Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК,ПТПФ, каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.61 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

Ә.Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты

«Білдекжасау, материалтану және машинажасау өндірісінің технологиясы» кафедрасы

А.Е Үдербаева. С.Ә. Мәшеков

(5В073800 «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығының студенттеріне арналған)

Илемділік пішінөзгеруінің қолданбалы теориясы

пәні бойынша

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Алматы 2013

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің 5В073800 «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығының студенттеріне арналған «Илемділік пішінөзгеруінің қолданбалы теориясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені /Құрастырушы Үдербаева А.Е., С.Ә. Мәшеков – Алматы: ҚазҰТУ, 2013. б.

Құрастырушы Үдербаева А.Е. аға оқытушы, С.Ә. Мәшеков, т.ғ.д. профессор

Аңдатпа

Оқу-әдістемелік кешенінде кәзіргі заманғы ғылыми деңгеймен металдарды қысыммен өңдеу теориясының мынандай механика-математикалық негізі баяндалады: кернеулер және деформациялар теориясы, реалогиялық теңдеулер, металл мен қорытпалар илемділігі, металдарды қысыммен өңдеу теориясы есептерін шығарудың әдістері.

5В073800 «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығының студентеріне арналған «Илемділік пішінөзгеруінің қолданбалы теориясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені студентер пәнді өз бетінше талқылаған кезде, зерханалық және сараптамалық сабақты орындағанда және пәннің теориялық бөлімін оқыған кезде, оларға жақсы көмек беруді өзіне мақсат қойды.

Оқу-әдістемелік кешені КР МЖБС талабына, 5В073800 «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығының мамандық сипатамасына және жұмысшы оқу жоспарына сәйкесті жасалған. Сондықтан осы оқу-әдістемелік кешені пәннің негізгі мазмұнын толық бейнелейді.

Оқу-әдістемелік кешені пәннің оқу бағдарламасынан (SYLLABUS), дәріс конспектісінен, әдістемелік материалдан, студенттер өз бетімен жұмыс істеу үшін қажетті оқу-сараптамалық материалдан, керекті әдебиет тізімінен тұрады. Тестілік және бақылау сұрақтары студенттерге, осы пән бойынша өзінің алған білімін бақылауға мүмкіндік береді.

Оқу-әдістемелік кешені студенттердің танып білерлік және творчествалық істерін белсендетуге және дәрістік пен дәрістен тыс уақытта студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Оқу-әдістемелік кешенді металлургиялық және машинажасау мамандықтарының студенттері мен магистрантары қолдана алады.

© Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті, 2013ж.

1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus

1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:

Сабақты өткізетін оқытушы Үдербаева Асемгүл Еркинбек қызы аға оқытушы, магистр, Мәшеков Серік Әкімұлы техн. ғылым. докт., профессор

Қатысу ақпараттары ...2577125...............................................................

Кафедрада болу уақыты ...900 - 1700., МСК 02...............................................................

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Аталуы Илемділік пішінөзгерудің қолданбалы теориясы

Кредиттер саны ..4....................................................................................................................

Өткізілетін орны «Білдекжасау, материалтану және машинажасау өндірісінің технологиясы» кафедрасы

Оқу жоспарынан көшірме

Курс

Семестр

Кредит

Аптасына академиялық сағат

Бақылау түрі

Дәріс

Зертхан. сабақ

Тәжірибелік сабақ

СӨЖ

СӨЖО

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

3

5

4

2

1

1

4

4

12

Емтихан