяқ киімнің тозуы, ең бірінші болып желініп кететін ұлтаннан басталатындығын білді. Сондықтан адамда бүтін болып қалатын аяқ киімнің үстің қайта қолдану жайлы ой пайда болды. Ең бірінші болып жамаулар аяқ киімнің астынғы бөлігінде пайда болды. Оларды тас құралдармен аяқ киімге бекіту қолдан келе бермейтін күрделі іске айналды. Бірақ жамауларға деген сұраныс өте көп болды.
Энеолит дәуірінде тас құралдар сүйек құралдармен үйлесіп, мыстан жасалған қарулар пайда болды. Адам дәл осы кезеңде немесе бұдан сәл бұрын тозған аяқ киімдерге жамауларды бекіту әдісін табады. Бұл үшін былғарының екі – үш қабатын тесіп, осы тесіктер арқылы белдемшелерді тартты. Мұның өзі аяқ киімдердің шетін жапсырма тігстермен тартып, бекітуге қарағанда әлдеқайда қиынырақ болды.
Аяқ киім ұлтанының жамаулары арқырындап арнайы бөлшекке айналып, оларды басқа да аяқ киімдерде тесіктер пайда болмай тұрып бекіту үшін, жасай бастады . Осылайша аяқ киімнің ұлтаны пайда болады.
Осылайша былғарының аяқ киімнің пайдаланылуы мерзімін ұзартатын және ең көп тігілетін түйірі дами түсіп, аяқ киімнің жаңа керекті бөлшегіне айналады. Бұл жерден санның сапаға айналуын анық көруге болады.
И.И. Срезневскийдің мына бір ұлтанға байланысты сөз тіркесі қызығушылық тудырады: подъшъева – подъшева – подошъва – подошва аяқ киімнің ақыры.
14 – 16 ғасырлардағы аяқ киім ұлтанына байланысты Б.А. Рыбакованың еңбегінде мынандай деректер бар: Жұмсақ аяқ киімдерді де қатты ұлтаны бар аяқ киімдерді де тікті (подошва, подшвень – тіглетін нәрсе). КСРО – ның қиыр солтүстігіндегі ұлттық аяқ киімдерінің үлбірден дайындайтын тұрғындар осы уақыттарға дейін (1911-1920), берік лохталы былғарыдан алынған ұлтанды айқаспа тігіспен тігіп келген. Лохталық былғарыларды теңіз жағалауының тұрғындары, қалың былғарылары болмаған тундраның бұғы аулаушы тұрғындарына барып, камус пен бұғы бұзауларының былғарыларына алмастырып келген.
Жаңа бөлшектің пайда болуы, аяқ киімді бір түйір былғарыдан дайындайтын ескі тәсілден бас тартуға мүмкіндік жасады.
Аяқ киім бөлшектерінің үсті мен астына бөлінуі әлі күнге дейін сақталып келе жатқандықтан, ұлтанның пайда болуын аяқ киім конструкциясының революцияға ұшырауына балауға болады.
Жоғарыда айтылғандай бастапқыда аяқ киімнің үсті мен астына барлық аймақтар алынады. Сосын аяқ киімнің үстіне жануарлардың қарындарындағы черевички былғарының жұмсақ және жұқа бөліктері алынады. Ұлтанды жануарлардың арқа жағындағы крупок пен чепрак бөліктерінің қатты былғарыларынан дайындайды. Осыдан үсті жұмсақ және қатты ұлтанға тігілген черевички туфлилерінің атауы шықты деп болжауға болады.
Бірақ дайындаушы астынан тозған мікбас аяқ киімнің іске аспайтынын біледі. Өйткені онда айқаспа белдемшелердің дөрекі алдыңғы тігісі, тұмсықтағы дөрекі тігісі және өкшедегі қатты бүрмелер қалады.
Тозған мікбас аяқ киімнің үстің бүйір беттен тіліп, одан ұлтан бөлігінің қалдықтарын кесіп алу арқылы үстіңгі бөлікті тіліп, тұмсықта және артқы бүрмеде сақталынып қалынатын тігісі бар, үстіңгі бөліктің жалпақ бөлшегін алды деп айтуға болады (Сур.6 а, 6 б).
Егер осы тозған, тілінген пішінді былғары бетіне қойып, одан жалпақ бөлшекті кесіп алу, кесілген орындарының шеттерін тігу арқылы ескі мікбас аяқ киімнен, аяқ киімнің үстіңгі дайындамасын дайындамасын алады. Мікбастың тілінген қалдығы шаблонға айналады (ежелгі орыс тәсілі).
Сурет – 6. Мікбас аяқ киімдерден черевичкаға өтудің эволюциясы.
(Реконструкцияланған)
Осы тәсіл бойынша жұмсақ былғарыдан аяқ киімнің үстін кесіп алуға болады. Ол мікбастан алынғанға қарағанда жақса болады. Өйткені дөрекі тігістері мен бүрмелерісіз және былғарының жұмсақ бөліктерінен кесіп алынуы мүмкін (Сур. 6 в).
Бөлшектердің шеттерін тігіп аяқ киімнің үстін алады (Сур.6 г).
Біз аяқ киімнің үстіңгі дайындамасы деп атайтын осы бөлшекке ұлтан тігіледі (Сур.7 а).
Тігін машиналары пайда болғанға дейінгі 2-3 мың жылдар бұрын аяқ киімнің үсті 2-3 бөлшектен дайындалды. Бұл бөлшектерді қолмен бекіту аса үлкен шеберлікті талап еткендігімен түсіндіріледі. Әрбір қосымша бөлшек – бұл артық тігіс. Бұл аяқ киімді дайындауға кететін уақыт шығынын ұзартады.
