- •2. Нәруыздардың жалпы қасиеттерін атап шығу.
- •1 Сурет - Пептидтік байланыстың түзілуі.
- •2 Сурет – Дисульфидті байланыстың түзілуі
- •3 Сурет - Әлсіз байланыстардың түрлері
- •4. Нәруыздардың ыдырауының ортақ өнімдері. Нәруыздардың гидролиз түрлері. Алмастырылатын және алмастырылмайтын амин қышқылдары. Құнды және құнсыз нәруыздар.
- •7.Нәруыздардың коллоидты қасиеттері. Нәруыздың ерітіндідегі тұрақтылығы, тұрақтылық факторлары.
- •9. Нәруыз молекуласының құрылымдары (структуралары).Оларды тұрақтандыратын байланыстар. Белок молекуласының құрылымы, белоктың биологиялық қасиетінің біріншілік структурасына тәуелділігі.
- •4 Сурет – Белоктардың бірінші реттік құрылымы
- •10. Денатурация дегеніміз не? Денатурациялаушы агенттер (2 мысал келтіру). Ренатурация дегеніміз не?. Белоктардың денатурациясы. Денатурациялаушы агенттер, олардың әсері.
- •13. Нағыз гликопротеиндердің құрылысы туралы түсінік, негізгі өкілдері. Нағыз гликопротеидтер, құрылысы, өкілдері.
- •14 Протеогликандар, құрылысы туралы түсінік, негізгі өкілдері, ролі. Протеогликандар, құрылысы, өкілдері, олардың маңызы.
- •18 .Нуклеопротеиндер, түрлері. Нуклеопротеиндердің гидролиз схемасы.
- •11Сурет. Днқ-ның қос спиралінің құрылысы(Уотсон және Крик бойынша)
- •12 Сурет. Днқ-ның бірінші реттік құрылымы
- •Генетикалық кодтың сипаттамасы
- •21. Ферменттердің жалпы қасиеттері (атап шығу). Ферменттердің жалпы қасиеттері.
- •22. Изоферменттер (мысалдар), диагностикалық маңызы. Изоферменттер, рөлдері, биологиялық негіздері.
- •23 Ферменттердің субстраттық арнайылығының түрлері ( мысалдар). Ферменттердің арнайылықтары: а) субстраттық; б) әсер ету арнайылығы.
- •24Фермент активтілігіне температураның әсері. Қайтымды және қайтымсыз инактивация. Ферменттің белсенділігіне температураның әсері.
- •25.Фермент активтілігіне орта рН-ның, фермент пен субстрат концентрациясының әсері. Ферментативтік реакцияның жылдамдығына орта рН-ның әсері.
- •26.Бәсекелес ингибрлену, мысалдар.
- •28Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы.
- •29.Гликозидазалар, өкілдері, қандай ас қорыту сөлінде кездеседі, катализдік әсері. Гликозидазалар, өкілдері, орналасуы, каталитикалық әсері.
- •30.Эстеразалар, өкілдері, қандай ас қорыту сөлінде кездеседі, катализдік әсері. Эстеразалар, жіктелуі, өкілдері, каталитикалық белсенділігі, таралуы.
- •34.Амин қышқылдарының декабоксилазалары. В6 витаминінің құрылысы және коферменттік функциясы. Катализдейтін реакциялары, биогенді аминдер туралы түсінік.
- •35.Пиридин ферменттері, құрылысы, катализдік әсері (бір реакция теңдеуін жазу).
- •Флавин ферменттері, құрылысы, құрылысы, катализдік әсері (бір реакция теңдеуін жазу).
- •7.ЦитохромВ, өкілдері, құрылысы, рөлі.
- •39. Цх с, өкілдері, гемнің құрылысы, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы. ЦитохромС, өкілдері, құрылысы, рөлі.
- •Метилтрансферазалар, құрылысы, химиялық табиғаты, каталитикалық әсері.
- •13. Ацилтрансферазалар, құрылысы, химиялық табиғаты, каталити-калық әсері.
- •14. Фосфотрансферазалар, құрылысы, химиялық табиғаты, каталити-калық әсері.
25.Фермент активтілігіне орта рН-ның, фермент пен субстрат концентрациясының әсері. Ферментативтік реакцияның жылдамдығына орта рН-ның әсері.
Көптеген ферменттер үшін ортаның оптималды рН 4-7 аралығында болады. Бұл аралықта ферменттің субстратқа ынтықтығы жоғары болады және субстраттың өнім мен ферментке диссоцияциялануы да максималды болады. Ферменттер ИЭН-де максималды белсенділік көрсетеді.
Ферментативтік катализдің жылдамдығына субстрат пен фермент-тің концентрацияларының әсері.
Субстраттың концентрациясының жоғарылауынан реакция жылдамдығы алғашқыда артады, себебі ферменттің активті орталықтары субстратпен толтырылады, ал субстрат концентрация жоғарылағанда, ферменттің активті орталығы толық қаныққандықтан, реакция жыл-дамдығы өзгермейді. Реакция жылдамдығының фермент концентра-циясына тәуелділігі тура пропорционал артады. Себебі ферменттің концентрациясы артқан сайын оның активті орталықтары да көбейеді.
26.Бәсекелес ингибрлену, мысалдар.
27.Бәсекелес емес ингибрлену, мысалдар.
28Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы.
Реакция арнайылықтарына қарай барлық белгілі ферменттер 6 класқа жіктеледі:
Оксидоредуктазалар – тотығу-тотықсыздану реакцияларын тездетеді.
Трансферазалар – атомды немесе атомдар тобын бір заттан екінші затқа тасымалдайды.
