Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК,ПТПФ, каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.61 Mб
Скачать

Түпкі және кіші деформация тензоры

Түпкі және кіші деформация тензорын есептеудің реті жоғарыда және төмендегі әдебиетте келтірілген. Бастапқы мәліметтерді оқытушы береді.

Ұсынылатын әдебиеттер [7] 105 б.

Бақылау сұрақтары

  1. Басты деформацияны қалай есептейді?

  2. Логарифмдік тензордың сыңарларын қалай есептейді?

  3. Деформация девиаторы қандай формуламен анықталады?

  4. Салыстырмалы деформацияларды қандай формуламен есептейді?

  5. Деформациялардың коэффициентерін қандай формуламен есептейді?

  6. Дәл деформацияны қандай формуламен есептейді?

Тәжірибелік сабақ № 7

Тапсырма

  1. Басты жазықтық ХУ жылжудың өрісі белгілі бір теңдеулермен берілген. Координатасы белгілі болатын нүктеде кіші деформация қарқындылығын анықтау қажет.

  2. Деформацияланған дененің материалды нүктелерінің жылжу жылдамдықтары өрістері белгілі бір теңдеулермен анықталған. Материалды нүктенің координатасы белгілі. Осы жылдамдықтар өрісі материалдың сығылмаушылық шартын қанағаттандыратынын табу қажет.

  3. Симметриялық осі бар деформацияланатын дайындаманың мериадианды қимасында, тәжірибемен анықталған нүктелердің жылжу жылдамдықтар өрістері белгілі бір теңдеулермен бейнеленген. Координатасы белгілі болатын нүктедегі деформация жылдамдығы тензорының сыңарларын және ығысу деформациясы жылдамдығының қарқындылығын табу қажет.

Әдістемелік ұсыныс

Кіші деформация және кіші деформация жылдамдығы тензоры

Кіші деформация және кіші деформация жылдамдығы тензорын есептеудің реті жоғарыда және төмендегі әдебиетте келтірілген. Бастапқы мәліметтерді оқытушы береді.

Ұсынылатын әдебиеттер [7] 105 б.

Бақылау сұрақтары

  1. Деформация қарқындылығы қандай формуламен анықталады?

  2. Сығылмаушылық шартын қалай анықтайды?

  3. Ығысу деформациясы жылдамдығының қарқындылығын қалай анықтайды?

Тәжірибелік сабақ № 8

Тапсырма

  1. Дененің нүктесінде нормальды кернеулер σ1, σ2, σ3 және осы материалдың аққыштық шегі σs берілген. Дене серпімділік немесе илемді күйде болатындығын табу қажет.

  2. Қарапайым созу тәжірибесімен алынатын аққыштық шек σs таза илемділік қасиеті бар деформацияланған дененің кейбір нүктесінде белгілі. Осы материалды деформациялағанда пайда болатын бас нормальды кернеудің екуі (σ1 және σ2) берілген. Үшінші бас кернеуді σ3 анықтау қажет.

  3. Күші Р (МН) болатын баспақта цилиндрлік дайындама деформацияланады. Деформация сызықтық болсын. Осы дайындаманың аққыштық шегі σs белгілі. Деформациялауға қажетті дайындаманың барынша мүмкін болтын диаметрін анықтау қажет.

Әдістемелік ұсыныс

Илемділік шарты

Илемділік шартын есептеудің реті жоғарыда және төмендегі әдебиетте келтірілген. Бастапқы мәліметтерді оқытушы береді.

Ұсынылатын әдебиеттер [7] 105 б.

Бақылау сұрақтары

  1. Көлемді кернеу-деформация күйі үшін илемділік шарты қандай формуламен табылады?

  2. Жазықты кернеу-деформация күйі үшін илемділік шарты қандай формуламен табылады?

  3. Сызықты кернеу-деформация күйі үшін илемділік шарты қандай формуламен табылады?

2.4 Зертханалық жұмыстардың жоспары

Зерханалық жұмыс № 1 Суық илемді деформацияның механизмін зерттеу.

