Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ая киім конструкциясыны даму тарихы3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.29 Mб
Скачать

Еңбек заттары – материалдар

Екінші қатарда өндіріс құралдарының екінші элементі еңбек заттары мен аяқ киім өндірілген және өндірілу үстіндегі материалдар жайлы мәліметтер беріледі.

Шығыс Еуропаның суық аудандарын игерген ежелгі адамдар аяқ киім дайындау үшін былғарыны қолданса керек. Бұл материал өздері өлтірген жануардан қалдық ретінде қалса керек. Былғары шикізат күйінде өте жұмсақ және онымен табанға оңай орауға болады. Бірақ ол кепкеннен кейін қатты болып, пішінін сақтай алады. Соның нәтижесінде алғашқы адамдар аяқ киімге ұқсас бұйымдар жасай алған қандай өсімдік материалынан да, берік болады.

Бірқатар археологиялық мәліметттер және мемлекеттік премияның лауреаты С.А Семеновтың зерттеулері бойынша, неандертальдықтардың өзі тас қарулармен шикі теріні ет түйірлерінен, майдан, тері аралық түктерден тазалап, оны жұқа, жұмсақ және сыртқы пішіні бойынша күдері ете алды. Кавказдың шеткі аудандарында аяқ материалдарын өндірудің осындай тәсілдері әлі күнге дейін сақталып қалғандығын атап өтуге болады.

Горни ауданындағы Арменияның ауылдарының бірінде 1966 жылы қайта дайындалған мікбас тәріздес аяқ киімнің қарапайым түрі автордың қолында бар. Бұл мікбас аяқ киім кебу күйінде аяққа кие алмайтындай өте қатты. Оларды табанды матамен немесе шөппен орау арқылы дымқыл күйінде киеді.

Бірақ қазіргі таңда былғарыны өңдеу тас емес, темір құралдармен орындалады және майды, әкті жағу сияқты қарапайым химиялық өңдеу тәсілдері қолданылады. Осындай тәсілмен ірі қара малдың терісінен алынған материал пергамент деп аталып, көшпенді қазақтар арасында шаруашылық заттарды дайындауға қолданылған: сут құятын ыдыстар, құмыралар, пиалалар, қынаптар және т.б.

Тап осындай былғарыны өңдеу тәсілі ежелгі заманда әр түрлі құжаттар мен кітаптар жазуға арналған материалдарды дайындау үшін қолданылған.

Бұл үшін былғарының беткі қабатын кеуектас пен тазалау және борды жағу сияқты ең озық өңдеу тәсілдері қажет болды. Оны өндіру аса қатты дамығын Кіші Азиядағы ежелгі грек қаласы Пергамонның атымен бұл материалды пергамент деп атады.

Қазіргі уақытта әртүрлі сорттағы қағаздар бар болғандықтан, былғарыға жазатын әуесқой адамдарды табу қиын. Аяқ киімге арналған былғарылардың да болашақтағы тағдыры осындай болуы мүмкін. Химиялық технологиялардың дамуымен өзінің қасиеті мен сапасы жағынан былғарыдан асып түсетін жасанды материалдар пайда болады.

Ежелгі замандардың өзінде шикі теріден жұмсақ материал алу үшін кеңінен тараған операциялар мыналар болды: оның беткі қабытын қыру,түксіздендіру, былғарыны қолмен, аяқпен, тіспен және басқа амалдарды қолданып илеу.

Ары қарай теріні отқа қақтау, зәрмен өңдеу, оттағы шоқты жағу майлау және тағы басқа неғұрлым дамыған өңдеу тәсілдері пайда болып, олар былғарының сапасын арттырып, оған жұмсақтық, суға төзімділік сияқты қасиеттер берді.

Гренландықтар мен эскимостардың былғарыны қарапайым өңдеу тәсілдері жайлы айтылған Р. Амундсен мен Р. Нансеннің кітаптары бар. Сотүстіктің халықтарында былғарының арналуына байланысты әр түрлі өңдеу тәсілдері бар: киімге, аяқ киімге, қайыққа және т.б.

Шикі теріні ашыған ұн ерітіндісі мен кисельді аралсатырып өңдеу терінің барынша иленіп, иленген теріні алуға мүмкіндік туғызды. Жұмсақтығы мен былғарының бактерологиялық әсерлерге төзімділігі артып, кейбір деңгейде қасиеттерінің өзгеруі мен суға салғандағы қарсылығы артты.

Иленген былғары Русьта ер – тұрмандар мен аяқ киімдер дайындауда кеңінен қолданылды. Бірақ бұл былғары әлі де суда қатты ісініп, керекті қаттылығын жоғалтын қоятын. Соңғы кездері бұл былғары ер – тұрмандар дайындау үшін пайдаланылады.

Кейінірек пайда болған өсімдік майларымен былғарыны өңдеу аяқ киімге арналған былғарылардың сапасын арттырды.

Илеу тәсілдерінің дамуы нәтижесінде жануарлардың терісінен әр түрлі сападағы қасиеттері жоғары былғарыларды алу мүмкін болды. Аяқ киімнің үстіңгі және астыңғы бөліктеріне арналған қаттылығы әр түрлі былғарылар алына бастады. Иленген былғарылар бактерологиялық әсерлерге қарсы тұрды, жақсы боялды, суды жұтқан кезде жібімеді және кепкеннен кейін қатты болмады.

