- •А.Е Үдербаева. С.Ә. Мәшеков
- •Илемділік пішінөзгеруінің қолданбалы теориясы
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Пәннің мақсаты және міндеті
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және орындау графигі
- •1.7 Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •1.9 Курстың процедурасы және политикасы
- •2. Белсінді көрнекті құралдардың мазмұны
- •2.1 Сабақ түрлері бойынша сағат бөлу
- •2.2 Дәрістік сабақтың мазмұны
- •- Сурет. Кристалдық тор
- •1.2 Атомдық жазықтық пен бағытты кристолографиялық белгілеу
- •3.2 Қыздырудың деформацияланған металдың құрылымы мен қасиетіне әсері
- •5.1 Мора кернеуінің диаграммасы
- •10.1 Жылдамдық өрісі
- •10.2 Деформация жылдамдығы тензоры
- •11.1 Реологиялық модельдер
- •12.1 Илемділік
- •13.1 Кернеу-деформация күйлерінің жеке сұлбалаы
- •14.1 Металдар мен қорытпалардың илемділігі
- •15.1 Вариациялық әдістемесі
- •15.2 Илемділік деформацияға металдардың кедергісі әдістемесі
- •2.3 Тәжірибелік сабақтардың жоспары
- •Кернеу және кернеу күйі
- •Көлбеген алаңдағы кернеу күйі
- •Кернеу тензоры, кернеу тензорының девиатор және шар бөлімі
- •Тұтас ортаның қозғалыс және деформация заңдарын лагранжша және эйлерше бейнелеу
- •Түпкі деформация тензоры
- •Түпкі және кіші деформация тензоры
- •Кіші деформация және кіші деформация жылдамдығы тензоры
- •Илемділік шарты
- •2.4 Зертханалық жұмыстардың жоспары
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысының мазмұны (соөж)
- •Дұрыс жауаптардың кілті
- •2.8 Пән бойынша емтихандық сұрақтар
- •Глоссарий
2.3 Тәжірибелік сабақтардың жоспары
Тәжірибелік сабақ № 1
Тапсырма
Кернеу тензорының Тσ инавариантарын анықтау қажет.
Дененің нүктесіндегі кернеулі күй Тσ (МПа) кернеу тензорымен анықталады. Бас кернеулердің σi мөлешерін бас кернеу σk әсер ететін алаңнын жайын анықтау қажет.
Әдістемелік ұсыныс
Кернеу және кернеу күйі
Кернеулі күйді есептеудің реті жоғарыда және төмендегі әдебиетте келтірілген. Бастапқы мәліметтерді оқытушы береді.
Ұсынылатын әдебиеттер [7] 105 б.
Бақылау сұрақтары
Кернеу тензорының инвариантары қандай формулалармен анықталады?
Кернеу тензоры қондай тензорларды қосындысынан тұрады? Әр бір қосынды қандай формуламен анықталады?
Толық кернеу және оның нормальді және жанама сыңарлары қандай формуламен анықталады?
Тәжірибелік сабақ № 2
Тапсырма
Дененің нүктесіндегі кернеулі күй координат жүйесі xi болғанда кернеу тензоры Тσ (МПа) берілген. Координат жүйесі x1i болғанда, осы нүктеге әсер ететін кернеу сыңарларын табу қажет. Жаңа координат жүйесі x1i бұрынғы координат жүйесін xi сағат бағытымен x3 осі айналасында Р бұрышына бұрылумен табылған. Егер x3 осін жоғары бағыттаудың орнына төмен бағыттаса тік кернеулер қалай өзгеретінін зерттеу қажет. Кернеу тензорының үш инвариантымен есептің шешімін тексеру керек.
Дененің нүктесіндегі кернеулі күй кернеу тензоры Тσ (МПа) берілген. Осы нүктеге әсер ететін толық кернеуді және оның нормальді және жанама сыңарларын табу қажет. Косинустары ni болатын алаңға жоғарыда айтылған кернеулер әсер ететінін ескеру қажет.
Әдістемелік ұсыныс
Көлбеген алаңдағы кернеу күйі
Көлбеген алаңдағы кернеулі күйді есептеудің реті жоғарыда және төмендегі әдебиетте келтірілген. Бастапқы мәліметтерді оқытушы береді.
Ұсынылатын әдебиеттер [7] 105 б.
Бақылау сұрақтары
Бас кернеулерді анықтау үшін қандай формулалар қолданылады?
Бір координат жүйесінен екінші координат жүйесіне ауысқан кезде қандай формуланы қолданып кернеу тензорларының сыңарлары анықтауға болады?
Бас кернеу σk әсер ететін алаңнын жайын қандай формулалармен анықтайды?
Тәжірибелік сабақ № 3
Тапсырма
Бас тік кернеу σ1, σ2, σ3 көлбеген алаңдағы нормальды кернеу σп және еңкіш бұрыш α1 берілген. Мор шеңберің көмегімен көлбеген алаңдағы жанама кернеуді және еңкіш бұрыштарды α2, α3 анықтау қажет.
Еркін декарттық координат жүйесінде xi кернеу тензорының сыңарлары берілген. Бас кернеулерді графикалық әдістемемен анықтау қажет.
Бірдей материалдан жасалған екі дене біркелкі кернеулі күйде болады. Бірінші дененің кернеулі күйі кернеу тензоры Т1 (МПа) анықталады. Екі дене көлемдерінің өзгеруі салыстырмалы түрде бірдей болады деп есептеп, екінші денеге тензорды құрастыру қажет. Екінші денеге тензор-девиатор D2 (МПа) берілген.
Әдістемелік ұсыныс
Кернеу тензоры, кернеу тензорының девиатор және шар бөлімі
Кернеулі күйді есептеудің реті жоғарыда және төмендегі әдебиетте келтірілген. Бастапқы мәліметтерді оқытушы береді.
Ұсынылатын әдебиеттер [7] 105 б.
Бақылау сұрақтары
Мора шеңберінің радиусы қалай анықталады?
Мора шеңберінің центрі қалай анықталады?
Графикалық әдістемені қолданған кезде қандай нүктелер бас кернеулерді табуға мүмкіндік береді?
Тәжірибелік сабақ № 4
Тапсырма
Тұрақты көбейіткіштерге дейінгі дәлдікпен Эйлер векторы Логранж координат жүйесінде формуламен берілген. Эйлер координат жүйесіндегі Логранж векторын және екі координат жүйесіндегі орын ауыстыру функциясын анықтау қажет.
Логранж және Эйлер координат жүйесіндегі жылжу векторы берілген. Кеңістік нүктесіндегі радиус-векторды және материалды бөлшектің қозғалысқа дейінгі орнын анықтау қажет.
Эйлер координат жүйесінде берілген қозғалу заңын пайдаланып Эйлер түпкі деформация жылдамдығы тензорының және кіші деформация жылдамдығы тензорының сыңарларын анықтау қажет.
Әдістемелік ұсыныс