Гидролазалар – судың қатысуымен күрделі заттардың жай заттарға дейін ыдырауын катализдейді.
Лиазалар – күрделі заттарды судың қатысуынсыз ыдыратады.
Изомеразалар – изомерлену реакцияларын катализдейді.
Лигазалар немесе синтетазалар – АТФ-ті пайдалану арқылы синтездеу процестерін жүргізеді.
Әрбір класс топқа, ал ол топшаға, ол топшадағы тұрған орындарына қарай жіктеледі.
Ферменттің аталуы субстраттың атына –аза жалғауы қосыла, немесе катализдейтін реакцияның атына – аза жалғауы қосыла аталады.
29.Гликозидазалар, өкілдері, қандай ас қорыту сөлінде кездеседі, катализдік әсері. Гликозидазалар, өкілдері, орналасуы, каталитикалық әсері.
Гликозидазалар топшасы гликозидтік байланыстарды үзеді, жасуша-ларда, тағам қорытатын сөлдерде болады, бірақ асқазан сөлінде бол-майды. Өкілдері: амилаза- крахмал мен гликогенді мальтозаға дейін ыдыратады; мальтаза мальтозаға әсер етіп оны екі молекула глюкозаға дейін ыдыратады; сахараза сахарозаны глюкоза мен фруктозаға дейін ыдыратады; лактаза лактозаны глюкоза мен галактозаға дейін ыдыратады; - амилаза гликогенді глюкозаға дейін ыдыратады.
30.Эстеразалар, өкілдері, қандай ас қорыту сөлінде кездеседі, катализдік әсері. Эстеразалар, жіктелуі, өкілдері, каталитикалық белсенділігі, таралуы.
Эстераза тобы 6 топшаға бөлінеді. Карбон, қышқылдарының эфир-лерінен тұратын эстеразалар липидтердің күрделі эфирлерін гидролиз-дейді. Өкілдері:
1) липазалар, тағам қорытатын сөлдерде кең қолданылады(асқазан, ұйқы безі, ішек), липидтердің гидролизін тездетеді(ТАГ);
2) фосфолипазалар, фосфолипидтердің гидролизін тездетеді. Фосфоэсте-разалар фосфор қышқылынан құралған күрделі эфирлік байланыстар-ды үзеді. Өкілдері: глюкоза-6-фосфатаза, АТФ-аза, ФДЭ-аза және т.б.
31.Пептидгидролазалар, өкілдері, қандай ас қорыту сөлінде кездеседі, катализдік әсері. Пептидазалар(пептидгидролазалар), құрылымы, жіктелуі, каталити-калық әсері, орналасуы.
Пептидгидролазалар топшасы белоктарға әсер етеді және пептидтік байланыстардың үзілуіне мүмкіндік туғызады. Ол 2 топшадан тұрады:
эндопептидазалар- белок молекуласының ішкі жағындағы пептидтік байланыстарды үзіп оны полипептидтерге дейін ыдыратады;
экзопептидазалар- полипептидтердің соңдарындағы пептидтік байланыстарды үзіп оларды амин қышқылдарына дейін гидролиздейді.
Эндопептидазалар, өкілдері, каталитикалық әсері, орналасуы.
Эндопептидазалар - белок молекуласының ішкі жағындағы пептидтік байланыстарды үзіп оны полипептидтерге дейін ыдыратады. Өкілдері: пепсин, трипсин, химотрипсин, катепсиндер. Пепсин- активсіз пепси-ноген түрінде асқазан жасушаларынан бөлінеді. Тұз қышқылының әсе-рінен пепсиноген активті пепсинге айналады, ол белокты гидролиздеп полипептидтерге дейін ыдыратады. Трипсин активсіз күйде ұйқы безі-нен бөлінеді де энтеропептидазалармен активтенеді, ол аргинин мен лизиннен құралған -диаминомонокарбон қышқылдарындағы пептидтік байланыстарды үзеді.Химотрипсин ұйқы безінде түзіледі, ол трипсин-мен активтеледі. Катепсиндер жасушаішілік ферменттер, қабыну немесе жасушаның өлуі кезінде активтенеді.
Экзопептидазалар, өкілдері, каталитикалық әсері, орналасуы.
Экзопептидазалар- полипептидтердің соңдарындағы пептидтік байла-ныстарды үзіп, оларды амин қышқылдарына дейін гидролиздейді.
Өкілдері: 1)А және В карбоксипептидазалар- құрамында кофермент рө-лінде мырыш ионы бар күрделі фермент. Олар ұйқы безінде активсіз прокарбоксипептидазалар түрінде түзіледі де трипсинмен активтенеді. Пептидтердің С –соңынан амин қышқылдарын бөледі; 2) аминопети-дазалар жасушаларда және ішек сөлдерінде болады. Ол пептидтерден амин қышқылдарын N- соңынан бөліп шығарады.
32. минтрансферазалар, құрылысы катализдік әсері, диагностикалық маңызы. Аминотрансферазалар, құрылысы, химиялық табиғаты, каталитикалық әсері.
Аминотрансферазалар қайта аминдену(трансаминдену) реакцияларын тездетеді. Амин тобын амин қышқылдарынан кетоқышқылдарға тасы-малдайды. Коферменті пиридоксальфосфат( В1 витамині + 2Н3РО4) болатын екі компонентті фермент.
33.Кетоқышқылдарының декарбоксилазалары. Мультиферменттік комплекстің құрамы, әрбір ферменттің каталитикалық әсері, коферменттер (В1, пантотен қышқылы, РР витаминдері)
