Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Комплемент жне фагоциттік жйелерді баалауды зертханалы дістері. Иммунограмманы талдау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
153.09 Кб
Скачать

Ф-ОБ-012-016

Қ.А.ЯСАУИ атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

1 Медицина факультеті

Емханалық терапия және арнайы клиникалық пәндер кафедрасы жалпы иммунология пәні

САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ №9

Тақырып: Комплемент және фагоциттік жүйелерді бағалаудың зертханалық әдістері. Иммунограмманы талдау.

051301 – «Жалпы медицина» 3-курс

Құрастырған: м.ғ.к., доцент м.а. А.С.Бабаева

2012 жыл

Кафедра мәжілісінде талқыланған

№___ хаттамасы ______2012 жыл

Кафедра меңгерушісімен бекітілген

М.ғ.к, доцент м.а. Бабаева А.С.

______________

1. Тақырып: Комплемент және фагоциттік жүйелерді бағалаудың зертханалық әдістері. Иммунограмманы талдау

2. Мақсаты: комплемент және фогоциттер жүйелерін зертханалық бағалау әдістерінің маңызын, түрлерін, қолдануға көрсеткіштерін түсіндіру, әдістерді иммундыө жүйенің бағалауда жүргізу тәсілі туралы білім беру.

3. Оқыту мақсаты.

Студент білуге тиіс:

  • комплементтің биологиялық әсерінің маңызы;

  • комплемент жүйесін зерттеу әдістері;

  • комплементті байланыстыру реакциясы, принципі, жүргізу тәсілі;

  • гемолиздік жүйе туралы түсінік;

  • комплемент жүйесінің гемолиздік белсенділігінің қалыпты көрсеткіштері мен өзгеру себептері, механизмдері;

  • комплемент жүйесінің С3 және С4 компоненттерін бағалау әдісі;

  • иммунотурбиметрия әдісін қоюға көрсеткіштер;

  • комплемент жүйесінің С3 және С4 компоненттерінің қалыпты көрсеткіштері мен патологиялары;

  • нейтрофилдердің фагоциттік белсенділігін бағалау әдістері;

  • фагоциттік жүйенің төмендеуінің себептері

Студент істей алуға тиіс:

  • комплемент жүйесін бағалау әдістерін жүргізу техникасы;

  • комплементті байланыстыру реакциясын қою реттілігі;

  • гемолиздік жүйені дайындау;

  • комплемент жүйесінің С3 және С4 компоненттерін бағалау;

  • иммунотурбиметрия әдісін қою;

  • нейтрофилдердің фагоциттік белсенділігін бағалау;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Комплемент жүйесінің белсенуі нәтижесінде түзілетін биологиялық заттардың әсері қандай?

  2. Комплемент жүйесін зерттеуге көрсеткіштер.

  3. Комплемент жүйесін бағалаудың зертханалық әдістері қандай?

  4. Комплементті байланыстыру реакциясы қолдануға көрсеткіштері.

  5. Гемолиздік жүйе дегеніміз не?

  6. Комплемент жүйесінің гемолиздік белсенділігінің қалыпты көрсеткіштері қандай?

  7. Гемолиздік белсенділіктің өзгеру себептері мен механизмдері қандай?

  8. Комплемент жүйесінің С3 және С4 компоненттерін бағалау.

  9. Иммунотурбиметрия әдісі туралы түсінік.

  10. Комплемент жүйесінің С3 және С4 компоненттерінің қалыпты көрсеткіштері қандай?

  11. С3 және С4 компоненттерінің патологиялық өзгерістері.

  12. Фагоциттік жасушалардың белсенділігін бағалау.

  13. Фагоциттік жүйе қызметінің төмендеуінің себептері қандай?

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: зертханалық жұмысты орындау (зертхана құрал-жабдықтарымен жұмыс істеу, науқастардың иммундық статусына баға беретін лабораториялық тесттерді қою /немесе олардың нәтижелерін түсіндіру; лейкоцитарлық формуланы есептеу, лимфоциттердің олардың субпопуляцияларының абсолюттік салыстырмалы санын анықтау; лейкограмма иммунограмманы түсіндіру); оқытушымен бірге теориялық материалды талдау; оқу әдебиетімен жұмыс, тапсырмаларды орындау (сұрақтарға жазбаша жауап беру, кестелерді толтыру сызбаларды сызу, т.б.); тест жүргізу; ауызша сұрау; ситуациялық тапсырмаларды орындау; шағын топтарда жұмыс, ситуацияны моделдеу.