Зертханалық жұмыстың мақсаты. Болаттан жасалған үлгілікті созған немесе қысқан кезде ағым сызығындағы сырғу жолағын айқындау.

Әдістемелік ұсыныс. Тесігі бар цилиндрлік үлгілікті қысып және цилиндрлік үлгілікті созып ағым сызығын айқындау. Сырғу жолағы үлгілікті шөктіргенннен кейін қысатын сайманмен жанаспайтын тікбұрышты бетте микроскоп астында зерттеледі.

Ұсынылатын әдебиеттер [4] 536 б.

Бақылау сұрақтары

  1. Сырғу жолағы дегеніміз не?

  2. Ағым сызығы дегеніміз не?

  3. Деформациялау жағдайына байланысты поликристалдық денеде илемді деформация қалай жүреді?

  4. Ағым алаңы қандай себептермен пайда болады?

  5. Моно- және поликристалдарда илемді деформация кандай механизммен іске асады?

Зерханалық жұмыс № 2 Беріктену қисық сызығын салу.

Зертханалық жұмыстың мақсаты. Суықтай деформациялау процесінде деформациялау кедергісінің өзгеру сипатамасымен танысу. Дәл кернеу қисық сызығын салу және беріктену түзуін аппроксимациялау әдістемесін меңгеру.

Әдістемелік ұсыныс. Беріктену қисық сызығын салу үшін ерінге үлгілікті қысып, оны әмбебапты сынау машинасында қирауға дейін сынау. Үлгілікті созғанда деформациялау процесін «деформациялаушы күш – деформация» диаграмасына жазып алу. Дәл кернеу қисық сызығын салу.

Ұсынылатын әдебиеттер [4] 536 б.

Бақылау сұрақтары

  1. Суықтай илемді деформациялау процесінде қандай факторлар беріктенуге әсер етеді?

  2. Металдарды қысыммен өңдеудің технологиясын жасаған кезде беріктену құбылысының мәні қандай?

  3. I және II түрі бар диграмманың қасиеттері қандай?

  4. Металл мен қорытпалардың беріктену механизмінің негізгі гипотезалары қандай?

  5. Дәл кернеу қисық сызығын қалай салады?

Зерханалық жұмыс № 3. Ең кіші кедергі принципін зерттеу.

Зертханалық жұмыстың мақсаты. Шөктірген кезде цилиндрлік және призмалық денелердің пішіндерінің өзгеруін зерттеу жолымен ең кіші кедергі принципі туралы заңдылықтарды анықтау.

Әдістемелік ұсыныс. Үлгіліктердің жанасу беттерінде симметриялық осьтерді белгілеу. Бұрыштықтардың көмегімен үлгіліктердің бүйірлік беттеріне осьтік сызықтарды салу. Бүйірлік беттердің осьтерінде (үлгіліктердің биіктігінің жартысында) сиямен екі белгіні қою. Осы белгілердің көмегімен шөктіруден кейін осьтердің жайын анықтау.

Үлгіліктерді шөктірудің мөлшерін өлшегіш сызғышпен бақылау. Үлгілікті әрбір шөктіруден кейін алынған қиманың перимтрін өлшеу.

Алынған мәліметтің негізінде деформация дәрежесінен деформация күшінің тәуелділігін және деформация дәрежесінен осьтер қатнасы тәуелділігін салу.

Ұсынылатын әдебиеттер [4] 536 б.

Бақылау сұрақтары

  1. Цилиндрлік үлгіліктерді шөктірген кезде бөшкенің пайда болуына қандай факторлар әсер етеді?

  2. Ең кіші кедергі принципін сарапталық қалай қолданады?

  3. Призматикалық үлгілікті шөктірген кезде не себептен үлгіліктің қимасы дөңгелек пішінді алуға ұмтылады ?

  4. Үлгіліктерді шөктіргенде қандай бағытпен металл ағады?

  5. Үйкеліс бар және жоқ болған кезде қандай пішінге үлгіліктің көлденең қимасы ұмтылады?

Зерханалық жұмыс № 4. Шөктірген кезде деформацияның біркелкі емес болуын зерттеу.

