Аяқ киім конструкциясының даму тарихы
Қоғамдағы материалды мәдениетке қатысты көптеген жұмыстар, адамның үшін барлық даму кезеңдеріндегі бұйымының бір түрі болған, аяқ киім мәселесін қозғай бермейді.
Аяқ киім қолданылатын мемлекеттерде аяқ киім әдеттегі бұйымға айналып, оны зерттеу уақытты шығындау болып есептелінеді. Көбінесе аяқ киімді бұрынғы шеберлер сияқты жасау арқылы адамның қажеттілігін толық қамтамасыз етуге болады деген пікір қалыптасқан.
Адам аяқ киімді ең кішкентай кезінен бастап киеді. Ол үлкейе келе де констукциясы балалық шағындағы секілді аяқ киімді киеді. Аяқ киім өзінің жартылай және толық бүлінгенінше немесе кейбір қоғамның өкілдері үшін сәннен шыққанынша қолданылады. Адам өз өмірінің аяғында аяқ сыртқы пішініне өзгеріс алып келетін сәндік ерекшеліктерді есептемегенде кішкене ғана өзгерген конструкциялы аяқ киімді киеді. Аяқ киім тұтынушыларының арасында аяқ киімнің конструкциясы өзгемейді және алдағы уақыттада солай болып қалады деген пікір қалыптасқан. Сондықтан кез – келген адамнан болашақта аяқ киімнің конструкциясы қалай болады деп сұрақ қойсақ, ол адам үшін, ол сұрақтың өзі біртүрлі көрінеді. Олар да көбінесе аяқ киімдер өзі тұтынатындай болып, бірақ сәнге сай болады жауап деп жауап береді.
Көбінесе қазіргі адамдар болашақтағы аяқ киімдер қазіргі аяқ киімдерден ерекшелінетін бөлек конструкциялы болады деп ойламайды.
Аяқ киімдерде адам баласын қоршаған басқа да, құралдар сияқты болашақта өзгерістерге ұшырайды. Бұл тарихи материализмның шартына байланысты ежелгі замандардан бері өзгеріп келе жатқан аяқ киімнің конструкциясының қазіргі уақыттада өзгерістерді талап ететіндігімен түсіндіріледі.
Ежелгі замандардан бері адамдар өзінің ағзасын суықтан қорғау үшін өзінің денесі мен табаның қиімдер мен аяқ киімдер сияқты, жылу беретін материалдармен жауып жүрген.
Өзінің жаратылысын Африканың оңтүстігінде бастаған адамдар ақырындап салқын климатты солтүстікке жылжып, сосын жер шарының қыс мезгілінде төмен температуралар тіркелетін континентальды аудандарына қоныстана бастайды. Бұл аудандарды игеру суықтан қорғануды қажет етеді. Сондықтан адамдар қажетті киім мен аяқ киімді ойлап тапқаннан кейін ғана ары қарай солтүстікке жылжи алды.
У.Ф. Энгельс бұл туралы былай айтты: Адамдар үшін бірқалыпты ыстық климаттан жылы жазбен кысқа бөлінетін солтүстік мемлекттерге өту жаңа сұраныстарды тудырған: суықтан және ылғалдан қорғануға арналған үйлер мен киімдер еңбектің жаңа түрін қалыптастырып, бұл еңбек түрлері адамдар мен жануарларды бір бірінен алшақтата түсті дейді (1).
Ағзасы өте шыныққан алғашқы адамдар табандарын мұз қатқан жерлерден, тастардан қорғамаса жер шарының климаты континантальды аудандардында өмір сүре алмайтынын жақсы білді.
Ашық табандары температурасы 0º төмен жер қабатымен жанасқан кезде және аңшылық құрған кездерінде мұндай жағдайларда ұзақ уақыт болуы, ағзаларының қатты суықтауларына әкеліп соқты, ал кей кездері табанның төменгі температурасы 0 º төмен жер бедерін басқан кезде үсіп қалатын.
