- •Ілініс механизмі
- •1.Іліністің белгіленуі және негізгі типтері.
- •Сурет-2 – Электромагниттік күшпен сығымдалған фрикционды ілініс схемасы
- •Сурет-3 – Ілініс схемасы: а) гидравликалық, б) электромагниттік
- •2. Ілініс конструкциясы
- •Сурет-4 – Ілініс схемасы: а) жалпы көрінісі; б) жетектегі диск;
- •Сурет-5 – Ілініс а) бір дискілі; б) екі дискілі;
- •Сурет-6 – Механикалық ілініс жетегінің схемасы
- •Сурет-7 – Гидравликалық ілініс жетегінің схемасы
- •Сурет-8 – Пневмокүшейткіш
- •Сурет-9 –Электровакуумдық ілініс жетегі
Сурет-8 – Пневмокүшейткіш
Шток 11 және электромагнит якорының арасында екі серіппе 14 орналасқан. Штокты тартқан кезде камераның ішінде осы серіппелердің қысылуы болады және электромагнит якорына әсер ететін күш өседі. Электромагнит арқылы өсетін күш, серіппелердің14 күшінен көп, оның якоры клапан 6-ның қозғалмалы седлосымен қосылған, осының әсерінен сервокамерадғы 8 реттеуіш қысым атмосферамен хабарлауын тоқтатады, клапан 6 және қозғалтқыштың еңгізу коллекторымен кері клапан 5 арқылы қосылады.
Электромагнит арқылы пайда болатын күш, оның орамасы арқылы өтетін ток күшіне тәуелді. Қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі жоғарылаған кезде, ток күші автоматты блок арқылы азайтылады. Электромагнит орамасындағы ток күші қанша аз болса, сонша серіппені қысу кезінде пайда болатын ток күшінің шамасы, электромагнит арқылы пайда болатын күшпен тең болады. Басқа жағынан серіппедегі күш сервокамерадан шток шыққан кезде азаяды. Қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі көбейген кезде сервокамерадағы шток ақырындап қозғала бастайды.
Автомобильді вакуумдық күшейткішпен жабдықтаған кезде іліністі басты цилиндрге әсер етуші ілініс педалінің көмегімен басқару сақталады. Ол үшін ажыратқыш арқылы автоматты блокты өшіру керек
Сурет-9 –Электровакуумдық ілініс жетегі
2.8.Сығымдаушы иінтіректердің және ілініс басқышының бос жүрісін орналасуы реттеледі. Сығымдаушы иінтіректердің орналасуы тірек ашаларының гайкаларымен реттеледі, олар иінтірек осьінен қаптамаға дейінгі аралықты өзгертеді, және иінтіректі өсі бойынша қысушы дисктен айналдырады. Иінтіректер соңы ілініс муфтасы мойынтірегімен соұтығысуын болдырмау үшін бір жазықтықта орналасуы тиіс. Ілініс басқышының бос жүрісінің шамасы ілініс сөндірілуінің ашасын сағат тілі бағытымен айналдыру арқылы қалыптандырылады және пайдалану шарттарына сәйкес гайкамен реттеледі. Сөндіру муфтасының мойынтірегі консистентті майлау арқылы масленка арқылы майланады.
Автомобильді пайдалану кезінде ілінісу толық қосылмай, не толық ажыратылмай қалуы мүмкін. Оның толық қосылмауы немесе автомобильдің орнынан қозғалмауы сығымдауыш мойынтірегі мен сығу иінтірегінің арқасында саңылаудың болмауынан, дискілердің майлануынан, фрикциялық жапсырманың желінуінен, басқыш серіппенің босап кетуінен болады. Іліністің толық қосылмауы салдарынан күйген иіс сезіледі.
Сығымдауыш мойынтірек пен сығу иінтірегінің арасындағы саңылаудың кеңдігінен, жетектегі дискілердің кедір – бұдырлығынан, фрикциялық жапсырманың тесілуінен іліністің толық ажырамауы мүмкін.
Сығымдауыш мойынтірек пен сығу иінтірегінің арасындағы саңылауды реттеп, қалыпқа келтіреді. Басқа ақаулы іліністі бөлшектеп алмастыру жолымен жөндейді.