Орыс сиырларының өте кішкентай болғандығы белгілі. 10-12-ші ғасырларға жататын қазбалардан біз сол кездегі сиырлардың көлемі бойынша қазіргі бұзаулармен бірдей болғандығын аңғарамыз. Шығыс пен Оңтүстіктегі елдермен сауда – саттықтың артуы үлкен және қалың терілер мен аяқ киімнің астына арналған, иленіп қойылған дайын былғарыларды алуға мүмкіндік туғызды. Осы кезеңнен бастап орыс аяқ киімдерінде қалың ұлтандар пайда болады.

16 ғасырға дейін Русьтағы барлық былғары аяқ киімдердің бөлшектері тек былғарыдан дайындалды. Бұл Мәскеу мен Новгородтағы қазбалармен дәлелденеді. Ескі Ригадағы қазбалардан да тек былғарыдан жасалған аяқ киім табылған болатын.

Шамамен 16 ғасырдың бас кезінде былғары аяқ киімде аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің өкшесін бекітуге арналған, өсімдік қабығынан алынған алғашқы каркасты бөлшек өкше сірісі пайда болды. Мүмкін, мұның алдында аяқ киімнің үстіңгі бөлігін дайындау үшін маталар қолданылған болар. Хандар мен боярлардың киімдері мен аяқ киімдері үшін шеттен алып келінген қымбат маталар қолданылды: камкалар зерлі маталар және т.б.

Шетелдік аяқ киімдерді көшірудің арқасында, өкшелер үшін ағаштарды Русьта тек 17 ғасырда қолдана бастады. Былғары аяқ киімдердегі матадан дайындалған астарлар шамамен өткен мыңжылдықтың ортасында табылды (15-16 ғ.).

Былғары өкшелердің төзімділігін арттыруға арналған өкшелерге арналған метал қапсырмалар мен көп бүркеншекті шегелер де сол кезеңде пайда болды.

Тек 19-шы ғасырдың аяқ жағында былғарыларды алюминий мен хром ертініділерімен өңдеу басталды. Хром ерітінділерімен былғарыны илеу, осы уақытқа дейін бүкіл әлемде сақталынып, кеңінен тараған. Сондықтан осы тәсілмен иленген былғарыларға хром сөзін қосып қолданады: хром – опоек, хром – выросток және т.б. Бұл былғарылар тиісінше хроммен иленген опоек, хроммен иленген выросток деп аталады.

Шамамен 20-шы ғасырдың басында аяқ киімдердің жүру қабытын (қазіргі кезде өкше деп аталады ) темір бұрандалармен ұстастырылған резеңке доғалдармен бекіте бастайды. Содан кейін пластина тәрізді резеңке материалдар пайда болып, олардан ұлтандардар мен өкше нәлін шауып ала бастайды.

Бұл уақытқа дейін резеңке бұйымдардың өндірісі жоғары дәрежеге ие болып, резеңке камералар, автомобильдер мен велосипедтердің сыртқы тыстары дайындалатын. Резеңкелер аяқ киімдер үшін соңғы уақыттарға дейін сақталынып, бірақ аяқ киімдер озық арнайы қасиеттерге ие. Оның былғарымен салыстырғандағы басты артықшылығы одан әр түрлі пішіндегі бөлшектерді алуға болатындығында. Былғарыдан тек қана пішінін аздап өзгертуге ғана болатын жалпақ бөлшектерді ғана алуға болады. Қалыпталған резеңке бөлшектерді алудағы еңбек шығыны былғары бөлшектерді алудағы еңбек шығынынан әлдеқайда аз.

Алғашында аяқ киімнің ұлтан, нәлі сияқты астынғы бөлшектері аяқ киім өндірісіне, резеңке өндірісінің кәсіпорындары жіберген пластиналардан шабылып алынды. Содан кейін осы кәсіпорындар аяқ киім өндірушілердің тапсырысы бойынша қалыпталған өкшелер дайындап, кейіннен қалыпталған және монолитті ұлтандар дайындауға дейін жетті. Монолитті ұлтандарда аяқ киімнің астынғы бөлшектерінің барлығы біріктірілген: ұлтанның өзі, өкше, нәлі, салмалы ұлтарақ, рант.

Аяқ киімнің астынғы бөлігін бір бөлшек негізінде жасау қазіргі кезде ыстық вулканизациялау, соңғы уақыттарда құю тәсілдері арқылы көрініс тапқан.

Каучук негізіндегі резеңке ерітінділерінен басқа, аяқ киімнің астынғы бөлігін дайындауға арналған алуан түрлі жасанды жоғары полимерлі материалдарда пайда бола бастады: полихлорвинил, полиэтилен, полиамид (капрон ), полиуретан және т.б.

Аяқ киімнің үстіңгі бөлігі үшін де, белсенді түрде әр түрлі ассортименттегі жасанды материалдарды қолдана бастады. Күн санап аяқ киімге деген қажеттілікті былғарылар толық қамтамасыз ете алмағандықтан, аяқ киім үстіңгі бөлігінде жасанды материалдардан дайындау белен алып келе жатыр. Мұнда бір беті жоғары полимермен жабылған маталар, жабыны бар тоқылмаған материалдар, құйылған жасанды материалдар және т.б. Болашақта жасанды материалдардың гигеналық қасиеттері мен өндіру технологиясының артуы нәтижесінде, олардан конфекция әдісінсіз көп көлемдегі аяқ киімдер шығарылады деп күтуге болады. Жалпақ материалдардан пішіп алынып жеке бөлшектер және аяқ киімдерді жиналады, ал ен өндіруші тәсілі құю мен арнайы пішінде қалыптау болады.