Ежелге адамдардың табандарын қорғауы мақсатындағы сұранысы аяқ киім сияқты бір нәрсені қажет қылды, бірақ алғашқы қарапайым түріндегі.
Аяқ киімдердің пайда болуы мен дамуындағы осы бағытқа назар аудару керек. Қазіргі кездегі адамдар бұл қарапайым бұйымға тиісті назар аудармағанымен, Энгельстің өзі киім мен аяқ киімнің адамзаттың даму тарихындағы рөлін ерекше атап өткен. Аяқ киім конструкциясының даму тарихына және оның қызығушылық тудыратын алғашқы қалпына үңілу арқылы, адамзаттың алғашқы даму кезеңдерін сипаттауға болады.
Сондай – ақ алғашқы қарапайым тастан дайындалған еңбек құралдарына, қолданылған материалдарға және атқарылған жұмыстарға қарау арқылы тарихи материализмның негізгі белгілерін көрсетуге болады.
Өмір сүру деңгейінің өсуіне байланысты жер шарынының ыстық халқы өркениеттен бөлініп қалған аудандан басқа барлық адамдар аяқ киім дайындап, кие бастайды. Аяқ киім адамның қауіпті сыртқы әсерлерден қорғайды, адамның қимылын оңайлатып, оның еңбегіне қалыпты жағдай тудырады. Кейбір уақыттарды аяқ киім адамның сыртқы сәнінде де маңызды рөлді атқара бастайды.
Бізді қоршаған адамның қолынан шыққын әрбір зат өндіруші құралдардың өзгеруіне әрқашан өзгеріп отырады, аяқ киімнің конструкциясы да өзгереді. Бұл жағдайда адамдар өмір сүретін қоғамның материалды және мәдени дамуына байланысты аяқ киімнің ыңғайлығына, төзімділігіне, әдемілігіне байланысты туындайтын талаптар маңызды рөл атқарады.
Аяқ киімдердің әр түрлі конструкцияларының өмір сүруі барысында туындаған тәжірибе мен деректер аяқ киімнің конструкциясына кейде жылдам, кейде біраз тосу арқылы өзгерістер жасауға мүмкіндік береді. Аяқ киімнің пайда кезінен осы күндерге дейін осылай.
Бұл жерде қазіргі аяқ киім конструкциясынында бұлайша қалмай өзгерістерге ұшырайтының қорытып айтсақ болады. Бұған жаңа материалдардың пайда болуы, жалпы техникалық революция, автоматтандырылу, өндірістің химизациялануы және қолданылатын аяқ киімнінің сапасы мен санына байланысты талаптар себеп болады.
Кейбір поршни мен опочи сияқты ежелгі және қарапайым конструкциялы аяқ киімдерді тұтынушылардың өздері дайындап, осының нәтижесінде осы уақытқа дейін сақталып келе жатыр. Аяқ киім конструкциясын түсініп, дамуын көрсету үшін барлық зерттеу жұмыстарының негізгі арқауы болатын бастапқы ережеледі ескеру қажет. Өйткені бұл жағдайда Марксистік диаалектиканың заңдары алынған бастапқы ережелерге байланысты, ежелгі замандардан қазіргі кезге дейінгі адам еңбегі дамуының тарихи үрдісі қарастырылған. Сондай – ақ қазіргі замаңғы археологияның, этнографияның, техногияның, аяқ киім конструкциясының жетістіктері қолданылған.
Археологиялық және этнографиялық материалдардың негізінде аяқ киім сияқты адам қолынан дайындалатын бұйымға өндірістің дамуының қалай әсер ететіндігі жайлы, сондай – ақ бұл мәліметтер қазіргі таңдағы аяқ киім өндірісімен салыстырылып, аяқ киім конструкциясының жақын болашақта қандай болатындығын анықтау туралы тапсырма қойылды.
