Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhalpy_fiziologiasy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.41 Mб
Скачать

Балалар қозғалтқыш аппаратының жас ерекшелігі

Ұрықтың қозғалу белсенділігі, оның құрылымдық және әрекеттік қалыптасуына байланысты. Нәресте дүниеге келгенде, оның орталық және шеткі қозғалтқыш аппаратының құрылымдық жетілуі әлі толық аяқталмайды. Сондықтан, қозғалтқыш қызметінің өткізгіш жолдары мен нейромотордың афференттік және эфференттік субстраттары, нәресте дүниеге келгеннен кейін дамып жетіледі.

Жұлынның өткізгіш жолдарының миелинденуі балалық шақ (постнатальдық) кезеңнің 3-8 айына дейін белсенді түрде жүреді. Тек қыртысты пирамидалық және оливо-жұлын жолдарының (ерікті қозғалысты реттейді) миелинденуі 2-3 айда басталып, 3-4 жаста аяқталады.

Шеткі жұлын жүйкесі 3-ші жетіде көп түрде жұмсақ қабықпен қамтамасыз етілуі басталып, 2-3 жаста жетіледі.

Бұлшықет жаңа туғандарда салыстырмалы түрде аз дамыған және ет пен дәнекер талшықтарының ажыратылуы толық жетілмеген. Бірақта, соған қарамастан жаңа туғандар мен емшектегі баланың қабылдағыш жүйкесі, жүйкенің өткізгіш жолдары мен орталықтары қатысуымен көптеген әртүрлі рефлекторлы қимыл іс әрекеттерді жүзеге асырады. Жаңа туғандарға үздіксіз және ретсіз қозғалыстар тән: бас, дене, аяқ-қол (иық, шынтақ, жамбас және тізе буындары).

Қозғалтқыш аппараттың қалыптасуына тұқым қуалаушық фактормен қатар басқада жағдайлар (дененің вертикальды қалпы, қозғалтқыш белсенділігі, еңбек қызметі және т.б.) әсерін тигізеді.

Бұлшықеттің белсенділігі келесі көрсеткіштермен сипатталады:

  1. Бұлшықет күші.

  2. Бұлшықеттің жиырылу жылдамдығы.

  3. Дене және қол-аяқ реакциясының жасырын кезеңі.

  4. Төзімділік шамасы.

Аталған талаптарға сәйкес, анықталды:

1. Сәбидің, 2-3 жасына дейін қозғалтқыш және вегетативті қызметі әлі толық жетілмеген.

2. 4-5 жаста орталық және шеткі жүйке аппаратының әрекеттік және құрылымдық даму деңгейі жеткілікті, әрі жоғары. Сондықтан, естиярлық шақ кезеңінде, бала өзінің ерікті бұлшықет топтар қозғалыс реакциясын және қимыл қозғалысын белгілі бір бағытта реттейді. Бірақта, бұлшықет топтар түрі және оның қозғалыс қызметі салыстырмалы түрде төменгі даму деңгейінде болады. Бұл даму кезеңінде, бұлшықеттің әртүрлі топтары әлсіз ажырату қызыметімен, қозғалтқыш реакциясының ұзақ жасырын кезеңімен, сонымен қатар бұлшық ет жиырылуының жеткіліксіз реттелуімен және антогонист бұлшықеттердің әрекеттестігінің жеткіліксіздігімен сипатталады. Сөйтіп, 4-5 жасқа дейін бұлшықеттің қозғалтқыш қызметінің алғашқы қалыптасуы жүреді.

3. 4-5 жастан 6-7-ті жасқа дейін бұлшықет белсенділігі әрі қарай қалыптасады. Бұлшықеттің абсолюттік күші артып, қозғалыс жылдамдығы жоғарлағанмен жасырын кезең реакциясы өзгермейді. Осы кезеңде, шеткі жүйке аппаратының қалыптасуы жоғары деңгейіне жетеді.

4. 6-7-ті жастан 13-14 жас аралығында бұлшықет белсенділігінің барлық көрсеткіштері біршама жоғарлайды. Бұл кезеңде қозғалтқыш қызметі толық жетіледі. Бірақта, бала организмі әлі толық қалыптасқан жоқ. Бұл жағдай бұлшықеттің ұзақ және ширақ қозғалыс кезеңінде байқалады. 9-10 жас аралығында бұлшықет қозғалтқыш қызметінің кейбір көрсеткіштері арасында жыныстық (ұлдар мен қыздар) ерекшеліктер білінеді.

5. 13-14 жастан кейін бұлшықеттің қозғалтқыш белсенділігі жетіле түсіп, 17-18 жаста бұл үрдіс аяқталуға таяу болады.

І. 1.3. Тақырып: Қозудың жүйке талшығы бойымен өту заңдары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]