Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ая киім конструкциясыны даму тарихы3.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.29 Mб
Скачать

Аяқ киім өндірісінің құралдары

Жоғарыда келтірілген аяқ киім конструкциясының даму схемасының кестеснің бірінші қатарында,аяқ киім өндірісі үшін тас дәуірінен бастап қазіргі таңға дейін қолданылып келе жатқан еңбек құралдары жайлы қысқаша мәліметтер берілген болатын.

Біз Бадердің деректерінен 25,5 мың жыл бұрынғы жақсы дайындалған аяқ киімдер жайлы білеміз. Сондықтан еңбек құралдарын қарастыруды осы уақытқа дөп келетін орта палеолиттің мустье деп аталатын кезеңінен бастаймыз.

Мустье кезеңі шамамен 70 мың жылғас созылды. Ол ерте палеолитке қарағанда тастан дайындалған еңбек құралдарының дамыған түрлерімен сипатталды: пышақтар, қырғыштар, үшкір қырғыштар және т.б. Күннің бірден салқындауы сол уақыттың адамдары неандертальдықтар үшін киім мен аяқ киімге деген мұқтаждықтарды туғызды.

30 мың жыл бұрын басталып 13 мың жыл бұрын аяқталған кейінгі палеолит 17 мың жылға созылды. Ол неандертальдықтарды гомосапиенс деп аталатын жаңа саналы адамдардың алмастыруымен сипатталды. Тастан сындырылып алынған табақшалар ұзарды. Олардың енді мустье дәуіріне қарағанда пішіндері дұрыс, өткір, жұқа және неғұрлым дамыған.

Сосын біздің заманымыздан бұрын 12-5 мыңжылдықтар аралығында созылған мезолит дәуірінде микролиттер, тас пигмейлер кеңінен қолданылып, садақ пен жебелер пайда болды (14).

Келесі неолит деп аталатын жаңа тас дәуірінде тас құралдар бұдан да дами түседі. Олар беткі қабатының жылтырлығымен, жақсы қайралғандымен және жүздерінің бар болуымен ерекшеленеді. Бұл құралдар дұрыс кесу мен тесуге өте ыңғайлы болды.

Бұл кезең біздің заманымызға дейінгі төртінші мыңжылдықтан екінші мыңжылдыққа дейін созылды. Сондай – ақ бұл кезеңде алғашқы рет керамикалық ыдыстардың пайда болғандығы жайлы айта кету керек.

Энеолит кезеңі басталды (мысты-тас ғасыры). Энеолит Днепр өзені маңындағы ежелгі Триполье қонысынан табылған мұраларға өте бай. Одан жылтыр тасты және мысты тас құралдары, соның мыс пышақтар мен төрт қырлы біз табылған болатын.

Одан кейінгі қола дәуірі біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықты қамтиды. Бұл кезеңде темірді қолдану әлі де аз кездесетін. Ол тек біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың басында ғана осы уақытқа дейін жалғасып келе жатқан материалды мәдени басымдылыққа ие болды.

Біздің заманымыға дейінгі бірінші мыңжылдықтың басы мен ортасындағы ерте темір дәуірі сақ кезеңінің мұраларымен байланыстырылады. Сақтардың металлургиясы қарқынды дамып, темірден жасалған бұйымдарды өндіруде үлкен табыстарға жетеді.

Өткен дәуірдің аяғы мен жаңа дәуірдің басында қазіргі етікшілердің құралдарының пішіндеріне ұқсас темір балғалар, пышақтар, біздер, инелер пайда болады. Жіптік тігістерді тігуге арналған жұқа біздердің пайда болғандығын ерекше атап өтсек болады.

Біздің заманымыздың 6-7 ғасырларындағы қорымдардан аяқ киім түрлерінің және етікші құралдарының көптеген түрлері табылды. Осы кезеңдегі қазбалардан археологтар қалыптармен шатастырып жүрген етікшілердің ағаш каюгалары (ежелгі орыс каюгалары) табылған.

Пішіні бойынша табанға ұқсайтын ағаш каюгалар ұлтанмен біріктіріліп тігілген аяқ киімнің үстіңгі бөлігін ғана қалыптауға арналған. Ежелгі етікшілер (усьмошвец) қолғаптарды, сөмкелерді, әмияндарды және былғарыдан дайындалатын басқа да бұйымдардың бөлшектерін тіккені секілді, аяқ киімнің үстін де жіп арқылы ұлтанмен бекітті. Аяқ киімнің үстің қалыпта керген кезде бекітілетін ұлтарақтың және керме қысқыштардың болмауы себебінен, аяқ киім каюгада керілмеді. Жаңа конструкциялы аяқ киімдерге өткен 18 ғасырда ( Петр біріншінің дәуірі ) етікшілердің жаңа құралдары пайда болады: қалыптар, керме қысқыштар, әр түрлі әрлеу құралдары токмачиктер, фумелдер және басқалар пайда болады. Осы кезеңде біздің әдебиеттерімізде қайыс тартпа деп аталатын жұқа белдемше пайда болады. Оның көмегімен етікші қалыпта өңделіп жатқан аяқ киімді тізесіне дейін тартып, ұстап тұрады. Сондай – ақ қайыс тартпамен шеберлер тәртіпсіз шәкірттерінде жазалаған. Бұл да 20-шы ғасырдағы әдебиеттерде аталып кеткен.