Өндіріс құралдарының еңбек құралдарының ерекшеліктеріне байланысты құралатындығы белгілі. Оларға еңбектің нысаны өндірілетін еңбек құралдары және еңбектің нысаны ( біздің жағдайымызда аяқ киім дайындалатын материал ). Өндіріс құралдарының ішінде еңбек құралдары және адамның құралдардың көмегімен еңбек нысанымен әсерлесуі маңызды рөл атқарады. Еңбек құралдары қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады (2).
Ежелгі замандарда еңбек құралдарының (тастан дайындалған құралдар) өзгеруі өте жай жүрді (оң, жүз мың жылдар аралығында). Осыған сәйкес былғарыдан дайындалаған бұйымдардың конструкциясы да жай өзгерді. Өндіріс құралдарының дамуымен өзгерістер тезірек жүреді. Біздің заманымыздың (1-10-шы ғасырлар аралығында) аяқ киімнің конструкциясы араға 400-600 жыл салып айтарлықтай өзгеріп отырды. Соңғы мыңжылдақта аяқ киім конструкциясының өмір сүру уақыты тағы да азайып 200-300 жылды құрады.
Сондықтан адам өз өмірі барысында бұл өзгерістерді байқай алмай, аяқ киім конструкциясы тұрақты деген пікір қалыптастырды.
Музейлердегі ескі аяқ киімдерді көзімізді жұмып қарағанның өзінде бұрыңғы аяқ киімдердің пішіні басқа болғандығын, бөлшектері басқаша біріктірілгендігін, аяқ киімнің материалы былғары болғанымен аяқ киім сапасы басқаша болғандығын байқауға болады.
Аяқ киімнің даму тарихына үңілу арқылы қазіргі аяқ киім конструкциясының қалай пайда болғандығын байқап, болашақтағы аяқ киімдердін қандай болатындығы жайлы болжамдар жасауға болады.
В.И. Ленин 1919 Свердловск университетіндегі лекциясында былай айтқан болатын: тарихи белгілі құбылыстардың қалай туындағаны, ол құбылыстардың даму барысында қандай кезеңдерден өткендігі және даму барысында ол заттың қазір қандай болғандығынына байланысты қарау керек деген болатын (3).
Әлемде әр түрлі уақыттаға және әр қандай халықтардың аяқ киімдері сақталынып қойылған музейлер бар. Олардың ішінен Готвальдове (Чехословакия), Вайсенфельзе (ГДР), Майндағы Оффенбах былғары музейі, Шоневердегі (Швейцария) Балли фирмасының аяқ киім музейі және басқалары бар. Этнографиялық, археологиялық және өлкетануға арналған барлық үлкен музейлерден аяқ киімдердің әр түрлі кезеңдерге және әр қандай халықтарға байланысты жекелеген үлгілерін табуға болады. Әдебиеттерде әр түрлі қазба байлықтарын іздеу кезінде табылған және артта қалған халықтардың жекелеген аяқ киім үлгілерін суреттеуге байланысты арнайы басылымдар бар. Бірақ аяқ киімнің пайда болу себептері, ежелгі замандардағы аяқ киімнің қарапайым конструкцияларының пайда болуы, адамзат қоғамнының барлық даму сатысындағы аяқ киім конструкциясының өзгеріске ұшыру себептері көрсетілген ауқымды әдеби еңбек осы уақытқа дейін болмапты. Адамзаттың алғашқы даму сатысында пайда болып, қандай жолмен қазіргі замаңғы конструкциясына дейін жеткендігін көрсетуге арналған әрекеттер де болмапты. Оның дамымалы еңбек құралдарымен және еңбек нысандарымен байланысы қалай болған ? Адам өміріндегі материалды және мәдени жағдайлардың жақсаруына байланысты аяқ киім конструкциясының өзгеріске ұшырауының себебі неде ?
