- •Ілініс механизмі
- •1.Іліністің белгіленуі және негізгі типтері.
- •Сурет-2 – Электромагниттік күшпен сығымдалған фрикционды ілініс схемасы
- •Сурет-3 – Ілініс схемасы: а) гидравликалық, б) электромагниттік
- •2. Ілініс конструкциясы
- •Сурет-4 – Ілініс схемасы: а) жалпы көрінісі; б) жетектегі диск;
- •Сурет-5 – Ілініс а) бір дискілі; б) екі дискілі;
- •Сурет-6 – Механикалық ілініс жетегінің схемасы
- •Сурет-7 – Гидравликалық ілініс жетегінің схемасы
- •Сурет-8 – Пневмокүшейткіш
- •Сурет-9 –Электровакуумдық ілініс жетегі
№4 Зертханалық жұмыс
Ілініс механизмі
Жұмыстың мақсаты: әр түрлі ілініс конструкциясын оқып үйрену. Бірінші іліністің не үшін керек екенін білуден бастау керек, содан кейін іліністің конструкциялық ерекшеліктері және жұмыс істеу принципі бойынша: механикалық (фрикционды), гидродинамикалық (гидромуфта), электромагнитті және жартылай автоматты түрімен танысу.
Фрикциондық ілініс муфтасының классификациясына назар аудару керек: жетектегі диск саны бойынша, үйкелу түрі бойынша, қысушы құрылғының қозғалысы бойынша. Фрикциондық ілініс муфтасының конструкциясын және жұмыс істеу принципін мұқият оқу керек. Айналмалы теңселуді сөндіргіштердің жұмыс істеу принципі, құрылысы және типтерін оқып үйрену керек. Әр түрлі фрикциондық іліністердің конструкциясында ненің көмегімен бірқалыпты іліністің қосылуын анықтау керек. Фрикциондық ілініс: жетекші және жетектегі бөліктерден, қысушы құрылғыдан ажырату механизмінен тұрады. Осы айтылған топтардың қайсысына қандай бөлшектер кіретінін анықтау керек. Олардың қайда бағытталғандығын, талаптарын, күтімін және реттеуін білу керек. Оларға салыстырмалы баға беріңіз және олардың жақсы және жаман жақтарын көрсетіңіз.
Гидродинамикалық және электромагнитті іліністерді оқу барысында олардың қандай бөлшектерден тұратынын және жұмыс істеу принципін анықтаңыз.
Ілініске қолданатын жетектер мен күшейткіштерді оқып үйреніңіз және жұмыс істеу принципін көрсетііңіз.Гидравликалық, механикалық және пневматикалық жетектердің негізгі қандай элементтерден тұратынын көрсетіңіз және салыстырмалы баға беріңіз. Осы тақырыпты бітірген кезде ілініс жетектеріне және механизмдеріне қойылатын негізгі және арнайы талаптарды және іліністі реттеу, күту ережелерін анықтаңыз.
1.Іліністің белгіленуі және негізгі типтері.
Ілініс қозғалтқыштың иінді білігін трансмиссиядан қысқа уақытта ажыратуға және автомобиль орнынан қозғалғанда және қозғалыс уақытында берілісті ауыстырғанда олардың бір бірімен бірқалыпты қосылысын қамтамасыз етеді.
Іліністің айналатын бөлшектері қозғалтқыштың иінді білігімен қосылатын жетекші бөлікке қатысты немесе іліністі өшірген кезде, жетекшіден ажыратылатын жетектегі бөлікке қатысты. Байланысу сипатына тәуелді жетекші және жетектегі бөліктер фрикционды, гидравликалық және электромагниттік ілініс болып ажыратылады. Ең көп тарағаны фрикционды үйкеліс, ол айналу моментін жетекші бөліктен жетектегі бөлікке, осы бөліктердің беткі қабаттарының бір бірімен жанасуынан пайда болатын үйкеліс күші арқылы береді. Гидравликалық іліністе жетекші бөлікпен жетектегі бөлік арасындағы байланыс, осы бөліктер арасымен қозғалатын сұйықтық ағыны арқылы жүзеге асады, ал электромагнитті іліністе – магниттік өріс арқылы.
Ілініс арқылы айналушы момент еш өзгеріссіз беріледі – жетекші бөліктегі М1 моменті жетектегі бөліктің М2 моментіне тең.
1.1.Фрикциондық ілініс 1-суретте көрсетілген. Жетекші бөлікке қозғалтқыш маховигі 3, қаптама 1 және қысушы диск 2, ал жетектегі бөлігіне жетектегі диск 4 жатады. Қысушы диск 2 қаптамамен 1 серіппелі пластина 5 немесе басқа бір қозғалмалы байланыс пен қосылған. Бұл айналушы моментті қаптамадан қысушы дискке беруге және қысушы дискті 2 іліністі өшіріп қосқанда ось бағытымен қозғалуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар фрикциондық іліністе ілініс жетегін және іліністі өшіріп – қосуын жүзеге асыратын бөлшек топтарын бөледі.
