Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сцепление.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
823.28 Кб
Скачать

Сурет-5 – Ілініс а) бір дискілі; б) екі дискілі;

Ортаңғы жетекші дискіде 13 иінтіректі механизм 15 орнатылған. Оның серіппесі іліністі ажыратқан кезде, Z – тәрізді иінтіректі бұрады, ал иінтірек өзінің ұштарын маховикпен қысушы дискіге тірей отырып, ортаңғы жетекші дискінің маховик және қысушы дискіден бірдей ара қашықтықты сақтауын қамтамасыз етеді.

Іліністің негізгі айналатын детальдары статикалық балансты ұстап тұрады. Сонымен қатар ілініс қозғалтқыштың иінді білігі мен маховикті құрастырғанда да балансты сақтайды. Балансировканың дәлдігі іліністің өлшемі мен қозғалтқыштың тезжүрістігне тәуелді. Іліністі маховиктен шешкен кезде, міндетті түрде олардың өзара қалай орналасуын белгілеп алу керек, кейін қайта құрастырған кезде олардың өзара балансын бұзбай үшін.

2.4.Іліністің механикалық жетегі әдетте педальді ілініске жақын орналастырған кезде қолданады. Иінтірек 6 білікке ажырату ашасымен 7 бекітілген,педаль иінтірегі 2 тартқышпен 3 қосылған. Аша муфтаға берік мойынтірекпен 8 әсер етеді. Ілініс қосылып тұрған кезде мойынтірек және ажырату иінтірегінің сақинасының 9 арасында саңылау болады. Механикалық күшейткіштің электрсеріппесі 10 педаль кабинаға полына тірелген кезде немесе жүрісті шектегіш кезінде жетектің бөлшектерін бастапқы қалыпта ұстап тұрады. Педальдің бастапқы жүрісінде электрсеріппе оның орын ауыстыруына қарама-қарсы әсер етеді. Электрсеріппенің осі педаль осінен төмен орналасқан кезде, электрсеріппенің күші іліністі ажыратуға қабілетті болады. Электрсеріппе педальдағы максималды күшеюді 20-40% төмендетеді.

Сурет-6 – Механикалық ілініс жетегінің схемасы

2.5. Іліністің гидравликалық жетегі күшті педальдан іліністі ажырату ашасына, басты цилиндрде орналасқан 3 (7-сурет), цилиндрдің атқарушысы 10 және оларды құбырда қосатын сұйықтық арқылы беруді қамтамасыз етеді. Басты цилиндр қуысы кішкентай күбішемен 5 қайтақосу А және компенсациялық саңылау Б арқылы хабарлайды.

Ілініс педалін басқан кезде басты цилиндр поршені 4 оңнан солға қозғалады және компенсациялық Б саңылауды жапқаннан кейін, құбыр арқылы сұйықтықты орындаушы цилиндрге ығыстырады. Цилиндр поршені 7 шток 8 арқылы іліністі ажырату ашасын 9 бұрады. Педаль арқылы пайда болатын күш, басты цилиндрдегі сұйықтықтың қысымында қайта пайда болады және сұйықтық арқылы іліністі ажырату ашасына беріледі.

Педальді жіберген кезде бөлшектер бастапқы қалпына келеді, құбырдағы және цилиндрдегі сұйықтық қысымы төмендейді.

Сурет-7 – Гидравликалық ілініс жетегінің схемасы

Педальді бірден жіберіп қалған кезде басты цилиндрде ыдырау болуы мүмкін, егер сұйықтық поршеннен 4 сол жақта босайтын кеңістікті толтырып үлгере алмаса. Онда сұйықтықтың бір бөлігі қайта қосу А саңылауы арқылы, нығыздауыш манжета және поршеньннің ернеуін сыға, поршеньннен сол жақта орналасқан кеңістікке түседі. Осының көмегімен, сұйықтықтың ыдырауынан пайда болатын будың қауіптілігін жояды. Құбыр арқылы түсетін артық сұйықтық, басты цилиндрде компенсациялық Б саңылау арқылы қайта күбішеге түседі.

Орындаушы цилиндреде техникалық қызмет көрсету кезінде гидросистемадағы ауаны сорып алушы клапан 6 бар.

2.6.Пневматикалық күшейткіш (8-сурет) іліністің гидравликалық жетегінде орнатылған,ол негізгі үш бөліктен тұрады: энергия көзі, орындаушы механизм – орындаушы цилиндрдегі 13 және таратқыш қондырғыдағы 6, цилиндрдің 13 жұмысын басқарушы.

Пневмокүшейткіштің тұрқысы екі бөліктен орындалған 12 және 18, олардың арасына келесі құрылғының мембаранасы 10 орнатылған. Сондай-ақ соңғыларына поршень 3, клапан 4, ершік 5(седло), шығару 7 және еңгізу 8 клапандары.

Гидравликалық жетектің орындаушы цилиндрі 16 пневмокүшейткіштің ішінде орналасқан. Басты цилиндрдегі сұйықтық, ілініс педалімен қосылған шток, орындауыш цилиндрде комбинацияланған нығыздауыш 2 және поршень дөңесіне 3(торцовый) саңылау 14 арқылы жинақталады. Қысылған ауа клапанға 8 саңылау 9 арқылы беріледі. Педальді жіберген кезде, клапан 8 жабық, ал клапан 7 ашық.

Ілініс педалін басқан кезде, сұйықтық қысымы поршеньге 77 беріледі және одан іліністі ажырату ашасының итергішіне 7. Сұйықтықтың қысымын поршень өзіне қабылдап алады және ол седло 5арқылы шығару клапанын 7 жабатын және еңгізу клапанын 8 ашады. Поршеньннен 77 оң жақта орналасқан ауа қысымы педальдағы күшке пропорционалды орнатылады. Поршеньдегі 77 күш шток 75 арқылы поршеньге беріледі.

Клапан 4 сығылған ауаны пневмокүшейткіштен, клапан 7 ашылған кезде, пневмокүшейткішке сырттан шаң, кір, ылғыл кірмеуін қамтамасыз ете отыра сығылған ауаны шығаруға мүмкүндік жасайды.

2.7.Электровакуум арқылы іліністі басқару, (9-сурет) гидравликалық жетекті ілініс орналасқан бірнеше жеңіл автомобильдерде қолданады, оған педаль 2, басты цилиндр күбішесімен 7, орындаушы цилиндр 4 және құбыр орнатылған. Электровакуумды басқару электрокамерадан 8, электромагнит 7 автоматты 77 блокпен және ажыратқышпен 16, гидроцилиндрді 9 басқарушы.

Нығыздауыш мембарана 13 поршеньмен электрокамераны екі қуысқа бөледі: атмосфералық қысым 12 және реттеуіш қысым 15. Қуыс 75 клапан 6 және кері клапан 5 арқылы қозғалтқыштың еңгізу коллекторымен қосылуы мүмкін.

Электромагнит 7 автоматты блок 17 көмегімен клапан 6ға әсер ете отыра, шток, иінтірек10 және гидроцилиндрді 9 басқарушы поршень арқылы іліністі қосу процесін автоматты басқаруын туғызады.