Мұндай қадамдар осы жұмыста бірінші рет жасалынып тұр.
Баяндалатын ұғымдар дәлелді болу үшін көптеген кезеңдермен халықтардың аяқ киімдерінің көріністерін, суреттерін, экспонаттарын көруге тура келді. Кең көлемдегі деректі материалдарды жинақтау, аяқ киім конструкциясының даму жүйесін дәлелді түрде көрсетуге мүмкіндік берді.
Бірақ бұл кейбір шектеулер мен ережелер енгізуге тура келді.
Біріншіден аяқ киімнің конструкциясы деген ұғымының астарын не тұрғанын түсіндіру қажет.
Бұл үшін оқу орындарының ресми әдебиеттері мен оқу құралдарын қолданамыз (4,5,6).
Бұл әдебиетте аяқ киімінің конструкциясы ұғымының астарында:
1. Аяқ киім түрі, аяқтың жабықтығы дәрежесін білдіретін аяқ киім.
2. Аяқ киімнің дайындалған материалы, соның ішінде материалдардың қасиеттерінің әр қандай болуына себепші болатын, әр түрлі шикізаттан және әр түрлі өңдеу тәсілімен алаынған былғарылар.
3. Әр бөлшектің негіз, аяқ киімнің қанша және қандай бөлшектен тұратындығы: бір түйірден немесе екі – үш бөлшектен, мысалы, ұлтан, табанорта, қоныш, ұлтарақ, өкше сірісі және тағы басқа.
4. Бөлшектерді бекіту тәсілдері (белдемшелермен, жіптермен, шегелермен, желіммен және т.б.).
Біз ары қарай көретіндей, аяқ киімнің конструкциясының бұл анықамасы оның дамуын қарастыру барысында толықтай дәлелденеді.
Кейбір жағдайларда аяқ киімнің конструкциясы ішкі пішініне байланысты болады, бірақ бұл біз қарастырмайтын арнайы сұрақ болып табылады.
Сондай – ақ аяқ киімді сыртқы безендірумен, конструкциясының маңыздылығы төмен жеке бөлшектерінің көбінесе ортағасырлардағы бірқатар мемлекеттерде біраз ерекшелінетінін атап өту керек. Бұл өндіріс құралдары мен аяқ киім конструкциясының дамуы арасындағы байланысты табуға қиыншылық туғызды. Мысалы, Жапония мен Рим империясында көп уақыттар бойы негізгі аяқ киімдер сандалдар болды, бірақ Жапонияда ұлтандар ағаштан жасалса, Римде былғарыдан жасалды. Русьта туфли, бәтеңке және етік тәріздес былғары аяқ киімдер болды. Бұл ерекшеліктер климаттық жағдайлар мен шикізаттың негізіне байланысты болса керек.
Біздің қолымызда ежелгі Русьпен, Шығыс Еуропаның оған жақын аумақтарындағы аяқ киімдердің көптеген түрлері болды. Жоғарыда айтылғандардың бәрі, бізді тек Шығыс Еуропадығы аяқ киімдерді қарастырумен шектеді. Біздегі бұл аяқ киімдердің санымен сапасы өте көп болғандықтан, біз оның сыртқы түрін ғана қарастырып қоймай, оның дайындалған материалын, бөлшектерінің негізін, пішу қалыпын, ұстастыру әдісін дәлірек анықтауға мүмкіндік болды.
Үшіншіден келесі ретте қарастырылатын аяқ киімдердің астарында не жатқандығын анықтап алу қажет.
Қазіргі заманғы барлық аяқ киімдер негізгі бес түрге бөлінеді: 1 – сандалий, 2 – туфли, 3 – жартылай бәтеңке, 4 – бәтеңке, 5 – етіктер.