Бұл белдемшенің аталуы немістің spariemen (тартпа белдемше) сөзінен шыққандығы оның бірінші Петрдің бұйрығымен енгізілген басқа да Германиялық құралдармен байланысын көрсетеді.

18-19 ғасырдағы аяқ киім құралдары аяқ киімді қолмен өндірушілер арасында әлі күнге дейін сақталынған.

19-шы ғасырдың аяғында машиналардың дәуірі басталады. Аяқ киім өндірісінде алғашқы машиналар ұлтанға арналған қатты былғарыларды шабуға арналған және көп еңбекті талап ететін қолмен атқарылатын операцияларды алмастырған тігін машиналары болып табылады.

Әйтеуір беталыс кезең басталды деп, Маркс тігін машиналарының өндірісте пайда болғанын бағалайды. Аз және көп мөлшердегі еңбек бөлінісі жүйесінің дамуындағы еңбек бөлінісінің жұмыс материалын дөрекі пайдалану, нарықтың өсуі және капиталистер арасындағы бәсекелестіктің артуы нәтижесінде жеткіліксіз болып қалды. Машиналардың уақыты басталды. Маңызды рөлді атқаратын машиналардың, өндірістің бұл түрінің барлық салаларын қамтыған тігін машиналарының уақыты басталды.

19-20 ғасырлардың арасында аяқ киім өндірісіне арналған машиналар жасаудың қарқынды дамуы басталады. Бұл кезде үлкен еңбекті талап етіп, қолмен орындалатын операцияларды конструкциясы күрделі машиналар орындай бастайды.

Бұл жағдайда қолмен орындалатын технологиялық операциялардың барлығының осы уақытқа дейін реттілігін сақтап қалғандығын айтсақ болады. Машиналар барлық қолмен атқарылатын операцияларды алмастырды, сондықтан дайындаманы қалыпта қалыптауға арналған керу, созу сияқты операциялар өте қиынға түсті.

20-шы ғасырдағы химия мен химиялық технологиялардың дамуының арқасында аяқ киімдердің бөлшектерін желімдеуге арналған машиналар пайда болды.

20-шы ғасырдың бірінші бөлігінде аяқ киім өндірісінде аяқ киімнің астына арналған резеңкелер кеңінен қолданыла бастайды.

Резеңке ұлтанды бекіту үшін былғары ұлтандарды бекітуге арналған механикалық машиналар қолданылады: тігілмелі, винттік, доппельді және шегелі. Қалыпталған резеңке ұлтандар сол машиналарда бекітіледі. Бірақ бұл уақытта былғары ұлтандарды желімдеп те бекітетін болғандықтан, бір құрылғыларды пайдалана отырып резеңке ұлтандарды да желімдеп бекіте бастайды.

Қалыпталған ұлтандарға желімді қолдану, резеңке ұлтанды қалыптау мен оны бір уақытта аяқ киімнің үстімен бекітуге керек деген ой тудырады. (алдын-ала вулканизациялау). Осылайша Кеңес Одағында ыстық вулканизациялау деп аталған тәсіл пайда болды. Әдіс күрделі құрылғыны талап етіп, 1932-1934 жылдары Кеңес Одағы мен Батя деп аталатын чех кәсіпорнында құрастырылып аяқ киім өндірісінде игерілді.

Бұл кеңес одағында ойлап табылған құрылғы аяқ киім өндірісінің технологиясының жаңа қадамының есігін ашып, біздің ойымызша, тігін машиналары сияқты революциялық рөлге ие болды. Ұлы Отан Соғысынан кейін ыстық вулканизациялауға арналған аяқ киім өндірісінің құрылғыларын шетелдегі көптеген фирмалар да шығара бастады. Бұл тәсіл қазіргі кезге дейін кеңінен қолданылады.

Ақыр аяғында аяқ киім өндірісіндегі жаңа бағыт инжекциялық машиналардың пайда болуына әкеліп соғады. Бізде құйма машиналары деп аталатын бұл машиналарда, жоғары полимерлі материал арнайы құрылғыда қыздырылып, автоматты түрде тұтқыр күйінде шүмек арқылы бос қалыпқа сығылып жіберіледі. Қалыпта керілген аяқ киімнің үсті пішінді аяқтап, сығылған материал оған қатты жабыстырылып, аяқ киімнің үстіне желімденеді. Бұл тәсіл бүкіл әлемге кеңінен тараған. Сондай – ақ жалпақ пішінді аяқ киімнің үстінің дайындамасын алу мен аяқ киімнің астының бөлшектерін полиуретаннан құю да кеңінен тарап келе жатыр.

Осы аталған химиялық бағытпен қатар желімденген аяқ киім өндірісінің операциялары мен технологиясы сақталатын, автоматты агрегаттарды және автоматты әрекеттердің реттік сызығын құру бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.

Жоғарыда айтылғандарға қарамастан ғылым мен техниканың дамуына байланысты аяқ киім өндірісінде соңғы жылдары электронды есептеуіш машиналар енгізіліп жатыр. Олар аяқ киім өндірісіндегі күрделі сұрақтардың бірқатарын шешіп, ұйымдастыру және аяқ киім материалдарын пішуде қабілетті. ЭЕМ кеңінен қолдану аяқ конструкциясының өзгеруіне ықпал етеді деп айтсақ болады.

Сонымен кестенің бірінші қатарында аяқ киім өндірісінде тас дәуірінен біздің уақытымызға дейін қолданылған өндіріс құралдары жайлы қасқаша түсінік берілген.