Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Комплемент жне фагоциттік жйелерді баалауды зертханалы дістері. Иммунограмманы талдау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
153.09 Кб
Скачать

Комплемент жүйесін зерттеу әдістері

  • Комплементті байланыстыру реакциясы

  • Иммунотурбидиметрия

Комплементті байланыстыру реакциясы

Комплементті байланыстыру реакциясы - комплемент жүйесінің жалпы белсенділігін анықтау (гемолиздік жүйеде комплементтің байланысуын бағалау).

Гемолиздік жүйе – қой эритроциттері мен оларға қарсы антиденелері бар, бірақ жасанды түрде комплементтен тазаланған стандартты спецификалық анти сары су қоспасы

Қалыпты жағдайда комплемент деңгейі 20-40 гемолиздік бірлікті құрайды. Жедел жұқпалы және қабыну ауруларында комплементтің жоғарылауы, созылмалы процестерде төмендеуі байқалады.

Гемолиздік белсенділіктің төмендеуі комплемент жүйесінің туа біткен немесе жүре пайда болған жетіспеушіліктерінде байқалады:

  • Тыныс алу жүйесінің, тері және басқа мүшелердің рецидивті бактериялық пиогенді инфекциялары;

  • Рецидивті менингококкты және гонококкты инфекциялар;

  • Аутоиммундық, аллергиялық және иммундық комплекстер аурулары.

Иммунотурбидиметрия

Иммунотурбидиметрия – комплемент жүйесінің С3 және С4 компоненттерін анықтауға арналған әдіс.

  • С3 – комплемент жүйесінің белсенді компоненті, жедел қабыну кезеңінің ақуызы. КЖ компоненттерінің 70% құрайды. Мм 180 000 Да. Қалыпты деңгейі 0,9-1,8 г/л

  • С4 – Мм 205 000 Да. Қалыпты деңгейі 0,1-0,4 г/л

Иммунотурбидиметрия әдісін қоюға көрсеткіштер:

  • Комплементтің генетикалық тапшылығына күдік (аутоиммундық бұзылыстар, қайталанатын бактериялық инфекциялар);

  • Аутоиммундық аурулары бар науқастарды динамикалық бақылау (комплемент компоненттері концентрациясының төмендеуі патологиялық процестің белсенділігін айқындайды);

  • Ауруларды диагностикалау: жүйелі қызыл жегі, ревматоидтық васкулиттер, жеделше бактериялық эндокардит, ревматизмдік полимиалгия, цитомегаловирустық инфекция

С3 және с4 компоненттері көрсеткіштерінің жоғарылауы:

С3

С4

Жедел кезеңді реакциялар

Ревматоидтық артрит

Ревматоидтық артрит, ревматизм

Бактериялық инфекция

Қант диабеті

Гломерулонефрит

Миокард инфаркті

Жүйелі қызыл жегі

Вирустық гепатит

Малярия

Жара колиті

Сепсис

Ісіктер

Жедел қабыну реакциялары

Бактериялық инфекция

Циметидин (ЖИТС), циклофосфамид (ЖҚЖ), даназол препараттарын қолдану

Пневмококктық инфекция

Саркаидоз

Амилоидоз

С3 және с4 компоненттері көрсеткіштерінің төмендеуі:

С3

С4

С3 компонентінің туа біткен тапшылығы

С4 компонентінің туа біткен тапшылығы

ЖИТС

Туа біткен және жүре пайда болған ангионевроздық ісіну

Аутоиммундық гемолиздік анемия

Иммундық комплекстермен белсендірілген комплемент

Жедел гломерулонефрит

Гломерулонефрит

Жүйелі қызыл жегі

Респираторлық дистресс-синдром

Қан тамыр ішілік қан ұю синдромы (ДВС)

Аутоиммундық гемолиздік анемия

Ашығу

Ашығу

Қабыну және жұқпалы аурулар

Бүйректің трансплантациясы

Бауырдың ауыр зақымдануы

Жүйелі васкулит