Ежелгі заманнан аяқ киімнің үш түрі қалыптасқан: туфлилер, бәтеңкелер және етіктер. Аяқ киімдер өзінің пайда болуын сандалдар мен қарапайым туфлилерден бастаған деген дәлелсіз айғақтар бар. Төменде келтірілген аяқ киім конструкциясының даму схемасын көрсете келе, біз тек соңғы уақыттары Шығыс Еуропада пайда болған сандалдармен, туфли мен бәтеңкелер арасындағы аяқ киім түрі болып саналатын жартылай бәтеңкелерден басқа аяқ киімдердің, ежелгі үлгілері табылған үш түрінің даму тарихын қарастырырамыз.
Конструкциясының дамуы қарастырылатын аяқ киімдердің үш түрі мынандай анықтамаларға ие болуы керек:
Туфли – табанның плантарлы және бүйір бетін жауып, оның сыртқы жағын жаппайтын аяқ киім.
Бәтеңке – барлық табанды және тобықтан ары сираққа дейін жауып тұратын, кигенде оңай болуы үшін алдыңғы жағында тілігі мен аяқ киімді табанға бекітуге арналған құрылғысы бар аяқ киім түрі.
Етік – табан мен тобықты алдыңғы және бүйір тіліксіз жауып тұратын, неғұрлым кең қонышты және аяқ киімді аяққа киюді қамтамасыз ететін аяқ киім түрі.
Барлық уақыттағы осы үшін типті аяқ киім түрлерінің арасында жартылай етіктер, жартылай бәтеңкелер, биік қонышты бәтеңкелер, сыдырмалы етіктер және тағы басқалар сияқты аралық нұсқалар бар.
Әдеттегінше аяқ киімнің конструкциясының дамуының жалпы схемасының бұл нұсқалар алынып тасталды.
Еңбек құралдары үшкір тастар болған, адамдардың төменгі даму сатысындағы ежелгі заманда пайда былғары аяқ киімдер ғана қаралды. Сол уақыттан бастап, осы уақытқа дейін былғары аяқ киім адамдарның серігі болды.
Жөкеден дайындалған шәркей тәріздес аяқ киімдер Шығыс Еуропада кеңінен тарағаныменен оның дайындауға өндірістің дамыған көсеу (жөкені түртпелеуге арналған және басқа жөке өткізетін темір ілгек), ағаш құдықша, жақсы қайралған пышақтар сияқты құралдар және шәркейді өру кезіндегі жақсы қол қимылы қажет болғандықтан қарапайым былғары аяқ киімдерден кейін пайда болды. Қазіргі уақытта тоқылған аяқ киімдер өзінің мәнін жоғалтып, еш жерде өндіріліп, тұтынылмайды.
Қоғамдағы таптардың пайда болуы аяқ киімнің сыртына қатты әсер етті, бірақ өндіру тәсілдері бірдей болғандықан конструкциясына әсер етпей, конструкциясы бірдей болды. Аяқ киімнің сыртқы түрі мен безендірілуі, әр түрлі мемлекеттер мен қоғамдық таптар арасындағы аяқ киімдерді ерекшелеп тұрды.
Мәселен 18-19 ғасырларда сауданың дамуының нәтижесінде, аяқ киімнің сәні жоғарғы капиталисті қоғамның арасында жалпы ұлттыға айналды. 20-шы ғасырда аяқ киім өндірісінің механизациялануы бараысында ол барлық таптарға кеңінен таралды. Бірақ жоғарғы буржуазды қоғам әрқашан жаңа сән үлгісін енгізу арқылы костюмдерінің және аяқ киімдерінің сыртқы түрі бойынша барлық кезде халықтан ерекшеленіп тұрғанымен, аяқ киім конструкциясы көп жағдайда бұрынғысынша қала берді.
Ғасырдың ортасы шамасында машиналық өндіріс пайда болғанға дейін аяқ киім конструкциясы кию түріне қарай бөліне бастайды: үй аяқ киімі, үйден тыс жерде киілетін аяқ киім, кешке арналған, әскери, спорттық, өндірістік, медициналық және т.б. Бұл аяқ киімдердің түрлері кейде біз қарастырмайтын арнайы конструкцияға ие болды.