1-сурет – Фрикционды ілініс схемасы
Іліністің қосылуы серіппе 6 тудыратын күш қозғалысынан болады, ал өшірілуі қаптамаға бекітілген иінтіректерді 7 бұрғанда осы күшті жеңуінің нәтижесінде болады. Иінтірек 7 қаптамамен бірге қозғалады, сондықтан оларға қозғалмайтын бөлшектердің әсерін беру үшін сықпа мойынтірегі 8 бар өшіру муфтасы қолданады. Муфта ашамен(вилка) 9 жылжиды. Ілініс жетегіне педаль 10, тартқыш 12, серіппе және аша 9 жатады.
Егер педаль 10 жіберілген болса, онда ілініс қосылған, себебі жетектегі диск 4 маховикпен 4 қысым дискісінің 2 арасында серіппе 6 күшімен қысылған. Айналушы момент жетекші бөліктен жетектегі бөлікке жетектегі дискінің жоғарғы бөлігінің маховик және қысушы дискімен өзара әсерлесуінен беріледі. Педальді басқан кезде ілініс ажыратылады, себебі муфта маховикке бағыттала ось бойымен қозғалып мойынтіректен ажыратылады, иінтіректі бұрады және қысушы дискті жетектегі дисктен ығыстырады.
Автомобильдің орнынан қозғалу процесін қарастырамыз. Іліністі ажыратқанда, беріліс қорабындағы қозғалуға керекті берілісті қосады. Егер автомобиль орнында тұрса, онда берілісті қосқанда іліністің жетектегі дискісі тарнсмиссия білігі арқылы автомобильдің қозғалыссыз доңғалақтарымен қосылады. Педальді жібергенде, айналып тұрған маховик және қысушы дискті қозғалыссыз тұрған жетектегі дискімен қосады. Үйкеліс күшінің әсерінен жетектегі дискіге айналушы момент беріледі. Ол қозғалуға қарсы күшті жеңуге жеткілікті болған кезде, жетектегі диск және доңғалақ айнала бастайды және автомобиль орнынан қозғалады. Іліністі қосқан кезде аз уақытқа жетектегі дискінің сырғанауы пайда болады және көп мөлшерде жылу бөлінеді. Осы кезде жетектегі дискінің айналу жиілігі көбейеді, ал маховиктің жиілігі керісінше азаяды. Қозғалтқыштың өшіп қалуын болдырмау үшін, ілініс педалін ақырындап жіберіп және жанармай беру педалін ақырындап басу керек,маховиктегі момент пен айналу жиілігін жоғарылатады.
Ілініс педалін тым баяу басу автомобильдің орнынан бірқалыпты қозғалуын қамтамасыз етеді, бірақ ұзақ уақыт сырғанаудан ілініс қызып кетеді. Бұл жағдайда автомобиль тым баяу екпінмен қозғалады. Ілініс педалін тез жіберу доңғалаққа берілетін айналу моментінің лезде өсуіне алып келеді, ал бұл автомобильдің орнынан лезде қозғалуына алып келеді. Іліністі қосқан кезде автомобильдің орнынан бірқалыпті қозғалуы және белсенді ұмтылысы жүргізушінің тәжірибесіне тікелей байланысты. Берілісті ауыстырғаннан кейін іліністі қосқанда сырғанау мен салмақ түсуі, автомобильдің орнынан қозғалған кездегімен салыстырғанда едәуір аз болады.
Іліністі қосқан кезде бөлінетін жылуды бұрып жіберуді күшейту үшін, қаптамада және картерде ауа циркуляциясы үшін саңылау жасалады. Маховиктің үлкен салмағы және қысушы диск іліністегі температураны төмендетуге жағдай туғызады. Іліністің ажыратылуы үшін жетектегі дискінің екі жағындағы да саңылауы 0,8-1мм құрауы керек(қысушы дисктің ауысуы 1,6-2мм). Бұған әдетте жұмыс жүрісінің педалі сәйкес келеді,70-130мм тең. Іліністің толық жүрісі (100-180мм) жұмыстық жүріспен бос жүрісті (30-50мм) құрайды. Бос жүрістің болуы іліністің толық қосылуын кепілдендіреді. Бос жүрістің мөлшерін негізінен іліністі ажырату иінтірегі 7 мен мойынтірек 8 арасындағы саңылаумен анықтайды.
Фрикциондық іліністі жетектегі дискінің санына байланысты бір дискілі, екі дискілі және көп дискілі деп бөледі. Фрикциондық іліністің қосылуы үшін бір орталық серіппенің немесе бірнеше периферийнді күшейткіш, ал кейде сұйық қысымы, магнит өрісі, центрге тартқыш күш қолданады.
Фрикциондық іліністің жетегі механикалық, гидравликалық және электромагнитті болуы мүмкін. Көптеген отандық жеңіл және жүк автомобильдерінде механикалық және гидравликалық жетек қолданады. Электромагнитті жетектер жеңіл автомобильдерде басты ілініс басқаруын автоматизациялаған жағдайда қолданады. Іліністің басқаруын жеңілдету үшін механикалық, пневматикалық, вакуумдық күшейткіштер қолданады.