Зертханалық жұмыстың мақсаты. Деформацияның таралуын зерттеудің әдістемесімен танысу. Координатты торды қолданып шөктірген кездегі деформацияның біркелкі емес болуын және жанасу бетінде үйкеліс күштің таралуын зерттеу.

Әдістемелік ұсыныс. Деформацияның біркелкі емес болуын айқындау үшін үлгіліктің бетіне координатты торды түсіру. Дайындалған үлгілікті бірдей деформация дәрежесімен баспақта шөктіру. Шөктірілген дайындамадағы координатты торды өлшеу.

Ұсынылатын әдебиеттер [4] 536 б.

Бақылау сұрақтары

  1. Шөктірген кезде деформацияның біркелкі емес болуына деформацияның жағдайы қалай әсер етеді?

  2. Деформацияның біркелкі емес болуына сыртқы үйкеліс қалай әсер етеді?

  3. Деформацияның біркелкі емес болуын азайтатын қандай тәсілдерді білесіз?

  4. Металдың сапасына деформацияның біркелкі емес болуы қалай әсер етеді?

  5. Жанасу бетінде үйкелістің әр түрлі аймақтарының пайда болу себебі?

Зерханалық жұмыс № 5. Илемді деформация кезінде үйкеліс коэффициентін анықтау.

Зертханалық жұмыстың мақсаты. Сыналы үлгілікті суықтай шөктіру жолымен үйкеліс коэффициентін анықтау.

Әдістемелік ұсыныс. Берлген бұрышы бар арнайы сыналы үлгілкті жасау. Сыналы үлгіліктің бүйірлік бетіне тік сызықтарды салу. Әр түрлі кедір-бұдырлығы бар екі еңкіш тақталардың арасында үлгіліктерді шөктіру. Бейтарапты қиманы анықтау. Алынған мәлімет бойынша үйкеліс коэффициентін анықтау.

Ұсынылатын әдебиеттер [4] 536 б.

Бақылау сұрақтары

  1. Шөктірген кезде үйкеліс коэффициентіне деформацияның жағдайы қалай әсер етеді?

  2. Үйкеліс коэффициентін анықтау үшін қандай тәсілдер қолданады?

  3. Үйкеліс коэффициенті металдарды қысыммен өңдеудің энергиякүш параметрлеріне қалай әсер етеді?

  4. Үйкеліс коэффициентіне жанасу бетінің күйі қалай әсер етеді?

  5. Үйкеліс коэффициентін анықтау үшін қандай заңдар қолданылады?

Зерханалық жұмыс № 6 және 7. Шөктіргенде дайындаманың бос бетінде пайда болатын кернеу-деформация күйін зерттеу.

Зертханалық жұмыстың мақсаты. Металды шөктіргенде пайда болатын кернеу-деформация күйін талдаудың сараптамалық дағдысын алу. Ақаусыз деформациялаудың режімін есептеудің әдістемесен меңгеру. Илемді деформацияның монотонды емес процесін зерттеу. Деформациялық теория мен ағым теориясының қолдану шекарасын анықтау.

Әдістемелік ұсыныс. Қорғасыннан жасалған үлгіліктің бос бетіне кординатты торды салу және айтылған үлгілікті баспақта шөктіру. Шөктіргенен кейін кординатты торды өлшеп кернеу-деформация күйін деформациялық теория мен ағым теориясын қолданып есептеу. Өлшеу мен есептеудің қателіктерін анықтау.

Ұсынылатын әдебиеттер [4] 536 б.

Бақылау сұрақтары

  1. Осы зертханалық жұмысты жүргізгенде қандай координат жүйесін қолданады?

  2. Процестің бірінші және екінші монотондық шартында қандай анықтама бар?

  3. Деформация жылдамдығы және деформациялау жылдамдығы түсініктерінде қандай айырмашылық бар?

  4. Шөктірген кезде деформациялау жылдамдығы қалай өзгереді?

  5. Шөктірген кезде кернеу-деформация күйі қандай заңдылықпен өзгереді?