Адамдардың даму сатысының әр сатысында аяқ киімдердің біз бұл жұмыста қарастырмаған адамдардың тегіне байланысты бөлінуінің нұсқалары болды: ерлердің, әйелдердің, балалардың және т.б. Мұның бәрін аяқ киімнің даму тарихын ары қарай қарастырған кезде жалғастыруға болады, бірақ дәлелденген даму схемасын құру үшін бұл қажет емес.
Әр ұлттың және әр кезеңнің арасындағы аяқ киімдердің айырмашылығына қарамастан, өндіріс құралдарының жағдайына байланысты бәріне бірдей жалпылама ұқсастықтықтарды анықтауға болады.
Жоғарыда келтірілген айырмашылықтар аяқ киімнің даму конструкциясының біркелкі схемасын жасап, оны кейбір өзгерістері бойынша басқа түрдегі және басқа мемлекеттер мен халықтардың аяқ киімдерімен салыстырып көруге жағдай жасады.
Аяқ киімдердің даму схемасын құру үшін, біздің музейлеріміздегі көптеген экспонаттардың және Шығыс Еуропадағы аяқ киімдерге арналған жеке еңбектердегі суреттердің арасынан саны көп, типтік болып табылатындары таңдап алынды. Кей жағдайларда тұжырымдаманың дұрыстығын білдіретін, санаулы экспонаттарды және әсерлі экземплярларды қолдануға тура келді.
Ұсынылған аяқ киім конструкциясының схемасының кестесінде аяқ киімдердің ежелгі заманнан қазіргі таңға дейінгі даму сатысындағы типтік өкілдері бейнеленген.
Құрастырылған схеманың негізіне мына жағдайлар алынған:
- аяқ киімнің даму конструкциясы еңбек құралдарының, еңбек нысандарының және оларды байланыстыратын еңбек үрдісімен байланысты;
- аяқ киімнің конструкциясы мен дайындалуы әрқашан қозғалыста және даму үстінде болады;
- белгілі бір даму сатысындағы кейбір кішігірім өзгерістердің көптігі ақыр аяғында сапалы өзгерістерге алып келіп, олар өз жаңа конструкцияның пайда болуына себеп болады.
- халықтың сұранысын қанағаттандыратын әрбір жаңа конструкция ақыр аяғында өзінің мәнін жоғалтып, дамым келе жатқан халықтың сұранысына бұл конструкция жауап бере алмағандықтан, жаңа конструкцияның пайда болуын қажет етеді.
Аяқ киім адамның даму сатысына және олар қолданған еңбек құралдары мен материалдарына байланысты өзінің даму кезеңдерінен өтті.
Алғашқы адамдар 700 мың жыл бұрын сол кездегі жұмсақ климатты пайдаланып КСРО аумағына келіп қонысты.
Кавказ бен Кавказ маңында осы кезеңнің тұрақтары табылған. Қыс уақыттарында да жылы жел соғып тұратын Қара теңіз жағалауына келген адамдар аяқ киімге мұқтаж бола қойған жоқ.
Алғашқы адамдардың өздерінің Африканың оңтүстігіндегі алғашқы отандарынан солтүстікке жылжуы, олардың тіршілік етуге арналған жаңа құралдар мен санаға және қоғамдық байланыстардың алғашқы түрімен сипатталды (7).
Бұз кезеңдерде олар тасты өңдеу тәсілдерін меңгерді. Бірақ бұлар өте қарапайым тас құралдар болды.
Солтүстік аумақтарды игерудің келесі кезеңі кейінгі палеолит дәуірінің адамдарымен ашель кезеңінде 300 мың жыл бұрын орын алды.