Аяқ киімнің мұндай конструкциясында ең бірінші болып тұмсык пен өкшедегі тігістер бұзылатын болғандықтан, тұмсык пен өкшенің ұлтаның жоғарыға бүгу арқылы, бұл тігістерді ретке келтіреді. Қазбалардан табылған фрагменттер көрсеткендей, алғашында өкшені ұзарту арқылы жоғары көтеріп, оны дайындамаға тіккен болуы керек (Сур.8).
Өткен мыңжылдықтың ортасында көп қажалуларға ұшырып, соның нәтижесінде тез тозатын ұлтанның өкшелерін жамаудан бөлек, ұлтанның өкшесіне бірнеше қабат былғарылармен салып бекіте бастады.
Аяқ киімде ақырында өкшелер деп аталатын таңдаулар пайда болады.
Г.Г Поварниннің деректері бойынша таңдаушылардың мамандығы аяқ киімнің әбзелшілер саласында Русть 20-шы ғасырға дейін өмір сүрді. Украинша өкшені підбор деп атайды.
Сурет – 7. Сыртқы тігіспен бекітілген ұлтаны бар черевички. а. жалпы көрінісі, б. дайындаманы былғары белдемшесі бар ұлтанмен бекіту
Сурет – 8. Конусты өкшемен жоғары көтеріліп тігілген ұлтаны бар аяқ киім. а. ұлтан, б. өкшесімен тігілген аяқ киім
Аяқ киімнің конструкциясының дамуының айтылған схемасын дәлелдейтін Сібірдің Қиыр Солтүстіктегіндегі халықтардың етіктері: селькуптардың, нгасандардың, ненецтердің, энецтардың, эвенкилердің және басқалардың.
Осы халықтардың аяқ киімдерінің ішінен пішіні жалпақ және ұзын құбырға ұқсас, ұлтаны астынан тігілген қарапайым етіктерді кездестіреміз (Сур.9 а).
Бұл аяқ киімдердің табан тәрізді қонышқа түзу бұрышты киген кезде тар қап секілді алынатын алды болмады. Жоғарыда айтылған қаптың иілуі иілістер мен бүрмелерді жасап, Қиыр Солтүстіктің қарлы аудандарында бүрмелерге қардың кіріп кетуіне әкеліп соқты (Сур.4 в). Осы себептен иілмейтін кең қонышты ұлтанға дейін жалғастырды. Мұндай аяқ киімдер таяу уақыттарға дейін нгасандар мен энецтерде болды (Сур.9 а).
Бұл аяқ киімнің төзімділігін арттыру үшін, аяқ киімнің астын қосалқы үлбір түйірімен бекітті, яғни ұлтанмен.
18-ші ғасырда Солтүстік Ресейде болған Плано Карпинидің айтуынша мұндай етіктердің пішіні табаны жоқ жануарлардың аяғына ұқсас болған. Олар ол жерден арыға жүру арқылы мұхит жағалауындағы жерге келіп жетеді. Ол жерден аяқтарының табаны бұқаларға ұқсас, бастары адамға ұқсас, адам кейіпіндегі құбыжықтарды кездестіреді (М.Н.Алексеев. Сибирь в известиях западно – европейских путешественников, Иркутск, 1932, стр.8). Солтүстік халықтарының етіктерінің келесі даму сатысы болып, шүмектің төменгі жағын шауып алған тәрізді етіктер болуы мүмкін (Сур.9 б).
Сурет – 9. Қиыр Солтүстік халықтары етіктерінің эволюциясы
Үлкен бүрмелер мен күнделікті иілулер бұл аймақтағы материалдардың жыртылуына әкеліп соғады. Сондықтан осы аймаққа болашақ алдының орнын білдіретін жамау жалғанады. Сосын осы бөлшек созылып, үлбір етіктің алдында пайда болады (Сур.9 г).
Солтүстік халықтарының етіктерінің одан кейінгі конструкцияларында, дайындама неғұрлым көп бөлшектерден жасалады, соңғы уақыттары аяқ киімді қолмен дайындағанның өзінде бұл бөлшектердің саны 10-15 дейін барады.
Бұл аяқ киімнің алғашқы қарапайым түрі бір ғана бөлшектен тұрса, уақыт өте келе көптеген түйірлерден және әр түрлі материалдардан тұратын аяқ киімге айналды.
19-шы ғасырдың аяғында машиналардың пайда болуына орай, аяқ киімдердің көпшілігін 10-15 бөлшектерден дайындай бастайды. 20-шы ғасырдың басында өндірістің механизациялануының барысында, аяқ киімнің конструкциясы жиырмаға жуық және одан да көп бөлшектерден тұрды.
Бірақ осы ғасырдың бірінші тоқсанынан бастап, жасанды материалдарды қолдануға байланысты, аяқ киімдердегі бөлшектердің саны айтарлықтай қысқарды. Аяқ киімнің астына арналған бөлшектердің бірқатарын, жоғары полимерлі материалдарды қалыптау арқылы бір бөлшек негізінде дайындай бастады (Сур.10). Дәл осындай үрдістерді аяқ киім үстінгі бөлшектеріде бастан өткереді деп болжанып отыр. Осылайша өндіріске тартылған химиялық технологиялар аяқ киім дайындалатын бөлшектердің санын азайтты.
Жоғарыдағы келтірілген деректерге сүйене отырып, қажетті механикалық, гигиеналық қасиеттерге ие, қалып беретін жасанды материалдардың қалыптау тәсілдерінің жетілуі нәтижесінде, жақын болашақта аяқ киім екі – үш бөлшектен дайындалады.