Ашель мәдениетінен қалған мұралар Украинадан табылды.
Біздің еліміздің аумағын игеру басталған уақыттан материк бойынша жоғары жылжу аралығында тас құралдарды дайындау тәсілдері кеңейе түсті. 200 мың жылға(б.з.д. 300-100 мың жылдар аралығында). ашель мәдениетінің тас құралдарды өңдеу тәсілдері шель мәдениетінен әлдеқайда жоғары болды. Біздің еліміздің аумағынан табылған тас құралдар шель мәдениетінікіне қарағанда барынша жұқа, өңделуі бойынша көркем, көбінесе доғалды және үшбұрышты болып келеді. Бұл құралдармен жоңу, шабу, кесу өте ыңғайлы.
Ашель дәуірінің адамдары игерген аудандардың климаты континентальды, қысы суық, жерінің температурасы бірнеше айлар бойы нөлден төмен болып тұрды.
Сондықтан киім мен аяқ киімге деген мұқтаждық падй болды. Осыған байланысты аяқ киімге деген мұқтаждық б.з.д. 100 жыл бұрын солтүстікке бағыт алған адамдар арасында пайда болды десек қателеспейміз.
Өкінішке орай бізге дейін былғары, өсімдік, ағаш сияқты органикалық заттардан жасалған еңбек құралдары сияқты, ежелгі аяқ киімдер де жетпеді.
Ежелгі адамдардың қандай бұйымдар жасағандығын бізге дейін жеткен тас құралдарға, сүйектен жасалған бұйымдарға және этнографиялық олжаларға қарап білуге болады.
Бұл бізді аяқ киім конструкциясының дамуын аяқ киімдердің іздері мен қалдықтары қалған кезеңнен бастап қарастыруға мәжбүрлейді. Бұл орайда О.Н. Бадер Владимир қаласы маңындағы Сунгирь өзені ауданында қазба байлықтарын іздеу барысында тапқан материалдар, ең ежелгі материалдар болып табылады. (8,9).
Олар бізге дейінгі 20-25 мың бұрын Орыс жазығындағы ежелгі адамдардың өмір сүруін көрсетуімен маңызды. Онда жерленген адамдардан төменнен басып тігілген, ұлтаны да бастырылып тігілген, шалбар тәріздес аяқ киімдері болуы мүмкін. Бірақ киімдері де аяқ киімдері де сақталмапты. Ол аяқ киімдердің қандай болғандығы жайлы тобық пен табанның бүйір беттерін және киімнің шеттерін зерделеген сияқты көрінетін, мамонттың азу тістерінен алынған моншақтарға қарап болжауға болады.
Айтылып отырған аяқ киім конструкция осы уақытқа дейін балықшылар қолданып келген, қазіргі заманғы бахилдердің түрін еске түсіреді. Сондай – ақ мұндай аяқ киімдерді Қиыр Солтүстіктің балалары кигендігі жайлы да мәліметтер бар.
Біздің заманымызға дейін 25 мың жыл бұрын ежелгі адамдардың мұндай аяқ киімдерді дайындай алғанына қарап, қарапайым аяқ киімнің конструкциясы бұдан да ертеректе пайда болды деп ой қорытсақ болады. О.Н. Бадердің қазбасынан алынған аяқ киімнің конструкциясы өте озық болғандықтан, оны бұл қорымдағы адам өмір сүрген кезеңде пайда болды дей алмайсыз.
Бұл болжанып отырған аяқ киімді өндіру тәсіліне жету үшін, ең қарапайым аяқ киімнің конструкциясы пайда болған кезеңнен бастап, мыңдаған емес, оң мыңдаған жылдар өтуге тиіс болатын. Егер Сунгирь өзені бойындағы қазбалар біздің заманымызға дейін 25,5 мың жылға тиесілі болса, онда алғашқы қарапайым аяқ киімнің пайда болуы біздің заманымызға дейін 100 мың жыл бұрын болса керек.
О.Н. Бадердің Касимов маңындағы таңдаулы тұрақтан табылған саз батпақты ескерткіштен мікбас қарапайым аяқ киімнің түрі көрінеді (Сур.1).
Аяқ киімдер жайлы қызық деректерді Ксенофобтың деректерінен кездестіреміз. Ол Кіші Кирдің жорығын айта келе біздің заманымызға дейін 2000 мың жыл бұрын климаты жылы Мессопотамияда аяқ киімдерді мүлде кимегендігін, бірақ суық тауларға бара жатқанда міндеті түрде аяқ киімдер мен үлбір қолғаптарды киетіндігін айтқан (10).
Біздің заманымызға дейінгі 6-3 ғасырлардағы ежелгі Арменияның қорымдарынан табылған ыдыстарға ұқсайтын батпақ етікшелерде өте қызықты (11).
Етікшелердің батпақтан дайындалғаны олардың осы уақытқа дейін сақталып қалуына себеп болғанына қарамастан, оларда сол уақыттағы былғары етіктердің жеке бөлшектерінің тігістері анық бейнеленген.
Табылған батпақ етіктердің бірінде аяқ киімнің үсті түсі әр түрлі материалдардан немесе ақ түсті бөлшектері безендірілген күңгірт қара түсті негізгі материалдан құралған. Тобық сүйегінің табанорта бөлігіндегі қонышта айқын көрінетін баулар орналасқан. Осыған қарап осы кезеңдегі армян халқында біздің заманымыздың 10-12 ғасырларындағы Шығыс Еуропадағы аяқ киім конструкциясынан кем түспейтін, аяқ киім өндірісінің технологиясы болғандығын байқаймыз.
С.И. Руденконың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Орталық Алтайдағы біздің заманымызға дейінгі 6 ғсаырға жататын, екінші Башадар қорғанынан бір – біріне шахматты ретпен орналасқан екі түсті үлбір квадратпен қонышы өрнектелген ердің етігі табылған. Бас жағына былғары ұлтан басып тігілген. Осы аудандардағы басқа қорғандардан әсем безендірілген әйелдердің етіктері табылған. Осы қорымдардан табылған кілемдерден киіз етікті жауынгерлердің суреттері табылған. Барлық қазбалар біздің заманымызға дейінгі 6-3 ғасырларға тиесілі (12)
М.Р Полесскидің Пенза қаласының ауданынан тапқан ежелгі мордва әйелінің табан сүйегінен жеке былғары бөліктері бар аяқ киімнің қалдығы табылған. Олар біздің заманымыздың 2-4 ғасырларымен байланысты. Осы қорымнан былғары мен темірді өңдегендіктерін білдіретін метал тоғалы былғары белдіктердің қалдықтары табылған (13).
Әр түрлі музейлердегі сәл нашарлау сақталған аяқ киім .лгілері біздің заманымыздың 8-9 ғасырларына жатады.
Шығыс Еуропа археологтары тапқан аяқ киім түрлерінің көпшілігі біздің заманымыздың 2-ші мыңжылдығына жатады.
10-19 ғасырларға жататын көптеген аяқ киімдер Мәскеудегі, Новгородтағы, Псковтағы, Смоленскідегі, Ригадағы және КСРО-ның басқа аудандарындағы қазба жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде табылған болатын. 17-19 Ғасырлардағы аяқ киімдер Кеңес Одағының көптеген музейлерінде бар.
Біз қарастырып жатқан аяқ киім конструкциясының даму схемасы оның белгілі бір түрімен, және Шығыс Еуропаның белгілі бір ауданымен шектелетін болғандықтан, біз қолымызда бар ең ежелгі аяқ киім үлгілерінің конструкцияларын қарастырудан бастаймыз. Бірақ алдын – ала аяқ киім өндірісінің құралдарымен және материалдарымен танысамыз.
